"Көтермелеудің салалық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі № 29 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 мамырда № 7617 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 27 маусымдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 27.06.2016 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін кейбір мемлекеттік органдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 желтоқсандағы № 1539 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Көтермелеудің салалық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 111 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 30 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4651 тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Әкімшілік-құқықтық департаменті белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.И.Бөрібаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Д. Мыңбай

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және ақпарат министрінің
2012 жылғы 9 сәуірдегі   
№ 29 бұйрығына       
қосымша          

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және ақпарат министрінің
2007 жылғы 12 сәуірдегі    
№ 111 бұйрығымен бекітілген 

Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық жүйесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеудің салалық
жүйесі "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
әзірленген (бұдан әрі - Көтермелеу).
      2. Көтермелеу мәдениет саласының қызметкерлерінің еңбегін ынталандыру нысаны болып табылады.
      3. Мәдениет саласының қызметкерлерін көтермелеу мақсатында "Мәдениет саласының дамуына қосқан үлесі үшін" құрмет дипломы (бұдан әрі - Құрмет дипломы) осы Көтермелеудің қосымшасына сәйкес нысанда белгіленеді.

2. Құрмет дипломымен марапаттау шарттары

      4. Құрмет дипломымен мәдениет және өнер саласының дамуына ерекше үлес қосқан және қызметтік міндеттерін үлгілі орындаған мәдениет жүйесінің қызметкерлері марапатталады, Құрмет дипломымен осы салада үш жылдан аса еңбек өтілі бар мәдениет және өнер саласының қызметкерлері марапатталады.
      5. Құрмет дипломымен марапатталуға бір тұлға қайталап ұсыныла алмайды.

3. Материалдарды ұсыну және қарау тәртібі

      6. Мәдениет және өнер саласының қызметкерлерін Құрмет дипломымен марапаттау үшін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне үміткердің нақты сіңірген еңбектері, сіңірген еңбегінің дәрежесін ашатын жетістіктері мен табыстары жазылуы тиіс мінездеме (аты-жөні, тегі, білімі, еңбек өтілі, жеткен жетістіктері көрсетілуі қажет) ұсынылады, оған кандидатты ұсынған мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысы қол қояды.
      7. Құрмет дипломымен марапаттау мемлекеттік, кәсіби, өзге де мерекелер мен мерейтой күндеріне орай өткізіледі.
      8. Материалдар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ведомстволық наградалар жөніндегі комиссиясының отырысында қаралады. Комиссия шешімдері хаттамамен ресімделеді және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің қарауына енгізіледі.
      9. Құрмет дипломымен марапаттау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен жүзеге асырылады.

4. Қорытынды ережелер

      10. Құрмет дипломын табыстауды салтанатты түрде Министр немесе ол өкілеттік берген тұлға жүзеге асырады.
      11. Мемлекеттік органдардың немесе басқа да ұйымдардың кадр қызметі қызметкердің еңбек кітапшасына және жеке іс-қағазына марапаттау туралы бұйрықтың шыққан күні мен нөмірін көрсете отырып, тиісті жазба енгізеді.

Көтермелеудің салалық жүйесіне
қосымша          

нысан

Герб

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ҚҰРМЕТ ДИПЛОМЫ МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ҚОСҚАН
ҮЛЕСІ ҮШІН МАРАПАТТАЛАДЫ

Министр

Астана
20__ жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады