"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 24 қазандағы № 560 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 қазанда № 14364 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      6 "Жалпы кадрлық мәселелер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 006 және 018 бюджеттік кіші бағдарламаларымен 008 бюджеттік бағдарламасы бар 623-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "623 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      008 Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау және қызметтік этика, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында мемлекеттік қызмет реформасын қолдау

      006 Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен

      018 Грант есебінен";

      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "012 Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі қызметтер";

      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 100, 101, 103, 104, 105 және 111 бюджеттік кіші бағдарламаларымен 001 бюджеттік бағдарламасы бар 623-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "623 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      001 Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру

      100 Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

      101 Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру

      103 Социологиялық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету

      104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

      105 Ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми-қолданбалы әдістемелер әзірлеу

      111 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің күрделі шығыстары";

      мынадай мазмұндағы 100, 101, 102, 105, 109, 114, 116 және 119 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:

      "100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу

      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау

      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу";

      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:

      1 "Құқық қорғау қызметi" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 100, 101, 102, 104 және 111 бюджеттік кіші бағдарламаларымен 014 бюджеттік бағдарламасы бар 623-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "623 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      014 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

      100 Сыбайлас жемқорлық қылмыстары және құқық бұзушылықтар бойынша қылмыстық процеске қатысатын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету

      101 Сыбайлас жемқорлық қылмыстарға және құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл бойынша жедел-іздестіру қызметі

      102 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

      104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

      111 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының күрделі шығыстары";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      5 "Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік бағдарламасы бар 623-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "623 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      002 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру";

      мынадай мазмұндағы 100 және 101 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 013 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "013 Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер

      100 Шетелдік оқытушыларды тарта отырып, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру

      101 Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру";

      мынадай мазмұндағы 138 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

      "138 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 120 бюджеттік бағдарламасы бар 623-бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "623 Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

      120 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы Министрі

Б. Сұлтанов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады