«Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына, Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ шарттың 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара малдың өңделмеген терісін (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4101) әкетуге 2016 жылғы 1 қарашадан бастап алты ай кезеңге тыйым салу енгізілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуы бойынша бақылауды қамтамасыз ету туралы;
2) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамына (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөнінде шаралар қабылдау туралы хабарласын;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі белгіленген тәртіпте қажеттілігі туралы:
Еуразиялық экономикалық комиссиясын осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы хабардар етсін;
Еуразиялық экономикалық комиссияның қарауына Еуразиялық экономикалық одағының кедендік аумағында осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген шараны енгізуі туралы ұсынысты енгізсін.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А. Қ. Ержанов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы А. Рау
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_________________А. Мырзахметов
2016 жылғы 6 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________ Б. Сұлтанов
2016 жылғы 2 қыркүйек
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 23 тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
________________ Е. Ыдырысов
2016 жылғы 15 қыркүйек