"Көтермелеудің салалық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 229 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 29 қазанда № 8858 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.06.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Құқықтық нормативтік актілері туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Көтермелеудің салалық жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына (нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк тiзiмiнде № 4651 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2007 жыл, наурыз-сәуір) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесінде:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 11) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Көтермелеу) әзірленген.»;
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Кадр қызметі басқармасы:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
      2) осы бұйрықтың белгiленген тәртiппен ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                               М. Құл-Мұхаммед

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады