"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 4) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.04.2024 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін баспа және электронды түрде ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды есепке алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 124 бұйрығы (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10070 болып тіркелген, 2015 жылы 4 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) "Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толыктыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 637 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрықтарына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыру тізімінің 6-тармағы (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12158 болып тіркелген, 2015 жылы 26 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсiн.
5. Осы бұйрық 2016 жылғы 10 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі |
Қ. Бишімбаев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі № 434 бұйрығымен бекітілген |
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 22.04.2024 № 144 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 4) тармақшасына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" (бұдан әрі – Мемқызметтер туралы Заң) Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандырылған тексеру – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы электрондық шарттың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанына сәйкестігін, сондай-ақ тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесін бағдарламалық қамтамасыз етумен жүзеге асырылатын көппәтерлі тұрғын үйдегі үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуын тексеру;
2) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша – ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы құрылыс салушы (бұдан әрі – құрылыс салушы) – уәкілетті компанияның жарғылық капиталына қатысу арқылы, көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысуды ұйымдастыру жөніндегі қызметті өзінің меншікті және (немесе) тартылған ақшасы есебінен жүзеге асыратын заңды тұлға;
4) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) – уәкілетті компания мен үлескер арасында жасалатын, бір тарап көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысын қамтамасыз етуге және құрылыс аяқталған соң екінші тарапқа көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін беруге міндеттенетін, ал екінші тарап төлем жүргізуге және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесін қабылдауға міндеттенетін, тараптардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысумен байланысты құқықтық қатынастарын реттейтін шарт;
5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың электрондық көшірмесі – электрондық-цифрлық нысанда тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шынайы шарттың түрі мен ақпаратын (деректерін) толық жаңғыртатын тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт;
6) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы электрондық шарт – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 345 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14185 болып тіркелген) Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың үлгілік нысанына (бұдан әрі – Үлгілік нысан) сәйкес келетін ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт;
7) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе) – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды жүйелендіруге және есепке алуға және олар бойынша талап ету құқықтарын қайта табыстау туралы мәліметтерге арналған ақпараттық жүйе;
8) уәкілетті компания – дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы құрылыс салушыға тиесілі, көппәтерлі тұрғын үйдің үлестік құрылысын және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлестерді өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, арнайы экономикалық аймақтардағы қызметті қоспағанда, қандай да бір өзге коммерциялық қызметпен айналысуға құқығы жоқ заңды тұлға;
9) үлескер – көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті алу мақсатында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты жасасқан жеке тұлға (уақытша болатын шетелдіктерді қоспағанда) немесе заңды тұлға;
10) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
3. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
4. Орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері және көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық акт бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартады және Бірыңғай байланыс-орталығына және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым операторына жібереді.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
5. Уәкілетті компания (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Шарт жасалған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Көрсетілетін қызметті берушіге электрондық нысанда Шартты есепке қою үшін өтінімді мыналар:
1) ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kz жүйесі;
2) (single sign-on) бірыңғай кіру технологиясы арқылы Жүйемен интеграцияланған веб-портал;
3) Жүйемен интеграцияланған Көрсетілетін қызметті алушының ақпараттандыру объектісі арқылы жолдайды.
6. Көрсетілетін қызметті алушының Шартын есепке қоюға арналған өтінім үлескермен жасалған Шартты, үлескердің дербес деректерін және сатып алынған үлесі туралы мәліметтерді қамтиды.
Көрсетілетін қызметті алушы үлескердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге, оның ішінде үшінші тұлғаларға беруге келісімін алуды қамтамасыз етеді.
7. Жүйе Шартты есепке қою үшін өтінімді ол жөнелтілген күні тіркеуді жүзеге асырады.
Өтінім Жүйеге жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес өтінімді тіркеу Жүйеде келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Өтінімді тіркеу күні мен уақыты көрсетілген Жүйеде өтінімді тіркеу туралы мәртебе Көрсетілетін қызметті алушыға Жүйеде есептік жазба арқылы беріледі.
8. Мемлекеттік қызмет көрсету Жүйеде мынадай мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) Шарттың электрондық көшірмесін есепке қою кезінде – өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде. Шарттың электрондық көшірмесін Шарттың Үлгілік нысанына сәйкестігін, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдегі үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуын тексеруді Көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады;
2) электрондық Шартты есепке қою кезінде – өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде. Электрондық шарттың үлгілік нысандағы шартқа сәйкестігін, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйдегі үлеске үшінші тұлғалардың бұрын есепке қойылған құқықтарының болуын тексеру автоматтандырылған түрде Жүйемен жүзеге асырылады.
9. Тексеру нәтижелері бойынша Көрсетілетін қызметті беруші Жүйеде Шартты есепке қоюды жүзеге асырады не мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болып табылады:
1) Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда;
2) Көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі бар, оның негізінде Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.
11. Көрсетілетін қызметті алушы дәлелді бас тартуда көрсетілген ескертулер жойылғаннан кейін Жүйеде Көрсетілетін қызметті берушіге Шартты есепке қою үшін өтінімді қайта жібереді.
12. Шартты есепке қою кезінде көрсетілетін қызметті беруші қол қояды, ал Жүйе мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін – осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шарттың есептік жазбасы туралы үзінді-көшірмені Шартта көрсетілген үлескердің электрондық поштасына, сондай-ақ үлескердің веб-порталдағы жеке кабинетіне автоматты түрде қалыптастырады және жібереді.
Үлескердің электрондық поштасы болмаған кезде Көрсетілетін қызметті алушы үлескерге үзінді көшірмені алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені қолма-қол ұсынады.
13. Шартты есептен шығару үшін Көрсетілетін қызметті алушы объектіні пайдалануға қабылдау актісіне қол қойғаннан кейін Жүйеде Көрсетілетін қызметті берушіге көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру туралы шартты және көппәтерлі тұрғын үйдегі үлесті беру актісін есепке қою үшін өтінім жібереді.
Шартты бұзу себебі бойынша оны есептен шығару үшін Көрсетілетін қызметті алушы Жүйеде тіркелген Шарттың бұзылғанын растайтын құжатты қоса бере отырып, Көрсетілетін қызметті берушіге өтінім жібереді.
Шартты есептен шығару Шартты есепке қою мерзімдеріне ұқсас мерзімдерде жүзеге асырылады.
14. Шартқа қосымша келісімдерді және талап ету құқықтарын беру туралы шарттарды қою және есептен шығару Шартты қою және есептен шығару рәсіміне ұқсас жүзеге асырылады.
15. Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы қағидаларға 2-қосымшада баяндалған, онда мемлекеттік қызметтің атауы, Көрсетілетін қызметті берушінің атауы, мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері, мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі, мемлекеттік қызметті көрсету нысаны, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері, көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі, мемлекеттік қызмет көрсету үшін Көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер баяндалған.
16. Көрсетілетін қызметті беруші Мемқызметтер туралы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым Көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
18. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемқызметтер туралы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен Көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.
19. Егер Мемқызметтер туралы Заңында өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер Мемқызметтер туралы Заңында жоғары тұрған органға шағымдану қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік орган, әкімшілік әрекеті (әрекетсіздігі) дауланатын лауазымды адам, әкімшілік акті кері қайтарып алумен қатар сотқа жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамның дәлелді ұстанымын Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынады.
Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме
Құрылыс салушы және уәкілетті компания туралы мәліметтер | Құрылыс объектісі туралы мәліметтер | Құрылыстың басталу және аяқталу мерзімі туралы мәліметтер | Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторының кепілдігі немесе жергілікті атқарушы органның үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты | Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың нөмірі мен күні | Үлескер туралы мәліметтер | Үлескердің үлесі туралы мәліметтер | Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, сондай-ақ үлескердің шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруі | Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартты тоқтату немесе есептен шығару |
Жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды, сондай-ақ олар бойынша талап ету құқықтарын басқаға беру туралы шарттарды есепке алуды жүргізу қағидаларына 2-қосымша |
"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді-көшірме беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары |
2 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету тәсілдері |
1)ақпараттандыру объектісі – www.qazreestr.kzтұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – Жүйе); |
3 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету мерзімі |
1)тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың электрондық көшірмесін есепке қою (бұдан әрі – Шарт) – өтінім Жүйеде тіркелген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде; |
4 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесі | Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірме беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемені көрсете отырып, Шартты есепке қоюдан бас тарту туралы дәлелді жауапты жолдау |
6 | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Жұмыс кестесі |
1)көрсетілетін қызметті алушы-Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден жұмаға дейін Астана қаласының уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі |
1)Электрондық көшірмесі немесе электрондық Шарт, |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1)мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардың құрамындағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталған жағдайда; |
10 | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін – Шарттың есептік жазбасы туралы үзінді көшірмені электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар: |