Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 8 шілдедегі № 306 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 тамызда № 14105 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 431 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 28.10.2021 № 431 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істерді толтыру нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 8 шілдедегі
№ 306 бұйрығымен
бекітілген

      Толтыру нысаны

Қалдықтарды орналастыру объектілері бойынша кадастрлық істер

      Ескерту. Нысанға өзгеріс енгізілді – ҚР Энергетика министрінің 04.06.2018 № 227 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.06.2019 № 209 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

№ р/с

Құжат

Ескертпе

1.

облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органының қалдықтарды жинақтауға және жоюға арналған жер учаскесін бөлу туралы шешімі

Шешімнің көшірмесі (қоса беріледі)

2.

жер учаскесі орналасқан жер бойынша өздерінің құзыреті шегінде облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері растаған жер учаскесінің шекараларын белгілеу және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттардың берілгені туралы анықтама

Анықтаманың көшірмесі (қоса беріледі)

3

қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құрудың техникалық-экономикалық негiздемесi

техникалық-экономикалық негiздеменің көшірмесі (қоса беріледі)

4

қалдықтарды орналастыру объектiлерiн құруға мемлекеттiк экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары

Оң қорытындылардың көшірмелері (қоса беріледі)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады