"Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 517 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 29 желтоқсанда № 14627 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2017 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10666 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғимараттар мен құрылыстарды техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жаңа объектілерді және (немесе) қолданыстағы объектілерді өзгертуді (реконструкциялауды, кеңейтуді, жаңғыртуды, техникалық тұрғыдан қайта жарақтандыруды, қалпына келтіруді, күрделі жөндеуді) қоса алғанда, жобаланған объектінің жауапкершілік деңгейін төменде көрсетілген параметрлер бойынша тапсырыс беруші айқындайды:

      1) жауапкершілігі I (жоғары) деңгейдегі объектілер:

      өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар, құрылыстар:

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 70-бабында белгіленген белгілері бар қауіпті өндірістік объектілер және "Қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 353 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10310 болып тіркелген) сәйкес, солай деп сәйкестендірілетін объектілер;

      атом энергиясын пайдаланатын объектілер (оның ішінде ядролық қондырғылар, ядролық материалдарды және радиоактивті заттарды, қалдықтарды сақтау пункттері);

      қуаты 150 МВт (Мега Ватт) және одан жоғары жылу-энергетикалық ғимараттар мен құрылыстар;

      домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) және одан астам түтін мұржалары;

      аралығы 100 м (метр) және одан астам, биіктігі 50 м (метр) және одан биік және (немесе) жүк көтергіштігі 32 тонна және одан астам крандары бар өндірістік ғимараттар мен құрылыстар;

      өзге құрылыстар:

      сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) және одан астам мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;

      I және II сыныпты гидротехникалық құрылыстар;

      жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін, I, II және III санаттағы жерасты мұнай, мұнай өнімдері және газ қоймалары;

      I және II сыныпты магистральдық газ, мұнай өнімдері құбырлары;

      I және II сыныпты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары;

      топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау, су бұру желілері және диаметрі 500 мм (миллиметр) және одан жоғары кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ), сондай-ақ өнімділігі тәулігіне 10 000 м3 (тәулігіне текше метр) және одан астам сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары

      диаметрі 800 мм (миллиметр) және одан жоғары магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;

      биіктігі 100 м (метр) және одан биік теледидар мұнаралары және антенналық-мачталық байланыс құрылыстары;

      кернеуі 220 кВ (кило Вольт) астам электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;

      Iа автомобиль жолдары (әрбір бағытта қозғалыс жолағының саны 3 және одан астам) және олардағы құрылыстар;

      елді мекендер шегіндегі магистральдық жүрдек қозғалыс жолдары, жалпықалалық маңызы бар магистральдық үздiксiз қозғалыс көшелері және олардағы құрылыстар;

      бірыңғай кешен ретінде салынатын магистральдық темір жолдар;

      барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 м (метр) және одан астам көпір құрылыстары;

      теміржол және автомобиль жолдары тоннельдері;

      метрополитендер;

      әуежайлар, ұшу-қону жолақтары және өзге де авиациялық инфрақұрылым объектілері;

      спорт және серуендеу кемелеріне қызмет көрсетуге арналған мамандандырылған порттарды қоспағанда, өзен және теңіз порттары;

      ғарыш айлақтарын қоса алғанда, ғарыш инфрақұрылымы объектілері; ұшыру кешендері және тасымалдағыш зымырандарды іске қосу қондырғылары; ғарыш аппараттарын басқаратын жерүсті кешендері; команда беру-өлшеу кешендері; ақпаратты қабылдауға, сақтауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті нысаналы кешендер; ғарышты зерттеудің ғылыми-экспериментальдық базасы; антенналық кешендер; обсерваториялар; тәжірибелік өндірістер; ғарыш аппараттарын, тасымалдағыш зымырандарды және олардың құрам бөліктерін жинау, монтаждау, сынау жөніндегі кәсіпорындар; объектілердің қауіпсіздігі мен инженерлік-техникалық беріктігін қамтамасыз етуге байланысты ғимараттар мен құрылыстар;

      азаматтық қорғаныс объектілері;

      көлемі жылына 100 мың және одан астам тонна қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;

      қауіптілігі I, II және III сыныпты уытты өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму жөніндегі полигондар;

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:

      арнайы жасанды микроклимат құрылғыларын талап ететін және (немесе) арнайы күзет немесе террорға қарсы іс-шараларды талап ететін әкімшілік республикалық басқару органдарының ғимараттары, республикалық маңызы бар мұражайлардың, мемлекеттік мұрағаттардың ғимараттары, ұлттық және мәдени құндылықтарды сақтау қоймалары және қалалар мен елді мекендердің тіршілігін қамтамасыз етуге байланысты объектілер;

      геологиялық жағдай қалыпты аудандар үшін биіктігі 25 қабаттан жоғары тұрғын үй және көп функционалды ғимараттар, оның ішінде әкімшілік ғимараттар;

      құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін, сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін немесе өзге де ерекше геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайдағы биіктігі 12 қабаттан асатын тұрғын үй және көп функционалды ғимараттар, оның әкімшілік ғимараттары;

      ауысымда 480-нен артық адам қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;

      травматологиялық және хирургиялық бөлімдері, сондай-ақ 50-ден астам төсек орынға арналған стационарлары бар аурухана ғимараттары;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 500-ден астам адам бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 1200-ден астам адам бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;

      200 және одан да көп жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;

      сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;

      жобалау құжаттамасында мынадай сипаттамалардың кемінде біреуі:

      тұрғын үй және көп функционалды ғимараттар қоспағанда, биіктігі 50 м (метр) астам;

      өндіріс объектілерін қоспағанда аралығы 50 м (метр) астам;

      15 м (метр) асатын консольдің болуы көзделген конструктивті шешімдері және (немесе) конструкциялары бірегей құрылыс объектілері;

      жердің жоспарлау белгісінен 10 м (метр) астам төмен жерасты бөлігін немесе жерасты қабатының санын екіден астам тереңдету;

      оларға қатысты физикалық және геометриялық желілік емес қасиеттері ескеріле отырып, стандартты емес есептеу әдістері қолданылатын немесе жобалауға және құрылыс салуға арналған арнайы техникалық шарттар әзірлеу талап етілетін конструкциялар мен конструкциялық жүйелердің болуы;

      тергеу изоляторларын, түзеу колонияларын, түрмелерді қоса алғанда, инфрақұрылым объектілері (медициналық қызмет көрсету объектілері, өндірістік кешендері және басқа да объектілері) бар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің объектілері;

      2) жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:

      өнеркәсіп объектілері, өндірістік ғимараттар, құрылыстар:

      өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарын (биіктігі 2 қабаттан жоғары және алаңы 2000 шаршы метрден жоғары қоймалар және тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін, сақтау қоймалары) қоса алғанда, аралығы 12 метрден 100 метрге дейінгі (қоса алғанда), биіктігі 12 метрден 100 метрге дейінгі (қоса алғанда) және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннадан 32 тоннаға дейінгі (қоса алғанда) крандары бар өндіріс объектілері (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа да өнеркәсіп салаларының объектілері);

      қуаты 150 МВт (Мега Ватт) дейінгі жылу-энергетика ғимараттары мен құрылыстары;

      сүт, ет өнімдерін өндіру бойынша мал басының саны 200-ден (қоса алғанда) астам мал шаруашылығы кешендері мен фермалар, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, бордақылау алаңдары;

      мал басы саны жылына 6 млн. бастан (жылына млн. бас) (қоса алғанда) асатын құс фермалары мен кешендері;

      алаңы 10 000 м2 астам (қоса алғанда) жылыжай кешендері;

      көлемі 5 т/сағ (сағатына тонна) (қоса алғанда) астам құрама жем заводтары мен цехтар;

      сақтау көлемі 500 т (тонна) (қоса алғанда) астам элеваторлар мен астық қоймалары;

      ауысымына 10 тоннадан астам (бір ауысымда тонна) (қоса алғанда) мал сою және сою өнімдерін алғашқы өңдеу;

      ауысымына 10 тоннадан астам (бір ауысымда тонна) (қоса алғанда) өндірістік қуаттылығына байланысты сүт қабылдау және дайындау пункттері станциялары;

      домна пештерінің орталық тораптары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі түтін мұржалары;

      өзге құрылыстар:

      сыйымдылығы 10 000 м3 (текше метр) дейінгі мұнай, мұнай өнімдері, сұйытылған газ резервуарлары;

      III және IV сыныпты гидротехникалық құрылыстар;

      жобалау жөніндегі мемлекеттік нормативтерге сәйкес белгіленетін мұнайдың, мұнай өнімдерінің және газдың IIIб және IIIв санатындағы жерасты қоймалары;

      III және IV сыныпты магистральдық газ, мұнай өнімдері құбырлары;

      III және IV сыныпты магистральдық мұнай құбырлары және мұнай өнімдері құбырлары;

      қысымы 0,3 МПа (Мега Паскаль) бастап 1,2 МПа (Мега Паскаль) дейінгі (қоса алғанда) газ тарату желілері;

      топтық су тартқыштарды қоса алғанда, магистральдық сумен жабдықтау, су бұру желілері және диаметрі 500 мм (миллиметр) дейінгі кәріздік коллекторлар және олардағы құрылыстар, су құбыры және кәріздік тазарту құрылыстары (СТҚ және КТҚ);

      өнімділігі тәуілігіне 500 м3 (текше метрден) 10 000 м3 дейін (тәуілігіне текше метр) сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;

      траншеясыз әдіспен орындау кезінде 500 мм (миллиметр) және жоғары топтық су құбырлары мен су жинау құрылыстары;

      диаметрі 350 мм (миллиметр) бастап 800 мм (миллиметр) дейінгі магистральдық және тарату (орамішілік) жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;

      магистральдық байланыс желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары, биіктігі 100 м (метр) дейінгі телевизиялық мұнаралары және антенналық-мачталық байланыс құрылыстары;

      кернеуі 35 кВ бастап 220 кВ (кило Вольт) дейінгі (қоса алғанда) электр беру желілері және өзге де электр-желілік шаруашылық объектілері;

      Iб, II, III санаттарындағы автомобиль жолдары (әрбір бағытта қозғалыс жолағының саны 3 кем) және олардағы құрылыстар;

      9-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілмеген қалалық және ауылдық елді мекендердегі көшелер мен жолдар, өнеркәсіп кәсіпорындарының ішкі және сыртқы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар (көпір құрылыстарын қоспағанда);

      жекелеген жобалар бойынша іске асырылатын магистральдық теміржол желілерінің объектілері, сондай-ақ кіреберіс және станциялық жолдар;

      барлық санаттардағы жолдарда ұзындығы 100 м (метр) дейінгі көпір құрылыстары;

      көлемі жылына 100 мың тоннаға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтар полигондары;

      қауіптілігі IV сыныпты утты өнеркәсіп қалдықтарын залалсыздандыру және көму полигондары;

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:

      геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін биіктігі 6 қабаттан 25 қабатқа дейінгі тұрғын үй және көп функционалды ғимараттар, сондай-ақ биіктігі 3 қабаттан 25 қабатқа дейінгі әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      сейсмикалық белсенділігі жоғары (7 және одан астам балл) немесе құрылыс салған кезде арнайы техникалық шешімдерді және іс-шараларды талап ететін өзге де геологиялық (гидрогеологиялық және геотехникалық) жағдайлары ерекше аудандардағы биіктігі 6 қабаттан 12 қабатқа дейінгі тұрғын үй және көп функционалды ғимараттар, сондай-ақ биіктігі 12 қабатқа дейінгі әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ден 500-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ден 1200-ге дейін адам (қоса алғанда) бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;

      сыйымдылығы 50 орыннан асатын қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);

      мектепке дейінгі балалар мекемелерінің ғимараттары;

      оқушылар саны 600 астам орта мектеп (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары (қоса алғанда);

      сыйымдылығы 50 баладан асатын мектеп-интернаттарының жатын корпустарының, балаларға арналған демалу лагерлерінің ғимараттары;

      ауысымына 50-ден 480-ге дейін адам (қоса алғанда) қабылдайтын стационары жоқ денсаулық сақтау объектілері;

      50-ден 200-ге дейін жұмыс орны бар тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының ғимараттары;

      геологиялық жағдайлары қалыпты аудандар үшін өрт сөндіру депосы кешендері;

      бір мезгілде 10 бірліктен астам көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан асатын, жер астындағы биіктігі 2 қабаттан асатын жерүсті немесе жерасты гараж-тұрақтар;

      травматологиялық және хирургиялық бөлімдері бар ауруханалардың ғимараттары, сондай-ақ 50 және одан кем төсек орынға арналған стационарлар;

      3) техникалық жағынан күрделілерге жатпайтын жауапкершілігі II (қалыпты) деңгейдегі объектілер:

      өрт, жарылыс, газ, химиялық агрессивті, улы және уытты заттар бойынша қауіпті емес өндірістік-шаруашылық құрылыстарын (тауарлар мен материалдарды сақтау үшін ерекше жағдайларды, сондай-ақ өзге де жобалау шешімдері мен іс-шараларды талап ететін) қоса алғанда, жалпы аралығы 12 метрден кем, биіктігі 12 метрден кем және (немесе) жүк көтергіштігі 5 тоннаға дейінгі крандары бар өндірістік объектілер (машина жасау, көлік, құрастыру, өңдеу, жеңіл және басқа өнеркәсіп салаларының объектілері);

      тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер:

      геологиялық (гидрогеологиялық және инженерлі) және сейсмикалық жағдайларға қарамастан, жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан аспайтын (қоса алғанда) (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) тұрғын үйлер;

      келушілерді (көрермендер, клиенттер, науқастар, жолаушылар, сатып алушылар, қонақүйде тұратындар және тағы сол сияқты), сондай-ақ оларға қызмет көрсетуші қызметкерлер мен персоналды қоса алғанда, ішкі үй-жайларында бір мезгілде 50-ден аспайтын адам болатын, жер үстіндегі биіктігі 2 қабаттан аспайтын (үстіңгі техникалық қабатты қоспағанда) геологиялық жағдайлары қалыпты аудандарға арналған әкімшілік-тұрмыстық, қоғамдық ғимараттар мен құрылыстар;

      жоғары және орта арнайы оқу орындарының ғимараттары;

      сыйымдылығы кемінде 600 оқушы жалпы білім беру мектептерінің (гимназиялар, лицейлер) ғимараттары;

      бір мезгілде 10 бірліктен аспайтын (қоса алғанда) көлік құралдарына қызмет көрсететін автосервис пункттері (шеберханалар), сондай-ақ жер үстіндегі биіктігі 5 қабаттан аспайтын (қоса алғанда), жер астындағы биіктігі 2 қабаттан аспайтын (қоса алғанда) жерүсті немесе жерасты гараждар-тұрақтары;

      вахталық кенттердің 3 жерүсті қабатынан аспайтын тұрғын ғимараттары мен әлеуметтік-мәдени-тұрмыстық объектілер;

      өзге құрылыстар:

      IV және V санаттағы автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар;

      кернеуі 35 кВ (кило Вольт) кем электр беру желілері мен өзге де электр желілік шаруашылық объектілері;

      тұрғындар саны 500 адамнан аспайтын жеке тұрғын үй кешендеріне арналған жұмыс қысымы 1 МПа (Мега Паскаль) кем, диаметрі 300 мм (миллиметр) (қоса алғанда) сыртқы сумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар, оның ішінде тарту (орамішілік, көшелік) алаңішілік сумен жабдықтау желілері, орамішілік су бұру желілері, үйішілік сумен жабдықтау және су бұру желілері;

      траншеясыз тәсілмен орындау кезіндегі диаметрі 500 мм (миллиметр) дейінгі топтық су құбырлары мен кәріз коллекторлары;

      өнімділігі тәулігіне 500 м3 дейін (тәуілігіне текше метр) (қоса алғанда) сорғы станциялары мен су тарту құрылыстары;

      диаметрі 350 мм (миллиметр) дейінгі сыртқы жылумен жабдықтау желілері және олардағы құрылыстар;

      байланыс желісінің аймақтық және жергілікті желілерінің желілік-кабельдік құрылыстары;

      шаруашылық-тұрмыстық және техникалық сумен жабдықтау үшін су жинау ұңғымаларын мен құрылыстарын жайластыру;

      қысымы 0,3 МПа (Мега Паскаль) дейінгі газ тарату желілері;

      сүт, ет өнімдерін өндіру бойынша мал шаруашылығы кешендері мал басының саны 200 басқа дейінгі мал шаруашылығы фермалары, асыл тұқымды мал өсіру шаруашылықтары, бордақылау алаңдары;

      мал басы саны жылына 6 млн басқа (жылына млн бас) дейінгі құс фермалары мен кешендері;

      алаңы 10 000 м2-ге дейінгі жылыжай кешендері;

      көлемі 5 т/сағ-қа (сағатына тонна) дейінгі құрама жем заводтары мен цехтар;

      сақтау көлемі 500 т (тонна) кем элеваторлар мен астық қоймалары;

      ауысымына 10 тоннаға дейінгі (бір ауысымда тонна) мал сою және сою өнімдерін алғашқы өңдеу;

      ауысымына 10 тоннаға дейінгі (бір ауысымда тонна) өндірістік қуаттылығына байланысты сүт қабылдау және дайындау пункттері станциялары;

      жайылымдарды суландыру жүйесі;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 150-ге дейін адам бара алатын спорттық-ойын-сауық, жабық ғибадат ғимараттары немесе ашық құрылыстар;

      бір мезгілде (сыйымдылығы) 800-ге дейін адам бара алатын сауда-ойын-сауық объектілері;

      сыйымдылығы 50 орынға дейінгі қонақ үй кешендері (мотельдер, туристік базалар);

      4) жауапкершілігі III (төмендетілген) деңгейдегі объектілер:

      алаңішілік байланыс желілері;

      жеке үй жанындағы учаскелердің аумақтарындағы шаруашылық-тұрмыстық жапсарлас құрылыстар және қолданыстағы инженерлік желілерді өзгертуді талап етпейтін абаттандыру;

      контейнерлерден және блоктардан жасалған көшпелі кешендер, сондай-ақ сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындары үшін, құрастырмалы-бұзылмалы конструкциялардан тұрғызылған бір қабатты ғимараттар (құрылыстар);

      уақытша, маусымдық және қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстар (жылыжайлар, парниктер, павильондар, биіктігі 2 қабатқа дейінгі және ауданы 2000 шаршы метрге дейінгі қоймалар (қоса алғанда), байланыс, жарықтандыру тіректері, қоршаулар және сол сияқты құрылыстар);

      әкімшілік-тұрмыстық және өндірістік ғимараттардың ішіндегі автоматты күзет-өрт дабылы және тарту-шығару желдеткіш жүйелері;

      аулалық үлгідегі тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және су бұру желілері;

      қысымы 0,005 МПа (Мега Паскаль) дейінгі газ тарату желілері, оның ішінде тұрмыстық газбен жабдықтаудың алаңішілік желілері мен үйішілік жүйелері, көп қабатты және аз қабатты тұрғын үйлерді (жеке үйлерді қоса алғанда) газдандыру";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Салынуы көзделген объектінің жауапкершілік деңгейін жобаны жобалау процесінде есептер, жүктемелер және әсер етулер бойынша негізгі ережелерді айқындайтын мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтермен белгіленетін, сондай-ақ:

      1) жобаланған объектінің функционалдық мақсатын, сондай-ақ болашақ пайдалану барысында технологиялық процестерге байланысты, объекті мен оның бөліктерінің конструктивтік схемаларына жүктемелер мен әсерлерді;

      2) қолданылатын тіреу және қоршау конструкцияларының ерекшеліктерін;

      3) қабаттар (конструкциялық қатарлар) санын;

      4) құрылыс салынатын жердің сейсмикалық қауіптілігі немесе өзге де ерекше жағдайлары;

      5) жел немесе қар жүктемесі және басқа да табиғи құбылыстар сияқты өзге де сыртқы әсерлерді ескере отырып жүргізілген конструкцияларды (конструктивтік схемаларды) есептеудің нәтижелері бойынша, негіздер мен құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне қойылатын техникалық талаптардың дәрежесі бойынша әзірлеуші (бас жобалаушы) нақтылайды.

      Белгіленген жауапкершілік деңгейі ғимараттың немесе құрылыстың техникалық сипаттамалары ретінде (жалпы түсіндірме жазба және жобалау құжаттамасының тиісті бөлімдерінде) жобаның материалдарында тіркеледі.

      Жаңа ғимараттар мен құрылыстар кешенін салуды көздейтін құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі жауапкершілік деңгейі неғұрлым жоғары ғимарат (құрылыс) бойынша белгіленеді.

      Қолданыстағы объектілер кешенінің аумағында ғимараттарды (құрылыстарды) кеңейтуді, реконструкциялауды көздейтін құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде жауапкершілік деңгейі жауапкершілік деңгейі неғұрлым жоғары ғимарат (құрылыс) бойынша белгіленеді.

      Қолданыстағы объектілер кешенінің аумағында жаңа ғимараттарды (құрылыстарды) салуға немесе оларды модернизациялауды, күрделі жөндеуді көздейтін құрылыс жобаларын әзірлеу кезінде, егер тапсырыс беруші және бас жобалаушы көрсетілген құрылыс объектісі кешеннің басқа объектілерімен техникалық және технологиялық тұрғыдан байланысты емес дербес ғимарат ретінде қарастырылады деп белгілесе, жауапкершілік деңгейі оның функционалдық мақсаты мен өзге ерекшеліктері ескеріле отырып, дербес ғимарат (құрылыс) үшін сияқты белгіленеді.";

      20-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) сыйымдылығы 600-ден кем оқушы және биіктігі 3 жерүсті қабатынан аспайтын, сондай-ақ қолданыстағы құрылыстың тығыз орналасқан учаскелері үшін 4 жерүсті қабатынан аспайтын жалпы білім беретін мектептер (гимназиялар, лицейлер);".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Қ. Бишімбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады