Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 295 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 30 шілдеде № 14054 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 104 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.03.2018 № 104 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 321 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10938 тіркелген, 2015 жылғы 15 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      орыс тіліндегі мәтіннің тақырыбына өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі мәтіннің кіріспесіне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;

      "Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы қолдаухаттарды қарау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішхатты қабылдаудан бас тартады.";

      мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика


министрі

Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _______________ Д. Абаев

      2016 жылғы "___"_________



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігінің
2016 жылғы 30 маусымдағы
№ 295 бұйрығына қосымша
  "Экономикалық шоғырлануға келісім
беру туралы өтінішхаттарды қарау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша

      Нысан

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Табиғи монополияларды реттеу және

      бәсекелестікті қорғау комитетінің

      бірінші басшысы

      _________________________________

      _________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының

      толық атауы және (немесе) ТАӘ

      (болған жағдайда),

      БСН және ЖСН (болған жағдайда)

Экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 200-бабының

      2-тармағына сәйкес

      _____________________________________________________________________

      (мәміленің, іс-әрекеттің мәні мен тараптары көрсетілген мәміленің,

      іс-әрекеттің сипаттамасы)

      қамтитын экономикалық шоғырлануға келісім беруді сұраймын.

      Осы экономикалық шоғырлануға келісім беру туралы өтінішхат

      _____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 201-бабы 1-тармағының

      тармақшасы көрсетіледі)

      негізінде____________________________________________________________

      (көрсетілетін қызметті алушының атауы (ТАӘ) (болған жағдайда)

      көрсетіледі)

      Құжаттама

      _____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 204-бабының тармағы

      көрсетіледі)

      сәйкес қоса беріледі.

      Ұсынылып отырған құжаттар нөмірленген және тігілген

      (электрондық жеткізгіш қоса беріледі).

      Ұсынылып отырған құжаттар мен мәліметтердің толықтығы мен

      дұрыстығын растаймын.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны

      құрайтын мәліметтердің пайдаланылуына келісемін.

      Уәкілетті тұлғаның қолы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады