"Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 271 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 19 қазандағы № 555 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 16 қарашада № 14428 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 19 наурыздағы № 388 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қаржы министрінің 19.03.2018 № 388 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11076 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 10 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысаны;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімінің нысаны;

      3) осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес туынды қаржы құралдары бойынша салық тіркелімінің нысаны;

      4) осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпы әкімшілік шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімінің нысаны;

      5) осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік есепте төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйлықақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тіркелімі нысаны;

      6) осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес кредит (қарыз) бойынша және оған сыйлықақы бойынша үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тізілімі нысаны;

      7) осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес туроператордың қызметі бойынша салық тіркелімінің нысаны;

      8) осы бұйрықтың 8-қосымшасына сәйкес табыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;

      9) осы бұйрықтың 9-қосымшасына сәйкес сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;

      10) осы бұйрықтың 10-қосымшасына сәйкес жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөніндегі салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;

      11) осы бұйрықтың 11-қосымшасына сәйкес қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемақы мен жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы бойынша салық міндеттемелерін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны;

      12) осы бұйрықтың 12-қосымшасына сәйкес салық тіркелімдері нысандарын жасау қағидасы;

      13) осы бұйрықтың 13-қосымшасына сәйкес 1.1 "Бухгалтерлік баланс" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      14) осы бұйрықтың 14-қосымшасына сәйкес 1.2 "Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп" (үстеме пайда салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      15) осы бұйрықтың 15-қосымшасына сәйкес 1.3 "Өндірілген және сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қозғалысы туралы есеп" (қосылған құн салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      16) осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес 1.4 "Өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің өзіндік құны" (пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      17) осы бұйрықтың 17-қосымшасына сәйкес 1.5 "Дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      18) осы бұйрықтың 18-қосымшасына сәйкес 2.1 "Бухгалтерлік баланс" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      19) осы бұйрықтың 19-қосымшасына сәйкес 2.2 "Кірістер мен шығыстар туралы есеп" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      20) осы бұйрықтың 20-қосымшасына сәйкес 2.3 "Дебиторлық және кредиторлық берешекті таратып жазу" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      21) осы бұйрықтың 21-қосымшасына сәйкес 3.1 "Зейнетақы активтері бойынша есеп" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      22) осы бұйрықтың 22-қосымшасына сәйкес 3.2 "Зейнетақы активтерін басқару бойынша есеп" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      23) осы бұйрықтың 23-қосымшасына сәйкес 3.3 "Бухгалтерлік баланс" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      24) осы бұйрықтың 24-қосымшасына сәйкес 3.4 "Кірістер және шығыстар туралы есеп" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      25) осы бұйрықтың 25-қосымшасына сәйкес 4.1 "Сақтандыру қызметі туралы есеп" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      26) осы бұйрықтың 26-қосымшасына сәйкес 4.2 "Бухгалтерлік баланс" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      27) осы бұйрықтың 27-қосымшасына сәйкес 4.3 "Кірістер және шығыстар туралы есеп" (корпоративтік табыс салығы бойынша) салық тіркелімінің нысаны";

      28) осы бұйрықтың 28-қосымшасына сәйкес 5 "Алдағы (ағымдағы) күнтізбелік жылға қаржылық-шаруашылық қызметінің жоспарланатын көрсеткіштері туралы" салық тіркелімінің нысаны;

      29) осы бұйрықтың 29-қосымшасына сәйкес салық тіркелімдері (1.1-1.5, 2.1-2.3, 3.1-3.4, 4.1-4.3, 5 нысандары) түріндегі, мониторингке жататын ірі салық төлеушілерімен табыс етілетін, мониторинг бойынша есептілікті жасау қағидасы;

      30) осы бұйрықтың 30-қосымшасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) өзге мүлік алғаны туралы салық тіркелімінің нысаны;

      31) осы бұйрықтың 31-қосымшасына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелері шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақша және (немесе) өзге мүлік туралы салық тіркелімінің нысаны;

      32) осы бұйрықтың 32-қосымшасына сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті жаратуы туралы салық тіркелімінің нысаны бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салық тіркелімінің нысандарын жасау қағидаларына келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      1 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "1 тарау. Жалпы ережелер";

      2 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "2 тарау. Инвестициялық салық преференцияларын қолдану бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау";

      3 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "3 тарау. Тіркелген активтер топтарының (кіші топтарының) құндық теңгерімдерін айқындау және тіркелген активтер бойынша кейінгі шығыстар бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау";

      4 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "4 тарау. Туынды қаржы құралдары бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау";

      5 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "5 тарау. Резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасындағы тұрақты мекемесі шегерімге жатқызған басқарушылық және жалпыәкімшілік шығыстарының сомалары бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау";

      6 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "6 тарау. Бухгалтерлік есепте төленбеген, мерзімі өткен кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы, құжаттамалық есеп-қисаптар мен кепiлдiктер бойынша дебиторлық берешек түрінде борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау";

      7 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "7 тарау. Кредит (қарыз) және ол бойынша сыйақы жөніндегі үмiтсiз берешекті кешіруге байланысты, борышкерге қойылатын талаптың мөлшерін азайтуды есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау";

      8 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "8 тарау. Туроператор қызметтері бойынша салық тіркелімінің нысандарын жасау";

      9 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "9 тарау. Табыстарды есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау";

      10 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "10 тарау. Сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысандарын жасау";

      11 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "11 тарау. Жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынатын табыстарын, осындай табыстар жөніндегі салық міндеттемелерін, барлық салықтар мен аударымдарды қоса алғанда, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды есепке алу жөніндегі міндеттемелерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау";

      12 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "12 тарау. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін және жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жөніндегі салықтық міндеттемелерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау";

      13 тараудың басы келесі мәтінде берілсін:

      "13 тарау. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымның ауыл шаруашылығы өнімін жеке қосалқы шаруашылықпен айналысатын тұлғадан сатып алуын және оны өткізуін есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысанын жасау".;

      Келесі мазмұндағы 14, 15 және 16 тарау дерімен толықтырылсын:

      "14 тарау. Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) өзге мүлік алғаны туралы салық тіркелімінің нысанын жасау

      80. Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) өзге мүлік алғаны туралы салық тіркелімінің нысаны.

      81. "Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) өзге мүлік алғаны туралы мәліметтер" кестесінде:

      1) 1 - бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2) 2 - бағанда – алуға жататын ақша сомасы. Осы бағанның қорытынды шамасы осы бағанда көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;

      3) 3 - бағанда – алуға жататын жылжымайтын мүлік, көлік құралы және өзге мүлік туралы мәліметтер;

      4) 4 - бағанда – мүліктің сәйкестендіру нөмірі (бар болса);

      5) 5 - бағанда – алуға жататын мүлік саны көрсетіледі. Осы бағанның қорытынды шамасы осы бағанда көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;

      6) 6 - бағанда - алуға жататын мүліктің құны. Осы бағанның қорытынды шамасы осы бағанда көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;

      7) 7 - бағанда – қызмет түрі:

      А – заң көмегін көрсету, оның ішінде құқықтық ақпараттандыру, қорғау және азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға кеңес беру;

      В – қоғамдық пікір сауалнамаларын, әлеуметтік сауалнамаларды зерделеу және өткізу (коммерциялық мақсатта өткізілетін қоғамдық пікір сауалнамалары мен әлеуметтік сауалнамаларды қоспағанда), сондай-ақ олардың нәтижелерін тарату және жариялау;

      С – коммерциялық мақсатта жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ақпарат жинау, талдау және тарату;

      8) 8-бағанда – ақша не (немесе) өзге мүлікті алу көзінің коды:

      1 – шетел мемлекеті;

      2 – халықаралық не шетел ұйымы;

      3 – шетелдік;

      4 – азаматтығы жоқ тұлға;

      9) 9 – бағанда – ақша не (немесе) өзге мүлікті беруді болжайтын субъектінің елінің атауы;

      10) 10 - бағанда – ақша не (немесе) өзге мүлікті беруді болжайтын субъектінің резиденттік елінің атауы;

      11) 11 - бағанда – ақша не (немесе) өзге мүлікті беруді болжайтын субъектінің тіркеу нөмірі, азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі;

      12) 12 - бағанда – мәміле жасасу туралы құжаттың (құжат болған жағдайда) күні;

      13) 13 - бағанда – мәміле жасасу туралы құжаттың (құжат болған жағдайда) нөмірі көрсетіледі.

      15 тарау. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелері шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақша және (немесе) өзге мүлік туралы салық тіркелімінің нысанын жасау

      82. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелері шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақша және (немесе) өзге мүлік туралы салық тіркелімінің нысаны.

      83. "Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрылымдық тарау шелері шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақша және (немесе) өзге мүлік туралы мәліметтер" кестесінде:

      1) 1- бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2) 2 - бағанда – мәлімет берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада нақты алынған ақша сомасы. Бұл бағанның қорытынды шамасы осы бағанда көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;

      3) 3 - бағанда – іс жүзінде алынған жылжымайтын мүлік, көлік құралы және өзге мүлік туралы мәліметтер көрсетіледі;

      4) 4 - бағанда – нақты алынған мүліктердің сәйкестендіру нөмірлері (бар болса) көрсетіледі.

      5) 5 - бағанда – нақты алынған мүліктердің саны көрсетіледі. Бұл бағанның қорытынды шамасы осы бағанда көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;

      6) 6 - бағанда – мәлімет берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада нақты алынған мүліктің құны көрсетіледі. Бұл бағанның қорытынды шамасы осы бағанда көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;

      7) 7 - бағанда – іс жүзінде ақша және (немесе) өзге мүлікті алу күні;

      8) 8 - бағанда – қызмет түрлері:

      А – заң көмегін көрсету, оның ішінде құқықтық ақпараттандыру, қорғау және азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға кеңес беру;

      В – қоғамдық пікір сауалнамаларын, әлеуметтік сауалнамаларды зерделеу және өткізу (коммерциялық мақсатта өткізілетін қоғамдық пікір сауалнамалары мен әлеуметтік сауалнамаларды қоспағанда), сондай-ақ олардың нәтижелерін тарату және жариялау кезінде;

      С – коммерциялық мақсатта жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ақпарат жинау, талдау және тарату;

      9) 9-бағанда – ақша және (немесе) өзге мүлікті алу көзінің коды:

      1 – шетел мемлекеті;

      2 – халықаралық не шетел ұйымы;

      3 – шетелдік;

      4 – азаматтығы жоқ тұлға;

      10) 10-бағанда – ақша және (немесе) өзге мүлікті берген субьектінің резиденттік еліндегі атауы.

      Осы Қағидалардың мақсатында субьекті – шетел мемлекеті, халықаралық және шетел ұйымы, шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар;

      11) 11 - бағанда – ақша және (немесе) өзге мүлікті берген субьектінің елінің атауы;

      12) 12 - бағанда – ақша және (немесе) өзге мүлікті берген субьектінің резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі. Азаматтығы жоқ тұлғалар бойынша жеке басын куәландыратын құжат нөмірі көрсетіледі;

      13) 13 - бағанда – мәміле жасасу туралы құжаттың күні (құжат болған жағдайда);

      14) 14 - бағанда – мәміле жасасу туралы құжаттың нөмірі (құжат болған жағдайда);

      15) 15 - бағанда – төлем түрі (қолма-қол ақша алу жағдайында - 1, қолма-қол ақшасыз - 2);

      16) 16 - бағанда – банктің атауы.

      16 тарау. Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті жаратуы туралы салық тіркелімінің нысанын жасау

      84. Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті жаратуы туралы салық тіркелімінің нысаны.

      85. "Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың құрымдылық тарау шелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті жаратуы туралы мәліметтер" кестесінде:

      1) 1- бағанда – жолдың реттік нөмірі;

      2) 2 - бағанда – шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) өзге мүлікті алу және жұмсау туралы мәміле жасасқан тұлға ақша және (немесе) өзге мүлік берген жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі не заңды тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық тарау шесінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      3) 3 - бағанда – шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша және (немесе) өзге мүлікті алу және жұмсау туралы мәміле жасасқан тұлға ақша және (немесе) өзге мүлік берген жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) немесе заңды тұлғаның және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық тарау шесінің атауы;

      4) 4 - бағанда – ақшаны жұмсау немесе мүлікті өткізу күні;

      5) 5 - бағанда – ақша жұмсау немесе мүлікті өткізу құжатының нөмірі;

      6) 6 - бағанда – мәлімет берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада ақша жұмсау сомасы көрсетіледі.

      Бұл бағанның қорытынды шамасы осы бағанда көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады.

      7) 7 - бағанда – төлем түрі (қолма-қол ақша алу жағдайында - 1, қолма-қол ақшасыз - 2);

      8) 8 - бағанда – өткізілген мүліктің атауы – іс жүзінде алынған жылжымайтын мүлік, көлік құралы және өзге мүлік туралы мәліметтер көрсетіледі;

      9) 9 - бағанда – жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса);

      10) 10 - бағанда – мүлік саны. Бұл бағанның қорытынды шамасы осы бағанда көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады;

      11) 11- бағанда – мәлімет берілген күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген бағам бойынша ұлттық валютада нақты алынған мүліктің құны көрсетіледі. Бұл бағанның қорытынды шамасы осы бағанда көрсетілген барлық шамаларды жиынтықтау арқылы соңғы жолда айқындалады.";

      осы бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес 30, 31 және

      32-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 19 қазандағы
№ 555 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 271 бұйрығына
30-қосымша

      Нысан

Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың
құрымдылық бөлімшелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық
және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ
тұлғалардан ақша және (немесе) өзге мүлік алғаны туралы салық тіркелімі

      1. ЖСН/БСН___________________________________________________________

      2. Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      немесе салық төлеушінің атауы _______________________________________

      3. Салық кезеңі: ____________________________________________________

      Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың

      құрымдылық бөлімшелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және

      шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан ақша

      және (немесе) өзге мүлік алғаны туралы мәліметтер

*

А – заң көмегін көрсету, оның ішінде құқықтық ақпараттандыру, қорғау және азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға кеңес беру

В – қоғамдық пікір сауалнамаларын, әлеуметтік сауалнамаларды зерделеу және өткізу (коммерциялық мақсатта өткізілетін қоғамдық пікір сауалнамалары мен әлеуметтік сауалнамаларды қоспағанда), сондай-ақ олардың нәтижелерін тарату және жариялау

С – коммерциялық мақсатта жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ақпарат жинау, талдау және тарату

**

1 – шетел мемлекеті

2 – халықаралық не шетел ұйымы

3 – шетелдік

4 – азаматтығы жоқ тұлға


Жол №

Алуға жататын ақша сомасы

Мүліктің атауы

Мүліктің сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Мүліктің саны

Мүліктің құны

Қызмет түрлері *

1

2

3

4

5

6

7








Жиыны


х

х



х


      кестенің жалғасы

Жол №

Ақша не (немесе) өзге мүлікті алу көзінің коды **

Ақша не (немесе) өзге мүлікті беруді болжайтын субъектінің елінің атауы

Ақша не (немесе) өзге мүлікті беруді болжайтын субъектінің резиденттік еліндегі атауы

Ақша және (немесе) өзге мүлікті беретін субьектінің резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі/жеке басын куәландыратын құжат нөмірі

Мәміле жасасу туралы құжаттың (құжат болған жағдайда) күні

Мәміле жасасу туралы құжаттың (құжат болған жағдайда) №

1

8

9

10

11

12

13








Жиыны








      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      басшының (салық төлеушінің) қолы, мөрі)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      бас бухгалтердің қолы)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      салық тіркелімін жасауға жауапты тұлғаның қолы)

      _____________________________________________________________________

      (салық тіркелімін жасау күні)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 19 қазандағы
№ 555 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 271 бұйрығына
31-қосымша

      Нысан

Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың
құрымдылық бөлімшелері шетел мемлекеттерінен, халықаралық және
шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан
алған ақша және (немесе) өзге мүлік туралы салық тіркелімі

      1. ЖСН/БСН___________________________________________________________

      2. Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      немесе салық төлеушінің атауы _______________________________________

      3. Салық кезеңі: ____________________________________________________

      Жеке және заңды тұлғалар және (немесе) заңды тұлғалардың құрылымдық

      бөлімшелері шетел мемлекеттерінен, халықаралық және шетелдік

      ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған ақша

      және (немесе) өзге мүлік туралы мәліметтер

*

А – заң көмегін көрсету, оның ішінде құқықтық ақпараттандыру, қорғау және азаматтар мен ұйымдардың мүдделерін қорғау, сондай-ақ оларға кеңес беру

В – қоғамдық пікір сауалнамаларын, әлеуметтік сауалнамаларды зерделеу және өткізу (коммерциялық мақсатта өткізілетін қоғамдық пікір сауалнамалары мен әлеуметтік сауалнамаларды қоспағанда), сондай-ақ олардың нәтижелерін тарату және жариялау

С – коммерциялық мақсатта жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда, ақпарат жинау, талдау және тарату

**

1 – шетел мемлекеті

2 – халықаралық не шетел ұйымы

3 – шетелдік

4 – азаматтығы жоқ тұлға

***

1 – қолма-қол ақша

2 – қолма-қол ақшасыз


Жол №

Іс жүзінде алынған ақша сомасы

Іс жүзінде алынған мүліктің атауы

Іс жүзінде алынған мүліктің сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Іс жүзінде алынған мүліктің саны

Іс жүзінде алынған мүліктің құны

Іс жүзінде ақша және (немесе) өзге мүлікті алу күні

Қызмет түрлері*

Ақша және (немесе) өзге мүлікті алу көзінің коды**

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Жиыны


х

х



х

х

х


      кестенің жалғасы

Жол №

Ақша және (немесе) өзге мүлікті берген субьектінің резиденттік еліндегі атауы

Ақша және (немесе) өзге мүлікті берген субьектінің елінің атауы

Ақша және (немесе) өзге мүлікті берген субьектінің резиденттік еліндегі тіркеу нөмірі/Жеке басын куәландыратын құжат нөмірі

Мәміле жасасу туралы құжаттың күні (құжат болған жағдайда)

Мәміле жасасу туралы құжаттың нөмірі (құжат болған жағдайда)

Төлем түрі ***

Банк атауы

1

10

11

12

13

14

15

16


х

х

х

х

х

х

х

Жиыны









      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      басшының (салық төлеушінің) қолы, мөрі)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      бас бухгалтердің қолы)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      салық тіркелімін жасауға жауапты тұлғаның қолы)

      _____________________________________________________________________

      (салық тіркелімін жасау күні)

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 19 қазандағы
№ 555 бұйрығына
3-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 15 сәуірдегі
№ 271 бұйрығына
32-қосымша

      Нысан

Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың
құрымдылық бөлімшелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық
және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ
тұлғалардан алған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті жаратуы
туралы салық тіркелімі

      1. ЖСН/БСН___________________________________________________________

      2. Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе)

      немесе салық төлеушінің атауы _______________________________________

      3. Салық кезеңі: ____________________________________________________

      Жеке және заңды тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың

      құрымдылық бөлімшелерінің шетел мемлекеттерінен, халықаралық және

      шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ тұлғалардан алған

      ақшаны және (немесе) өзге мүлікті жаратуы туралы мәліметтер

*

1 – қолма-қол ақша

2 – қолма-қол ақшасыз


Жол №

Ақша және (немесе) өзге мүлік алған тұлғаның ЖСН (БСН)

Ақша және (немесе) өзге мүлік алған тұлғаның атауы

Ақша және (немесе) өзге мүлікті жұмсау (өткізу) құжатының күні

Ақша және (немесе) өзге мүлікті жұмсау (өткізу) құжатының №

Ақша жұмсау (өткізу) сомасы

Төлем түрі*

Мүлік атауы

Сәйкестендіру нөмірі (бар болса)

Мүлік саны

Мүлік құны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Жиыны

х

х

х

х


х

х

х




      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      басшының (салық төлеушінің) қолы, мөрі)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      бас бухгалтердің қолы)

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе),

      салық тіркелімін жасауға жауапты тұлғаның қолы)

      _____________________________________________________________________

      (салық тіркелімін жасау күні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады