"Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 01-38.49 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2016 жылғы 9 қарашадағы № 01-38.41 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 14 желтоқсанда № 14520 болып тіркелді

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 62-бабының 6-тармағына сәйкес Б¥ЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 01-38.49 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12944 болып тіркелген, 2016 жылғы 13 ақпандағы № 29 (28757) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың меморандумдарын әзірлеу және бағалау қағидаларына 2-қосымша:

      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "

6.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімі

                                                                                    ".

      2. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау үшін жіберілуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ә. Жақсыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады