"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2016 жылғы 25 шілдедегі № 390 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14008 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:

      112 "Аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      122 "Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      123 "Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      022 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      2 "Қаржылық қызмет" функционалдық кіші тобында:

      452 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) қаржы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      018 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      5 "Жоспарлау және статистикалық қызмет" функционалдық кіші тобында:

      453 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      004 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      241 "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "111 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің күрделі шығыстары";

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, туристік индустрия, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, байланысты, ақпараттандыруды және ақпаратты дамыту, ғарыш қызметін үйлестіру және бақылау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламаның және 100 "Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, туристік индустрия, индустриалдық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, байланысты, ақпараттандыру және ақпаратты дамыту, ғарыш қызметін үйлестіру және бақылау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік кіші бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "001 Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, туристік индустрия, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, ғарыш қызметін үйлестіру және бақылау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

      100 Стандарттау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, геология, туристік индустрия, индустриялық саясатты қалыптастыру, инфрақұрылымды және бәсекелестік нарықты, көлік және коммуникацияны, ғарыш қызметін үйлестіру саласында құзыретті органның қызметін қамтамасыз ету";

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бюджеттік бағдарламаның және 100 "Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту және жер ресурстарын басқару саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік кіші бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "001 Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер

      100 Экономика, сауда саясатын, тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық әл-ауқаты саласындағы саясатты қалыптастыру және дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету";

      454 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      007 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      471 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      018 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      483 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      002 "Ақпараттық жүйелер құру" және 003 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламалардың атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      492 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      013 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      494 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:

      9 "Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      492 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      021 "Елдi мекендерде жол қозғалысы қауiпсiздiгін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      499 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      9 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      471 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      020 "Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп-ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      027 "Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап алғаны үшін Қазақстан азаматтарына біржолғы ақша қаражатын төлеуге арналған төлемдер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      1 "Әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық кіші тобында:

      464 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 031 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "031 Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған, отбасылық үлгідегі балалар үйлері балаларды мемлекеттік қолдау

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      471 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 031 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "031 Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорынсыз қалған, отбасылық үлгідегі балалар үйлері балаларды мемлекеттік қолдау

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      021 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 156 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "156 Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму

      017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      156 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайтуға берілетін нысаналы даму" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      279 "Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      047 "Целевые трансферты на развитие бюджетам районов (городов областного значения) на увеличение уставного капитала субъектов квазигосударственного сектора в рамках содействия устойчивому развитию и росту Республики Казахстан" және 049 "Увеличение уставного капитала субъектов квазигосударственного сектора в рамках содействия устойчивому развитию и росту Республики Казахстан" бюджеттік бағдарламалары бойынша:

      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      458 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      031 "Кондоминиум объектісіне техникалық паспорттар дайындау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      054 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      467 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      025 "Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды сатып алу" бюджеттік бағдарламаның атауына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      487 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      054 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталын ұлғайту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      492 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Мемлекеттік тұрғын үй қорын сақтауды үйымдастыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      497 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      026 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі жылу жүйелерін пайдалануды ұйымдастыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:

      471 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      014 "Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде спорттық жарыстар өткiзу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      3 "Ақпараттық кеңiстiк" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 100, 101 және 104 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 003 бюджеттік бағдарламасы бар 245 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "245 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      003 Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу

      100 Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру

      101 Ақпарат саласындағы қайраткерлерді ынталандыру

      104 Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес";

      478 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      005 "Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      4 "Туризм" функционалдық кіші тобында:

      480 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) туризм бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      9 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңiстiктi ұйымдастыру жөнiндегi өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      478 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      032 "Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерінің және ұйымдарының күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      462 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ауыл шаруашылығы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      006 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      473 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ветеринария бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      047 "Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      5 "Қоршаған ортаны қорғау" функционалдық кіші тобында:

      241 "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      155 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде техникалық көмек іс-шараларын іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "012 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      6 "Жер қатынастары" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 100, 101 және 102 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 259 бюджеттік бағдарламасы бар 212 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "212 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi

      259 Жер ресурстары туралы ақпаратка қол жетімділікті арттыру

      100 Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қалыптастыру

      101 Топографиялық-геодезиялық және картографиялық өнімдерді және олардың сақталуын қамтамасыз ету

      102 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі уәкілетті органның штат санын ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      463 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      002 "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiндегi жұмыстар" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      006 "Аудандардың, облыстық маңызы бар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң шекарасын белгiлеу кезiнде жүргiзiлетiн жерге орналастыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      007 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару" бюджеттік бағдарламаның және 100 "Ауыл шаруашылығы және табиғатты пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару" бюджеттік кіші бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "001 Ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану және жер ресурстарын пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару

      100 Ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану және жер ресурстарын пайдалану саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару";

      454 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      010 "Эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:

      2 "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық кіші тобында:

      466 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      013 "Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, аудандық (облыстық) маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      015 "Мемлекеттік органның күрделі шығыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      1 "Автомобиль көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      151 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 157 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "157 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік республикалық жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау

      017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      485 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      023 "Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      5 "Темiр жол көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      242 "Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 158 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "158 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жергілікті жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындауға ағымдағы нысаналы трансферттер

      017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      384 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жолаушылар көлігі басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 017 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 018 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "018 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жергілікті жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды дайындау

      017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      9 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 100, 102, 103, 104 және 110 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 001 бюджеттік бағдарламасы бар 245 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "245 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      001 Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

      100 Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат саласында уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

      102 Орталық коммуникациялар қызметінің жұмысын қамтамасыз ету

      103 Әлеуметтік, сараптамалық зерттеулер жүргізу және консалтинг қызметтерін көрсету

      104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

      110 Ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің күрделі шығыстары";

      мынадай мазмұндағы 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107 және 108 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 002 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "002 "Электрондық үкіметті", инфокоммуникациялық инфрақұрылымды және ақпараттық қауіпсіздікті дамыту

      100 Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету

      101 Орталық мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық технологияларды қолдану қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу жөнiндегі қызметтер

      102 "Электрондық үкiмет" шеңберiнде халықты оқыту бойынша қызметтер

      103 Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жеке және заңды тұлғаларға "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтерді көрсетуі жөнiндегi қызметiн ұйымдастыру

      104 Қазақстан Республикасының орбиталық-жиiлiк ресурсын халықаралық-құқықтық қорғау және үйлестiру

      105 Ауылдағы байланыс операторларының әмбебап байланыс қызметтерiн ұсыну бойынша залалдарын субсидиялау

      106 Ақпараттық-коммуникациялық желiлердiң мониторингi жүйесiн сүйемелдеу

      107 Радиожиiлiк спектрiнiң және радиоэлектрондық құралдардың мониторингi жүйесiн техникалық сүйемелдеу

      108 Байланыс операторлары желiлерін басқару жүйесi мен мониторингiн сүйемелдеу";

      мынадай мазмұндағы 004, 100, 101, 102, 105, 109, 114, 116, 119 және 122 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "004 Цифрлық телерадиохабарды енгізу және дамыту үшін "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ жарғылық капиталын ұлғайту

      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу

      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізу

      114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау

      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу

      122 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      3 "Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау" функционалдық кіші тобында:

      243 "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      155 "Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу шеңберінде техникалық көмек іс-шараларын іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 004 және 017 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:

      "004 Cыртқы қарыздар есебiнен

      017 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт қаражатынан сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      278 "Облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "015 Мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ға кредит беру";

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 120 бюджеттік бағдарламасы бар 245 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "245 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      120 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау";

      397 "Астана қаласының инвестициялар және даму басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 008 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "008 Индустриалдық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту":

      14 "Борышқа қызмет көрсету" функционалдық тобында:

      1 "Борышқа қызмет көрсету" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 100 және 101 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 012 бюджеттік бағдарламасы бар 274 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "274 Облыстың мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы

      012 Жергілікті атқарушы органдардың борышына қызмет көрсету

      100 Қарыздар бойынша сыйақылар және өзге де төлемдер төлеу

      101 Қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық төлем";

      16 "Қарыздарды өтеу" функционалдық тобында:

      1 "Қарыздарды өтеу" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 025 және 026 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 013 бюджеттік бағдарламасы бар 274 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "274 Облыстың мемлекеттік активтер және сатып алу басқармасы

      013 Жергілікті атқарушы органның борышын өтеу

      025 Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша

      026 Қарыз шарттары бойынша".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Қаржы Министрінің


міндетін атқарушы

Р. Дәленов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады