РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бірлескен бұйрық 01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1-1) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 31.10.2024 № 11-1-4/612 және ҚР Ішкі істер министрінің 31.10.2024 № 872 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1. Қоса берілген Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасының визаларын беру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 5 наурыздағы № 08-1-1-1/71 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2013 жылы 7 наурыздағы № 175 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8407 болып тіркелген, 2013 жылғы 18 мамырдағы № 129 (28068) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті:
1) осы бірлескен бұйрықтың заңнамада көрсетілген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялауға жіберуді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары М.Б. Тілеубердіге және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тұрғымбаевқа жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы |
Қазақстан Республикасының |
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
__________________Е. Сағадиев
2016 жылғы 8 желтоқсанда
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
__________________Т. Дүйсенова
2016 жылғы 6 желтоқсанда
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық қоғам министрі
__________________Н. Ермекбаев
2016 жылғы 9 желтоқсанда
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрі
__________________Ж. Қасымбек
2016 жылғы 5 желтоқсанда
"Келісілген"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
__________________К. Мәсімов
2016 жылғы 30 қараша
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрінің 31.10.2024 № 11-1-4/612 және ҚР Ішкі істер министрінің 31.10.2024 № 872 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Көші-қон туралы заң), "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді және Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың (бұдан әрі – виза алушылар) Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу Қазақстан Республикасының визаларын беру, жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу", "Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту" және "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
2. Егер, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда осы Қағидаларда қарастырылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтығы жоқ адам – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатыны туралы дәлелі жоқ адам;
2) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;
3) "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі (бұдан әрі – "Астана Хаб") – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 12 шiлдедегi № 250/НҚ ""Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркін айқындау туралы" бұйрығымен айқындаған, ақпараттандыру саласындағы инновациялық қызметті іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалатын бірыңғай материалдық-техникалық кешенге меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде иелік ететін заңды тұлға;
4) аумақтық полиция органдары - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың Полиция департаменттерінің көші-қон қызметінің бөлімшелері және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – ҚР ІІМ) көлік полиция департаменттері (бұдан әрі – ҚР ІІМ АПО);
5) АХҚО-ның инвестициялық резиденті – АХҚО-ның инвестициялық салық резиденттігі бағдарламасына сәйкес инвестицияларды жүзеге асырған, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында көзделген шарттарға сай келетін шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
6) бизнес – көшіп келушілер – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру мақсатында келген көшіп келушілер;
7) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын оның азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;
8) "Бүркіт" бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Бүркіт" БАЖ) – виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуін-кетуін және болуын бақылау бойынша біріздендірілген ақпараттық жүйе;
9) вербалды нота – шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің жазбаша өтініштері;
10) визалық көші-қон порталы (бұдан әрі – ВКП) – көші-қон процестерімен байланысты құжаттарды ресімдеуді автоматтандыруға арналған портал (www.vmp.gov.kz);
11) діни қызмет – діндарлардың діни қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;
12) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;
13) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің нұсқауы (бұдан әрі – ҚР СІМ нұсқауы) – нақты міндеттерді шешу мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және (немесе) Үкімет Аппаратының тапсырмаларына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, ұйымдарының және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің (бұдан әрі – шетелдік мекемелер), шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің жазбаша өтініштерінің негізінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде (бұдан әрі – ҚР СІМ) және оның шет елдердегі мекемелерінде шақыруларды қабылдау және келісу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің басшыларымен, ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті директорымен, директорының орынбасарларымен және паспорттық-визалық басқармасы басшысымен жедел шешім қабылдау үшін қабылданған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары;
14) қолдаухат – шақырушы тараптың, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге ниеті бар виза алушылардың жазбаша өтініштері;
15) ҚР ІІМ нұсқауы – нақты міндеттерді шешу мақсатында және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және (немесе) Үкімет Аппаратының тапсырмаларына, ҚР шет елдердегі мекемелерінің, мемлекеттік органдардың және ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде шақыруларды ресімдеу, визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, ұзарту, қолданылу мерзімдерін ұзарту немесе қысқартуды жүзеге асыру туралы ҚР ІІМ АПО Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы (төрағаның орынбасарлары) жедел шешім қабылдау үшін қабылдаған жазбаша түрде ресімделген тапсырмалары;
16) маусымдық шетелдік жұмыскерлер – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 "Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31938 болып тіркелді) бекітілген тізбесіне сәйкес, климат немесе өзге де табиғат жағдайларына байланысты белгілі бір кезең (маусым) ішінде атқарылатын маусымдық жұмыстарды орындау үшін жұмыс берушілер 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге жұмысқа тартатын көшіп келушілер;
17) миссионерлік қызмет – Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың дінге үндеу мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында діни ілімді таратуға бағытталған қызметі;
18) өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама (бұдан әрі – біліктілік сәйкестігі туралы анықтама) – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 236 "Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидаларын, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін басым салалардың (экономикалық қызмет түрлерінің) және олардағы сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32887 болып тіркелді) айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасында жұмысқа өз бетінше орналасу үшін экономиканың басым салаларындағы (экономикалық қызмет түрлеріндегі) сұранысқа ие кәсіптер бойынша біліктілік талаптары және білім деңгейі сәйкес келетін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға берілетін белгіленген нысандағы құжат;
19) тұрақты тұруға арналған рұқсат – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтаған кезде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға ішкі істер органдары беретін және оларға Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұру құқығын беретін құжат;
20) уәкілетті қызметкер – қолдаухатты келісуге және визаларға қол қоюға құқығы бар ҚР шет елдердегі мекемелерінің, ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР ІІМ АПО қызметкерлері;
21) форс-мажорлық жағдайлар – төтенше және болмай қоймайтын жағдайлар салдарынан туындайтын еңсерілмейтін күш оқиғалары (дүлей апаттар, әскери әрекеттер, төтенше жағдай және басқа да ұқсас жағдайлар);
22) халықаралық өзара түсіністік қағидаты – екі мемлекеттің азаматтары үшін визаларды ресімдеу кезінде тең жағдайлар ұсыну;
23) халықаралық ұйым – мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым;
24) шақырушы тарап – виза алушылардың Қазақстан Республикасына (-нан) келуіне (кетуіне) жәрдемдесетін Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары, облыстық әкімдердің, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аппараттары, шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволары, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктері, консулдық мекемелері, халықаралық ұйымдар және олардың өкілдіктері, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғалар;
25) шет елдердегі мекемелері – Қазақстан Республикасының шет елдерде орналасқан елшіліктері, дипломатиялық миссиялар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері;
26) шақыру хат – Қазақстан Республикасына жеке істер бойынша келуге ҚР ІІМ берген шақыру, не болмаса виза алушыларға Қазақстан Республикасының визаларын беру туралы ҚР ІІМ-мен келісілген шақырушы тараптың қолдаухаты немесе вербалды нота;
27) шетелдік – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және өзінің басқа мемлекеттің азаматы болып табылатындығы туралы дәлелі бар адам;
28) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
4. Визаны санаты, алушы, мәртелігі, қолданылу мерзімі, Қазақстан Республикасының аумағында болу кезеңі, беру негіздері және визаны беруге қажетті құжаттар осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес анықталады.
5. Визалар бір мәртелі және көп мәртелі болып бөлінеді.
Бір мәртелі виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына бір мәрте кіруге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан шығуға рұқсат береді.
Көп мәртелі виза алушыға визада белгіленген мерзімге, мақсатқа және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасына көп мәрте кіруге, оның аумағы арқылы өтуге, онда болуға және Қазақстан Республикасынан шығуға рұқсат береді.
Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге арналған визалар виза алушыға визада белгіленген мерзімге және талапқа сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында болуына және Қазақстан Республикасынан шығуға құқық береді.
6. Қазақстан Республикасының визалық жапсырмасын толтыру осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.
Визаларда түзетуге жол берілмейді. Түзетілген визалар жарамсыз болып саналады.
Визаны электронды форматта толтыру (бұдан әрі – электронды виза) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ВКП арқылы жүзеге асырылады.
7. Визалардың орнына жүретін құжаттар мыналар:
1) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдар мен олардың өкілдіктерінің басшыларына, персонал мүшелеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген аккредиттеу куәлігі;
2) шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тұруына ыхтиярхаты;
3) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
4) соттың шетелдікті Қазақстан Республикасынан шығарып жіберу туралы қаулысы;
5) жол жүру құжаты.
8. Осы Қағидаларда қарастырылғаннан басқа халықаралық өзара түсіністік қағидатын ескере отырып, Қазақстан Республикасында болу мерзімі Қазақстан Республикасының азаматтарының болу мемлекетінде болу мерзімінен аспайтын ұзақ мерзімді визалар берілуі және виза ресімдеу мерзімі ұзақ уақыт болуы мүмкін.
9. ҚР ІІМ АПО, ҚР СІМ және ҚР-дың шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Мемлекеттік қызметтер туралы заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметтер көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу", "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік қызметтерді алушылар жеке немесе заңды тұлғалар болып табылады, "Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметті алушылар жеке тұлғалар болып табылады (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы).
2-тарау. Виза алушылардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларды ресімдеу, шақыруларды келісу тәртібі
10. Жеке істер бойынша шақыру Қазақстан Республикасына визаны алушының болжамды келу күніне 1 (бір) жылдан ерте емес және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Қолдаухат немесе вербалды нота виза алушының Қазақстан Республикасына болжамды келу күніне күнтізбелік 90 күннен ерте емес және 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Шақыруды қарау мерзімі осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өтініш білдірген күннен бастап электронды түрде қызмет көрсету кезінде – 3 жұмыс күнінен және қағаз түрінде – 5 жұмыс күнінен аспауы тиіс.
ҚР ІІМ және ҚР СІМ нұсқауы бойынша шақыру құжаттары қысқа мерзімде қабылданады және өңделеді.
11. Шақыруды ресімдеу үшін шақырушы тарап осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кестені қоса отырып вербалды нотаны ҚР СІМ-ге ұсынады.
12. Шақырушы тарап шақыруды ресімдеу үшін ҚР ІІМ АПО-ға немесе "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы өзінің тіркелген жері бойынша өтінішхат және "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызметін көрсету үшін қажетті мынадай құжаттарды ұсынады":
1) Қазақстан Республикасына жеке сапар бойынша келуге шақыруды ресімдеу үшін:
жеке басты куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген және "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік баж төленген жағдайда осы құжатты ұсыну талап етілмейді);
2) заңды тұлғаның не жеке кәсіпкердің шақыруын ресімдеу үшін:
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада толтырылған кесте;
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат (Мемлекеттік корпорацияға жүгінген және ЭҮТШ арқылы мемлекеттік бажды төлеген кезде осы құжатты ұсыну талап етілмейді);
өкілдің өкілеттігін растайтын құжат.
Мемлекеттік корпорацияның қызметкері көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін мемлекеттік баж сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатты (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) және басқа да қажетті мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Қазақстан Республикасының зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, Мемлекеттік қызметтер туралы заңның 5-бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға салыстыру үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 5-қосымшасында келтірілген.
13. Сұратылған визаның санатына қарай қосымша ұсынылады:
1) инвесторлар үшін – Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі уәкілетті органының немесе АХҚО Әкімшілігінің қолдаухаты;
2) іскерлік сапарға арналған көп мәртелік визаны ресімдеу үшін – Қазақстан Республикасына сапардың іскерлік сипатын растайтын шарттың немесе келісімшарттың көшірмесі (этникалық қазақтарды, бұрынғы отандастарды және осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес, визаларды ресімдеу кезінде шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылатын экономикасы дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттердің (бұдан әрі – мемлекеттер тізімі) азаматтарын қоспағанда);
3) діни іс-шараларға қатысу немесе миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін – діни қызмет саласын жүзеге асыратын уәкілетті органдағы мекеменің жазбаша келісімі;
4) Қазақстан Республикасының аумағындағы түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан адамдарға бару үшін – ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесінің жазбаша келісімі;
5) Қазақстан Республикасының азаматтарын асырап алу үшін – Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органының жазбаша келісімі;
6) еңбек қызметін жүзеге асыру үшін, соның ішінде маусымдық шетелдік жұмыскерлер үшін – шақырушы тарапқа шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат, не біліктілік сәйкестігі туралы анықтама, не болмаса "Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 ж. 23 қарашадағы № 1041 қаулысына немесе халықаралық шарттарға сәйкес виза алушыға мұндай рұқсат талап етілмейтіндігі туралы құжаттар, сондай-ақ мынадай құжаттар қосымша ұсынылады:
қандастар үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-ө-м "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша қандас куәлігінің көшірмесі мен түпнұсқасы немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
теңіз, өзен кемелері, әуе көлігі экипаждарының мүшелері, "Жоғары оқу орындарына ерекше мәртебе беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 ж. 5 шілдедегі № 648 Жарлығына сәйкес ерекше мәртебе берілген жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ "Білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 ж. 12 маусымдағы № 268 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары оқу орындарында басшылар лауазымдарында жұмыс істейтін, жоғары білімі бар және экономика саласында кадрларды даярлауды жүзеге асыратын оқытушылар үшін:
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
АХҚО қатысушылары мен органдары тартатын адамдар үшін:
заңды тұлғаны АХҚО қолданыстағы құқығына сәйкес тіркеуді немесе аккредитациялауды растайтын сертификаттың көшірмесі;
шетелдік қызметкермен еңбек келісімшартының көшірмесі;
білім туралы құжаттарды тану қағидаларында белгіленген тәртіпте расталған құжаттары бар жоғары білімді, ұлттық басқару холдингінде құрылымдық бөліністердің басшыларынан төмен емес лауазымдарда жұмыс істейтін адамдар үшін Қазақстан Республикасында құрылымдық бөліністердің бірінші басшыларының шетелдік қызметкерді тағайындауы туралы ұлттық басқару холдингінің бұйрығы;
ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесі мүшелері ретінде жұмыс істеуге тартылатын адамдар үшін – ұлттық басқару холдингінің директорлар кеңесінің жалпы жиналысынан үзінді;
шетелдік заңды тұлғалардың филиалдарының немесе өкілдіктерінің бірінші басшысы болып жұмыс істейтін адамдарға – шетелдік қызметкерді бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшылары болып жұмыс істейтін адамдарға – шетелдік қызметкерді Қазақстан Республикасында бірінші басшы етіп тағайындау туралы құрылтайшының шешімі не құрылтайшылардың жалпы жиналысынан үзінді;
олардың жарғылық капиталында шетелдік қатысудың жүз пайыз үлесімен қазақстандық заңды тұлғалардың бірінші басшыларының орынбасарлары болып жұмыс істейтін адамдарға – басшының орынбасары лауазымына жұмысқа қабылдау және тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі;
7) оқу практикасынан немесе тағылымдамадан өту үшін –Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының немесе "Астана Хаб" бағдарламалары бойынша оқудан өту үшін "Астана Хаб" қолдаухаты;
8) гуманитарлық уәждер бойынша – Қазақстан Республикасында тіркеуден өткенін растайтын халықаралық ұйымның немесе оның өкілдігінің құжаты, немесе гуманитарлық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық шарты бар болғанда, болу елінің заңнамасына сәйкес ресми түрде тіркелген шетелдік үкіметтік емес қоғамдық ұйымның (қор) құжаттары;
9) білім алу үшін – Қазақстан Республикасының оқу мекемесінің немесе Қазақстан Республикасының білім беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарының қолдаухаты;
10) жақын туыстарын күтіп-бағу үшін – денсаулық сақтау ұйымдарында емделіп жатқан Қазақстан Республикасының азаматтары, немесе Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын виза алушылар үшін – Қазақстан Республикасында орналасқан денсаулық сақтау ұйымы берген – 026/е нысандағы анықтама және тұрақты күтіп-бағу қажеттілігі туралы құжаттары, сондай-ақ туыстық дәрежесін растайтын құжаттар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының құжаттарының толық топтамасын Мемлекеттік корпорация немесе ҚР ІІМ АПО-ның уәкілетті қызметкері арқылы қабылдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
Өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең аз уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.
Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ҚР ІІМ АПО уәкілетті қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шақыруды ресімдеуге құжаттарды қабылдаудан бас тартуы туралы қолхат береді.
15. ҚР ІІМ АПО-да өтінішхатты қарау кезінде:
1) ұсынылған құжаттарға сұратылған сапар мақсатының, визаның мәртелігінің, жарамдылық мерзімінің және оны беру орнының сәйкестігі. Визаны беру орны, АХҚО қатысушылары мен органдарын, АХҚО инвестициялық резиденттерінің және олардың отбасы мүшелерінің, "Астана Хаб" жұмыскерлерін және оның қатысушыларын қоспағанда, виза алушының азаматтығына тиесілі елге қатысты консулдық округке сәйкес немесе мына шарттардың біреуі:
болу елінде тұрақты тұруға рұқсаты;
іскерлік және инвесторлық мақсаттары бойынша еңбек қызметін жүзеге асыруға, білім алуға, емделуде ұзақ болуына рұқсаты бар болған кезде тексеріледі.
ҚР СІМ қызмет көрсететін консулдық округтерін көрсете отырып, шет елдердегі мекемелерінің тізімін ҚР ІІМ-ге береді.
2) "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 7) және 10) тармақшаларына сәйкес шетелдікке Қазақстан Республикасына кіруіне бас тарту негіздерінің болуы;
3) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздердің болуы.
Бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда ҚР ІІМ АПО-ның уәкілетті қызметкері көрсетілетін қызметті алушының келіп түскен құжаттарын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) келісуге жібереді.
ҚР ҰҚК өтінішті "Бүркіт" БАЖ арқылы 3 (үш) жұмыс күніне дейінгі мерзімде келісуді қамтамасыз етеді. Шақыруларды ресімдеу үшін негіздерді неғұрлым егжей-тегжейлі зерделеу қажет болған жағдайда, ҚР ҰҚК органдарының жазбаша сұрау салуы бойынша көрсетілген мерзім күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін ұзартылады.
ҚР ҰҚК-нен жауап алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде ҚР ІІМ АПО-ның уәкілетті қызметкері осы жауапты өңдеуді және Қазақстан Республикасына келуге шақыру беруді жүзеге асырады не "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы адамдардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша бас тартады.
16. Шақыру туралы құжаттар ресімделеді:
1) ҚР ІІМ немесе ҚР ІІМ АПО уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырылған және мөрмен бекітілген жеке істер бойынша шақыруды беру жолымен;
2) заңды тұлғаның қолдаухатының бірінші данасына ҚР ІІМ АПО уәкілетті қызметкерінің қолымен куәландырылған және мөрмен бекітілген келісу нөмірін қою жолымен. Қолдаухаттың екінші данасы мен қоса берілген құжаттар ҚР ІІМ АПО іс номенклатурасына тігіледі.
Шақырудың тіркеу нөмірі мен шақыруды беру күні туралы ақпарат "Бүркіт" БАЖ-ға енгізіледі.
17. Көші-қон туралы заңның 48-бабына сәйкес қабылдаушы тұлғалардың виза алушыларды шақыру туралы өтініштері, егер мұндай өтініш берілгенге дейін қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде қабылдаушы тұлғалар өздерінде болатын көшіп келушілер туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына уақытылы хабарламағаны, олардың Қазақстан Республикасында болу құқығына құжаттар ресімдеу және болудың белгілі бір мерзімі өткеннен кейін Қазақстан Республикасынан кетуін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдамағаны үшін екі және одан да көп рет жауаптылыққа тартылған болса, қаралмайды.
18. Шақыру құжаттарын ресімдеуді немесе оларды ресімдеуден бас тарту туралы шешімді ҚР ҰҚК-мен келіскеннен кейін, ҚР ІІМ АПО немесе ҚР СІМ (бас тартудан басқа) уәкілетті қызметкері қабылдайды.
3-тарау. Қазақстан Республикасының визаларын беру § Параграф 1. Виза алушылардың виза алу үшін ұсынатын құжаттары
19. Шет елдердегі мекемелерінде, ҚР СІМ-де немесе ҚР ІІМ АПО-да көрсетілетін қызметті алушының нақты орналасқан жері немесе шақырушы тараптың тіркелген орны бойынша визаларды беру үшін "Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік қызметі көрсетуге қажет мынадай құжаттар мен мәліметтер ұсынылады:
1) көлемі 3,5х4,5 сантиметр түрлі-түсті немесе қара-ақ фотосуреті бар виза алуға арналған визалық сауалнама;
2) ҚР шет елдердегі мекемелерінде немесе Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайында виза ресімдеу кезінде ҚР ІІМ АПО-да немесе ҚР СІМ-де тіркелген қолдаухаттың нөмірі және оны тіркеу күні (виза алушыға нөмірді және шақыруды беру күнін шақырушы тарап хабарлайды), немесе осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген виза санаттарын алушылардың қолдаухаттары;
3) шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік және шетелдік паспорты, не болмаса Қазақстан Республикасы осы қалыпта таныған және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге құқық беретін жеке басты куәландыратын өзге құжат;
4) консулдық алым немесе мемлекеттік бажды төлегенін растайтын төлем құжатының түпнұсқасы;
5) 1-қосымшаға сәйкес виза алуға қажетті қосымша құжаттар.
Электрондық виза портал арқылы ВКП арқылы ресімделеді.
Электрондық визаны алу үшін ВКП-да тіркелу және мына мәліметтерді көрсете отырып, жеке деректерді толтыру жүзеге асырылады:
1) ҚР ІІМ-де тіркелген шақырудың нөмірі, күні (шақырудың нөмірі мен берілген күнін визаны алушыға шақырушы тарап хабарлайды);
2) консулдық алымды төлеу.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілеттік берілген тұлға өз құзыреті шегінде және оның белгіленген нысаны бойынша берген немесе куәландырған, шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәландыру рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (заңдастыру немесе апостильдеу).
"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидалардың 7-қосымшада келтірілген.
20. Визалық сауалнама қолмен анық немесе ВКП-ны пайдалану арқылы мемлекеттік, орыс, ағылшын тілінде осы Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылады.
Визалық сауалнаманың сұрақтарына жауаптар толық беріледі.
Визалық сауалнамаға виза алушының өзі қол қояды.
Кәмелетке толмаған балалардың атынан виза алу үшін визалық құжаттарға олардың заңды өкілдері қол қояды.
Құжаттарды ресімдеу кезінде, визалық сауалнамаға желімделетін фотосурет, бас киімді күнделікті кию олардың ұлттық немесе діни қатыстылығының міндетті белгісі болып табылатын шетелдіктерден басқа, шетелдік мұндай бас киіммен паспорттағы фотосуретте бейнеленген жағдайда, виза алушының фотосуреті жасына сай келуі және қара түсті көзілдіріксіз, бас киімсіз беті алдынан қарағанда адам анық бейнеленген болуы тиіс.
21. Виза алушының ұсынған паспорты келесі өлшемдерге сай келуі тиіс:
1) түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмеуге, белгілер, ескертпелер, жазбалар, өшірулер мен түзетулер, жыртылған немесе тігілген беттері болмауы тиіс;
2) Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған виза алушыларды қоспағанда, визаларға арналған кемінде 2 таза бет болуы тиіс;
3) Қазақстан Республикасының аумағынан кету арналған виза алушыларды қоспағанда, қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімі аяқталу күнінен бастап 3 (үш) айдан бұрын аяқталмауы тиіс;
4) қолдану мерзімін ұзарту туралы белгілер болмауы тиіс.
22. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Салық кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес шақыруға құжаттарды ресімдеу және визаны беру үшін, соның ішінде оның қолдану мерзімін ұзартуға және қалпына келтіруге консулдық алым немесе мемлекеттік баж алынады.
Салық кодексінде көзделген жағдайларда шақыру құжаттарын және виза ресімдеу үшін консулдық алым және мемлекеттік баж алынбайды.
Визаларды беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес консулдық алым немесе мемлекеттік баж төленгеннен кейін жүргізіледі.
Төленген консулдық алымдардың сомалары қайтарылуға жатпайды.
23. ҚР ІІМ АПО, ҚР СІМ және шет елдердегі мекемелерінің уәкілетті қызметкерлері құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
Егер көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынса, ҚР ІІМ АПО, ҚР СІМ және шет елдердегі мекемелерінің уәкілетті қызметкерлері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Егер көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынса, ҚР ІІМ АПО, ҚР СІМ және шет елдердегі мекемелерінің уәкілетті қызметкерлері тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріп, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын олар түскен күні ҚР ҰҚК-ге осы Қағидалардың 40-тармағында белгіленген мерзімде келісуге жібереді.
ҚР ҰҚК-нен жауап алғаннан кейін, ҚР ІІМ АПО, ҚР СІМ және шет елдердегі мекемелерінің уәкілетті қызметкерлері келіп түскен жауапты 1 (бір) жұмыс күні ішінде өндеуді және тиісті санаттағы визаны беруді немесе виза беруден бас тартуды жүзеге асырады.
Виза беруден бас тартқан жағдайда уәкілетті қызметкерлері көрсетілетін қызметті алушыны 2 (екі) жұмыс күні ішінде виза беруден бас тарту туралы алдын ала шешімі, сондай-ақ уақыты, күні және орны (көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу тәсілі) туралы хабардар етеді.
Тыңдау туралы хабарлама виза беруден бас тартылғаннан кейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының ҚР ІІМ АПО және ҚР СІМ уәкілетті қызметкерлерінің шешіміне қарсылық білдіру құқығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекспен белгіленген тәртіппен хаттаманы ресімдей отырып, оны тыңдау жолымен жүзеге асырылады.
§ Параграф 2. Визаларды беру тәртібі
24. Визалардың берілуі:
1) шетелдерде:
шет елдердегі мекемелері мынадай санаттардағы визаларды береді: "А1", "А2", "А3", "А4", "А5" , "А6", "В1", "В2", "В3", "В4", "В5", "В6", "В7", "В8", "В9", "В10", "В11", "В12", "В12-1", "В13", "С1", "С2", "С3", "С4", "С5", "С6", "С7", "С8", "С9", "С10", "С12";
2) Қазақстан Республикасының аумағында:
ҚР СІМ мынадай санаттардағы визаларды береді: "А1", "А2", "А3", "А4", "В10";
ҚР ІІМ АПО мынадай санаттардағы визаларды береді: "А5", "В2" (АХҚО қатысушылары және органдары үшін), "В3", "В7", "В8", "В9", "В14", "В15", "В16", "В17", "В18", "В19", "В20", "В21", "В22", "С1", "С3", "С4", "С9" (этникалық қазақтарға), "С11", және "С12";
ҚР ІІМ АПО Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында визалардың мынадай санаттарын береді:
"А1", "А2", "А3", "А4", "А5", "В1", "В2", "В3", "В5", "В7", "В10", "В11", "В12", "В13", "С3", "С8", "С9" және "С12";
3) ВКП арқылы:
бір мәртелік электрондық визалардың мынадай санаттары:
"А3", "А5", "В1", "В2", "В3", "В9-1", "В10", "В12", "С12".
25. Электрондық виза осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шақыру негізінде беріледі және тек виза алушы үшін жарамды және бірге жүретін адамдарға қолданылмайды. Паспортты ауыстырған кезде электрондық визаны қайтадан алу қажет.
Электрондық визаны ресімдеу уақыты – 1 (бір) жұмыс күні.
Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар жарамды электрондық визамен тек Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайлардағы бақылау пункттері арқылы Қазақстан Республикасының аумағына келеді және кетеді.
ВКП-ға электрондық визаны ресімдеу процесінде электрондық виза шақырушы тараптың шақыруында көрсетілген деректердің негізінде қалыптастырылады. Консулдық алым ЭҮТШ арқылы төленгеннен кейін, ресімделген виза көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" түседі. Көрсетілетін қызметті алушы электрондық визаны ресімдеу алдында шақыруда көрсетілген ақпараттың паспорттық деректермен сәйкестігін салыстырып тексереді және растайды.
Қазақстан Республикасына келген кезде ресімделген электрондық визадағы және шетелдіктің паспортындағы ақпараттың сәйкессіздігі анықталған жағдайда, электрондық виза жарамсыз деп есептеледі.
Бір мәртелі электрондық қызметтік, инвесторлық, туристік, іскерлік, жеке сапарға арналған визалар және емделу үшін визалар осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес мемлекеттердің азаматтарына беріледі.
26. "С3" санатындағы визадан басқа ҚР ІІМ АПО визаларды беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды виза алушының уақытша тұру орны немесе шақырушы тараптың тіркеу орны бойынша ("А5" санатындағы виза, виза алушының нақты болу орны бойынша), не болмаса ҚР ІІМ нұсқауы бойынша жүзеге асырады.
"С3" санатындағы алғашқы визаларды ҚР ІІМ АПО шақырушы тараптың тіркеу орны бойынша жүзеге асырады. Еңбек қызметі Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде жүзеге асырылған жағдайда Қазақстан Республикасы ҚР ІІМ АПО "С3" санатындағы визаны жоюды, қалпына келтіруді, мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды шетелдіктің уақытша тұру орны бойынша жүзеге асырады.
Визасыз келу тәртібі туралы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар бар елдерден, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген, Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 17-тармағында көрсетілген мемлекеттерден (14 күнге дейінгі мерзімге визасыз режимі бар елдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасына келген және ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға арналған рұқсат алу үшін жүгінген азаматтарға "В8" және "В9" санатындағы виза өтінішхатты қарау үшін қажетті кезеңге, бірақ күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асырмай беріледі. Виза соңғы берілген күннен бастап қатарынан күнтізбелік он екі айда бір рет беріледі.
ҚР ІІМ АПО АХҚО қатысушылары мен органдарына, "Астана Хаб" қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе "Астана Хаб" жұмыскерлеріне "С3" визасын беруді, күшін жоюды, қалпына келтіруді, қолданылу мерзімін ұзартуды немесе қысқартуды, сондай-ақ отбасы мүшелеріне "С3" визасын еңбек қызметін жүзеге асыру үшін бұрын берілген алғашқы визаларды ескермей "С3" визасына өзгертуді жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған визалар, "В14" санатындағы визаны қоспағанда, виза алушының нақты болу орны бойынша беріледі.
Оқуға арналған визалар виза алушыны қабылдаған оқу мекемесінің орналасқан орны бойынша беріледі.
27. Жұмыс уақытынан тыс кезде қабылданған ҚР СІМ және ҚР ІІМ нұсқаулары келесі жұмыс күні ресімделеді.
28. ҚР шет елдердегі мекемелері шақырусыз мына санаттағы визаларды келесі негізде береді:
1) ҚР СІМ нұсқауы – "А1", "А3", "В1" және "В3" (ҚР-дың шет елдердегі мекемелеріндегі басшыларының жазбаша нұсқауы бойынша "В3" санатындағы бір мәртелі виза беріледі);
2) вербалды нота – "А1", "А2", "А3", "А4", "В1", "В3" және "В10";
3) қолдаухат (осы Қағидалардың 1-қосымшасында көзделген құжаттар бар болған жағдайда визалардың санаттарына қарай):
мемлекеттер тізімінде көрсетілген елдердің азаматтарына (бір мәртелі виза) – "А3", "В1", "В3", "В10", "В12" және көпмәртелі "В12-1";
бұрынғы отандастар (Қазақстан Республикасымен байланысын куәландыратын құжаттары, оның ішінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының немесе Қазақстан Республикасынның паспортында, туу туралы куәлігінде туған жері туралы бағанада тиісті белгінің болуы немесе некеге тұру туралы куәлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту туралы анықтамасы бар болса) – "В10";
виза алушыларға – "В4", "В5", "В8", "В10" (жерлеуге немесе туысқанының және жақындарының ауруына байланысты, ҚР азаматтарының отбасы мүшелеріне немесе әке-шешелеріне, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне, этникалық қазақтардың отбасы мүшелеріне – бір мәртелі виза), "В13", "С1", "С2", "С4" (бір мәртелі виза 90 (тоқсан) күнтізбелік күнге дейін) және "С10".
29. Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабымен белгіленген жағдайларда виза алушыға Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге арналған виза беруден бас тартылады.
30. Қазақстан Республикасының аумағына келуге немесе Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге кедергі жасайтын негіздер, соның ішінде шақыру болған жағдайда да, визалар берілмейді, ал ресімделген виза Қазақстан Республикасына келуге немесе Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге негіз болып табылмайды.
31. Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайларында ресми делегация мүшелеріне, Қазақстан Республикасының консулдық мекемелері жоқ елдердің азаматтарына, сонымен қатар виза алушыларға шақыру негізінде немесе ҚР ІІМ нұсқауы бойынша ҚР ІІМ АПО береді.
Шет елдердегі мекемелері Қазақстан Республикасының консулдық мекемесі жоқ шет мемлекеттің сыртқы саяси ведомствосының тиісті қолдаухаты (вербалды нотасы) болған кезде не ҚР СІМ-нің нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық әуежайын виза алу орны деп көрсетеді.
32. Топталған виза алушыларға ұйымдастырылған түрде Қазақстан Республикасына келуге және Қазақстан Республикасынан кетуге немесе Қазақстан Республикасы арқылы транзитпен өтуге топтық визалар ресімделеді.
Топтың барлық мүшелері Қазақстан Республикасына кіруде, Қазақстан Республикасынан шығуда, қандайда бір пункте болуда және Қазақстан Республикасы аумағында жүруде, Мемлекеттік шекарадағы бақылау-өткізу пункті арқылы топ құрамында бір уақытта кіруі және шығуы топтық визаларды беру шарты болып табылады.
Топтық визалар осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аты-жөні тізімдері әліпбилік тәртіпте атаулы тізім ретінде ресімделеді.
Сонымен бірге, виза парақтың артқы жағына немесе жеке бір параққа желімделеді және бұл парақ тізіммен бірге үстіңгі сол жақ бұрышы бүгіліп тігіледі, виза беруші ҚР шетелдегі мекемесінің, ҚР СІМ-нің және ҚР ІІМ АПО-нің мөрімен бекітеді.
Уәкілетті қызметкер тізімнің төменгі жағына (лауазымы мен тегін көрсетіп) қол қояды, қойылған қол ҚР-дың шетелдегі мекемесінің, ҚР СІМ-нің немесе ҚР ІІМ АПО-нің мөрімен куәландырылады.
Визасы бар тізім бір данада жасалады, түпнұсқасы топ жетекшісіне беріледі. Бір көшірмесі Қазақстан Республикасына келу (кету) кезінде өткізу пунктіне тапсырылады, екіншісі – визаны берген ҚР СІМ-де, ҚР-дың шет елдердегі мекемесінде немесе ҚР ІІМ АПО-да қалады. Тізімге түзетулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
33. Қазақстан Республикасы танымайтын мемлекеттің паспортын ұсынған адамға шақыру негізінде бір мәртелік виза беріледі және ол жеке параққа желімделеді. Қазақстан Республикасынан шығу кезінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің өкілдері немесе визаның мерзімі біткеннен кейін ҚР ІІМ АПО өкілдері виза берген органға жіберу үшін парақ алынады.
34. "А1", "А2", "А3", "А4", "А5", "А6", "В7", "В10", "В12-1" (1 жылға дейін көп мәртелі) "С3", "С7" және "С9" санаттарындағы негізгі виза алушының отбасы мүшелеріне, асырауындағы адамдарға (растайтын құжаттар болған кезде) виза осы Қағидаларға сәйкес негізгі виза алушының визасының мерзіміне беріледі немесе ұзартылады. Бұл ретте, егер Қазақстан Республикасы Заңнамасына сәйкес басқа қарастырылмаса, отбасы мүшелері мен асырауындағы адамдар еңбек, діни, миссионерлік қызметті жүзеге асыруға немесе діни бірлестік қызметіне қатысуға құқылы емес.
35. Виза алушының паспортында пайдаланылмаған немесе қолданылу мерзімі аяқталмаған виза болған жағдайда, жаңа виза ол жойылғанда ғана беріледі.
36. Қазақстан Республикасы аумағында визаларды бір санаттан екінші санатқа өзгертуге рұқсат беріледі:
1) ҚР СІМ:
"А1" және "А3" санаттарына – вербалды нота немесе ҚР СІМ нұсқауы негізінде;
"А2" және "А4" – вербалды нота негізінде;
2) ҚР ІІМ АПО:
"А5" санатына – "В3", "В10", "С3", "С4", "С5" және "С10" санаттарынан;
"А6" санатына – "В3", "В9", "В10", "С3", "С4" және "С5" санаттарынан;
"В2" санатына (АХҚО қатысушылары мен органдарына) – "В3", "В7" және "С3" санаттарынан;
"В7" санатына – "С9" санатынан;
"В8" санатына – "С3", "С7" және "С11" санаттарынан;
"С1" санатына – тек этникалық қазақтар үшін бұрын берілген визаның санатына қарамастан;
"С2" санатына – "В10", "С3" және "С9" санаттарынан;
"С3" санатына – "В2", "В3", "В7" ("Астана Хаб" бағдарламалары бойынша оқытудан өтіп жатқан виза алушыларға), "В10", "С2", "С3" (жұмыс берушінің атынан шақырушы тарапты ауыстыру, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін болса, еңбекші көшіп келушінің рұқсаты болған кезде қолдаухат негізінде), "С9" және "С10" санаттарынан;
"С4" санатына – "В10", "С2", "С9" және "С10" санаттарынан;
"С9" санатына – "С11" санатынан, этникалық қазақтар үшін бұрын берілген визаның санатына қарамастан, сондай-ақ визасыз режиммен келгендерге;
"С12" санатына – визаның барлық санаттарынан, сондай-ақ визасыз режиммен келгендерге.
37. Виза алушының жазбаша өтініші бойынша және толтырылған визалық сауалнаманың (бір мәртелі виза көрсетілген) және консулдық алымды төлеу (бір мәртелі визаға төленген) төлегенін растайтын төлем құжаты негізінде көп мәртелі виза бір мәртелі визаға өзгертіледі. Сонымен бірге, осы Қағидалардың 1-қосымшасында белгіленген визаның мерзіміне ауыстырылады.
Визаның қолданылу мерзімі шақыру құжаттарында көрсетілген мерзімнен аспауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушімен берілетін визаның мәртелігін бір мәртеліден (шақыру құжаттарында көрсетілген) көп мәртеліге ("А1", "А3", "А5", "В7", "С2", "С3", "С4", "С5", "С7", "С9" және "С12" санаттарындағы визалардың мерзімдерін ұзартудан басқа) өзгертуге жол берілмейді.
38. Көрсетілетін қызметті беруші визаны ресімдеуге ұсынылған материалдарды зерделеу кезінде:
1) виза алушының Қазақстан Республикасына келу мақсатына байланысты визалық сауалнамадағы ақпарат мазмұнын шақырудағы, паспорттағы және виза алу үшін ұсынылған қосымша құжаттардағы көрсетілген мәліметтермен салыстырып тексереді;
2) виза алушының паспорты тұрақты тұратын еліне қайтуына немесе Қазақстан Республикасына барғаннан кейін басқа елге кетуіне құқық беретінін тексереді;
3) көші-қон қаупі бар елдерде виза алушының шақырушы тарапымен, жұмыс орнымен немесе оқу орнымен телефон арқылы әңгімелесу жүргізеді (қажет болған жағдайда);
4) егер ұсынылған құжаттар күмән тудыратын болса, виза алушыны әңгімелесуге шақырады. Әңгімелесу барысында виза алушының виза алу үшін ұсынған құжаттарында көрсетілген ақпаратпен, сондай-ақ басқа дереккөзден алынған мәліметтермен және сұрақтарға берген жауаптардың мазмұнымен салыстырып тексереді;
5) көшіп келушінің виза санатының, мәртелігінің, қолданылу мерзімінің және келу мерзімінің виза алушының Қазақстан Республикасына жоспарланған келу мақсатына сәйкестігін тексереді.
39. Визаларды беру, күшін жою, қалпына келтіру, қолданылу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдаған кезде виза алушының еліндегі немесе тұрғылықты тұру жеріндегі саяси және көші-қон жағдайы ескеріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші визалық құжаттарды қарастыру барысында елінде немесе тұрғылықты тұру жерінде саяси және көші-қон жағдайларында тұрақсыздық байқалған виза алушымен әңгімелесу жүргізеді.
Келесі санаттағы визаларды алу мақсатында құжаттарды тапсырған, сондай-ақ электронды виза алушылармен әңгімелесу жүргізілмейді: "А1", "А2", "А3", "А4", "А5", "А6", "В10" (вербалды нотамен), "В12" (топтық визамен), "С3", "С10" (этникалық қазақтарға, бастапқы визаны ресімдеуде әңгіме жүргізіледі және алғашқы виза 1 (бір) жылға дейін, ал қайта өтініш жасағанда әңгімелесусіз виза 3 (үш) жылға дейін беріледі), "С11", "С12" және Қазақстан Республикасы аумағынан кетуге арналған визалар ("В14" – "В22").
40. Көрсетілетін қызметті беруші виза ресімдеуге материалдарды зерделеу нәтижесінде визаларды беру немесе виза беруден бас тарту туралы шешімді ҚР ҰҚК-мен келісілгеннен кейін қабылдайды.
41. Күнтізбелік 30 күнге ресімделетін "С1" санатындағы визадан басқа визаларды ресімдеу мерзімі 5 жұмыс күнінен аспайды.
42. Визалық құжаттар, соның ішінде вербалды ноталар және қолдаухаттар "Бүркіт" БАЖ арқылы келісіледі. "С11" санатындағы визалар және Қазақстан Республикасы аумағынан шығуға арналған визалар "Бүркіт" БАЖ-ға енгізу арқылы келісіледі.
ҚР ҰҚК визаларды ресімдеуді келісуді 3 жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді, қажет болған жағдайда көрсетілген мерзім 30 күнтізбелік күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
43. "Бүркіт" БАЖ-да мәліметтері жоқ виза жарамсыз болып саналады. "Бүркіт" БАЖ істен шыққан жағдайда визалық жапсырма қолмен толтырылады және "Бүркіт" БАЖ жұмысы қалпына келгенде берілген визаның мәліметтері оған енгізіледі. Сонымен қатар, уәкілетті қызметкер фирмалық бланкте және мөрмен бекітілген жоғарғы визаның берілгені туралы жазбаша растау хатын өтініш берушіге қоса береді.
44. Берілген визаларды есепке алу "Бүркіт" БАЖ-да тұрақты жүргізіледі.
ҚР СІМ, ҚР ІІМ және ҚР ҰҚК "Бүркіт" БАЖ-да ресімделген, берілген және келісілген визалар бойынша бірыңғай статистикалық деректер қалыптастырады.
45. Визаларға қол қою құқығы бар уәкілетті қызметкерлердің қол қою үлгілері ҚР СІМ-ге, ҚР ІІМ-ге, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне үш данада жіберіледі.
4-тарау. Қазақстан Республикасы визаларының күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібі
46. Визаның күшін жоюды көрсетілетін қызметті беруші және ҰҚК Шекара қызметі осы Қағидаларда белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Виза "Жойылды", "Аннулировано" немесе "Cancelled" мастикалық мөртабанын қою жолымен жойылады:
1) шет елдердегі мекемелерінде және ҚР СІМ-де:
егер жаңа виза беру кезінде паспортта қолданылу мерзімі аяқталмаған немесе пайдаланылмаған виза болса;
егер виза осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұзушылықпен ресімделген болса;
виза беру шарттарының орындалуы немесе қолданылуы тоқтағаны анықталған болса;
егер визалық жапсырманы толтырған кезде қателіктерге жол берілген болса, паспортқа әлі желімделмегенде немесе оны паспортқа желімдеп қойғанда (визаның күші жойылғаннан кейін келесі бетке жаңа виза желімделеді);
2) ҚР ІІМ-інде және ҚР ІІМ АПО-да виза алушының Қазақстан Республикасына уақытша келуінің мерзімін қысқарту туралы шешім қабылданса; виза алушыны Қазақстан Республикасынан әкімшілік жолмен шығару туралы шешім қабылданса;
егер жаңа виза беру кезінде виза алушының паспортында қолданылу мерзімі аяқталмаған немесе пайдаланылмаған виза болса;
егер виза осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті бұзу жолымен ресімделген болса;
виза беру шарттарының орындалуы немесе қолданылуы тоқтағаны анықталған болса;
егер визалық жапсырманы толтырған кезде қателіктерге жол берілген болса, паспортқа әлі желімделмегенде немесе оны паспортқа желімдеп қойғанда (визаның күші жойылғаннан кейін келесі бетке жаңа виза желімделеді);
жұмыс берушінің атынан шақырушы тарап ауысқан кезде;
ҚР ІІМ және ҚР ІІМ АПО "Бүркіт" БАЖ-ға енгізілген, виза алушыға Қазақстан Республикасына келуге шақыруды ресімдеген және оның күшін жою туралы өтініш білдірген жеке және заңды тұлғалардың ақпараты негізінде;
3) ҚР ҰҚК Шекара қызметінде:
кіргізуден бас тарту туралы шешім қабылданса;
Қазақстан Республикасының аумағына келуге шектеу болса;
Виза алушының шығуы кезінде визаның күшін жою туралы ҚР ІІМ АПО "Бүркіт" БАЖ-ға енгізілген ақпараттың негізінде, сондай-ақ визаның күшін бір уақытта жоя отырып, Қазақстан Республикасының аумағына кіргізуден бас тартылады.
47. Виза осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген себептермен бүлінген күші немесе жойылған жағдайда, паспорттан (егер визалық жапсырма паспортқа жапсырылған болса) фотосурет пен паспорт деректері бар беттің, сондай-ақ бүлінген немесе күші жойылған виза бар беттің көшірмесі алынады.
Әрбір бүлінген күші, жойылған немесе жоғалған визалық жапсырма туралы осы Қағидалардың 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша күші жойылған, бүлінген немесе жоғалған бланктер туралы акт жасалады.
48. Визаны қалпына келтіруді көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларда белгіленген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Визалар келесі жағдайларда қалпына келтіріледі:
1) визаны одан әрі пайдалану мүмкін болмайтын механикалық бүлінген жағдайда;
2) виза жоғалғанда;
3) егер жарамды визасы бар виза алушы жаңа паспорт алғанда.
Шет елдердегі мекемелері, Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге арналған санаттардағы визаларды қоспағанда, барлық санаттағы визаларды қалпына келтіреді.
ҚР СІМ мен ҚР шет елдердегі мекемелері берген визалардың барлығын ҚР СІМ қалпына келтіреді.
ҚР ІІМ АПО "А1", "А2", "А3", "А4", "А6" санаттарындағы визаларды қоспағанда, барлық санаттағы визаларды виза алушының уақытша тұру орны бойынша қалпына келтіреді. ҚР ІІМ АПО "А5" санатындағы визаны виза алушының нақты тұрған жерінде қалпына келтіреді.
"Бүркіт" БАЖ-ды пайдалану арқылы визаның берілу негізін тексергеннен кейін және оның берілу фактісі расталғаннан кейін виза алушының немесе шақырушы тараптың қолдаухатының негізінде виза алушының бүлінген визасындағы сол санатын, мәртелігін, болу кезеңі мен оның қолданылу мерзімін көрсете отырып жаңа виза беру жолымен визаны қалпына келтіру жүзеге асырылады.
49. Визаларды ұзартуды ҚР СІМ және ҚР ІІМ АПО жүзеге асырады.
Визалардың қолданылу мерзімдері осы Қағидалардың 51 және 52-тармақтарында көрсетілген құжаттарды және Қазақстан Республикасында болу мерзімін ұзарту қажеттілігін растайтын құжаттарды ұсыну негізінде немесе форс-мажорлық жағдайларға байланысты ұзартылады.
Визаның қолданылу мерзімін ұзарту сол санаттағы визаны беру жолымен жүргізіледі.
50. Шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруы бойынша ҚР аумағына келген адамдарға – аталған ұйымдардың жазбаша өтініштері негізінде – ҚР СІМ "А1", "А2" (бір мәртелі виза 90 (тоқсан) күнтізбелік күнге дейін), "А3" және "А4" (бір мәртелі виза 90 (тоқсан) күнтізбелік күнге дейін) санаттарындағы визаларды ұзартады.
"А2" мен "А4" санаттарындағы визалардан басқа визалардың қолданылуын 1 (бір) жылға дейін мерзімге ұзарту жүзеге асырылады.
51. ҚР ІІМ АПО мынадай санаттағы визаларды ұзартады:
1) "А5" – шақырушы тараптың қолдаухаты және инвестициялар жөніндегі уәкілетті органның жазбаша растауы немесе АХҚО әкімшілігінің қолдаухаты негізінде. Визаның қолданылуын 3 (үш) жылға дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады. АХҚО инвестициялық резиденттері және олардың отбасы мүшелері визасының қолданылуын ұзарту 5 (бес) жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;
2) "А3" – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының шақыруы бойынша ҚР аумағына келген адамдарға – Қазақстан Республикасының мемлекеттік органының жазбаша өтініші негізінде;
3) "В2" – алғашқы визаны алуға шақыру ресімдеген және Қазақстан Республикасына келу мақсаты көрсетілген шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде. Визаның қолданылуын 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін ұзарту жүзеге асырылады;
4) "В7" – бұрын шақыру ресімдеген шақырушы тараптың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы орталық атқару органдарының немесе "Астана Хаб" қолдаухаттары негізінде. Визаның қолданылуын 90 (тоқсан) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге ұзарту жүзеге асырылады;
5) "В8" және "В9" – Қазақстан Республикасында тұрақты тұру рұқсатын ресімдеуге арналған құжаттарды тапсырғаннан кейінгі қолдаухат негізінде. Визаның қолданылуын 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін ұзарту жүзеге асырылады;
6) "В12-1" (бір жылға дейін көп мәртелік) – өтініш берушінің өтінішхаты негізінде 1 (бір) жылға дейін
7) "В21" – алдын ала тергеу жүргізіп жатқан органның немесе қылмыстық іс қаралып жатқан соттың жазбаша өтініші негізінде – алдын ала тергеу не сот тыңдауын аяқтауға қажетті мерзімге беріледі. Визаның қолданылуын ұзарту 180 (жүз сексен) күнтізбелік күннен аспауы тиіс;
8) "С1" – арызданушының қолдаухаты негізінде 1 (бір) жылға дейінгі мерзімге;
9) "С2" – Көші-қон туралы заңында анықталған мерзімдерге шақырушы тараптың жазбаша өтініші негізінде мынадай құжаттар болған кезде:
шақырушы адамда отбасының әрбір мүшесін ұстауға кемінде айына Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңымен белгіленген ең төменгі еңбекақы көлеміндегі ақшаның болуын растауы;
шақырушы адамның "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында алаңы отбасының әрбір мүшесіне белгіленген ең төменгі нормативтерге сәйкес келетін тұрғын үйдің болуын растауы;
шақырушы адамның отбасы мүшелері үшін медициналық сақтандырудың болуы;
Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің уәкілетті мемлекеттік органдары ұсынған шақырушы адаммен отбасылық қарым-қатынастарды растайтын құжаттардың нотариатты түрде куәландырылған көшірмелері;
10) "С3" – бұрын алғашқы визаны алуға шақыру ресімдеген және, егер мұндай рұқсат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін болса, еңбекші көшіп келушінің рұқсатнамасы болған кезде, шақырушы тараптың қолдаухаты негізінде.
Еңбек қызметі Қазақстан Республикасының басқа өңірлерінде жүзеге асырылған жағдайда шақырушы тарап еңбекші-көшіп келушіні іссапарға жіберу туралы бұйрықты ұсынады (не шарт немесе келісімшарт).
"С3" санатындағы визаның қолданылу мерзімін ұзарту рұқсаттың жарамдылық мерзіміне, бірақ 3 (үш) жылдан артық емес (АХҚО қатысушылары мен органдарына, "Астана Хаб" қатысушыларының жұмыскерлеріне немесе "Астана Хаб" жұмыскерлеріне – 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімге) мерзімге жүзеге асырылады;
11) "С4" – қолдаухат және заңды тұлғамен жасалған еңбек шарты негізінде – Қазақстан Республикасының резидентімен біліктілік сәйкестігі туралы анықтамада көрсетілген мамандық бойынша. Визаның қолданылу мерзімін ұзарту еңбек шартының қолданылу мерзіміне, бірақ 3 (үш) жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырылады;
12) "С5" – Қазақстан Республикасының астанасының, республикалық маңызы бар қалаларының, облыстарының және оның аудандарының жергілікті атқарушы органдарының жазбаша өтініштері негізінде. Визаның қолданылуын ұзарту 2 (екі) жылға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;
13) "С7" – діни қызмет саласын жүзеге асыратын уәкілетті органдағы мекемемен келісілген Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген діни бірлестіктің жазбаша өтініші негізінде. Визаның қолданылуын ұзарту 180 (жүз сексен) күнтізбелік күнге дейінгі мерзімге жүзеге асырылады;
14) "С9" – Қазақстан Республикасында тіркелген оқу орнының немесе білім саласындағы уәкілетті органның қолдаухаты негізінде. Визаның қолданылуын 1 (бір) жылға дейінгі мерзімге немесе жазғы демалыс кезеңінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күнге дейінгі ұзарту жүзеге асырылады;
15) "С12" – Қазақстан Республикасы азаматтарының, не болмаса Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтағы жоқ адамдардың тұрақты күтім қажеттілігін растайтын, Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдарында емделіп жатқан немесе жақын туыстарына тұрақты күтім қажеттілігін растайтын Қазақстан Республикасының медициналық ұйымдары берген құжаттар бар болғанда қолдаухат немесе ҚР ІІМ нұсқауының негізінде. Визаның қолданылу мерзімін ұзарту емделуге қажет мерзімге, бірақ 1 (бір) жылдан артық емес мерзімге жүзеге асырылады.
52. "В2" санатындағы визаның қолданылу мерзімі бір рет ұзартылады.
53. Визаны ұзарту туралы өтінішті бастапқы визаны алуға, "С4", "С5" және "С9" санатындағы визаны қоспағанда, шақыру ресімдеген шақырушы тарап бере алады.
Визаны ұзартуға құжаттар 30 (отыз) жұмыс күнінен ерте емес және қолданыстағы визаның мерзімі аяқталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
54. Осы Қағидаларда көзделген жағдайлардан басқа визалардың қолданылу мерзімдері ұзартылмайды.
55. Визаның қолдану мерзімі осы Қағидалардың 38-тармағына сәйкес қысқартылады.
56. Көші-қон туралы заңның 48-бабымен белгіленген жағдайларда шақырушы тарапқа шақыру ресімдеуге, сонымен қатар виза алушыға виза беруден бас тартылады.
57. Паспортта келісілмеген өшірулер мен түзетулер, мөрмен басылмаған фотосуреттер және жыртылған беттер анықталған кезде мұндай құжаттардың иелеріне виза берілмейді.
58. Бұрын шақырылған көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауларын қамтамасыз етпеген жеке және заңды тұлғалардың тізімі, сондай-ақ Қазақстан Республикасына келуге тыйым салынған виза алушыларды ҚР ҰҚК және ҚР ІІМ АПО "Бүркіт" БАЖ-ға енгізеді.
5-тарау. Көрсетілетін қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
59. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағым қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.
Алушылар, санаты, мәртелігі, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу мерзімі, болу кезеңі, виза беру үшін негіздер мен қажетті құжаттар
Қазақстан Республикасының визалық жапсырмасын толтыру
Барлық санаттағы визалар жалған көшірмелерден қорғайтын өзіндік ерекшелігі бар өздігінен желімделетін арнайы жапсырма түріндегі тасығыш-қағазда жасалады. Визалық жапсырма визаның өзінен (тұпнұсқа) және онымен бірдей нөмірі бар түбіртектен тұрады. Толтырылған виза шетелдіктердің паспортына, ал визалық жапсырманың түбіртегі – визалық сауалнамада арнайы белгіленген орынға жапсырылады.
Визалық жапсырмаларды толтыру, осы Қағидалардың 44-тармағына сәйкес "Бүркіт" БАЖ немесе қолмен толтыру арқылы жүзеге асырылады:
1) "берілген жері/place of issue" деген бағанда визаны берген мекеменің коды көрсетіледі (мысалы: 001);
2) "мәртесі/entries" деген бағанда визаның мәртелігі қойылады (мысалы: бір мәртелік – "1", көп мәртелік – "multiple");
3) "түрі-санаты/category" деген бағанда виза санатының коды көрсетіледі (мысалы: В1);
4) "берілген күні/date of issue" деген бағанда визаның берілген күні жазылады;
Визаның берілген күні мен визаның қолданылу мерзімі санмен жазылады (мысалы: 30.01.2016.);
5) "тегі-аты/name-given name" деген бағанда виза иесінің паспортындағыдай тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жазылады (мысалы: surname Braun Given name Alexander, машина оқи алатын аймақ:
P<BRAUN<<ALEXANDER<<<<<<<<<<<<
P001545444FRA85019M28117000000<<14);
6) "паспорттың №/passport №" деген бағанда виза алушы шетелдіктің паспортының нөмірі жазылады. Топтық виза беретін кезде "топтық" жазылады;
7) "басталу мерзімі/valid from" деген бағанда визаның қолдану мерзімі басталатын күн жазылады;
8) "аяқталу мерзімі/valid until" деген бағанда визаның қолдану мерзімі аяқталатын күн жазылады;
9) "шақырған мекеме/inviting organization" деген бағанда шақырушы тараптың атауы көрсетіледі (мысалы: "АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі", "ҚР Қаржы министрлігі", "Ақбота" ЖШС, ҚР ІІМ берілген жеке істер бойынша Қазақстан Республикасына кіруге шақырудың нөмірі және т.б.).
"В10" және "С1" санаттардағы визаларда Қазақстан Республикасында тұрақты тұру рұқсатының құжаттарын келісуден өткізген және шақыруды ресімдеген органның атауы көрсетіледі (мысалы: "Астана қаласының ПД").
Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі – ҚР-дың шет елдердегі мекемелері) қолдаухат негізінде виза беру кезінде визаны берген дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің атауы көрсетіледі (мысалы: "ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігі");
10) "қосымша мәліметтер/additional information" деген бағанға мынадай қажетті мәліметтер енгізіледі:
ұзартылатын, көшірілетін немесе түзетілген визаның нөмірі және "визаны ұзарту" жазбасы (мысалы: "№14061072 ұзарту", "№14061072 түзету/көшіру");
егер, виза қайтыс болу фактісін немесе туыстарының ауыр науқасты біреуінің жай-күйін растайтын жеделхат негізінде берілсе, тиісті жазу енгізіледі (мысалы: "01.01.2014 жылғы жеделхат", "жерлеуге");
егер шетел азаматтары үшін келуге рұқсат етілмейтін елді мекендерге баруға рұқсат берілген жағдайда, елді мекеннің атауы, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР СІМ) немесе Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) растаухатының нөмірі және күні (мысалы: "Курчатов қ., № 01-027/3 11.01.2013 ж.");
топтық визаны беру кезінде тізім бойынша келуші және кетуші тұлғалардың саны көрсетіледі (мысалы: "25 адамның тізімі қоса беріледі");
көлік құралы иесінің жол жүретін көлік құралының маркасы, моделі (түрі) және нөмірі (мысалы: "Toyota Camry, № AF-723 R");
"жұмыс жасауға құқығы/жоқ-work is not permitted" жазбасы (отбасы мүшелері және асыраудағы тұлға);
қажет болғанда Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету пункттері;
егер, баланың жеке паспорты болса және алып жүрушінің паспортына енгізілмесе, алып жүрушінің паспортындағы визалық жапсырмаға баланың паспорт нөмірі енгізіледі;
егер, паспорт иесімен бірге өздерінің паспорттары бар үштен артық бала болған жағдайда, балалардың визалық жапсырмаларында балаларды алып жүрушінің паспорт нөмірі;
виза алушының болу мерзімі (мысалы: әр келгенде 30 тәулік/30 days at each entry);
басқа қосымша мәліметтер.
Қосымша мәліметтер болмаған жағдайда аталған баған толтырылмайды.
11) "төлемақы/fee" деген бағанда консулдық алымның немесе мемлекеттік баждың сомасы жазылады (мысалы: "30 USD", "30 EUR" немесе "500 KZT"). Виза консулдық алымсыз (мемлекеттік бажсыз) берілген болса "0" қойылады;
12) бір адамға ресімделген визалық жапсырманың "өзімен бірге/accompanied by" деген бағанға сызықша қойылады.
Егер виза иесінің паспортына оның отбасы мүшелері енгізілген болса және олар заңды негізде онымен бірге жүрсе, онда осы бағанда "+" деген белгі қойылып, олардың саны көрсетіледі (мысалы: "+3").
Егер паспорт иесімен бірге өздерінің жеке паспорттары бар үштен артық бала бірге жүрсе, онда оларға бөлек визалар беріледі.
13) "қолы және тегі/ signature and surname" деген бағанда визаны берген ҚР шет елдегі мекемелерінің, ҚР СІМ және ҚР ІІМ лауазымды қызметкерінің қолы мен тегі көрсетіледі;
14) түбіртектің "азаматтығы/nationality" және "түбіртек №/receipt №" деген бағандарда сәйкесінше азаматтығы және консулдық алымды немесе мемлекеттік бажды төленгенін растайтын төлем құжатының нөмірі көрсетіледі, "ескертпе/remarks" деген бағанда – ескертпелер.
Егер виза алушының Қазақстан Республикасында болуы кезінде паспорты одан әрі қолдануға жарамсыз болған жағдайда, және оның иесі жаңа паспорт ұсынса, визалық жапсырманың мына бағандардағы "берілген жері", "берілген күні", "қолы және тегі" және "паспорт нөмірі" деректерінен басқа бұрынғы визаның барлық деректемелері көрсетілген жаңа виза жапсырылады.
Виза жапсырмасының "қосымша мәліметтер" бағанында көшірілуге жатқызылған визаның нөмірі көрсетіледі.
нысан
Электрондық виза
Нысан
кестеннің жалғасы
№ | |||||||||||
__________ПД (облыс, республикалық маңызы бар қала) Көші-қон қызметі басқармасы ҚР СІМ Консулдық қызметі департаменті | |||||||||||
Подтверждает приглашение принять | |||||||||||
Қазақстан Республикасында тұрғылықты жерінің мекенжайы |
Қазақстан Республикасы аумағында | Шетелдегі тұрғылықты елі | Шетелдегі тұрғылықты мекенжайы (англ.,код мемлекет,мемлекет атауы,мекенжайы) | Сұралған визаның жарамдылық мерзімі | Визаның мәртесі | Визаның алу орыны | №, түбіртек күні,код ТТК, мемлекеттік баж соммасы, валюта | ||||
Мекен жайдың тіркеу коды МТК | Көше, шағын аудан | Үй | Корпус | пәтер | |||||||
Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы" Кодексінің 518-бабына сәйкес иммигранттарды уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болуына, елдің аумағында жүріп-тұруына құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және болуының белгіленген мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасынан шығуын және келген шетелдіктер туралы ішкі істер органдарын уақытылы хабарлауды (келген күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде) қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілік жөнінде ескертілді. | |||||||||||
____________________________________________________ (заңды тұлға басшысының аты-жөні/ жеке тұлғаның аты-жөні) 202_ ж. "____"_________№__________________ | |||||||||||
"Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
"А3", "В1", "В3", "В10", "В12" және "В12-1" санатындағы визаларды ресімдеу кезінде азаматтары шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылатын экономикасы дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттердің тізімі
1. Аустралия Одағы
2. Аустрия Республикасы
3. Америка Құрама Штаттары
4. Бельгия Корольдігі
5. Біріккен Араб Әмірліктері
6. Болгария Республикасы
7. Бразилия Федеративтік Республикасы
8. Германия Федеративтік Республикасы
9. Грек Республикасы
10. Дания Корольдігі
11. Жаңа Зеландия
12. Жапония
13. Израиль Мемлекеті
14. Иордан Хашимит Корольдігі
15. Ирландия
16. Исландия
17. Испания Корольдігі
18. Италия Республикасы
19. Канада
20. Қатар Мемлекеті
21. Кипр Республикасы
22. Корея Республикасы
23. Латвия Республикасы
24. Литва Республикасы
25. Лихтенштейн Князьдігі
26. Люксембург Ұлы Герцогтігі
27. Мажарстан
28. Малайзия
29. Мальта Республикасы
30. Монако Князьдігі
31. Нидерланд Корольдігі
32. Норвегия Корольдігі
33. Оман Сұлтандығы
34. Польша Республикасы
35. Португалия Республикасы
36. Румыния
37. Сауд Арабиясы Корольдігі
38. Сингапур Республикасы
39. Словак Республикасы
40. Словения Республикасы
41. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі
42. Финляндия Республикасы
43. Француз Республикасы
44. Хорватия Республикасы
45. Чех Республикасы
46. Швейцария Конфедерациясы
47. Швеция Корольдігі
48. Эстония
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының № ___________ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының № 11-1-2/555 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің № 1100 бірлескен бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14531 болып тіркелген) Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту қағидаларында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар пакетін толық ұсынбағаныңыз үшін "Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдау және келісу" жөніндегі мемлекеттік қызметін көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тартады, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация қызметкері қолданылу мерзімі өткен құжаттармен өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Жоқ құжаттардың атауы:
1) ________________________________________________________________;
2) _______________________________________________________________;
3) ..... Осы қолхат 2 данада, әрбір тарапқа бір-біреуден жасалды.
Орындаушы:______________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / (Мемлекеттік корпорация қызметкерінің қолы)
Телефоны __________________ Алдым:
_____________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) / көрсетілетін қызметті алушының қолы
20__ жылғы "___" __________________
"Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету құқығына Қазақстан Республикасының аумағында визаны беру, қалпына келтіру және ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
Нысан
ВИЗАЛЫҚ САУАЛНАМА Қазақстан Республикасы | The Republic of Kazakhstan VISA APPLICATION FORM | |
Ескертпе! Сауалнама баспалық әріптермен толық және ұқыпты түрде толтырылуы тиіс. Attention! Application form should be filled in fully and accurately, in block letters. Wrong filling of application form can become a cause of refuse in issue of entry visa. 1. Тегі/ Surname(s):________________________________ 2. Аты/First name(s): _______________________ 3. Бұрынғы аты және тегі/other names and surnames: _________ | ||
4. Жынысы/ Sex: Ер/Мale Әйел/Female | ||
5. Туған күні / Date of birth: | ||
күні/day айы/month жылы/year 6. Туған жері (қала және ел)/Place of birth (city and country): ________________________________________ | ||
7. Азаматтығы/Nationality: _______________________________________ Туған кезіндегі азаматтығы/Nationality by birth: ______________________________ | ||
_____________________________________________________________________
8. Отбасы жағдайы/Marital status:
бойдақ/single үйленген (күйеуде)/married
ажырасқан/ divorced вдовец(вдова) тұл ер (жесір)/widow(ed)
9.Егер үйленген (күйеуде) болсаңыз жұбайыңыздың (зайыбыңыздың) аты-жөнін және азаматтығын көрсетіңіз/If you are married, please, inform your spouse’s full name and nationality:
_______________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
__________________________________________________________
10. Тұрақты тұратын мекенжайы/Your permanent home address:
______________________________________________________________________
____________________________________________тел./tel.____________________
11. Мамандығы және лауазымы / Occupation (educational background and position):
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
12. Жұмыс орны/Place of work:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
мекенжайы/ address:_________________________________тел./tel._____________
13. Паспорттың түрі/Type of passport:
дипломатиялық/diplomatic қызметтік/service
ұлттық/ordinary басқа құжат түрі/other type of document
Нөмері/Number: ________________, берілген күні/date of issue: _______________,
берілген жері/issued by:__________________, қолданыс мерзімі/valid till: _______
14. Туған елінен тыс тұратын адамдар үшін: тұратын мемлекетіне қайтуға рұқсаты бар ма?/For person who lives outside of the country of origin: have you got a permission to return to the country of living?: Нет/No Да/Yes
Рұқсаты болған жағдайда, құжат нөмірін және қолданыс мерзімін көрсетіңіз/ If yes, please indicate the number of this document and its validity:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________
15. Бұрын Қазақстанда болғансыз ба?/Have you visited the Republic of Kazakhstan before?: Нет/No Да/Yes
Болған жағдайда, бұрынғы сапарларыңыздың күндерін және мақсатын көрсетіңіз/If yes, indicate the date and purpose of the visit(s):
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
16. Сіздің Қазақстан Республикасына келуіңізге бұрын рұқсат берілмеген жағдай болды ма?/Have you ever been refused entry to the Republic of Kazakhstan?: Нет/ No Да/Yes
Бас тартылған жағдайда, себептерін жазыңыз (қашан және кім рұқсатты берген жоқ)/If yes, please give details below (when and by whom): _______________________________
___________________________________________________________________
17. Сапардың мақсаты/ Purpose of travel:
___________________________________________________________________
18. Қабылдайтың тарап (мекенжайы, тел.)/ Inviting organization (address,tel.):
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
немесе жауапты адам туралы мәлімет (толық аты-жөні, мекен-жайы, тел.)/or person, arranging your visit to Kazakhstan (fullname, address,tel.):
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
19. Қазақстан Республикасында болатын пункттері/Placts of destination in the Republic of Kazakhstan:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
20. Қазақстан Республикасындағы келетін бастапқы пункті/ The first place of entry into the Republic of Kazakhstan:_____________________________________________________
______________________________________________________________________
21. Қазақстандағы уақытша тұратын мекенжайы/Temporary address in Kazakhstan:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
22. Сіздің сапарыңызды және Қазақстанда болу мерзімінде тұру шығыстарыңызды кім қаржыландырады?/Who is paying for your cost of traveling and for your costs of living during your stay in Kazakhstan?:_______________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
23. Қазақстанда болу мерзіміне сақтандыруыңыз бар ма?/Have you got an insurance for the period of your stay in Kazakhstan? Нет/ No Да/ Yes
Сақтандыру болған жағдайда, оның қолданыс мерзімін және сақтандыру компаниясының атауын көрсетіңіз./If yes, please indicate its validity and the name of insurance company: ____________________________________________________________________
______________________________________________________________________
24. Қазақстан арқылы транзитпен өткен жағдайда, негізгі баратын мемлекеттің визасы немесе тұруға ықтиярхаты бар ма?/In case of transit through Kazakhstan, have you got an entry visa or residence permit for your destination?: Нет/ No Да/ Yes
Болған жағдайда, баратын мемлекетті/if yes, indicate the country of destination:
_______________________________________________________________________
_______________________________________________________________________,
кіру жоспарланған шекара пунктін/ border point through which entry is planned:
_______________________________________________________________________
______________________________________________________________________,
транзиттің бағытын көрсетіңіз /route of transit:______________________________
______________________________________________________________________
25. Сұрау салынатын визаның мерзімі/Period of requested visa: бастап/from ____ до дейін/to _______
26. Сұрау салынатын визаның мәртелігі/Number of entries requested: бір мәртелік/single entry көп мәртелік/multiple
27. Балалары (Сізбен бірге жүрген балалар паспортыңызға енгізілген жағдайда ғана толтырылады)/ Children (please indicate whether they are traveling with you and are entered in your passport):
№ |
Тегі, аты / |
Туған жері мен күні/ | |
Мен жоғарыда көрсетілген мәліметтердің толық және дұрыс екенін растаймын. Жалған мәліметтер беріліп қойған визаны жоюға немесе оны беруден бас тартуға себеп болуы мүмкін екендігі маған мәлім.
Мен Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Салық Кодексінің 629-бабына сәйкес төленген консулдық алымдар сомасының қайтарылмайтыны; берілген виза Қазақстанға кіруге толық кепілдік бермейтіні және Қазақстан Республикасының құзыретті органдары менің Қазақстан аумағына кіруіме келісім беруден бас тартқан жағдайда өтемақыға құқық бермейтіні туралы хабардармын.
I undertake that the above mentioned personal data are full and correct. I am aware, that wrong data can cause refuse and ca celing of already issued visa. I am obliged to leave the territory of the Republic of Kazakhstan before visa expiration.
I am told, that in accordance with the article 629 of the Code of the Republic of Kazakhstan of Taxes and another obligatory payments to the budget the sum of money paid as consular fee is not subject for return; the issued visa does not fully guarantee entry into Kazakhstan and will not serve as basis for compensation in case the authorized bodies of the Republic of Kazakhstan refuse entry for the owner of visa into territory of Kazakhstan.
Қызметтік белгілер үшінFor official use only
Күні және жері/
Place and date: _______________________________________
Қолы/Signature: __________________________________
Электрондық шақыру
Азаматтарына бір мәртелік электрондық визалар ресімделетін елдердің тізімі
1. Алжир Халық Демократиялық Республикасы
2. Ангола Республикасы
3. Андорра Князьдігі
4. Антигуа және Барбуда
5. Аруба
6. Багам аралдары достастығы
7. Бангладеш Халық Республикасы
8. Барбадос
9. Белиз Республикасы
10. Бенин Республикасы
11. Боливия Көпұлтты Мемлекеті
12. Босния және Герцеговина
13. Ботсвана Республикасы
14. Бруней-Даруссалам мемлекеті
15. Буркина-Фасо
16. Бурунди Республикасы
17. Бутан Корольдігі
18. Вануату Республикасы
19. Боливариан Венесуэла Республикасы
20. Габон Республикасы
21. Гайана Кооперативтік Республикасы
22. Гаити Республикасы
23. Гамбия Республикасы
24. Гана Республикасы
25. Гватемала Республикасы
26. Гвинея Республикасы
27. Гвинея-Бисау Республикасы
28. Гондурас Республикасы
29. Гренада
30. Джибути Республикасы
31. Доминика Достастығы
32. Доминикан Республикасы
33. Мысыр Араб Республикасы
34. Замбия Республикасы
35. Зимбабве Республикасы
36. Үндістан Республикасы
37. Иран Ислам Республикасы
38. Камбоджа Корольдігі
39. Камерун Республикасы
40. Кения Республикасы
41. Кирибати Республикасы
42. Корей Халық Демократиялық Республикасы
43. Қытай Халық Республикасы (Гонконг АӘА, Макао АӘА, Тайвань)
44. Комор аралдары
45. Конго Республикасы
46. Коста-Рика Республикасы
47. Кот-д’Ивуар Республикасы
48. Куба Республикасы
49. Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы
50. Лесото Корольдігі
51. Либерия Республикасы
52. Ливан Республикасы
53. Маврикий Республикасы
54. Мавритания Ислам Республикасы
55. Мадагаскар Республикасы
56. Солтүстік Македония Республикасы
57. Малави Республикасы
58. Мали Республикасы
59. Мальдив Республикасы
60. Марокко Корольдігі
61. Маршалл аралдары Республикасы
62. Микронезия
63. Мозамбик Республикасы
64. Мьянма Одағының Республикасы
65. Намибия Республикасы
66. Науру Республикасы
67. Федеративтік Демократиялық Непал Республикасы
68. Нигер Республикасы
69. Нигерия Федеративтік Республикасы
70. Никарагуа Республикасы
71. Палау Республикасы
72. Панама Республикасы
73. Папуа-Жаңа Гвинея Тәуелсіз Мемлекеті
74. Парагвай Республикасы
75. Перу Республикасы
76. Руанда Республикасы
77. Эль-Сальвадор Республикасы
78. Сан-Марино Республикасы
79. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті
80. Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы
81. Эсватини Корольдігі
82. Сейшель аралдары Республикасы
83. Сенегал Республикасы
84. Сент-Винсент және Гренадины
85. Сент-Китс және Невис Федерациясы
86. Сент-Люсия
87. Суринам Республикасы
88. Сьерра-Леоне Республикасы
89. Біріккен Танзания Республикасы
90. Того Республикасы
91. Тонга Корольдігі
92. Тринидад және Тобаго Республикасы
93. Тувалу
94. Тунис Республикасы
95. Түрікменстан
96. Уганда Республикасы
97. Шығыс Уругвай Республикасы
98. Фарер аралдары
99. Фидж Республикасы
100. Орталық Африка Республикасы
101. Чад Республикасы
102. Черногория
103. Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы
104. Эритрея Мемлекеті
105. Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы
106. Оңтүстік Африка Республикасы
107. Ямайка
Нысан
Топтық визаны ресімдеуге арналған атаулы тізім
№ | Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) | Туған жылы, күні, айы | Жынысы | Паспорттың № | Азаматтығы |
мөр ___________________________
(қолы, лауазымы және тегі)
Осы виза тізімде көрсетілген әрбір тұлғаның өту пунктінде өзі ұсынуы кезінде жарамды (басталатын тегі __________ және соңғы тегі__________), фотосуретпен жеке басын растайтын, паспорты.
Нысан
"Бекітемін" ______________ шетелдегі мекеменің басшысы __________________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) 20__ж. "__"____________ |
Жойылған, бүлінген немесе жоғалған Қазақстан Республикасының визалық бланктерін (қатаң есептегі) жою туралы АКТІ
Біз төменде қол қоюшылар, құрамында:
1._______________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
2._______________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
осы акт № ______________ визалық жапсырма алынғаны/бүлінгені/жоғалғаны туралы жасалды.
Қосымша: күші жойылған/бүлінген визалық жапсырмалардың көшірмелері _____ парақта. _____________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
______________________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Орындаушы: _________________________________________
(тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері, телефоны)