"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 қазанда № 14379 болып тіркелді.

      "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген, 2016 жылы 24 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік баждары қолданылатын тауарлар тізбесінде, мөлшерлемелер көлемінде және олардың қолданылу мерзімінде:

      "Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі" деген 2-тарауда:

      "

2713 20 000 0,

2713 90 100 0,

2713 90 900 0

Мұнай битумы; битуминозды жыныстылардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 15 евро

15 қазаннан – 15 сәуірге дейін


       ";

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2713 20 000 0

Мұнай битумы;

1 тоннасына 15 евро

1 тоннасына 15 евро

тұрақты

2713 90 100 0,

2713 90 900 0

битуминозды жыныстылардан алынған мұнай немесе мұнай өнімдерін қайта өңдеуден қалған өзге де қалдықтар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 60 доллар

1 тоннасына 15 евро 15 қазаннан – 15 сәуірге дейін


       ".

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Алдыңғы кезеңдегі шикі мұнайдың орташа айлық нарықтық бағасының алынған мәні үтірден кейін екінші таңбаға дейін математикалық түрде дөңгелектенеді және әкету кедендік бажы қолданылатын айдың 25 күнінен кешіктірілмей, салық және кеден саясатын іске асыру саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.";

      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырсын:

      "10-1. "Сауда қызметiн реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-1) тармақшасына сәйкес, ЕАЭО СЭҚ ТН 2713 20 000 0, 2715 00 000 0 кодтарымен сыныпталған, мұнайдан өндірілген тауарларға қатысты әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі формула қолданылмай сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган бекітеді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сыртқы сауда қызметін дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Құқықтық ақпараттың республикалық орталығына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Ұлттық экономика министрі

Қ. Бишімбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ___________ Б. Сұлтанов

      2016 жылғы 7 қазан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ___________Қ. Бозымбаев

      2016 жылғы 13 қазан



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады