"Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына өзгерістерді енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 25 қазандағы № 564 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 қарашада № 14470 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Камералдық бақылау жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 598 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12599 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларында:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Қағиданың мақсаттары үшін ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган деп Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі - Комитет) және оның аумақтық бөлімшелері, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган деп қазынашылық органдары ұғынылады.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) камералдық бақылау – ақпараттық жүйелер деректерін, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы басқа да мәліметтерді талдау және салыстырып тексеру негізінде мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектісіне (бұдан әрі – мемлекеттік аудит объектісі) бармай Комитет және оның аумақтық бөлімшелері жүзеге асыратын бақылаудың өзге нысаны;

      2) тәуекелдердi басқару жүйесi - тиісті жылға мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесін қалыптастыруды және мемлекеттік аудитті жүргізуді, бар тәуекелдер жиынтығын жан-жақты талдауды, оларды біріздендіру мен бағалауды, ден қою шараларын әзірлеу және қабылдауды, қабылданған шаралар нәтижелерінің тиімділік мониторингін қоса алғанда, мемлекеттік аудиттің анағұрлым басым бағыттарына ресурстарды таңдау, оңтайлы бөлу қағидаттарына негiзделген мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының өзге де қызметін қамтамасыз ететін әкiмшiлiк ету жүйесi;

      3) тәуекел – Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын сақтамаудың, мемлекеттік аудит объектiсiне оқиғаның немесе iс-қимылдың тигiзетiн жағымсыз әсерiнiң ықтималдылығы, ол қаржылық бұзушылықтарға, бюджет қаражатының ұрлануына (ысырап болуына) әкелiп, мемлекетке экономикалық зиян шектiруi мүмкiн, сондай-ақ бағдарламалық құжаттарда және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында қарастырылған нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізбеу және толық көлемде орындамаудың ықтималдығы;

      4) тәуекелдер бейіні (бұдан әрі - бейін) - мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі туралы мәліметтерді талдау жолымен айқындалатын және белгілі бір бұзушылықтарды анықтау мақсатында әзірленетін деректерді таңдау талаптарының жиынтығы.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Камералдық бақылауды Комитет және оның аумақтық бөлімшелері мемлекеттік аудит объектілерінің қызметі бойынша әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді салыстырып тексеру жолымен, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану нәтижелері бойынша, Заңның 30 бабына сәйкес және осы Қағидада белгіленген тәртіпте мемлекеттік аудит объектісіне бармай тұрақты негізде жүргізеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Хабарлама мынадай жағдайларда орындалды деп танылады:

      1) келіскен жағдайда – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес хабарлама жіберген Комитетке немесе аумақтық бөлімшеге қағаз немесе электрондық тасығышта бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды міндетті түрде ұсына отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою;

      2) келіспеген жағдайда – мемлекеттік аудит объектісі Заңының 37-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ұсынған қарсылықты қарау нәтижелері бойынша Комитеттің оң қорытындысы.

      Мемлекеттік аудит объектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны жіберген Комитеттің аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, Комитетке хабарлама берілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес қарсылық жіберуге құқылы.

      Егер қарсылықты ұсынған тұлға хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуі үшін негіз ретінде растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда, онда мұндай құжаттардың көшірмелері қарсылыққа қоса беріледі.

      Қарсылықты қарауды Комитет оны алған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес қорытынды ресімделеді.

      Егер, қарсылықты қарау барысында уәкілетті органның қорытындылары қажет болған жағдайда, Комитет тиісті сұратуларды жолдайды.

      Қарсылықты қарау мерзімі тиісті Комитеттің уәкілетті органдарға сұратуларды жолдаған уақыттан бастап жауап алған уақытқа дейін тоқтатыла тұрады.

      Егер Комитет қарсылықты қарау барысында хабарламада көрсетілген бұзушылықтардың жоқтығы анықталса, қорытынды оң деп танылады, бұл ретте хабарлама орындалған болып саналады.

      Егер қарсылықты қарау барысында хабарламада көрсетілген бұзушылықтар қайта расталатын болса, мұндай хабарлама орындалған болып саналады, ал бұзушылық жоюға жатады, бұл ретте қорытынды теріс деп танылады.

      Хабарламаны орындау мерзімі қарсылықты қарау кезеңіне тоқтатыла тұрады.

      Қарсылықты қарау кезеңі Комитетке қарсылық келіп түскен сәттен басталады және мемлекеттік аудит объектісіне тиісті қорытынды беру сәтіне дейін болады.

      Қорытынды Қорытындыларды тіркеу журналында міндетті түрде тіркелуге жататын мынадай: реттік нөмірі, қорытындының тіркеу (бекіту) күні, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы, мемлекеттік аудит объектісінің атауы, мемлекеттік аудит объектісінің ЖСН/БСН, хабарламаның нөмірі мен күні, қаралып жатқан қарсылықтың нөмірі мен күні, қарсылықты қараған лауазымды тұлғаның аты-жөні, қарсылықты қарау нәтижелері, ұсыну тәсілі, алған күні мәліметтерін қамтуға тиіс.

      Қарсылықты қарау нәтижелері туралы қорытынды мемлекеттік аудит объектісіне қорытындыны тіркеген күннен кейінгі күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Камералдық бақылау материалдары есеп жүргізу және есептілік, сондай-ақ тәуекелдердi басқару жүйесiн қолдану мақсатында "е-Қаржымині" интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің "Қаржылық бақылау. Тәуекелдерді басқару жүйесі" кіші жүйесінде жинақталады.";

      Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына 1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Қаржы министрі

Б. Сұлтанов


  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 25 қазандағы
№ 564 бұйрығына
қосымша
  Камералдық бақылау
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      Камералдық бақылау

      нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы

      хабарлама

       20___ жылғы "____" __________№ _________

      _______________________________________________________________

      (ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның атауы)

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 30-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылдағы 30 қарашадағы № 598 бұйрығымен бекітілген Камералдық бақылау жүргізу қағидаларының (бұдан әрі - Қағида) 11-тармағына сәйкес 20 ______ жылғы "____" ____________ анықталған бұзушылықтарды

      ____________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісінің атауы, орналасқан жері, БСН)

      хабардар етеді.

      Заңның 31-бабы 2-тармағына сәйкес Сізге осы хабарламаны оны берген күннен (алғаннан) кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде орындау қажет.

      Мынадай жағдайларда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама орындалды деп танылады:

      келіскен жағдайда – осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес хабарлама жіберген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетке (бұдан әрі - Комитет) немесе аумақтық бөлімшеге қағаз немесе электрондық тасығышта бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда растайтын құжаттарды міндетті түрде ұсына отырып, хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою;

      - келіспеген жағдайда – мемлекеттік аудит объектісінің Заңның 37-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес ұсынған қарсылықты қарау нәтижелері бойынша Комитеттің оң қорытындысы.

      Қағиданың 14 тармағына сәйкес, мемлекеттік аудит объектісі хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, хабарламаны жіберген Комитеттің аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, Ішкі мемлекеттік аудит комитетке хабарлама берілген (алған) күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес қарсылық жіберуге құқылы.

      Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамау мемлекеттік аудит объектілерінің кодтары мен қазынашылық органдарда ашық шоттары бойынша, Заңның 32-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік аудит объектілерінің банк шоттары (корреспонденттік шоттарды қоспағанда) бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға, сондай-ақ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабы 3-бөлігіне сәйкес лауазымды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тартуға әкеп соғады.

      Заңның 60-бабына сәйкес мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының және (немесе) олардың лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

      Анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы бар қосымша ___ парақта.

      Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті

      органның басшысы

      __________________________________________________ __________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

       Мөр орны

       (болған жағдайда)

       Хабарламаны алдым

      __________________________________________________________________

      (мемлекеттік аудит объектісі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы, күні)

      Мөр орны

      (болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады