Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі мен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 474 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 2 желтоқсанда № 14475 болып тіркелді.

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 165, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы № 24-ө Бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3518 болып тіркелген, 2005 жылғы 22 қарашада "Заң газеті" газетінің № 152 (766) санында жарияланған);

      2) "Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға берген кезде конкурстарды ұйымдастыру және өткізудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 165, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Төрағасының 2005 жылғы 25 ақпандағы № 24-ө бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының 2011 жылғы 31 наурыздағы № 78-ОД және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 06-3/268 Бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7002 болып тіркелген, 2011 жылғы 21 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінің № 260-263 (26661) сандарында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.      

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады