Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 20 шілдедегі № 638 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 шілдеде № 14050 болып тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2016 - 2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 18 маусымдағы № 354 қаулысын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде бір данада оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығына» жіберуді;
      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е. А. Біртановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                   Т. Дүйсенова

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау және   
әлеуметтік даму министрінің
20 шілдедегі 2016 жылғы 
№ 638 бұйрығына      
қосымша          

Жоғары медициналық және фармацевтикалық білімі бар мамандарды
даярлауға 2016-2017 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысы

р/с№

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Мамандықтың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

1.

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті

Жалпы медицина

535, оның ішінде 410 қазақ тілінде білім алушылар

Стоматология

20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация

15, оның ішінде 11 қазақ тілінде білім алушылар

Қоғамдық денсаулық сақтау

5, оның ішінде 3 қазақ тілінде білім алушылар

Медициналық-профилактикалық іс

5, оның ішінде 3 қазақ тілінде білім алушылар

Барлығы:

600

2.

Астана медицина университеті

Жалпы медицина

450, оның ішінде 340 қазақ тілінде білім алушылар

3.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Жалпы медицина

450, оның ішінде 340 қазақ тілінде білім алушылар, оның ішінде 50 «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасының шеңберінде

4.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Жалпы медицина

100, оның ішінде 80 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация

60, оның ішінде 45 қазақ тілінде білім алушылар

Қоғамдық денсаулық сақтау

20, оның ішінде, 10 қазақ тілінде білім алушылар

Медициналық-профилактикалық іс

20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

20, оның ішінде 10 қазақ тілінде білім алушылар

Барлығы:

220

5.

Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті

Жалпы медицина

50 қазақ тілінде білім алушылар «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» жобасының шеңберінде


Барлығы


1770 орын

Ескертпе: қосымша 1230 орын мәлімденген мамандықтар бойынша медициналық кадрлар даярлайтын, осы қосымшада көрсетілгендерден басқа жоғары оқу орындарында конкурс негізінде орналастырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады