Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметтік куәлікті беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 534 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 19 қаңтарда № 14693 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 25 маусымдағы № 212 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Энергетика министрінің 25.06.2021 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 30-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметтік куәлікті беру қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қызметтік куәлігінің сипаттамасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Персоналды дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 534 бұйрығына
1-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметтік куәлікті беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметтік куәлікті беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) қызметтік куәлікті беру тәртібін анықтайды.

      2. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік куәлігі (бұдан әрі – қызметтік куәлік) оның мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын ресми құжат болып табылады.

      3. Тиісінше ресімделмеген, жарамдылық мерзімі өткен, түзетілген және тазартылған қызметтік куәлік жарамсыз болып саналады.

2-тарау. Қызметтік куәлікті беру тәртібі

      4. Қызметтік куәлік:

      1) ведомство басшыларына - Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің;

      2) Министрлік қызметкерлеріне, ведомство басшыларының орынбасарларына, ведомстволардың аумақтық органдарының басшыларына және ведомстволардың аумақтық органдары басшыларының орынбасарларына – министрліктің жауапты хатшысының;

      3) ведомство қызметкерлеріне - ведомство басшысының;

      4) ведомство аумақтық органының қызметкерлеріне - ведомство аумақтық органы басшысының қолтаңбасымен беріледі.

      5. Министрлік қызметкерлеріне қызметтік куәліктерді Министрліктің Персоналды басқару қызметі береді.

      Ведомстволар және олардың аумақтық органдарының қызметкерлеріне қызметтік куәліктерін тиісті ведомствоның Персоналды басқару қызметі береді.

      6. Қызметтік куәліктер қызметкерлерге лауазымға тағайындалған, лауазымы өзгерген, бұған дейін берілген қызметтік куәлік бүлінген, жоғалған, мерзімі өткен жағдайда 3 жыл мерзімге беріледі.

      7.Қызметкерлер алған қызметтік куәлік үшін осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша Министрлік немесе тиісті ведомствоның мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік куәліктерін беруді және қайтаруды есепке алу журналына (бұдан әрі – есепке алу журналы) қол қояды.

      8. Қызметтік куәліктер және есепке алу журналы Министрліктің немесе тиісті ведомствоның Персоналды басқару қызметінің (бұдан әрі – Қызмет) сейфінде сақталады.

      9. Мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған мемлекеттік қызметшіге қызметтік куәлік ті тапсырған кезде Қызмет оны пайдалану, сақтау және қайтару тәртібін түсіндіреді.

      Жоғалту жағдайын қоспағанда, қызметтік куәлікті ауыстыру кезінде бұрын берілген қызметтік куәлік Қызметке қайтарылуға тиіс.

      10. Қызмет жыл сайын, 20 желтоқсандағы жағдай бойынша, қызметтік куәліктердің есептік деректерге сәйкестігіне салыстырып тексеру жүргізеді.

      11. Қызметтік куәліктерді толтыру, ресімдеу, есепке алу, беру, сақтау, қайтару және жою тәртібін жалпы бақылауды тиісті Қызмет басшысы жүзеге асырады.

      12. Қызметтік куәлік жоғалған немесе бүлінген жағдайда, оның иесі үш жұмыс күні ішінде тиісті Қызметке жазбаша (ерікті) нысанда хабарлайды.

      13. Қызметтік куәлікті жоғалтудың, бүлдірудің, сондай-ақ оны басқа адамдарға берудің немесе мақсатқа сай пайдаланбаудың әрбір фактісі бойынша Қызмет қызметтік тергеп-тексеру туралы бұйрық шыққан күннен бастап он жұмыс күні ішінде қызметтік тергеп-тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Министрліктің немесе тиісті ведомствоның тәртіптік комиссиясы кінәлілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы мәселені қарайды.

      14. Қызметтік куәлікті жоғалтқан адам, жоғалған қызметтік куәліктінің жарамсыздығы туралы хабарландыруды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жібереді, бұл туралы Қызметті хабардар етеді. Қызмет жоғалғанның орнына жаңа қызметтік куәлікті қызметтік тергеп-тексеру жүргізілгеннен кейін береді.

      15. Жұмыстан босатылған кезде қызметкер қызметтік куәлікті Қызметке тапсырады. Қызметтік куәлікті тапсырған кезде кету парағына қызметтік куәлікті беру үшін жауапты адамның қолы қойылады.

      16. Жұмыстан босатылған кезде, бүлінуіне не болмаса қолданылу мерзімі өтуіне байланысты тапсырылған қызметтік куәліктер еркін нысандағы тиісті жою туралы акт жасала отырып, жойылуға тиіс.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігінің
қызметтік куәлікті беру
қағидаларына
қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (тиісті ведомствоның) мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктердің берілуін және қайтарылуын есепке алу журналы

Қызметтік куәліктің нөмірі

Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Атқаратын лауазымы

Берілген күні

Алғаны туралы жеке қолы

Қызметтік куәлікті ауыстырғаны және тапсырғаны (тағайындалуы, лауазымының өзгеруі, мерзімінің өтуі, жұмыстан босатылуы, жоғалуы) туралы белгі

Қызметтік куәлікті жою (актінің нөмірі мен күні)

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















      Ескертпе: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәліктердің берілуін және қайтарылуын есепке алу журналы тігіледі, нөмірленеді және Қызметтің қолымен және мөрімен куәландырылады.

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2016 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 534 бұйрығына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі қызметтік куәлігінің сипаттамасы

      1. Қызметтік куәліктің мұқабасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі" деген мемлекеттік тілдегі жазбасы бар көк немесе күрең қызыл түсті экобылғарыдан немесе жасанды былғарыдан жасалады.

      2. Ашылған түрінде куәліктің көлемі 65x200 миллиметр.

      3. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі белгіленген үлгідегі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған.

      Сол жақ бөлігінде, сол жақ бұрышында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген.

      Оң бөліктің сол жақ бұрышында фотосуретке арналған орын бар.

      Екі жағының да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік (сол жағында) және орыс (оң жағында) тілдерінде "Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі" деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы, Министрліктің, ведомстволардың және олардың аумақтық органдарының құрылымдық бөлімшесінің атауы көрсетіледі. Сол жақ төменгі жолда қызметтік куәліктің берілген күні мен қолданыс мерзімі жазылады.

      4. Қызметтік куәліктер Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қызметтік куәлікті беру қағидаларының 4-тармағына сәйкес тиісті лауазымды тұлғаның қолымен (куәліктің ішкі оң жақ төменгі бөлігінде) куәландырылады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады