"Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 33 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 21 қыркүйектегі № 424 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 26 қазанда № 14366 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 33 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10363 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Магистральдық газ құбырларын пайдалану қағидаларында:

      123–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. МГҚ объектілері мен құрылыстарын салу, оларды қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру немесе күрделі жөндеу кезінде күрделі жөндеу қызметі қызметтің осы түріне лицензиясы бар ұйымдардың жұмыс жүргізуіне техникалық қадағалауды ұйымдастырады. Құрылысы аяқталған МГҚ Қазақстан Республикасының қолданыстағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнамаға сәйкес пайдалануға қабылдауға жатады.";

      297–тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "297. Компрессорды ревизия, жөндеу, ұзақ уақыт ажыратудан соң жұмысқа қосу компрессорлық станция бастығының келісімімен жасалады. Компрессорлық станция ауданында күн күркіреген уақытта газ айдау агрегатын жоспарлы тоқтату мен іске қосуды, технологиялық бекіткіш пен күштік электр қондырғысын ауыстырып қосуды жүзеге асыруға жол берілмейді. Сыртқа айдау құрылғыларының газ қабылдау бөлігінде пайдаланудың алғашқы жылында қорғайтын торлар орнатылады. МГҚ желілік-өндірістік басқармасының ұсынысы бойынша кәсіпорынның рұқсатымен қорғау торларын алып тастауға болады. Бітеуіштерді, қорғау клапандарын, ернемекті және басқа қосылыстарды саңылаусыздыққа және беріктікке сынау алдында қауіпсіздік белгілерімен және жазбалармен белгілеу қажет. Толық автоматтандырылғаннан басқа газ айдау агрегаттарын жұмыс істеу кезінде қадағалаусыз қалдыруға жол берілмейді. Газдың жылыстауы анықталған жағдайда (газ құбырларынан, жабдықтан) компрессорлық цех ішіндегі адамдарға тез арада хабарлап, газдың жылыстау салдарларын жою шараларын қабылдайды. Егер газдың жылыстауын тез арада жою мүмкін болмаса, цехтен адамдарды шығарып (жұмысты апаттық тоқтатуды өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес жүргізу), содан кейін есік пен терезелерді ашып, электр тогын, ажыратқыш пен электр қозғалтқыштарды ажырату және қоспау, газдың жылыстауын тоқтату үшін шаралар қабылдау. Газ айдау агрегатының немесе майлау жүйесінің жекелеген тораптарынан май кетсе, май жинайтын металл ыдыстар қойылып, майдың төгілу салдарларын жою жұмыстары жүргізіледі. Цехтың едені мен іргетасына майдың төгілуіне жол берілмейді. Жұмыс істеп тұрған газ айдау агрегатында анықталған ақауды жоюды жүзеге асыруға жол берілмейді. Мұндай жағдайда газ айдау агрегатын тоқтату компрессорлық станция бастығының немесе оның орынбасарының рұқсаты бойынша жүргізіледі. Газ айдау агрегатын пайдалану нұсқаулықта көрсетілген жағдайларда тоқтатылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Энергетика министрі

Қ. Бозымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Инвестициялар және даму министрі

      _______________Ж. Қасымбек

      21 қыркүйек 2016 жыл



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады