"Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 632 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 15 қазанда № 14330 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 13 шілдедегі № 454-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сауда және интеграция министрінің 13.07.2021 № 454-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Техникалық реттеу туралы" 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 22) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тауардың шығарылған елін айқындау, тауардың шығарылуы туралы сертификат беру және оның күшін жою жөніндегі қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 155 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10947 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 95 (28573) жарияланған):

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Ішкі айналымға арналған Қазақстанда шығарылған тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемшарттары:

      1) тауарды қайта өңдеу нәтижесінде СЭҚ ТН бойынша тауар кодының кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгеруі;

      2) осы Қағидаларға 4-қосымшада көрсетілген үшінші елдің тауарын өндірісте пайдалану кезінде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттарды, өндірістік және технологиялық операцияларды орындау;

      3) осы Қағидалардың 38-тармағының талаптары ескеріліп тауардың бағасындағы жергілікті қамту үлесі "франко-зауыт" бағасы шарттарымен дайын тауар құнынан кемінде 50 пайызды құраған кезде тауар құнының өзгеруі болып табылады.

      37. Тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу негізгі өлшемі тауарды қайта өңдеу нәтижесінде СЭҚ ТН бойынша тауар кодының кез келген алғашқы төрт белгі деңгейінде өзгеруі болып табылады.

      СЭҚ ТН бойынша тауар кодын тауарды қайта өңдеу нәтижесінде болған алғашқы төрт белгінің кез келгенінің деңгейінде өзгерту өлшемшарты осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген шарттардың бірі ретінде адвалорлық үлес ережесі дербес те, тауарды жеткілікті дәрежеде қайта өңдеудің басқа өлшемшарттарымен үйлестіріліп те енгізілген үшінші елдердің тауарларын өндірісте пайдаланған кезде тауарға шығу тегі мәртебесін беру үшін қажетті шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне енгізілген тауарларға қолданылмайды.";

      мынадай редакциядағы 37-1-тармақпен толықтырылсын:

      "37-1. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға енгізілмеген тауар үшін және осы Қағидалардың 36-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тауарды жеткілікті қайта өңдеудің негізгі өлшемшарттарын қайта өңдеуге (өңдеуге) сәйкес келмеген жағдайда, еркін қоймалар мен арнайы экономикалық аймақтардан Қазақстан Республикасының қалған аумағына шығарылатын тауарлардан басқа, осы Қағидалардың 36-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жеткілікті қайта өңдеу (өңдеу) өлшемшарттары қолданылады.";

      4-қосымшада:

      "

7217

Темірден жасалған сым немесе қоспасыз болат

Дайындау кезiнде дайын өнім позицияның пайдаланылатын барлық материалдардың құны мынадай операцияларды орындау шартымен өнiм бағасының 70 %-ынан аспауы тиiс:

айқын диаметр сымға бірнеше есе созып сым-пимамен сым сүйрету.


      "

      деген жол алынып тасталсын;

      "

7314-тен

Торлар және қоршаулар, өзге де

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті соңғы өнімі бағасының 50 %-нан аспауға тиіс, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен:

дайындама операциялары (кесу, фрезерлеу, бұрғылау);

жинақтық-балқытып біріктіру операциялары;

бояу.


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

7314-тен

Торлар, торшалар және кесіп түсу орындарында балқытылған қоршаулар, өзге де

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті соңғы өнімі бағасының 50 %-нан аспауға тиіс, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен:

дайындама операциялары (кесу, фрезерлеу, бұрғылау);

жинақтық-балқытып біріктіру операциялары;

бояу.


      ";

      "

7314-тен

Кесіп түсу орындарында балқытылған қоршаулар

Дайындау, ол кезде барлық пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті соңғы өнімі бағасының 50 %-нан аспауға тиіс, сондай-ақ технологиялық операцияларды орындау шартымен:

дайындама операциялары (кесу);

жинақтық-балқытып біріктіру операциялары.


      "

      деген жол алынып тасталсын;

      "

8413

Шығын өлшегіштері бар немесе онсыз сұйықтықты сораптар; сұйықтық көтергіштер, 8413 50 800 0, 8413 60 700 0, 8413 70 290 0, 8413 70 750 0, 8413 70 810 0, басқа

2010-жылдан кейін өндірістің бірінші жылында жылдық көлемі 5000 дана - бұйымнан кем емес құрылымдық - бір типті тауарды өндіруде (мұнай өндіру үшін "Штанглық сораптан басқа) - пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны соңғы өнімнің құнынан 35%-дан аспауы тиіс, екінші жылы - соңғы өнім құнының 30% кем емес, үшінші жылы - соңғы өнім құнынан 25% кем емес, төртінші жылдан бастап соңғы өнім құнынан 20% аспауы тиіс.

Жылдық көлемі 5000 данадан кем емес (мұнай өндіру үшін "Штанглық сораптан басқа)- құрылымдық-біртиптік тауарды өндіруде пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны соңғы өнім құнынан 20% аспауы тиіс.

Жылдық көлемі 3000 данадан кем емес мұнай өндіру үшін құрылымдық-бір типті "Штанглық сорапты" өндіруде, барлық пайдаланылатын материалдардың құны 2010-жылдан кейін өндірістің бірінші жылында соңғы өнім құнынан 80% аспауы тиіс, келесі операциялар орындаған жағдайда:

кескіш және муфталық бірігулердің кесіндісі;

қазақстанда шығарылған біріктіруші муфтаны өндіру және пайдалану;

қазақстанда шығарылған жоғарғы және төменгі алмастырғышты өндіру және пайдалану;

қазақстанда шығарылған НКТ келте құбырларынан жоғарғы және төменгі ұзартқышты өндіру және пайдалану;

бұрандалы біріктірушілерді жинау және гидравликалық сынау;

қазақстанда шығарылған сорғыш және баспа қақпақшаларының тораптарын шығару және пайдалану;

қазақстанда шығарылған қабылдауғыш сүзгіні шығару және пайдалану;

ұңғымаларды пайдалану шарттары бойынша сақтандыру тораптары ретінде қазақстанда шығарылған газды-құмды шығару және пайдалану;

Пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны екінші жылы соңғы өнім құнының 75%, үшінші жылы соңғы өнімнің құнының 70%, төртінші жылдан бастап соңғы өнім құнының 60% аспауы тиіс.


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8413

Шығын өлшегiштерi бар немесе оларсыз сұйықтықты сорғылар; сұйықтықты көтергiштер

2010 жылдан кейiн өндiрiстiң бiрiншi жылында көлемi кемiнде 5000 дана бұйымнан кем емес құрылымдық-бiр типтi тауарды өндiру пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны түпкiлiктi өнiм бағасынан 35 %-дан, екiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасының 30 %-дан, үшiншi жылы - түпкiлiктi өнiм бағасынан 25 %-дан, төртiншi жылдан бастап түпкiлiктi өнiм бағасы 20 %-дан аспауы тиiс. Жылдың көлемi кемiнде 5000 данадан кем емес құрылымдық - бiр типтi тауарды өндiру пайдаланылатын тораптар мен бөлшектердің құны түпкiлiктi өнiм бағасынан 20 %-дан аспауы тиiс.


      ";

      "

8413 50 800 0

Басқа да кері-түсетін көлемдік сораптар: басқалар

жылдық көлемі 3000 дана-бұйымнан кем емес құрылымдық-біртипті тауарды өндіруде қолданылатын импорттық шикізат пен материалдардың құны соңғы өнімнің құнынан 80%-дан аспауы тиіс, екінші жылы - соңғы өнім құнының 75% кем емес, үшінші жылы - соңғы өнім құнынан 70% кем емес, төртінші жылдан бастап соңғы өнім құнынан 60% аспауы тиіс, сонымен қатар технологиялық операцияларды орындаған жағдайда:

кескіш және муфталық бірігулердің кесіндісі;

жалғағыш муфтаарды өндіру және сынау;

жоғарғы және төменгі ауыстырғышты шығару;

жоғарғы және төменгі ұзартқышты шығару;

бұрандалы біріктірушілерді жинау және гидравликалық сынау;

сорғыш және баспа қақпақтардың тораптарын шығару;

қабылдаушы сүзгіні өндіру;

ұңғымаларды пайдалану шарттары бойынша сақтандырғыш тораптар ретінде газды-құмды зәкірлерді өндіру.

8413 60 700 0

Бұрандалық сораптар

Пайдаланылатын шикізат пен материалдардың құны бірінші жылы тауардың аталған түрін дайындау басталған күннен бастап соңғы өнім құнының 60% аспауы тиіс; екінші жылы соңғы өнімнің құнының 40% аспауы тиіс; үшінші жылы технологиялық операцияларды орындау шарттарында соңғы өнімнің құнының 35% аспауы тиіс:

статор мен ротордың дайындық операциялары (кесу, ЧПУ станоктарында өңдеу, фрезерлеу, бұрғылау);

роторлар мен статорларды дайындау бойынша жинау-өңдеу операциялары және оларды механикалық өңдеу;

қабырғада тестілеу және гидраликалық сынау;

зәкірдің дайындық операциялары (кесу, токарлық-бұранда кесу жұмыстары, фрезерлеу, бұрғылау);

зәкірдің жинау-механикалық операциялары;

электрлік шкафтар мен басқару панельдерін жинау және дайындау;

электрлік шкафтар мен басқару панельдерін қабырғада сынау;

жетектің сағалық рамасын монтаждау;

жетектік тығындары мен тығыздамалық тығыздағыштары монтаждау;

сұйықтықты бұру үшін қақпақ пен шлангны орнату;

білдектерді жинау және мойынтіректерді білдекке орнату;

білдектердің остілігін реттеу;

редуктор мен жетек қозғалтқыштарын жинау, тестілеу және орнату;

май сүзгісін орнату;

тежегіш дисксі мен дем алатын қақпақты монтаждау;

редуктор қақпағын орнату;

керіліс күшіне белдіктерді реттеу;

қорғаныш қаптамасын орнату;

өнім сапасын дефектосокпияға тексеру;

бояу камерасында дайын өнімді тегістеу және бояу;

сынақтардың және жинақтау элементінің шығыс бақылауы.

8413 70 290 0

Ортадан тепкіш тиейтін көп сатылы сораптар

Пайдаланылатын импорттық шикізат пен материалдардың құны бірінші жылы тауардың аталған түрін дайындау басталған күннен бастап соңғы өнім құнының 30% аспауы тиіс; екінші жылы технологиялық операцияларды орындау шарттарында соңғы өнімнің 20% аспауы тиіс:

білдекті дайындау;

секцияның бірінші корпусын дайындау;

дифузоры бар секцияның корпусын дайындау;

жұмысшы дөңгелекті дайындау;

секцияның соңғы корпусын дайындау;

сақинаны дайындау;

бекіткіш сақинаны дайындау;

жұмысшы дөңгелектің қалағын дайындау;

жұмысшы дөңгелектің алып жүретін тығырықты дайындау;

жұмысшы дөңгелекті жабатын тығырықты дайындау.

8413 70 750 0

Басқа да ортадан тепкіш сораптар: көп сатылы сораптар

Пайдаланылатын импорттық шикізат пен материалдардың құны бірінші жылы тауардың аталған түрін дайындау басталған күннен бастап соңғы өнім құнының 30% аспауы тиіс; екінші жылы технологиялық операцияларды орындау шарттарында соңғы өнімнің 20% аспауы тиіс:

білдекті дайындау;

секцияның бірінші корпусын дайындау;

диффузоры бар секцияның корпусын дайындау;

жұмысшы дөңгелекті дайындау;

секцияның соңғы корпусын дайындау;

сақинаны дайындау;

бекіткіш сақинаны дайындау;

жұмысшы дөңгелектің қалағын дайындау;

жұмысшы дөңгелектің алып жүретін тығырықты дайындау;

жұмысшы дөңгелекті жабатын тығырықты дайындау;

мойынтіректің тіреуін дайындау;

кергіш төлкені дайындау;

секция корпусының қалағын дайындау;

тоздыратын сақинаны дайындау;

қаптаманы дайындау;

қорғаныс қалқанын дайындау;

түйреуішті дайындау;

корпусты дайындау;

қысымды күмбез дайындау;

кронштейнді дайындау;

негізін дайындау;

шайбаларды дайындау;

ернемекті дайындау;

блоктарды жинау және монтаждау;

сынақ ортаснда сораптың техникалық сипаттамаларына сынақ жүргізу.

8413 70 810 0

Басқа да ортадан тепкіш сораптар: бір сатылы сораптар

Пайдаланылатын импорттық шикізат пен материалдардың құны бірінші жылы тауардың аталған түрін дайындау басталған күннен бастап соңғы өнім құнының 40% аспауы тиіс; екінші жылы соңғы өнім құнының 30% аспауы тиіс; үшінші жылы технологиялық операцияларды орындау шарттарында соңғы өнімнің 20% аспауы тиіс:

білдекті дайындау;

секцияның бірінші корпусын дайындау;

диффузоры бар секцияның корпусын дайындау;

жұмысшы дөңгелекті дайындау;

секцияның соңғы корпусын дайындау;

сақинаны дайындау;

бекіткіш сақинаны дайындау;

жұмысшы дөңгелектің қалағын дайындау;

жұмысшы дөңгелектің алып жүретін тығырықты дайындау;

жұмысшы дөңгелекті жабатын тығырықты дайындау;

мойынтіректің тіреуін дайындау;

кергіш төлкені дайындау;

секция корпусының қалағын дайындау;

тоздыратын сақинаны дайындау;

қаптаманы дайындау;

қорғаныс қалқанын дайындау;

түйреуішті дайындау;

корпусты дайындау;

қысымды күмбез дайындау;

кронштейнді дайындау;

негізін дайындау;

шайбаларды дайындау;

ернемекті дайындау;

блоктарды жинау және монтаждау;

сынақ ортаснда сораптың техникалық сипаттамаларына сынақ жүргізу.


      "

      деген жол алынып тасталсын;

      "

8418

Электрлiк немесе басқа да түрлердегi тоңазытқыштар, мұздатқыштар және өзге де тоңазыту немесе мұздату жабдықтары; 8415 тауар позициясындағы ауаны тазалауға арналған қондырғылардан басқа жылу сорғылары:

Мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде кез келген позициядағы материалдардан дайындау:

корпус элементтерiн дайындау;

электрөткізгіш элементтерін дайындау;

басқару платаларын дайындау;

электры сымы элементтерін монтаждау;

блоктарды құрастыру және монтаждау;

хладагенттi толтыру;

параметрлерiн реттеу және бақылау


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8418

Электрлiк немесе басқа да түрлердегi тоңазытқыштар, мұздатқыштар және өзге де тоңазыту немесе мұздату жабдықтары; 8415 тауар позициясының ауаны тазалауға арналған қондырғыларынан басқа жылу сорғылары:

Мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде кез келген позиция материалдарынан дайындау:

корпус элементтерiн дайындау;

электрөткізгіш элементтерін дайындау;

басқару платаларын дайындау;

электр сымы элементтерін дайындау;

блоктарды құрастыру және монтаждау;

хладагенттi толтыру;

параметрлерiн реттеу және бақылау.


      ";

      "

8450

Кір жуатын машиналар

Мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде кез келген позициядағы материалдардан дайындау:

корпус элементтерін дайындау;

басқару платасын дайындау;

электр сымы элементтерін монтаждау;

блоктарын жинау және құрастыру;

параметрлерін реттеу және бақылау.


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8450

Кір жуатын машиналар

Мынадай технологиялық операцияларды орындау шарты кезінде кез келген позиция материалдарынан дайындау:

корпус элементтерін дайындау;

басқару платасын дайындау;

электр сымы элементтерін дайындау;

блоктарын жинау және құрастыру;

параметрлерін реттеу және бақылау.


      ";

      "

8481 80 850

Дисклі бұрма бекітпе

Дайындау кезінде барлық пайдаланылатын материалдар құны түпкілікті өнім бағасының 50%-ынан аспауға тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен:

дайындамаларды әзірлеу (ленталы ағаш тілу машиналарында кесу);

тетіктерді механикалық өңдеу;

тетіктерді лакпен сырлап қорғау және сәнді бояу;

блоктарды жинау және монтаждау;

сынақ өткізу.


      ";

      деген жол алынып тасталсын;

      "

8529-дан

Айрықша немесе негізінде 8528 тауар позициялы аппаратураларына:

теледидарды басқарудың электрондық платалары үшін арналған бөліктер

Мынадай операциялар орындалатын кез келген позицияларда топтастырылатын тауарлардан әзірлеу:

радио элементтерді әзірлеу,

SMD-монтаждау,

барлық радиоэлементтерді баспа платаларына орнату,

дәнекерлеу,

плата процессорына техникалық ақпаратты жүктеу,

параметрлерді диагностикалау, реттеу және бағала.

8530

(8608 тауар позиция жабдықтарды қоспағанда) сигнал беру жабдықтарға, темір жолдарға, трамвай жолдарға, автомобиль жолдарға, ішкі су жолдарға, көлiк тұрақтарына, кемежайларға немесе аэроалаңдарға арналған қамтамасыз ету немесе қозғалысты басқару

Дайындау кезiнде дайын өнім позицияның пайдаланылатын барлық материалдардың құны өнiм бағасының 50%-ынан аспауы тиiс.


      "

      деген жолдар алынып тасталсын;

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ. Ержанов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _______________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 3 қазан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 29 қыркүйек



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады