Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін және оны қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 49 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 ақпанда № 31938 болып тіркелді.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 28.02.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар бекітілсін:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін қалыптастыру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2023 жылғы 28 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғарғы білім

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және

      инфрақұрылымдық даму

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 49 бұйрығына
1-қосымша

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін қалыптастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шетелдіктердің тұрақты тұруға рұқсат алу мақсатында сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      2) шетелдіктер – Қазақстан Республикасының азаматтары емес және өзiнiң басқа мемлекеттiк азаматтығына қатысты екендiгiнiң дәлелi бар адамдар;

      3) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы – еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын қамтитын ақпараттық жүйе.

2-тарау. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесін қалыптастыру тәртібі

      3. Тізбені қалыптастыру үшін уәкілетті орган:

      1) жұмыс берушілермен шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіптер туралы "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің мәліметтеріне;

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы №154 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18445 тіркелген) бекітілген Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларына сәйкес қалыптастырылған кадрларға қажеттіліктің орта мерзімді болжамына;

      3) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталының бос жұмыс орындарына талдау жүргізеді.

      4. Уәкілетті орган осы Қағиданың 3-тармағына сәйкес жүргізілген талдау негізінде Тізбенің жобасын қалыптастыруға мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлік палатасына (бұдан әрі – ҰКП) келісуге жібереді.

      5. Мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ҰКП Тізбе жобасын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Тізбе жобасын келіседі немесе уәкілетті органға ұсыныстар жолдайды.

      Егер Тізбенің жобасы он жұмыс күнінен астам келісуде болса және ол бойынша жауап берілмесе, онда Тізбенің жобасы әдепкі бойынша "келісілген" болып есептеледі.

      6. Уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып Тізбені бекітеді.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 49 бұйрығына
2-қосымша

Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алуы үшін сұранысқа ие кәсіптердің тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 03.05.2024 № 134 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Білім беру саласының атауы

Ұлттық сыныптауыштың 01-2017 қызметтердің тобы

Кәсіптің атауы

Денсаулық сақтау

2217-4-001

Дәрігер-нейрохируг

2211-7-002

Дәрігер-гематолог

2211-7-004

Дәрігер-онколог

2215-2-002

Дәрігер-неонатолог

2212-1-001

Дәрігер-эндокринолог

2212-7-001

Анестезиолог-реаниматолог

2214-8-001

Дәрігер акушер-гинеколог

2215-1-001

Дәрігер-педиатр

2216-3-002

Сәулелік диагностика дәрігері

Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика
Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

2145-9-005

Органикалық емес заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші

2145-9-006

Органикалық заттар технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші

2145-9-007

Фармацевтика өнеркәсібінің инженер-технологы

2146-9-006

Пайдалы қазбаларды дайындау жөніндегі инженер-зерттеуші

2144-4-023

Авиациялық инженер

2144-5-003

Ғарыш жүйесін аппараттық-бағдарламалық қамсыздандыру жөніндегі инженері

2149-9-001

Жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер

2149-9-002

Лазерлік жабдық жөніндегі инженер

2149-9-011

Целлюлоза, қағаз, полиграфия және талшық өндірісі технологиясы жөніндегі инженер-зерттеуші

2149-9-012

Инженер-медициналық радиохимик

2149-9-013

Инженер-медициналық физик

2149-9-015

Тоқыма шикізатының классификаторы

2131-5-001

Бактериолог

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі салаларында

2521-2-001

Ақпараттық технологиялық-инфрақұрылымының архитекторы

2511-3-001

Бағдарламалық қамсыздандыру архитекторы

2512-1-007

Бағдарламалық қамтылымды әзірлеуші

2512-1-008

Бағдарламалық өнімдерді қолдау жөніндегі маман

2512-2-003

Мобильді қосымшаларды әзірлеуші

2512-3-001

Компьютерлік ойындарды әзірлеуші

2519-9-001

Жасанды интеллект жөніндегі инженер

2521-1-003

Үлкен деректермен жұмыс жөніндегі маман

2523-0-006

Ақпараттық жүйелер сәулетшісі

2519-9-002

Қосымшалар бағдарламашысы

2511-2-001

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бизнес-талдаушы

2512-1-001

Бағдарламалық қамтылым дизайнері

2512-1-003

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жобаларының менеджері

2524-0-003

Ақпаратты қорғау жөніндегі инженері

2529-0-001

Бұлтты есептеу жөніндегі маманы

2141-3-001

Автоматтандыру жөніндегі инженер

2512-2-001

World Wide Web-әзірлеуші

2512-1-005

Бағдарламашы-талдаушы

2317-0-003

Оқытушы, доцент, ақпараттық-технологиялық және бағдарламалық қамтамасыз ету профессоры, жоғарғы оқу орны

2524-0-007

Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі маман

2522-0-003

Сервер әкімшісі

2512-2-004

Қосымшалар әзірлеушісі

2524-0-006

Ақпаратты қорғау жөніндегі маман

Педагогикалық ғылымдар

2338-1-001

Өндірістік оқыту шебері (инженерия және инженерлік іс)

Креативті индустрия саласында

2166-1

Графикалық дизайнер

2166-2

Графикалық анимация технигі

2651-3-004

Суретші-иллюстратор

3521-2-004

Дыбыс инженері

3521-3-003

Бейнемонтажер


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады