"Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 315 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 18 тамызда № 14119 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 210 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11026 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 мамырда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

       тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын бекіту туралы";

       1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары бекітілсін";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру мен бөлуді және энергиямен жабдықтау мақсатында оларды сатып алуды жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасы


Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ____________ Д. Абаев

      2016 жылғы 22 шілде


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 20 шілде




  Қазақстан Республикасы
  Энергетика министрінің
  2016 жылғы 11 шілдедегі
  № 315 бұйрығымен бекітілген

Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, бөлуді және беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларының тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) басшылар – электр және жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу негізгі қызмет түрі болып табылатын ұйымдарда бірінші басшының (басқарма төрағасы, бас директор, директор), оның техникалық мәселелері жөніндегі, өндіріс жөніндегі орынбасарының (егер электр және жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу ұйымның негізгі қызмет түрі болып табылмаса – энергетикалық бөлім басшысының және оның орынбасарының лауазымын атқаратын адамдар); ұйымның бас инженерінің, ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі (бөлімі) басшысының лауазымын атқаратын адамдар.

      Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) жауапты басшысы болмаған жағдайда ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауға жауапты адамы білімді біліктілік тексеруден осы Қағидаларға сәйкес өтеді;

      2) білімді біліктілік тексеру – электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын алу, арттыру немесе дәлелдеу үшін энергетикалық ұйым персоналының өз құзыретіне жататын электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын білуін тексеру;

      3) мамандар – осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда, жұмысты орындауы үшін электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес рұқсатты алу талап етілетін жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналына басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдардың филиалдарының, цехтарының, қызметтерінің, бөлімдерінің басшылары;

      4) электр техникалық персонал – энергетикалық ұйымдарда басқаруды және (немесе) пайдалануды, монтаждауды, ретке келтіруді, оларға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді, олардың жұмыс режимін басқаруды тікелей жүзеге асыратын жедел, жедел-жөндеу, жөндеу персоналы;

      5) электр техникалық емес персонал – "электр техникалық", "электр технологиялық" персонал анықтамасына жатпайтын персонал;

      6) электр технологиялық персонал – өзі қызмет көрсететін технологиялық процесте негізгі құрамдық бөлік электр энергиясы болып табылатын, жұмысында қол электр машиналарын, электр дәнекерлеуішті, жарықтандырғыштарды, өлшеу аспаптарын және тасымалды электр құрылғыларын пайдаланатын персонал, сондай-ақ лауазымдық нұсқаулықпен немесе еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықпен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 253 бұйрығымен бекітілген Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10907 болып тіркелген) (бұдан әрі – Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары) білу белгіленген электр зертханаларының қызметкерлері.

      3. Электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына сәйкес беріледі.

      4. Білімді біліктілік тексеру электр қауіпсіздігі бойынша тиісті рұқсат тобын беру, арттыру немесе растау үшін ұйымдардың басшылары мен мамандарын кәсіби дайындау деңгейі сәйкестігін анықтаудың негізгі тәсілі болып табылады.

      5. Білімді біліктілік тексеру үш негізгі түрге:

      1) бастапқы тексеруге;

      2) мерзімді (кезекті) тексеруге;

      3) кезектен тыс тексеруге бөлінеді.

      6. Білімді бастапқы біліктілік тексеру үшін ұйымдағы тиісті лауазымға қызметкерді қабылдау туралы немесе сол ұйымда тұрақты жұмыс орнынан басқа қызметке ауысу туралы ұйым басшылығының өкімдік құжаты (бұйрық) негіз болып табылады.

      7. Білімді бастапқы біліктілік тексеру лауазымға тағайындалғаннан кейін оқыту және тағылымдама аяқталған соң бір айдан кешіктірілмейтін мерзімде немесе ұйымның техникалық басшысы бекіткен даярлаудың үлгілік немесе жеке бағдарламасында көрсетілген мерзімде жүргізіледі.

      8. Білімге мерзімді (кезекті) және кезектен тыс біліктілік тексеру жүргізу мерзімдері ұйымдар персоналының білімін соңғы тексеруден өткен күніне сәйкес осы Қағидаларда белгіленген мерзімдер шегінде белгіленеді және әр жұмыс орны есебінен ұйым басшысының тиісті шешімімен (бұйрығымен немесе өкімімен) ресімделеді.

      Білімге мерзімді (кезекті) біліктілік тексеру жүргізу үшін осы Қағидаларда білімге мерзімді біліктілік тексеру үшін белгіленген мерзімнің аяқталуы негіз болып табылады. Қызметкерлерге арналған білімге мерзімді біліктілік тексеруді тағайындау ұйымның техникалық басшысының (бұған өкілеттігі болған жағдайда, бөлімшенің) жыл сайынғы (бірінші желтоқсанға дейін) бұйрығымен жүзеге асырылады. Бұйрыққа білімі мерзімді біліктілік тексерілуге жататын ұйым адамдарының тізімі әрбір тексерілетін адамға мерзімі көрсетілген кесте жүзінде қоса беріледі.

      9. Білімге мерзімді (кезекті) біліктілік тексеру мерзімі:

      1) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшылары мен мамандары үшін – үш жылда кемінде бір рет.

      2) электр техникалық және электр технологиялық персонал үшін, соның ішінде әкімшілік-техникалық персоналды қоспағанда, жедел келіссөздер мен ауыстырулар жүргізуге құқығы бар басшылар мен мамандар үшін – жылына кемінде бір рет.

      10. Қызметкердің біліміне біліктілік тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдерін ұйымның техникалық басшысы олар аяқталған сәттен бастап, бірақ бір айдан аспайтын мерзімге құжаттық растау кезінде дәлелді себептермен (ауыру, іссапар, демалыс, оқу орындарында оқу) ұзартуы мүмкін.

      11. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін мыналар:

      1) электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу анықталған кезде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның нұсқама беруі;

      2) нәтижесі бойынша комиссия персонал тарапынан технологиялық бұзушылыққа, жазатайым оқиғаға әкеп соққан электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтаған технологиялық бұзушылықты тексеру актісін жасау;

      3) ұйымның техникалық басшысының шешімі;

      4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша қызмет (бөлім) қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша анықталған бұзушылықтарын жою жөніндегі шараларды қабылдау туралы нұсқаулар оның шарттары болып табылады.

      12. Электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу анықталған кезде уәкілетті органның нұсқамасын беру арқылы білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін негіздерге:

      1) егер осы актілердің нормалары ұйым қызметкерінің қызметіне өзгерістер енгізетін болса, электр энергетикасы саласындағы жаңа құқықтық актілерін қолданысқа енгізу, электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      2) нәтижелері бойынша жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жөніндегі комиссия, электр қондырғыларында жұмыс істеген кезде персонал тарапынан жазатайым оқиғаға алып келген электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілер талаптарының бұзылуын анықтаған өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру актісі;

      3) нәтижесінде жабдықтың (электр қондырғыларының, ғимараттардың, құрылыстардың) бүлінуі, электр, жылу энергиясын өндіру, беру мен бөлудің, тұтынудың белгіленген режимінің бұзылуы орын алған ұйым персоналының, соның ішінде автоматика, релелік немесе технологиялық қорғаныс құрылғыларын реттеу бойынша қате іс-әрекеттерінің фактісі;

      4) жобалау, құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптама жұмыстары, соның ішінде өлшеулер мен сынаулар кезіндегі персоналдың қате іс-әрекеттерінің фактісі;

      5) ұйымда электр энергетикасы саласында жұмыс істеу кезінде ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің техникалық басшылары, қызметкерлері тарапынан анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;

      6) жабдықты (жаңасын немесе оны реконструкциялаудан кейін) пайдалануға беру, электрлік және технологиялық схемаларды өзгерту кезінде, егер бұл ұйым қызметкерлерінің қызметінде өзгерістерге әкеп соқса, ұйымның техникалық басшысы шешім қабылдамаған кезде, оған қатысты бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы;

      7) электр энергетикасы саласындағы сараптама, жобалау ұйымдарының соның ішінде өзгерістер мен сынаулар бойынша зертханалардың (электр зертханаларының) мамандары тарапынан электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылаудың болмауы және шаралардың қабылданбауы жатады.

      13. Технологиялық бұзушылықты тексеру актісінің нәтижелері бойынша білімді кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін мыналар:

      1) энергетикалық қондырғыларда жұмыс істеу кезінде комиссияның электр, жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу бойынша қызметті жүзеге асыратын ұйымның персоналы тарапынан комиссияның қауіпсіздік нормаларында жіберілген бұзушылықтарды анықтауы;

      2) электр энергетикасы саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаждау, жөндеу, іске қосу-реттеу, сараптама жұмыстары, соның ішінде өлшеулер мен сынаулар) орындау кезінде комиссияның бөгде ұйымдардың қызметкерлері, соның ішінде іссапарға жіберілген персонал тарапынан электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықтауы негіздер болып табылады.

      14. Ұйымның техникалық басшысының шешімі бойынша білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді тағайындау үшін:

      1) күнтізбелік алты айдан астам мерзім ішінде атқаратын лауазымында лауазымдық міндеттерді орындамау;

      2) егер бұл ұйым қызметкерінің қызметіндегі өзгерістерге әкеп соқса, жабдықты (жаңасын немесе оны реконструкциялаудан кейін) пайдалануға беру, электрлік және технологиялық схемаларды өзгерту;

      3) ұйымның қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметінің басшылары, қызметкерлері тарапынан ұйымда электр энергетикасы саласындағы жұмыстар кезінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау және шараларды қабылдау нәтижесінде;

      4) нәтижесінде еңбекке жарамдылықты уақытша немесе тұрақты жоғалту, кәсіби ауру не өлім басталатын, жеке тұлғалар (персонал) үшін жарақат, кәсіби ауру, денсаулығының күрт нашарлауы немесе улануға әкеп соғатын электр энергетикасы саласындағы құқықтық актілердің талаптарын бұзу;

      5) осы Қағидалардың 10 және 15-тармақтарында көзделген жағдайлар жатады.

      15. Осы Қағидалардың 12-14-тармақтарында көрсетілген білімді кезектен тыс тексеруді тағайындау үшін негіздер толық және жан-жақты болып табылады.

      16. Білімді кезектен тыс біліктілік тексеру білімді мерзімді біліктілік тексеру мерзімдерін өзгертпейді.

      17. Білімге кезектен тыс біліктілік тексеру тағайындалған сәттен біліктілікті растау күніне дейінгі кезеңде адам электр техникалық емес персоналға теңестіріледі және атқаратын лауазымы бойынша қызметтік міндеттерін орындауға жіберілмейді.

      18. Білімге кезектен тыс біліктілік тексеруді жүргізген және біліктілік расталмаған жағдайда, адам басқа лауазымға ауысу арқылы электр техникалық емес персоналға теңестіріледі.

2-тарау. Басшылардың біліміне біліктілік тексеру жүргізу тәртібі

      19. Басшылардың біліміне біліктілік тексеруді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті жүзеге асырады (бұдан әрі – Комитет).

      20. Жыл сайын, 1 желтоқсанға дейінгі мерзімде, ұйымдар Комитетке келесі күнтізбелік жылға білімі біліктілік тексеруге жататын басшылардың тізімін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.

      Басшыны жұмысқа қабылдау немесе шығару кезінде тиісті ақпарат Комитетке қабылданған (шығарылған) сәттен күнтізбелік 15 күннің ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жіберіледі.

      21. Білімді біліктілік тексеруден өту үшін басшылар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білімді біліктілік тексеру мерзімінің аяқталу күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы өтініш береді.

      22. Комитет 3 жұмыс күнінің ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы хабарламаны жіберу жолымен осы Қағидалардың 21-тармағында көрсетілген құжаттарды басшылардан қабылдағаны туралы растайды.

      Осы Қағидаларға 20-тармақта көрсетілген тізімдерде басшы болмаған немесе осы Қағидаларға 21-тармақта көрсетілген құжаттарды ұсынбаған жағдайда, Комитет білімге біліктілік тексеру жүргізуден бас тарту туралы дәлелденген жауапты жібереді.

      23. Білімді біліктілік тексеруге келген кезде басшылардың өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.

      24. Білімге біліктілік тексеру тестілеу түрінде жүргізіледі.

      25. Тестілеу тестіленушінің таңдауы бойынша мемлекеттік немесе орыс тілдерінде автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен жабдықталған арнайы бөлмелерде жүргізіледі. Лауазымдық міндеттеріне сәйкес біліктілік тексеруден өтуге тиіс шетелдік адамдар (резидент еместер) осы Қағидаларға сәйкес тестілеуден жалпы негізде өтеді.

      26. Тестілеу уақыты екі сағатты құрайды.

      Тест сұрақтарының саны 100 сұрақты құрайды.

      Білімді біліктілік тексеруге жататын басшының біліктілігін растаған тестілеу нәтижесін мойындауға негіз болып табылатын дұрыс жауаптардың шекті деңгейі тестілерде қамтылған сұрақтар санының 70 пайызын құрайды.

      27. Білімге біліктілік тексеруден өтуге тиісті басшы тестілеу барысында алдарына қойылған сұрақтарға өздігімен жауап береді және басқа басшыларды олардың тестілеуінен көңілін басқа жаққа аудармайды. Жазбалар, келіссөздер жүргізу, оның ішінде электрондық (аудио, бейне, басатын) құрылғыларды қолдану тестілеуден өту шартының бұзылуымен теңестіріледі. Мұндай жағдайларда, басшы тестілеуді тоқтатады және Комитет өкілі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұзу туралы актіні ресімдейді.

      Сұрақта немесе сұрақ бойынша жауаптарда қателік анықталған жағдайда, қолды көтеріп Комитет өкілінің аталған ескертуді жазып алуын күту қажет.

      28. Білімге біліктілік тексеру жүргізу нәтижесі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білімге біліктілік тексеру жүргізілген күннен бастап 3 жұмыс күнінен кешіктірілмей "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы жіберіледі.

      29. Білімге бастапқы немесе кезекті біліктілік тексеру кезінде шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесін алған немесе тестілеуге дәлелді себептерсіз келмеген басшы атқаратын лауазымы шегінде өз біліктілігін растамаған болып есептеледі. Бұл жағдайларда басшы шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесін алған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес білімге кезектен тыс біліктілік тексеруден өтуі қажет.

      30. Егер басшы білімді кезектен тыс біліктілік тексеру кезінде шекті деңгейден төмен тестілеу нәтижесін алған немесе тестілеуге дәлелді себептерсіз келмеген жағдайда басшы еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымынан шеттетіледі.

      31. Осы Қағидаларда белгіленген басшының біліміне біліктілік тексеру жүргізу мерзімінде дәлелді себептермен (ауыру, іссапар, еңбек демалысы, оқу орындарында оқу) келмей қалған жағдайда, пайда болған дәлелді себеп туралы хабарламаны жіберу және ұйым тарапынан кейінгі құжаттық растау кезінде білімге біліктілік тексеру жүргізудің көрсетілген мерзімі мерзімінде келмей қалу себебі болып табылған жағдай аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Пайда болған дәлелді себеп туралы хабарламаны ұйым Комитетке білімге біліктілік тексеру жүргізудің өтіп кеткен күнінен кейінгі 3 жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      32. Білімге біліктілік тексеруден өту мерзімі алты айдан астам өтіп кеткен кезде ұйымның бірінші басшысының шешімі бойынша басшыға білімге кезектен тыс біліктілік тексеру белгіленеді.

      Бірінші басшыға қатысты білімді кезектен тыс біліктілік тексеру жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құрылтайшысымен немесе акционерлік қоғамның директорлар кеңесімен белгіленеді.

      33. Білімді біліктілік тексеруден өткен сәттен 3 жұмыс күнінің ішінде оның нәтижелерімен келіспеу кезінде басшы осы Қағидадаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляциялық комиссия төрағасының атына апелляцияға өтініш береді.

      34. Өтініштерді қарау мемлекеттік органның апелляциялық комиссиясында (бұдан әрі – Апелляциялық комиссия) өтініш келіп түскен сәттен 15 жұмыс күнінің ішінде жүргізіледі.

      35. Апелляциялық комиссияның құрамы мен ережесі мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      36. Әрбір өтінішті қарау қорытындысы бойынша Апелляциялық комиссия осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасын екі данада ресімдейді.

      Хаттаманың бір данасы өтініш берушіге Апелляциялық комиссия отырысы сәтінен үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жіберіледі. Хаттаманың екінші данасы және тестілеу нәтижелерінің көшірмесі мемлекеттік органда сақталады.

3-тарау. Мамандардың біліміне біліктілік тексеру жүргізу тәртібі

      37. Мамандардың біліміне біліктілік тексеруді жыл сайын энергетикалық ұйым басшысының бұйрығымен білімге біліктілік тексеру жүргізу үшін құрылатын комиссия жүзеге асырады.

      38. Жыл сайын, желтоқсанның 25-не дейінгі мерзімде, ұйымдар келесі күнтізбелік жылға білімі біліктілік тексеруге жататын мамандардың тізімін жасайды.

      Маманды жұмысқа қабылдау немесе шығару кезінде жоғары аталған тізімге тиісті өзгерістер енгізіледі.

      39. Мамандардың біліміне біліктілік тексеруді ұйымдастыруға жауапты адам осы Қағидаларға 38-тармақта көрсетілген тізімге сәйкес білімге біліктілік тексеру жүргізу күніне дейін күнтізбелік 30 күннен кешіктірілмейтін мерзімде маманға жазбаша хабарлама жібереді.

      40. Әрбір маманның білімін біліктілік тексеру компьютерлік бағдарламаларды пайдаланып тестілеу түрінде немесе жазбаша түрде жеке өткізіледі.

      41. Білімді біліктілік тексеру нәтижесі бойынша осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білімді біліктілік тексеру хаттамасы ресімделеді.

      42. Мамандардың біліміне біліктілік тексеру жүргізудің белгіленген мерзімдері, ол аяқталғаннан кейін құжаттық растау кезінде дәлелді себептермен (ауру, іссапар, еңбек демалысы, оқу орындарында оқу) ұйым басшысымен бір айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      43. Білімге біліктілік тексеруден өту мерзімі алты айдан астам мерзім ішінде ұйымның бірінші басшысының шешімі бойынша басшыға білімге кезектен тыс біліктілік тексеру белгіленеді.

      44. Білімге бастапқы немесе мерзімді (кезекті) біліктілік тексеруден өту бойынша мерзімдерді дәлелді себептерсіз бұзған, сондай-ақ өз біліктілігін растамаған мамандардың электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы бір бірлікке төмендетіледі және өтіп кеткен мерзімнен немесе электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобын растамаған (берген) күннен кейінгі күнтізбелік 30 күннің ішінде білімге кезектен тыс біліктілік тексеру белгіленеді.


  Электр және энергия
  қондырғыларының техникалық
  жай-күйі мен оларды пайдалану
  қауіпсіздігін бақылауды жүзеге
  асыру үшін электр және жылу
  энергиясын өндіруді, беру және
  бөлуді жүзеге асыратын
  ұйымдар басшыларының,
  мамандарының техникалық
  пайдалану қағидаларын және
  қауіпсіздік қағидаларын білуіне
  біліктілік тексеру жүргізу
  қағидаларына
  1-қосымша

      Нысан

Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден өтуге жататын басшылардың тізімі

Р/с


Аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)


ЖСН


Алдағы өткен білімді біліктілік тексеру күні


Лауазымы



Лауазымға қабылдау туралы бұйрықтың № мен күні


Рұқсат тобы




















































      Ұйым басшысының қолы ___________ аты-жөні

      Күні 20__ж. "___" __________

      МО


  Электр және энергия
  қондырғыларының техникалық
  жай-күйі мен оларды пайдалану
  қауіпсіздігін бақылауды жүзеге
  асыру үшін электр және жылу
  энергиясын өндіруді, беру және
  бөлуді жүзеге асыратын
  ұйымдар басшыларының,
  мамандарының техникалық
  пайдалану қағидаларын және
  қауіпсіздік қағидаларын білуіне
  біліктілік тексеру жүргізу
  қағидаларына
  2-қосымша

      Нысан

Қабылданған (шығарылған) басшылар туралы ақпарат

Р/с


Аты-жөні, әкесінің аты (болған жағдайда)


ЖСН


Қабылдау (шығару) туралы бұйрықтың күні


Лауазымы



Рұқсат тобы













































      Ұйым басшысының қолы ___________ аты-жөні

      Күні 20__ж. "___" __________

      МО


  Электр және энергия
  қондырғыларының техникалық
  жай-күйі мен оларды пайдалану
  қауіпсіздігін бақылауды жүзеге
  асыру үшін электр және жылу
  энергиясын өндіруді, беру және
  бөлуді жүзеге асыратын
  ұйымдар басшыларының,
  мамандарының техникалық
  пайдалану қағидаларын және
  қауіпсіздік қағидаларын білуіне
  біліктілік тексеру жүргізу
  қағидаларына
  3-қосымша

      Нысан

      _____________________________________

      (мемлекеттік органның атауы)

      _______________________________________________________

      (Тексерілушінің аты-жөні, әкесінің аты )

      № _______ Күні: _______жыл "___" ________

Өтініш

      Сізден мені электр қауіпсіздігі бойынша ___(рұқсат тобын көрсету) рұқсат тобын ___________ үшін электр және энергия қондырғыларының техникалық

       (алу, арттыру немесе растау) жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуге __________

      біліктілік тексеруден өтуіме рұқсат беруіңізді сұраймын. (бастапқы, кезекті, кезектен тыс)

      Ақпараттық жүйелерде заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Қосымша: Лауазымға тағайындау туралы 20 ___жылғы "___" ________ № ___ бұйрықтың көшірмесі.

Қолы _____________



  Электр және энергия
  қондырғыларының техникалық
  жай-күйі мен оларды пайдалану
  қауіпсіздігін бақылауды жүзеге
  асыру үшін электр және жылу
  энергиясын өндіруді, беру және
  бөлуді жүзеге асыратын
  ұйымдар басшыларының,
  мамандарының техникалық
  пайдалану қағидаларын және
  қауіпсіздік қағидаларын білуіне
  біліктілік тексеру жүргізу
  қағидаларына
  4-қосымша

      Нысан

Хабарлама

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті ____________________________________________ қабылданған өтінішіне

      (тегі, аты, әкесінің аты(болған жағдайда))

      сәйкес білімді біліктілік тексеру

      тестілеу күні: ___________________________________

      тестілеу уақыты: __________________________________

      тестілеу мекенжайы: _________________________________ бойынша өткізілетінін хабарлайды.

      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің автоматтық тіркеу жүйесімен Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеруден "электрондық үкімет" порталы арқылы өту үшін берілді.

      Қолы____________

      20 __ жылғы "____" _______________


  Электр және энергия
  қондырғыларының техникалық
  жай-күйі мен оларды пайдалану
  қауіпсіздігін бақылауды жүзеге
  асыру үшін электр және жылу
  энергиясын өндіруді, беру және
  бөлуді жүзеге асыратын
  ұйымдар басшыларының,
  мамандарының техникалық
  пайдалану қағидаларын және
  қауіпсіздік қағидаларын білуіне
  біліктілік тексеру жүргізу
  қағидаларына
  5-қосымша

      Нысан

Бұзу туралы акті

      20 _ ж. "____" __________ ____ сағ. ______ мин.

      Комитеттің өкілі:__________________________________ басшы

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      _______________________________ ЖСН ________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Электр және энергия қондырғыларының техникалық жай-күйі мен оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беру және бөлуді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жүргізу қағидаларының 27-тармағын бұзу фактісін анықтады.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (бұзудың қысқаша сипаты)

      Комитет өкілінің қолы: ________________________________

      Актімен таныстым: _________________________________________________

      (басшының қолы,тегі, аты, әкесінің аты)

      Жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген басшы осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда тиісті жазба жасалады.

      ___________________________________________________________________

      (анықталған бұзушылық фактісінен толтырылған осы актіге қол қоюдан бас тартқан тестілеушінің басқа адаммен растауы – қолы, аты-жөні, әкесінің аты)


  Электр және энергия
  қондырғыларының техникалық
  жай-күйі мен оларды пайдалану
  қауіпсіздігін бақылауды жүзеге
  асыру үшін электр және жылу
  энергиясын өндіруді, беру және
  бөлуді жүзеге асыратын
  ұйымдар басшыларының,
  мамандарының техникалық
  пайдалану қағидаларын және
  қауіпсіздік қағидаларын білуіне
  біліктілік тексеру жүргізу
  қағидаларына
  6-қосымша

      Нысан

Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуге біліктілік тексеруден өту нәтижелері

Тестілеу күні





Тегі, аты, әкесінің аты:





ЖСН:





Тест сұрақтарының саны





Шекті мәні





Дұрыс жауап саны





Нәтиже






      Тестілеу нәтижесі бойынша _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты)

      электр қауіпсіздігі бойынша _____ рұқсаттама топ берілді. (рұқсаттама тобын көрсету)


  Электр және энергия
  қондырғыларының техникалық
  жай-күйі мен оларды пайдалану
  қауіпсіздігін бақылауды жүзеге
  асыру үшін электр және жылу
  энергиясын өндіруді, беру және
  бөлуді жүзеге асыратын
  ұйымдар басшыларының,
  мамандарының техникалық
  пайдалану қағидаларын және
  қауіпсіздік қағидаларын білуіне
  біліктілік тексеру жүргізу
  қағидаларына 7-қосымша

      Нысан

      Мемлекеттік бақылау және қадағалау жөніндегі

      органның апелляциялық комиссиясының төрағасы

      _________________________________

      _________________________________________

      (Тегі, аты, әкесінің аты)

      _________________________________

      (лауазымы)

      _______________________________

      (ұйымның атауы және мекенжайы)

Өтініш

      Техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуге біліктілік тексеру нәтижелері бойынша менің апелляциямды қарауыңызды сұраймын, атап айтқанда:

Р/с №


Тестілеу сұрағының нөмірі мен мазмұны


Апелляция себебі



1




2




3





      Өтініш берушінің қолы: _______________

      Өтініш берілген күні: 20__ жыл "___" ____________

      Ескертпелер:

      "Апелляция себебі" бағанына, төменде аталған себептердің бірін көрсету қажет:

      1) Сұрақ қате қойылған

      2) Жауап қате қойылған

      3) Дұрыс жауап жоқ

      4) Бағдарлама қателігі (екі бірдей жауап, екі дұрыс жауап, жауап жоқ, сұрақ жоқ, бағдарлама ақауы)

      5) өзге себептер


  Электр және энергия
  қондырғыларының техникалық
  жай-күйі мен оларды пайдалану
  қауіпсіздігін бақылауды жүзеге
  асыру үшін электр және жылу
  энергиясын өндіруді, беру және
  бөлуді жүзеге асыратын
  ұйымдар басшыларының,
  мамандарының техникалық
  пайдалану қағидаларын және
  қауіпсіздік қағидаларын білуіне
  біліктілік тексеру жүргізу
  қағидаларына
  8-қосымша

      Нысан

Хаттама

Астана қ.


№ ____________


20___ жылғы "___"________



      Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің мына құрамдағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру жөніндегі апелляциялық комиссиясы:

      (комиссия құрамы)

      электр қауіпсіздігі бойынша "____"_________________________ үшін

       (рұқсат тобын) (беру, арттыру, растау)

      20 __ жылғы "___"__________ білімді _______________________________

       (бастапқы, мерзімді, кезектен тыс)

      тексеруден өткен _____________________________________________________

      (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      _______________________________________________________________

      жұмыс орны (ұйымның толық атауы)

      өтініші бойынша техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік қағидаларын білуіне біліктілік тексеру нәтижелері бойынша материалдарды қарап, шешім қабылдады

      апелляция _________________________

      (қанағаттандырылсын/ қанағаттандырылмасын)

__________________

Қолы


___________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)


__________________

Қолы


___________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)




  Электр және энергия
  қондырғыларының техникалық
  жай-күйі мен оларды пайдалану
  қауіпсіздігін бақылауды жүзеге
  асыру үшін электр және жылу
  энергиясын өндіруді, беру және
  бөлуді жүзеге асыратын
  ұйымдар басшыларының,
  мамандарының техникалық
  пайдалану қағидаларын және
  қауіпсіздік қағидаларын білуіне
  біліктілік тексеру жүргізу
  қағидаларына 9-қосымша

      Нысан

      Білімді біліктілік тексерудің

№ ХАТТАМА
Білімге біліктілік тексеру жүргізу күні ________

      Комиссия (Орталық/құрылымдық бөлімше) ________________________________________

      керектісін сызыңыз (ұйым атауы)

      Төраға: _________________________________________________________________________

      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Комиссия мүшелері: _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

       ________________________________________________________________________________

      (лауазымы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

       Алатын жұмыс орнының және біліктілігінің көлемінде білімін тексеру жүргізді _________________________________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), жұмыс орны, лауазымы, мамандығы, дәрежесі,

      ________________________________________________________________________________

      электр қауіпсіздігі бойынша тобы, соңғы тексеріс уақыты)

       Тексеру түрі: ____________________________________________________________________

       (бастапқы, мерзімді (кезекті), кезектен тыс, себептері)

      Комиссия қорытындысы:

      1. Электр қауіпсіздігі бойынша топ берілді – _________________________________________

      2. Атқаратын лауазымына сәйкес/сәйкес емес – _______________________________________

      3. Қайталама мерзімін белгілеу _____ – _____ ауысым

       4.Қайталама тексерудің мерзімі ___________________________________________________

      Қосымша мәліметтер:____________________________________________________________

      Қолдары:

      Комиссия төрағасы _______________________________________________________________

      (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Комиссия мүшелері ______________________________________________________________

      (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      ________________________________________________________________________________

      (қолы, тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

      Комиссия қорытындысымен таныстым ______________________________________________

      (тексерілетін адамның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады