"Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 8 тамыздағы № 184 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 20 қазанда № 14341 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.03.2019 № 42 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7584 тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік нөмірлерін алу қағидаларында:

      7-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін репатриациялау жөніндегі талаптың орындалуын бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті банкке немесе Ұлттық Банктің филиалына қағаз тасымалдағышпен немесе электрондық түрде келіп түсетін құжаттар валюталық бақылау құжаттары болып табылады. Мұндай құжаттарға мыналар жатады:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша келісімшарттың есептік нөмірін алуға өтініш немесе келісімшарттың есептік нөмірін алуды талап етпейтін келісімшарттар бойынша еркін нысандағы өтініш;

      2) есептік тіркеуден өтуге тиіс келісімшарттар үшін есептік нөмірдің берілгені туралы белгісі бар келісімшарт (түпнұсқасы немесе оның көшірмесі);

      3) мыналарды:

      келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерінің және талаптарының немесе тараптарының өзгергенін;

      келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалғанын (жұмыстардың орындалғанын (қызметтердің көрсетілгенін) немесе тауарлардың Одақтың кеден аумағының ішінде экспорт немесе импорт үшін өткізілуін растайтын құжаттарды қоса алғанда);

      экспортердің немесе импортердің шетел банкіндегі банк шотының Заңның 12-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген шоттарға сәйкес келуін растайтын құжаттар;

      4) шетел банктеріндегі банк шоттары бойынша ақша қозғалысы туралы үзінді-көшірмелер, шетел банктеріндегі банк шоттарынан төлемдер мен (немесе) аударымдарды растайтын және сәйкестендіретін төлем құжаттары және өзге құжаттар;

      5) лицензия, тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік, мәміле паспорты;

      6) келісімшарт бойынша салыстырып тексеру актісі;

      7) осы Қағидалардың 49, 49-1, 49-2 және 53-тармақтарында көзделген тәртіппен жіберілген келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша тауарлар қозғалысы туралы ақпарат;

      8) Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде тауарларға декларацияның болуы туралы мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесінің анықтамасы.";

      45-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Осы Қағидалардың осы тармағына және 46, 47, 48, 49, 49-1, 49-2, 51, 52 және 56-тармақтарына сәйкес ақпарат алмасу уәкілетті банктер, Ұлттық Банк және мемлекеттік кірістер органы арасында электрондық түрде жүзеге асырылады.";

      мынадай мазмұндағы 53-1-тармақпен толықтырылсын:

      "53-1. Экспортер немесе импортер валюталық бақылау құжаты ретінде ұсынған тауарларға декларация келісімшартты есептік тіркеу банкінің ақпараттық жүйесінде болмаған жағдайда, мемлекеттік кірістер органының аумақтық бөлімшесі экспортер немесе импортер өтініш жасағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органының ақпараттық жүйесінде тауарларға декларацияның болуы туралы анықтаманы береді.";

      мынадай мазмұндағы 56-тармақпен толықтырылсын:

      "56. Резидент емес келісімшарт бойынша репатриациялау мерзімінде экспортердің немесе импортердің алдындағы есепті айдың (репатриациялау мерзімі аяқталатын айдың) соңғы күнгі жағдай бойынша баламасы елу мың АҚШ долларынан асатын сомадағы міндеттемелерді орындамағаны анықталған кезде, уәкілетті банк 2011, 2012, 2013, 2014, 2015 жылдар және 2016 жылғы бірінші жартыжылдық есепті кезеңдері үшін келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарттар бойынша Одақтың кеден шекарасы арқылы тауарлардың қозғалысы туралы ақпаратты алған күннен бастап екі ай ішінде осы Қағидаларға 7-қосымшада белгіленген нысан бойынша банктік бақылаудың жеке карточкасын Ұлттық Банкке жібереді.

      5-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Баймағамбетов А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 16 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      __________ Қ. Бишімбаев

      2016 жылғы 21 қыркүйек



  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 8 тамыздағы
№ 184 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық
валюталық бақылауды жүзеге асыру және резиденттердің
экспорт және импорт бойынша келісімшарттардың есептік
нөмірлерін алу қағидаларына 5-қосымша

"Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпарат"
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Есепті кезең:______жылғы __________(күні)______(айының)

      Индекс: ЕІСС_2

      Кезеңділігі: күн сайын

      Ұсынады: уәкілетті банк

      Нысан қайда ұсынылады: Ұлттық Банк

      Ұсыну мерзімі - үш жұмыс күнінен кешіктірмей:

      келісімшартқа есептік нөмір берген немесе келісімшартты есептік тіркеуден алған күннен кейін;

      уәкілетті банк келісімшартқа өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді растайтын құжаттарды қабылдаған күннен кейін

      Нысан

____________(жылғы)_____________(күні)_____________(айының)
Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпарат

      Уәкілетті банктің БСН______________________________________________

Келісімшартты есептік тіркеу немесе мәміле паспортының деректемелері

Экспортер немесе импортер жөніндегі ақпарат

Мәміле паспортының деректемелері

Келісімшарттың есептік нөмірі

Атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

БСН

ЖСН

Белгісі - заңды тұлға немесе дара кәсіпкер

Облыс коды

Күні

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10






















      кестенің жалғасы

Келісімшарт бойынша ақпарат

Резидент емес

Репатриация лау мерзімі

Келісімшартты есептік тіркеуден алу

Белгісі - экспо рт немес е импорт

Нөмірi

Күні

Келісімша рт сомасы мың бірлікпен

Келісімшарттың валютасы

Атауы немес е тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

Елі

күні

негіздеме

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20






















      20_____жылғы "______"__________________________

      _______________________________________________

      (қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің

      аты (ол болған кезде) және қолы)

  Мөр орны
(ол болған кезде)
Келісімшарттың есептік нөмірі бар
келісімшарт бойынша ақпарат" әкімшілік
деректерді жинауға арналған нысанға
қосымша

"Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпарат"
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. Жалпы ережелер

      1. Осы түсіндірме "Келісімшарттың есептік нөмірі бар келісімшарт бойынша ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі - Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.

      2. Нысан "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабы бірінші бөлігінің 11) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      3. Уәкілетті банк Нысанды толтыру кезінде есептік тіркеуге қабылданған келісімшарттар бойынша қолда бар деректерді пайдаланады.

2. Нысанды толтыру

      4. Есептік тіркелуге тиіс келісімшарттар бойынша ақпарат жіберілген кезде 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-бағандар толтырылады.

      5. Келісімшартқа тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындау мерзімдері мен талаптарына, келісімшарттың сомасы мен валютасына әсер ететін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу туралы ақпаратты жіберген кезде 4, 5-бағандар, сондай-ақ мәліметтері нақтылауға жататын бағандар толтырылады.

      6. Осы Қағидалардың 54-тармағында көрсетілген жағдайда, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19 және 20-бағандар толтырылады. 2 және 3-бағандарда мәміле паспортының нөмірі мен күні көрсетіледі.

      7. Келісімшартты есептік тіркеуден алу туралы ақпарат жіберілген кезде 4, 5, 19, 20-бағандар толтырылады.

      8. 3, 5, 13, 19-бағандар мынадай тәртіппен сегіз цифрды көрсету арқылы толтырылады: күні, айы, жылы.

      9. 7-баған, егер 9-бағанда "1" белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің БСН көрсету арқылы толтырылады. БСН болмаған жағдайда, экспортердің немесе импортердің кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік жіктеуішінің коды (бұдан әрі - КҰЖЖ) көрсетіледі.

      10. 8-баған, егер 9-бағанда "2" белгісі көрсетілсе, экспортердің немесе импортердің ЖСН көрсету арқылы толтырылады. ЖСН болмаған жағдайда, экспортер немесе импортер салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН) көрсетіледі.

      11. 9-бағанда, егер экспортер немесе импортер заңды тұлға (заңды тұлғаның филиалы) болып табылса, "1" белгісі көрсетіледі және егер экспортер немесе импортер дара кәсіпкер болып табылса, "2" белгісі көрсетіледі.

      12. 10-бағанда ҚР МЖ 11-2009 әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес экспортердің немесе импортердің заңды мекенжайы бойынша облыс кодының алғашқы 2 цифрі көрсетіледі.

      13. 11-баған мынадай белгілерді ескере отырып толтырылады: 1 - егер келісімшарт экспорт бойынша болса және 2 - егер келісімшарт импорт бойынша болса.

      14. 12-баған келісімшарттың нөмірін көрсету арқылы келісімшарттың осындай деректемесі болған кезде толтырылады.

      15. 14, 16-бағандарда ҚР МЖ 07 ИСО 4217-2001 "Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар" мемлекеттік жіктеуішке сәйкес валютаның әріптік белгісі көрсетіледі.

      16. 17-бағанда шетелдік сатып алушы немесе жеткізуші елінің коды ҚР МЖ 06 ИСО 3166.1-2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлік. Ел коды", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.2-2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 2-бөлік. Елдердің әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің кодтары", ҚР МЖ 06 ИСО 3166.3-2001 "Елдердің және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің атауларын белгілеуге арналған кодтар. 3-бөлік. Елдердің атауларын белгілеу үшін бұрын пайдаланылған кодтар" мемлекеттік жіктеуіштеріне сәйкес көрсетіледі;

      17. 18-бағанда экспортер немесе импортер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есептеген репатриациялау мерзімі көрсетіледі.

      18. 20-баған мынадай жіктеуіш ескеріле отырып толтырылады:

      1 - тараптардың келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық орындауы не резидент еместің немесе резиденттің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығының болуы не талабынан бас тартқаны үшін төлем төленген, өзара есепке алынған, борышқор мен кредитордың бір тұлға болған, міндеттемелерді орындауға мүмкіндік болмаған, мемлекеттік органның актісі шыққан жағдайларында, экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша тараптар міндеттемелерінің тоқтатылуы туралы жазбаша растауы және растайтын құжаттар болған кезде міндеттемелердің тоқтатылуы;

      2 - импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша растауы болған кезде резидент емеске бұрын алынған тауарларды қайтару не импортерге пайдаланылмаған авансты қайтару;

      3 - экспортер осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша растауы болған кезде резидент емес тауарға ақы төлеу міндеттемесін орындамаған жағдайда, экспортерге бұрын тиелген тауарларды қайтару не экспортер тауарды жеткізу бойынша міндеттемесін орындамаған жағдайда экспортер экспорт бойынша келісімшарттың төлемі бойынша алған валютаны резидент емеске қайтару;

      4 - экспортер немесе импортер резидент еместің алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайда, экспортер немесе импортер алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындаған резидент емес тарапынан талабы жоқтығын растайтын құжаттарды ұсыну;

      5 - дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің Қазақстан Республикасынан тыс тұрақты тұрғылықты жерге қоныс аударуы туралы уәкілетті органының растауы;

      6 - тараптардың міндеттемелерін баламалы орындауы немесе резидент еместің не резиденттің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешек қалдығының болуы шартымен тараптар міндеттемелерін орындаған соңғы күнінен бастап бір жыл ішінде келісімшарт бойынша ақша немесе тауар қозғалысының болмауы;

      7 - резидент еместі тарату немесе банкрот деп тану туралы сот шешімінің не шетел мемлекетінің өзге уәкілетті мемлекеттік органы құжатының болуы;

      8 - құқықтық мирасқоры болмаған жағдайда, экспортерді немесе импортерді тарату;

      9 - резидент емес міндеттемелерін орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде экспортердің немесе импортердің сақтандыру төлемін алуы;

      10 - ақшалай талап етуді бере отырып (факторинг) қаржыландыру шарты шеңберінде экспортердің немесе импортердің банк шотына ақша түсуі;

      11 - келісімшартты есептік тіркеу банктің банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензиясын тоқтата тұру не одан айыру;

      12 - тараптар келісімшарт бойынша міндеттемелерін толық көлемде орындаған не резидент еместің баламасы елу мың АҚШ долларынан аспайтын берешегінің қалдығы болған кезде резидент емес ұсынған, келісімшарт бойынша есеп айырысу үшін импортердің шығарған векселін уәкілетті банктің есепке алуы;

      13 - экспортердің немесе импортердің келісімшарт бойынша резидент еместің алдындағы борышын резидент еместің келісімін растайтын құжаттардың негізінде басқа тұлғаға аударуы және экспортердің немесе импортердің осы келісімшарттың қолданылуын тоқтату туралы келісімшартты есептік тіркеу банкіне ұсынылған жазбаша өтініші болған кезде;

      14 - растайтын құжаттар (талап ету құқығын беру шарты, өзара міндеттемелер бойынша салыстырып тексеру актісі, тауарларды қабылдау-тапсыру актісі, тауарға ілеспе құжаттар және тағы басқалар) және экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 38-тармағын ескере отырып, осы келісімшарттың қолданылуы тоқтатылғаны туралы жазбаша өтініші болған кезде экспортердің немесе импортердің резидент емеске талап ету құқығын басқа тұлғаға беруі немесе аударуы;

      15 - өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген экспортердің немесе импортердің қайтыс болғандығы, қайтыс болған деп жариялануы, әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектелген деп танылуы туралы мемлекеттік органның немесе өзге уәкілетті органның құжаты болуы;

      16 - келісімшартты жеке есепке алуға жатқызған күнінен бастап үш жыл өтуі;

      17 - экспортердің немесе импортердің осы Қағидалардың 32-тармағын ескере отырып экспортерге немесе импортерге келісімшарт бойынша қызмет көрсететін келісімшартты есептік тіркеу банкін ауыстыруы;

      18 - келісімшартқа экспорт немесе импорт үшін тауарды Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізуге жол бермейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

      19 - келісімшарт бойынша ақша мен тауар қозғалысының болмауы;

      20 - осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімді ескере отырып, резидент еместің келісімшарт бойынша резидент алдындағы барлық берешек сомасын өтеу бойынша резиденттің пайдасына сот немесе өзге де мемлекеттік органның, төреліктің шешімі болуы;

      21 - сол тұлғалардың арасындағы бар бастапқы міндеттемені өзге нысананы немесе өзге орындау тәсілін көздейтін басқа міндеттемеге ауыстырумен резидент еместің келісімшарт бойынша міндеттемелерін тоқтату.

      19. Ұлттық Банк осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес есептік тіркеуге жататын келісімшарттар бойынша ақпаратты мемлекеттік кірістер органына жіберген кезде 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 12, 13, 19 және 20-бағандарда көрсетілген мәліметтер жіберіледі.

      20. "Қол қоюға уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы", "Мөр орны (ол болған кезде" деген бағандар Нысанды қағаз тасымалдағышта ұсынған жағдайда толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады