"Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 25 қарашадағы № 1097 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 14646 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы" 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 17-бабына сәйкес келтіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      "Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айырылу және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері жөніндегі өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 85 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13391 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 14 наурызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау және Қазақстан Республикасының азаматтығын қалпына келтіру, оның ішінде жеңілдетілген тәртіппен (тіркеу тәртібімен), азаматтықтан шығу, азаматтықтан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін анықтау мәселелері бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына:

      42 - тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) халықты құжаттандырудың деректер базасы бойынша есепте жоқ және пәтер немесе шаруашылық кітаптарда тұрақты тұратынын растай алмайтын Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алмаған он сегіз жастан асқандар;".

      2. Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауға;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрiнiң орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Iшкi істер министрлiгiнiң Көшi-қон полициясы департаментіне (С.С. Сайынов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады