"Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 2 тамыздағы № 683 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 2 қыркүйекте № 14201 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-103/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 16.09.2020 № ҚР ДСМ-103/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 102-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 11207 болып тіркелген және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 102-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмелерін қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электронды түрде бір данада мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және әлеуметтік


даму министрінің міндетін атқарушы

А. Цой


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2016 жылғы 20 тамызда
№ 683 бұйрығымен
бекітілген
  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі
№ 274 бұйрығымен
бекітілген

Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту қағидалары "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабы 1-тармағының 102-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібін айқындайды.

      2. Тәуелсіз сарапшыларды тартудың мақсаты:

      1) денсаулық сақтау субъектілерінің кадрлық, материалдық-техникалық ресурстарын оңтайлы пайдалану және заманауи медициналық технологияларды қолдану негізінде пациенттердің қажетті көлемдегі және тиісті сападағы медициналық көмек алу құқықтарын қамтамасыз ету;

      2) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін бағалаудың ашықтығы мен объективтілігін, медицина қызметкерлерінің құзыретін, мамандардың біліктілік деңгейін қамтамасыз ету;

      3) белгілі бір ауру немесе клиникалық жағдай кезінде медициналық көрсетілетін көмекке қойылатын жалпы талаптарды қалыптастыру кезінде ұсынымдардың өзектілігі мен негізділігін қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Осы Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар:

      1) денсаулық сақтау субъектісі – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

      2) жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердiң азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар;

      3) заңды тұлға – меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым;

      4) медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының сараптамасы (бұдан әрі – Сараптама) – медициналық көрсетілетін қызметтер тиімділігінің, толықтығының және стандарттарға сәйкестігінің көрсеткішін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, жеке және заңды тұлғалар ұсынатын медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейі бойынша қорытынды шығару үшін жүзеге асырылатын ұйымдастыру, талдау және практикалық іс-шаралар жиынтығы. Сараптама ішкі және сыртқы болып бөлінеді;

      5) тәуелсіз сараптама – медициналық көрсетілетін қызметтердің тиімділігінің, толықтығының және стандарттарға сәйкестігінің көрсеткішін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, денсаулық сақтау субъектілері медициналық көрсетілетін қызметтер сапасының деңгейі туралы қорытынды шығару мақсатында, сондай-ақ мамандардың біліктілік деңгейін айқындау мақсатында өткізілетін рәсім;

      6) тәуелсіз сарапшы – денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аккредиттелген жеке тұлға.

      4. Тәуелсіз сарапшылар туралы мәліметтерді жеке тұлғалар мен денсаулық сақтау субъектілері денсаулық сақтау саласындағы аккредиттелген тәуелсіз сарапшылар дерекқорынан алады.

      5. Тәуелсіз сарапшы сараптамаға оның медициналық, фармацевтикалық мамандығы ескеріле отырып тартылады.

      6. Тәуелсіз сараптама жүргізу қызметтеріне ақы төлеу орындалған жұмыстар актісі негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды тарту тәртібі

      7. Денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды:

      1) уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері;

      2) денсаулық сақтау субъектілері;

      3) жеке немесе заңды тұлғалар тартады.

      8. Сыртқы сараптама жүргізу кезінде тәуелсіз сарапшыларды:

      1) уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері комиссиялық талқылау кезінде:

      медициналық қызметтерді көрсету сапасының саласында тексерілетін субъектілер қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі мәніне тексеру жүргізу;

      "Денсаулық сақтау саласында аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 127 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 10735 болып тіркелген) денсаулық сақтау субъектілеріне аккредиттеу жүргізу;

      өліммен аяқталған емделіп шыққан жағдайларға сараптама жүргізу жағдайларында;

      2) шарттық негізде денсаулық сақтау субъектілері;

      3) жеке немесе заңды тұлғалар сыртқы сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда тартады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады