Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 26 шілдедегі № 350 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 25 тамызда № 14151 болып тіркелді.

      "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ көрсетілген қаулыға 13-қосымша 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бюджеттік жоспарлау және қаржы департаментінің бастығы:

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне жолдасын;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдасын;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық банкінде орналастыру үшін шаруашылық жүргізу құқығында "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдасын;

      4) бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастырсын;

      5) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қорғаныс министрінің 25.06.2021 № 412 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Қорғаныс министрі

И. Тасмағамбетов



  Қазақстан Республикасы
  Қорғаныс министрінің
  2016 жылғы 26 шілдедегі
  № 350 бұйрығымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар жұмыскерлер атқаратын лауазымға сәйкес лауазымдық жалақыны (тарифтік мөлшерлеме), Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі (бұдан әрі – Қарулы Күштер) жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы мөлшерін айқындау мақсатында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу тәртібін және шарттарын (бұдан әрі – Қағидалар) айқындайды.

      2. Жұмыскерлердің еңбек сіңірген жылдары үшін лауазымдық жалақысын арттыруға, пайыздық үстемеақы мөлшерін белгілеуге немесе өзгертуге құқығы ол туындаған күннен бастап іске асырылады.

      3. Қарулы Күштердегі жұмысы үшін үстемеақы әскери қызметшілердің лауазымдарына уақытша тағайындалған, уақытша жұмыс істейтін және маусымдық жұмыстармен айналысатын азаматтық персонал адамдарына төленбейді.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері мен мекемелерінің азаматтық персоналы, қазыналық кәсіпорындарының жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу және Қарулы Күштердегі жұмысы үшін жұмысшыларға пайыздық үстемеақы белгілеу тәртібі мен шарттары

      4. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін және мамандығы бойынша жұмыстың ұқсастығын, Қарулы Күштердегі жұмысы үшін үстемеақы алу үшін жұмыс өтілін еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия айқындайды, оның құрамын мекеменің басшысы бекітеді.

      5. Еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия комиссия мүшелерінен және комиссия хатшысынан тұрады. Комиссия мүшелерінің ішінен жалпы дауыс берумен төраға тағайындалады. Еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссияның төрағасы комиссияның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметі және ол қабылдайтын шешімдер үшін жауапты болады.

      6. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін айқындайтын құжат Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжат, әскери қызметтен шығарылған азаматтар үшін – әскери билет болып табылады.

      7. Ұсынылған материалдарды зерделеу және жұмыскермен әңгімелесу нәтижелері бойынша еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия мамандығы бойынша жұмыс өтіліне қосылуға тиіс кезеңдерді күнтізбелік есептеуде, Қарулы Күштердегі жұмысы үшін үстемеақы белгілеуді айқындайды.

      8. Комиссияның мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін үстемеақы белгілеу туралы шешімі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін үстемеақы белгілеу туралы комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.

      9. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу, Қарулы Күштердегі жұмысы үшін үстемеақы белгілеу туралы қабылданған шешім туралы отырыстың хаттамасынан үзінді көшірме әр жұмыскерге үш данада ресімделеді (бір данасы – кадр қызметіне, екіншісі – қаржы қызметіне, үшіншісі – жұмыскерге қолтаңбасын қойғызып беріледі).

      10. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу, Қарулы Күштердегі жұмысы үшін үстемеақы белгілеу туралы комиссияның шешімі негізінде мекеменің кадр және қаржы қызметтері қарағаннан кейін жұмыскер атқаратын лауазымға сәйкес лауазымдық жалақысы (тарифтік мөлшерлемесі) айқындалады және әскери бөлім (мекеме) бойынша бұйрықпен бекітіледі.

      11. Мамандығы бойынша жұмыс өтіліне мыналар есептеледі:

      1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының, оның ішінде бұрынғы КСРО-ның әскери бөлімдері мен мекемелерінде ұқсас мамандықтар бойынша жұмыс уақыты;

      2) қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің, басқармалардың, бөлімдердің жұмыскерлері үшін жергілікті әскери басқару органдарындағы азаматтық қызметші (білікті жұмысшыларды қоспағанда) және әскери қызметшілер лауазымдарындағы (жұмысшылар мамандықтарына ұқсас лауазымдарды қоспағанда) барлық жұмыс кезеңі есептеледі;

      3) теріс себептер бойынша шығарылған адамдардан басқа, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери қызмет, бұрынғы КСРО-дағы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (бұдан әрі – ТМД) қатысушы мемлекеттердегі және осы Достастықтың Біріккен Қарулы Күштеріндегі міндетті әскери қызмет, міндетті мерзімді әскери қызмет;

      4) теріс себептер бойынша шығарылған адамдардан басқа, бұрынғы КСРО-ның және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік қауіпсіздік органдарындағы әскери қызметшілер лауазымдарындағы, ал 1955 жылғы 1 қазанға дейін – бұрынғы КСРО Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті бекіткен лауазымдар тізбесі бойынша жедел, жетекші және басшы құрамының лауазымдарындағы, ал басқа да лауазымдарда – әскери немесе арнайы атақ берілген күннен бастап, 1955 жылғы 1 қазаннан бастап – әскери қызметшілер лауазымдарындағы қызмет;

      5) теріс себептер бойынша шығарылған адамдардан басқа, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызмет;

      6) теріс себептер бойынша шығарылған адамдардан басқа, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, оның ішінде бұрынғы КСРО-ның және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің, бұрынғы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарындағы офицерлер, басшы және қатардағы жауынгерлер құрамының лауазымдарындағы (оның ішінде тағылымгерлер лауазымдарындағы) қызмет – лауазымға тағайындалған күннен бастап;

      7) Қарулы Күштерге, арнаулы мемлекеттік органдарға, прокуратура, ішкі істер, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет, қаржы полициясы (салық полициясы (милиция), мемлекеттік өртке қарсы қызмет, қылмыстық-атқару жүйесі, сондай-ақ бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің органдарына қызметке ауысқан жағдайларда сот органдарында судьялар лауазымдарындағы жұмыс уақыты;

      8) жүктілігі және бала туу бойынша демалыс, сондай-ақ еңбек заңнамасына сәйкес берілген бала күтімі бойынша жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;

      9) шетелде әскерлердегі, мекемелердегі мамандығы бойынша ұқсас лауазымдардағы жұмыстар;

      10) Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, мәслихат депутатының өкілеттіктерін жүзеге асыру;

      11) мемлекеттік мекеменің жолдамасы бойынша кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында жұмыстан қол үздіріп оқыту, егер жұмыскер курстарға түскенге дейін Қарулы Күштердің әскери бөлімдерінде, мекемелерінде, кәсіпорындарында жұмыс істеген болса және оларды аяқтағаннан кейін бұрынғы жұмыс орнына қайта оралса;

      12) мамандығы бойынша мемлекеттік қызметтегі жұмыстар;

      13) басқа ұйымдардағы мамандығы бойынша ұқсас лауазымдардағы жұмыстар;

      14) растайтын құжаттарды (комиссияның келісілген шешімін немесе заңды күшіне енген сот шешімін) ұсынумен заңсыз жұмыстан шығарылған кезде мәжбүрлі жұмыста болмау.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Қорғаныс министрінің 30.03.2017 № 132 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      12. Қарулы Күштердегі жұмысы үшін жұмысшыларға үстемеақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтіліне Қарулы Күштердің әскери бөлімдері мен мекемелеріндегі барлық жұмыс уақыты қосылады, сондай-ақ осы Қағидалардың 11-тармағының 3)-14) тармақшаларында айқындалған кезеңдер қосылады.


  Қазақстан Республикасы Қарулы
  Күштерінің әскери бөлімдері
  мен мекемелерінің азаматтық
  персоналы, қазыналық
  кәсіпорындарының
  жұмыскерлері үшін мамандығы
  бойынша жұмыс өтілін есептеу
  және Қазақстан
  Республикасының Қарулы
  Күштеріндегі жұмысы үшін
  жұмысшыларға пайыздық
  үстемеақы белгілеу
  қағидаларына қосымша
  нысан

      Мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу, Қазақстан Республикасының

      Қарулы Күштеріндегі жұмысы үшін үстемеақы белгілеу туралы комиссия

      отырысының

ХАТТАМАСЫ

      20__ жылғы "__"______ № ______________

      Төраға: _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      Комиссия мүшелері: ____________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      Хатшы: _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты-жөні)

      Тыңдағандар: жұмыс өтілі есептелетін жұмыскер.

      ____________________________________

      (Т.А.Ә.(ол бар болған кезде), лауазымы)

      _____________________________________

      жұмыс орны, тұрғылықты жерінің мекенжайы

      Еңбек өтілін тексеру:

Лауазымы (мамандығы)


Жұмыс орны (мемлекеттік органның, әскери бөлімнің, мекеменің, кәсіпорынның атауы)


Жұмыс кезеңі


Ескертпе



қай уақыттан бастап


қай уақытқа дейін


1


2


3


4


5



      ҚАУЛЫ ЕТТІ:

      Жұмыс өтілі _________________________

      ___________________ жыл ________ ай ___________ күн болып белгіленеді.

      (жазбаша түрде)

      _________________________________________________________________________

      Еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия төрағасы: ____________________________

      (қолы)

      Еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия хатшысы:

      _______________________________

      (қолы)

      Еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссия мүшелері:

      ____________________________

      (қолы)

      ____________________________

      (қолы)

      ____________________________

      (қолы)

      ____________________________

      (қолы)

      Комиссия отырысын өткізу күні 20___ж. "___" __________

      Хаттаманың екінші данасын алдым ____________________________________

      (жұмыс өтілі белгіленетін жұмыскердің Т.А.Ә. (ол бар болған кезде), қолы және күні)

      Мөрге арналған орын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады