"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 765 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 қазанда № 14321 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 21.12.2020 № ҚР ДСМ-309/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 23-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтер жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 26 қарашадағы № 801 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5946 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар актілерінің 2010 жылғы № 7 жинағында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесі бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді жасау мен шығындарды жоспарлау әдістемесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесі";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге арналған тарифтерді қалыптастыру мен шығындарды жоспарлау әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсететін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау субъектілері үшін бірыңғай болып табылады және ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге мынадай медициналық көмек нысандары бойынша тарифтерді қалыптастыру және шығындарды жоспарлау механизмін айқындайды:";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) АЕК көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – АЕК кешенді жан басына шаққандағы норматив) – құрамында АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компонентінен және кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компонентінен тұратын "Бекітілген халық тіркелімі" порталында (бұдан әрі – "БХТ" порталы) тіркелген, МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісіне бекітілген бір адамға шаққанда ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтері кешенінің құны;

      2) АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативінің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 28 шілдедегі № 627 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарына шығындарды бюджет қаражатының есебінен өтеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеуі тізілімінде № 11976 болып тіркелген) (бұдан әрі – Шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес уәкілетті орган айқындайтын қызметтер тізбесі бойынша қызмет МСАК пен КДК нысандарындағы ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтері кешенінің есептеу құны;

      3) АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив – түзету коэффициенттерін есепке алмай, уәкілетті орган айқындайтын қызметтер тізбесі бойынша Шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес МСАК пен КДК нысандарындағы ТМККК амбулаториялық-емханалық қызметтер кешенінің есептеу құны;

      4) ауыл халқына ТМККК қызметтерін көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – құрамында ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті мен кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті бар, "БХТ" порталында, аудандық маңызы бар немесе ауылдың денсаулық сақтау субъектісінде тіркелген бір ауыл тұрғынына есептегендегі уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша Шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес ТМККК қызметтері кешенінің құны;

      5) ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті – түзету коэффициенттерін есепке ала отырып, уәкілетті орган айқындайтын медициналық көмек нысандарының тізбесі бойынша Шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес ауыл халқына көрсетілетін ТМККК қызметтері кешенінің есеп айырысу құны;

      6) базалық мөлшерлеменің құны – ТМККК қызметінің бір бірлігінің есеп айырысу құны;

      7) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) немесе облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары (бұдан әрі – ДСБ);

      8) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      9) емделіп шығу жағдайы – пациентке стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын шарттарда емдеуге жатқызылған сәттен бастап жазылып шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені;

      10) жыныстық-жастық түзету коэффициенті – халықтың әр түрлі жыныстық-жастық санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтарды есепке алатын коэффициент;

      11) кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – КЖНЫК) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 429 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іс-шаралар кешенін көрсетуге қатысатын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін көтермелеу қағидаларымен (бұдан әрі – № 429 бұйрық) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетік тіркеу тізілімінде № 11526 болып тіркелген) айқындалған тәртіпте түпкілікті нәтижеге қол жеткізілген индикаторлар негізінде МСАК көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерін ынталандыруға бағытталған кешенді жан басына шаққандағы нормативтің ынталандырушы құрамдаушысы;

      12) кешенді тариф – онкогематологиялық науқастарды қоспағанда (лимфомамен ауыратын науқастардан басқа), онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімінде тіркелген, әкімші бекіткен бір онкологиялық науқасқа есептегендегі ТМККК медициналық қызметтері кешенінің құны;

      13) клиникалық-шығынды топтар (бұдан әрі – КШТ) – емдеу шығындары бойынша ұқсас клиникалық біртекті аурулардың топтары;

      14) коммуналдық және басқа шығыстар (бұдан әрі – КБШ) – жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға, банк қызметтеріне, байланыс қызметтеріне, кеңсе тауарларын сатып алуға, іссапар шығыстарына, ағымдағы жөндеуге, жайды жалға алуға, шаруашылық тауарларды, жұмсақ мүккәмал және басқа тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар;

      15) медициналық-экономикалық тариф – диагностикалау және емдеу хаттамаларының негізінде қалыптастырылатын бір емделіп шығу жағдайы үшін орташа құн;

      16) МСАК көрсетуге арналған жан басына шаққандағы норматив – МСАК нысанындағы ТМККК-ні қамтамасыз ету үшін бір адамға есептегендегі шығындардың нормасы;

      17) онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі (бұдан әрі – ОНЭТ) – деректері ТМККК орналастыру және оған ақы төлеу кезінде пайдаланылатын онкологиялық патологиясы бар науқастардың деректерін электрондық тіркеу, есепке алу, өңдеу және сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі;

      18) тарификатор – "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің (бұдан әрі – Денсаулық туралы кодекс) 35-бабының 5-тармағына сәйкес олардың құны көрсетілген бекітілген медициналық қызметтер тізбесі;

      19) төсек-күн – науқастың стационар шарттарында өткізген күні;

      20) ТМККК қызметінің тарифі (бұдан әрі – тариф) – ТМККК қызметтері бірлігінің немесе кешенінің құны;

      21) түзету коэффициенттері – осы Әдістемеге сәйкес тарифті түзету мақсатында бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қолданатын коэффициенттер;

      22) шығын сыйымдылығы коэффициенті – КШТ-ның базалық мөлшерлеме құнына шығын дәрежесін айқындайтын коэффициент.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ТМККК медициналық қызметтеріне арналған тарифтер ТМККК шеңберінде медициналық көмек көрсету бойынша қызметпен байланысты мынадай:

      1) қызметкерлерге қосымша ақшалай төлемдерді қоса, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына (бұдан әрі – № 1193 қаулы) сәйкес 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекақы;

      2) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес салыққа және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге, әлеуметтік салыққа, міндетті зейнетақылық жарналарға, міндетті кәсіби зейнетақылық жарналарға, әлеуметтік аударымдарға;

      3) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсету үшін диагностикалау мен емдеу хаттамаларына және дәрілік формулярына сәйкес дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды және шығыс материалдарын сатып алуға;

      4) "Республиканың мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын натуралды нормада азық-түлікпен және ең төменгі нормада жұмсақ мүлікпен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 128 қаулысына (бұдан әрі – № 128 Қаулы) сәйкес айқындалған шығындардың нормасы бойынша пациенттер үшін тамақ өнімдерін сатып алуға;

      5) № 128 Қаулыға сәйкес есептелген қажеттілік бойынша жұмсақ мүккәмал мен кимі-кешек сатып алуға;

      6) кадрлардың біліктілігін арттыруға және оларды қайта даярлауға;

      7) коммуналдық қызметтерге: жылуға, электр қуатына, ыстық және суық суға ақы төлеуге;

      8) өзге шығыстарды, оның ішінде интернетті қоса алғандағы байланыс қызметтері, іссапар шығыстары, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, үй-жайды жалға алу, кеңсе, шаруашылық және жанар-жағармай тауарларын сатып алу, басқа тауарлар мен қызметтер, сервистік қызмет көрсету, банк қызметтеріне;

      9) құны бес миллион теңгеден аспайтын жабдықты сатып алуға арналған күрделі шығыстарға ақы төлеу шығындарын қамтиды. Бұл ретте, ТМККК көрсететін ұйымдар құны бес миллион теңгеден аспайтын жабдықты сатып алуды ағымдағы қаржы жылында кредиторлық берешегі болмаған жағдайда, қалыптасқан үнемдеу қаражатының есебінен жүзеге асырады.

      ТМККК медициналық қызметтеріне тарифтерді қалыптастыру кезінде рентабельділік пен пайда қосылмайды.";

      5-тармақ алынып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. МСАК субъектілері үшін айына бір тұрғынға шаққандағы АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативті есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      КЖНМСАК = КЖНкепілАЕК + Sкжнык, мұнда

      КЖНМСАК – айына "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы АЕК кешенді жан басына шаққандағы норматив;

      Sкжнык – айына "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы КЖНЫК сомасы;

      КЖШНкепіл.АЕК – айына "БХТ" порталында тіркелген МСАК субъектісіне бекітілген бір адамға шаққандағы АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативтің кепілдік берілген компоненті, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      КЖНкепіл.АЕК = КЖНбаз.МСАК х ЖТКМСАК+ КЖНбаз.МСАК х (Кобл.тығыз.–1) +

      КЖНбаз.МСАК х (Кобл.жылу–1) + Vэкол.мсак / СМСАК / m, мұнда

      ЖТКМСАК – МСАК субъектісі бойынша халықтың медициналық қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      ЖТКМСАК =

МСАКk/n х ЖТКМСАК(n))/СМСАК, мұнда

      СМСАК – "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны;

      СМСАК k/n – "БХТ" порталында тіркелген, МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны n нөмірлі жыныстық-жастық топқа жататын халықтың k нөмірі;

      ЖТКМСАК(n) – осы Әдістемеге 1-қосымшаға сәйкес n нөмірлі жыныстық-жастық топтың жыныстық-жастық түзету коэффициенті;

      МСАК субъектісіне бекітілген халықтың саны мен халықтың жыныстық-жастық құрамы халықты ерікті бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе айдың соңғы күніндегі ахуал бойынша алдағы қаржы жылындағы АЕК көрсетуге арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін немесе уәкілетті органның шешімі бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде оны түзету үшін пайдаланылатын "БХТ" порталы базасындағы халық бойынша деректердің негізінде айқындалады.

      КЖНбаз.МСАК – түзету коэффициенттері есепке алынбай айқындалған, барлық МСАК субъектілері үшін Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын, айына "БХТ" порталында алдағы қаржы жылына тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КЖНбаз.МСАК = КЖНбаз.АЕК(қр) – КЖНбаз.АЕК(қр) х %КДК, мұнда

      КЖНбаз.АЕК(қр) - түзету коэффициенттері есепке алынбай айқындалған, Қазақстан Республикасының аумағында бірыңғай болып табылатын, уәкілетті орган айқындайтын айына "БХТ" порталында тіркелген бір бекітілген адамға шаққандағы АЕК базалық кешенді жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КЖНбаз.АЕК(қр) = КЖНАЕК(қр). , мұнда

      ЖТКқр+(Кқр.тығыз–1) +(Кобл.жылу–1) +(Кауыл.жылу–1)

      ЖТКқр.– БХТ порталы деректерінің негізінде ел халқының жыныстық-жастық құрылымы бойынша есептелген ел деңгейінде халықтың медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынуының жыныстық-жастық түзету коэффициенті;

      КЖНкепіл.АЕК(қр) – экологиялық апатты аймақтарда үстемеақы төлеуге қаражатты қоспағанда, алдағы қаржы жылына ел бойынша айына бір тұрғынға шаққандағы АЕК орташа кешенді жан басына шаққандағы норматив, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      КЖНкепілАЕК (қр)_= (VАЕК_қр Vжнык_қр- Vэкол_қр)/Сқр/m, мұнда

      VАЕК(қр) – халыққа АЕК көрсету үшін ел бойынша қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемі;

      Vжнык_қр – республика бойынша ЖЫНК-қа республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың жылдық көлемі;

      Vэкол_қала – "Арал өңіріндегі экология салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" (бұдан әрі – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы) 1992 жылғы 30 маусымдағы және "Семей сынақ ядролық полигонындағы ядролық сынаулардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" (бұдан әрі – ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы) 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын, МСАК субъектілеріне экологиялық апатты аймақтарда жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі;

      Сқр – халықты ерікті бекіту науқанының нәтижесі бойынша немесе қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың күніндегі ахуал бойынша "БХТ" порталында тіркелген, барлық МСАК субъектілеріне бекітілген халықтың саны;

      m – АЕК-ті қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;

      %КДК – шығыстары Шығындарды өтеу қағидаларына сәйкес айқындалған қызметтер тізбесіне сәйкес МСАК субъектілері үшін АЕК кешенді жан басына шаққандағы нормативке қосылмаған ТМККК шеңберінде МСАК субъектілеріне бектілген халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтерді көрсетуге арналған қаражат үлесі;

      Ктығызд.обл. – ел бойынша халықтың орташа тығыздық коэффициенті;

      Кжылу.обл.– ел бойынша жылыту маусымының ұзақтығын есепке алудың орташа коэффициенті;

      Кауыл.обл. – ел бойынша ауыл аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақыны есепке алудың орташа коэффициенті;

      Vэкол_мсак – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңы және ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес облыс деңгейінде қалыптастырылатын, МСАК субъектісіне экологиялық апат аймақтарында жұмыс істегені үшін үстемеақы төлеуге көзделген қаражаттың жылдық көлемі;

      m – МСАК субъектісін қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлардың саны;

      Кобл.тығыз. – осы облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша халық тығыздығының коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кобл.тығыз. = 1 + С х ТҚР хал/орта обл.хал., мұнда

      С – облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) халқы тығыздығының орташа республикалық деңгейден немесе аудандардардың халқы тығыздығының (облыстық маңызы бар қалалардың) орташа облыстық деңгейден ауытқуы есептелетін салмақ (Пирсон желілік коррелияциясының коэффицицентінің есебі бойынша);

      ТҚР хал/орта – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын кезеңдегі ахуал бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Статистика комитеті) деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша халықтың орташа тығыздығы;

      Тобл.хал. – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын кезеңдегі ахуал бойынша Статистика комитетінің деректеріне сәйкес облыстағы (республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы) халықтың тығыздығы.

      Кобл. жылу – облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті, ол мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кобл. жылу = 1 + Үжылу х обл. – КҚР/орта.), мұнда

      КҚР/орта.

      Үжылу – облыста (республикалық маңызы бар қалада және астанада) амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің деректері негізінде өткен жылға облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жылытуға арналған шығындардың үлесі;

      Кобл. – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органы шешімінің негізінде айқындалған облыс (республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша жылыту маусымының кезеңі;

      КҚР/орта – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. ЖБНЫК-ны есептеу реттілікпен мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1-қадам: республика деңгейінде айына бір тұрғынға есептегендегі ЖБНЫК-ның жоспарлы сомасын айқындау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Sжбнык_қр =Vжбнык_қр / Сқр_хал. / mжыл., мұнда:

      Sжбнык_қр – республика бойынша 1 тұрғынға есептегендегі ЖБНЫК-ның жоспарлы сомасы;

      Vжбнык_қр – республика бойынша ЖБНЫК-ға республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың жылдық көлемі;

      Сқр_хал. – алдағы қаржы жылына арналған қаржыландыруды есептеу үшін пайдаланылатын айдың күнінде Статистика комитетінің деректері бойынша "БХТ" порталында тіркелген халық санының деректеріне немесе "БХТ" порталының деректеріне сәйкес түзетілуі тиіс республика бойынша халық саны;

      mжыл – ЖБНЫК сомаларын төлеу жүзеге асырылатын жоспарлы қаржы жылындағы айлардың саны.

      2-қадам: өңір бойынша ЖБНЫК-ны қаржыландырудың жоспарлы жылдық көлемін айқындау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

      Vөңір жбнык = Сөңір хал. * Sжбнык қр * mжыл, мұндағы:

      Vөңір.жбнык – өңір бойынша ЖБНЫК-ны қаржыландырудың жылдық көлемі;

      Сөңір.хал. – ағымдағы қаржы жылындағы бюджетті есептеу үшін пайдаланылатын, "БХТ" порталында тіркелген, өңір бойынша бекітілген халықтың саны;

      Sжбнык қр – республика бойынша 1 тұрғынға есептегендегі ЖБНЫК сомасы;

      mжыл – ЖБНЫК-ны есептеу үшін жоспарлы қаржы жылындағы айлардың саны.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері үшін КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайы үшін тариф мынадай формула бойынша айқындалады:

      Қкшт = Бскшт х ШСКкшт i + Бскшт х ШСКкшт i х(Kn1-1)+ Бскшт х

      ШСКкшт i(Kn2-1) +… + Бскшт х ШСКкшт i х(Knn-1), мұндағы:

      Қкшт – КШТ бойынша бір емделіп шығу жағдайының құны;

      i – КШТ-ның түрі немесе тобы;

      Бскшт – уәкілетті орган бекіткен КШТ бойынша базалық ставканың құны;

      ШСКкшт i – КШТ-ның белгілі бір (і) түрінің шығын сыйымдылығы коэффициенті;

      Kn1, Kn2, Knn – түзету коэффициенттері (экологиялық коэффициент, ауылдық аумақтың коэффициенті, жылыту маусымы ұзақтығының коэффициенті және басқа да түзету коэффициенттері).

      Еңбек кодексіне және № 1193 қаулыға сәйкес ауылдық жерде жұмыс істегені үшін түзету коэффициенті ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қала жағдайында қызметтің осы түрлерімен айналысатын мамандардың жалақыларымен және тарифтік ставкаларымен салыстырғанда жалақының жиырма бес пайызынан кем емес жоғары еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілеріне тағайындалады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      Ка = ТКа х %жа, мұнда:

      Ка – ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау

      саласы мамандарының ауылдық коэффициенті;

      ТКа – Еңбек кодексінде және № 1193 қаулыда көзделген, ауылдық елді мекендерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау саласының мамандары үшін коэффициент;

      %жа – тиісті өңірде ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жалпы бюджетіндегі жалақының орташа үлесі.

      Экологиялық түзету коэффициенті Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес экологиялық апатты аймақтарда тұратын қызметкерлерге қосымша ақыны қамтамасыз ету үшін денсаулық сақтау субъектілеріне тағайындалады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      Экаө = 1 + (ТКэаө - 1) х %жа, мұнда:

      Экаө – Арал өңіріндегі экологиялық апатты аймақтарда тұратын қызметкерлерге арналған экологиялық коэффициент;

      ТКэаө – Арал өңірінің азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңында көзделген экологиялық апатты аймақтарда тұрғаны үшін коэффициент;

      %жа – экологиялық апатты аймақтардың аумақтарында ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің жалпы бюджетіндегі жалақының орташа үлесі.

      ССЯП азаматтарын әлеуметтік қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын қызметкерлерге аймақтар бойынша қосымша еңбекақы белгіленеді, ол мынадай формула бойынша есептеледі:

      Эксемей = 1 + (Саек х Nаек / ЖАорт х %жа), мұнда:

      Эксемей – Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын қызметкерлерге экологиялық коэффициент;

      Саек – Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аумақтарында тұратын тұрғындар үшін жалақыға үстеме ақы ретінде көзделген айлық есептік көрсеткіштердің саны;

      Nаек – тиісті жылдарға арналған мемлекеттік бюджет туралы Заңмен тиісті жылға көзделген айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;

      ЖАорт – Семей ядролық полигонын ядролық сынақ аумақтарындағы орташа жалақы;

      %жа – Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ аймақтарының аумақтарында ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің жалпы бюджетіндегі жалақының үлесі.

      Облыс үшін (республикалық маңызы бар қала және астана үшін) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті мынадай формула бойынша айқындалады:

      Кжылыту.обл. = 1 + Үжылыту. х (Кобл. - КҚР/орт.) / КҚР/орт., мұнда:

      Кобл.жыл. – облыс үшін жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті;

      Үжылыту – өткен жылға облыста (республикалық маңызы бар қалада және астанада) стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері деректерінің негізінде облыс бойынша (республикалық маңызы бар қалада және астанада) ағымдағы шығындардың жалпы жылдық көлемінде жылытудың жылдық көлеміне жұмсалатын шығындардың үлесі;

      Кобл. – алдағы қаржы жылына қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы орган шешімінің негізінде айқындалған, облыс бойынша (республикалық маңызы бар қалада және астанада) жылыту маусымының кезеңі;

      КҚР/орт. - алдағы қаржы жылына қаржыландыру көлемін есептеу үшін пайдаланылатын, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша орташа жылыту маусымының кезеңі.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықтың көшірмесін осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) ж әне 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады