Қайта өңдеушілер үшін 2017 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлуді бекіту туралы

Мерзімі біткен

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 509 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 11 қаңтарда № 14661 болып тіркелді. Бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 509 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрық 01.01.2018 дейін қолданыста болды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 06.12.2016 № 509 бұйрығымен.

      "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған қайта өңдеушілер үшін 2017 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлу бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 6 желтоқсандағы
№ 509 бұйрығымен бекітілген

Қайта өңдеушілер үшін 2017 жылға бөлінген тарифтік квоталар көлемдерін қайта өңдеушілер арасында бөлу

Қайта өңдеушілердің атауы

Қатысушының бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі

тонна

Ірі қара малдың еті, мұздатылған (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 0202)

1

"Тортуманов и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

980340002346

75,012

2

"Кублей" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

921140000433

2 100,0

3

"Дедов" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

090540006914

100,0

4

"КазГруХолдинг" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

090540001021

80,0


Барлығы


2 355,012


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады