"2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қарашадағы № 285 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 27 желтоқсанда № 14589 болып тіркелді

     РҚАО-ның ескертпесі!
     Қаулы 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болу кезеңін ұзарту қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2006 жылғы үлгідегі және 2014 жылғы үлгідегі номиналы 1 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 250 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10205 тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2014 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 1 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі 2014 жылғы 1 желтоқсан – 2017 жылғы 1 наурыз аралығы болып белгіленсін.».
      2. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу басқармасы (Әбішева Т.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.
      5. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Ұлттық Банк
       Төрағасы                                  Д. Ақышев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады