"Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру – спорттық ұйымдарға "Үздік" номинациясындағы атақтарды беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 185 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 шілдеде № 14045 болып тіркелді

      «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 45) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 28 маусымдағы № 297 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9680 болып тіркелген, 2014 жылғы 15 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      осы бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидаларын бекіту туралы»;
      осы бұйрықпен бекітілген Спортшыларға, жаттықтырушыларға, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарға және дене шынықтыру-спорттық ұйымдарға «Үздік» номинациясындағы атақтарды беру қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. «Үздік» номинациясындағы атақтар дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) өткізетін «Үздік» номинациясындағы атақтар беру бойынша республикалық конкурстың (бұдан әрі – Конкурс) жеңімпаздарына беріледі.»;
      56-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Конкурсты дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын дайындау және үйлестіру үшін Ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады. Ұйымдастыру комитетінің құрамы Дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
      Ұйымдастыру комитеті:
      1) Конкурсты ұйымдастыруды және өткізуді, оның ішінде қорытындылауды және Конкурс жеңімпаздарын салатанатты марапаттауды ұйымдастыруды қамтасыз етеді;
      2) номинацияларға сәйкес үміткерлерді іріктеу бойынша конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) жұмысын ұйымдастырады.
      6. «Үздік» номинация атағына үміткер (бұдан әрі - үміткер) спортшылар, жаттықтырушылар, дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандар және дене шынықтыру-спорттық ұйымдар (бұдан әрі - ДШСҰ) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне (бұдан әрі – Комитет) мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидалардың 11-тармағының 1), 2) және 10) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:
      үміткердің өтініші;
      үміткерге атақ беру ұсынысын негіздей отырып, Қазақстан Республикасының спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерациясының (болған жағдайда) ұсынысы, Қазақстан Республикасының спорт түрі (түрлері) бойынша спорт федерациясы болмаған жағдайда дене шынықтыру және спорт саласындағы облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі – ЖАО) тиісті бөлімшелерінің ұсынысы;
      атақ беруге үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      атақ беруге үміткердің өмірбаяны;
      2) осы Қағидалардың 11-тармағының 3), 4) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:
      Конкурсқа қатысу үшін ДШСҰ өтініші;
      ДШСҰ есептік жылғы спорттық жетістіктері (дене шынықтыру және спорт саласында сапалы және сандық жетістіктері (көрсеткіштері) туралы есебі;
      3) осы Қағидалардың 11-тармағының 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:
      осы Қағидалардың 17-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді есепке ала отырып, ЖАО-ның ұсынысы;
      4) осы Қағидалардың 11-тармағының 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген номинациялар үшін:
      Конкурсқа қатысу үшін өтініш;
      үміткерді атақ беруге ұсыну туралы ЖАО отырысының хаттамасынан үзінді;
      атақ беруге үметкердің өмірбаяны.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Конкурсты Комитет «Үздік» номинациясындағы атаққа үміткер емес Комитет қызметкерлері, жетекші спортшылар, жаттықтырушылар, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатарынан құрылған Комиссия өткізеді. Комиссия дауыс беру құқығы бар мүшелерден тұрады. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелері қатарынан тағайындалады.
      Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
      осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды қарайды және Конкурстың жеңімпазы туралы шешім қабылдайды.»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Комиссия шешімі Комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылатын хаттамамен ресімделеді. Хаттама Комиссия шешімі қабылданған күнінен бастап 3 (үш) күн ішінде ресімделеді.»;
      11-тармақта:
      5) тармақшасы алып тасталсын;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) «Үздік спорттық өңір» (облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар, астананың дене шынықтыру және спорт басқармалары);»;
      14 және 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. «Жылдың үздік спорт федерациясы» номинациясындағы атақ халықаралық кешенді және ресми спорттық іс-шаралар нәтижелерінің қорытындылары, сондай-ақ, осы спорт түрін дамытуға қосқан үлесі бойынша спорттық федерацияға беріледі.
      15. «Жылдың үздік спорт ұйымы» номинациясындағы атақ өз тәрбиленушілері мен спортшыларының спорттық жетістіктері нәтижелерінің қорытындылары бойынша спорттық оң нәтижелері бар дене шынықтыру-спорттық ұйымына беріледі.
      16-тармақ алып тасталсын:
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын.
      17. «Үздік спорттық өңір», «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясындағы атақтар республикалық өңірлер арасында мынадай:
      1) спорт ұйымдары мен ғимараттарының желілерін ұлғайту (оның ішінде ауылда);
      2) дене шынықтырумен және спортпен айналысатын халық саннын көбейту;
      3) республикалық және халықаралық ресми және кешенді жарыстардағы спорттық көрсеткіштер бойынша жоғары жетістіктері бар заңды тұлғаларға беріледі.»;
      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «19. «Ауылдағы жылдың үздік жаттықтырушысы» номинациясындағы атақ ЖАО-ның ұсынысы бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлес қосқан жаттықтырушыға беріледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде төлнұсқасына толық сәйкес келетін оның графикалық форматтағы көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жолдауды;
      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырланған қағаз және электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілуін;
      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      5) осы тармақпен көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт министрі               А. Мұхамедиұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады