"Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 110 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 14 желтоқсандағы № 856 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қаңтарда № 14725 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ашық деректердің интернет-порталына орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13254 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құжаттау және бақылау департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің жауапты хатшысына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      _____________________ Д. Абаев

      2016 жылғы "___"_____________

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің
2016 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 856 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 110 бұйрығымен бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі

Р/с

Ашық деректер жиынтығының
атауы

Өзектендіру
кезеңі

Ұсыну
мерзімі

Дереккөзі (ашық
деректер интернет-порталы
АЖО (бұдан әрі –
АЖО) арқылы немесе
мемлекеттік
органдардың Application Programming Interface
жүйесі арқылы)

Жауапты тұлға


Алдағы жылға арналған халықаралық туристік іс-шаралар туралы ақпарат

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Туризм индустриясы департаменті


Қатты пайдалы қазбалар, емдiк балшықтар, жерасты сулары бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған тіркелген келiсiмшарттардың тізбесі

жыл
сайын

мамыр

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Жер қойнауын пайдалану департаменті


Қазақстан Республикасының азаматтық (эксперименттік) әуе кемелерімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болған шетел мемлекеттерінің азаматтық әуе кемелерімен, сондай-ақ тыс жерлердегі Қазақстан Республикасының әуе кемелерімен болған авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғалары туралы мәлімет

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті


Темiржол көлiгiндегi апат және авария туралы мәлімет

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті


Су көлігіндегі оқиғалар туралы мәлімет

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті


Ведмостволық бағынысты ұйымдар (қызмет түрі және мақсаты) (обьектінің атауы, байланыс, мекенжайы, жұмыс режимі, геопозиция)

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Активтерді басқару департаменті,
Автомобиль жолдары комитеті,
Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті,
Азаматтық авиация комитеті,
Инвестиция комитеті,
Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті,
Техникалық реттеу және метрология комитеті, Көлік комитеті


Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар туралы мәліметтер

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Технологиялық және инновациялық даму департаменті


Автожолдарды салу жобалары туралы деректер

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Автомобиль жолдары комитеті


Облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының тізбесі, атауы мен индекстері

жыл
сайын

жыл
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Автомобиль жолдары комитеті


Автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарының жоспары

жыл
сайын

жыл
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Автомобиль жолдары комитеті


Автомобиль жолдарының ұзақтығы туралы статистикалық деректер

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Автомобиль жолдары комитеті


Қазақстан Республикасының минералдар анықтамалығы

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті


Қазақстан Республикасының кен орындарының анықтамалығы Қазақстан Республикасының мұнай-газ кен орындары

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті


Қазақстан Республикасының кен орындарының анықтамалығы Қазақстан Республикасының жер асты сулары

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті


Қазақстан Республикасының кен орындарының анықтамалығы Қазақстан Республикасының қатты пайдалы қазбалары

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті


Қазақстан Республикасының өңірлері бойынша жер қойнауын пайдаланушылар

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті


Қорлардың өлшем бірлігін көрсете отырып, мемлекеттік жиынтық қорлардың теңгерімі жасалатын пайдалы қазбалар тізбесі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Геология және жер
қойнауын пайдалану
комитеті


Пайдалы қазбалардың ресурстары болжамы, пайдалы қазбалар қоры, жерасты сулары мен қауіпті геологиялық процестер мониторингі статистикалық деректері

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті


Жер қойнауын пайдаланушылар туралы деректер

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті


Кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру көлемі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті


Авиациялық оқу орталықтарының тізбесі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық авиация
комитеті


Коммерциялық әуе тасымалдарын және авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын пайдаланушылар тізбесі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық авиация
комитеті


Авиакомпаниялар тізімі (әуе кемелерінің саны, көрсетілетін қызметтері, сертификаттары, авиабағыттары)

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық авиация
комитеті


Әуежайлар мен әуеайлақтардың тізімі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық авиация
комитеті


Азаматтық авиация саласы бойынша статистикалық деректер (жолаушылар саны, тасымалданған жүктің көлемі, авиатранзит)

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық авиация
комитеті


Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған заңды тұлғалардың тізбесі (аттестатталған заңды тұлға және мекенжайы, қызмет түрі, саласы, берілген күні, қолдану мерзімі)

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Экспортталуы лицензияның (лицензиясыз) негізінде жүзеге асырылатын бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одағына кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан шығару кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау бойынша берілген актілердің тізбесі (субъект, БСН/ЖСН, берілген күні, қолданысқа берілген күні, қолдану мерзімі, қызметті жүзеге асыратын мекенжайы, ерекше шарттары, берілген орны, уәкілетті мемлекеттік органның өңірі)

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Экспортталуы лицензияның (лицензиясыз) негізінде жүзеге асырылатын бағалы металдарды, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарын Еуразиялық экономикалық одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу кезінде мемлекеттік бақылау және құнын бағалау бойынша берілген актілердің тізбесі (субъект, БСН/ЖСН, берілген күні, қолданысқа берілген күні, қолдану мерзімі, қызметті жүзеге асыратын мекенжайы, ерекше шарттары, берілген орны, уәкілетті мемлекеттік органның өңірі)

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Берілген кепiлдiк мiндеттемелердi тізбесі (соңғы пайдаланушының сертификаттары)

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Қазақстан Республикасында шикізат тауарларынан бағалы металдарды өнеркәсіптік шығару мүмкіндігі (мүмкін емес) және экономикалық мақсатқа сәйкестілігі (мақсатқа сәйкес еместігі) туралы берілген қорытындыларының тізбесі (субъект, ЖСН/БСН, берілген күні, қолданысқа берілген күні, қолданылу мерзімі, қызметті жүзеге асыратын мекенжайы, қызмет түрі, ерекше шарттар, берілген орны, уәкілеттік мемлекеттік органның өңірі)

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларды жеңіл, тау-кен металлургиялық, химиялық, фармацевтикалық, ағаш өндейтін өнеркәсіп салаларында, машина жасау салаларында өнеркәсіптік қайта өңдеуге арналған тауарларға жатқызуды растау туралы берілген қорытындылар тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Қазақстан Республикасының аумағында құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеудің экономикалық мақсатқа сәйкес еместігі немесе мүмкін еместігі туралы берілген қорытындылардың тізбесі (субъект, ЖСН/БСН, берілген күні, қолданысқа берілген күні, қолданылу мерзімі, қызметті жүзеге асыратын мекенжайы, қызмет түрі, ерекше шарттар, берілген орны, уәкілеттік мемлекеттік органның өңірі)

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Тауарлардың жеке түрлерін импорттауға және (немесе) экспорттауға берілген лицензиялар тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Уларды өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, сату, пайдалану, жою жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және сату жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Тау-кен және химиялық өндірістерді пайдалану бойынша қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялар тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Экспорттық бақылауға жататын, өнімдерді экспорттау және импорттауға берілген лицензиялар тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Өнiмді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс өңдеуге берілген рұқсаттар тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Жарылғыш заттар мен олардың негізінде жасалған бұйымдарды тұрақты қолдануға берілген рұқсаттар тізбесі (субьект, өнім атауы, өнімге нормативтік құжат, сәйкестендіру нөмірі, нөмірі және күні)

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Қауіпті өндірістік обьектілерде қолданылатын технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды, қауіпті техникалық құрылғыларды қолдануға берілген рұқсаттар тізбесі (қауіпті өндірістік обьектілерде қолданылатын технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың, қауіпті техникалық құрылғылардың атауы және сипаттамасы, өндіруші, ерекше шарттар, берілген күні)

ай сайын

ай сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Жарылыс жұмыстарын жүргізуге берілген рұқсаттар тізбесі (субъект, ЖЖ жүргізілген орны, рұқсат берілген күн және оның әрекет ету мерзімі)

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Экспорттық бақылауға жататын, өнімнің кері экспортына берілген рұқсаттар тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Экспорттық бақылауға жататын, өнімнің транзитіне берілген рұқсаттар тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Экспорттық бақылауға жататын өнімге тауарларды, технологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты жатқызу туралы берілген қорытындылар тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Тіркелген химиялық өнімдердің тізбесі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Салалар бойынша Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің энергия сыйымдылығының көрсеткіштері

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Өткен 5 жыл ішіндегі тау-кен металлургия кешенінің жер қойнауын пайдаланушылары бөлінісіндегі еңбек өнімділігі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Қауіпті өндіріс объектісінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларацияларын тіркеу (декларация иесі, декларацияны әзірлеуші, сараптамалық ұйымы, декларация берілген күні мен қарпі)

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалар тізілімі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Жеңіл, тау-кен металлургия, химия, фармацевтика, ағаш өңдеу өнеркәсібі салаларында, сондай-ақ машина жасау және құрылыс материалдарының өндірісінде кеден аумағында/аумағынан тыс өңдеу және ішкі тұтыну үшін қайта өңдеу шарттары туралы берілген құжаттар тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Қауіпті өндірістік обьектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, концервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу (субьект, жоба атауы, келісілген күні)

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Жеңіл өнеркәсіп саласы бойынша статистикалық деректер

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Машина жасау саласы бойынша статистикалық деректер

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Құрылыс индустриясы мен ағаш өңдеу өнеркәсібінің саласы бойынша статистикалық деректер

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Фармацевтика өнеркәсібінің саласы бойынша статистикалық деректер

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Химия өнеркәсібінің саласы бойынша статистикалық деректер

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Түсті металлургия саласы бойынша статистикалық деректер

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Қара металлургия саласы бойынша статистикалық деректер

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берілген лицензиялардың тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Босатылатын оқ-дәрiлердi, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға берілген лицензиялардың тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


Жауынгерлік қол атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, жасау, жөндеу, сату, сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың тізбесі

жарты жылда бір рет

жарты жылда бір рет

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті


ILAC MRA зертханалық бірлескен белгісін пайдалану құқығын алған аккредиттелген субъектілер тізбесі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі аттестатталған сарапшы-аудиторлар тізілімі

өтінімдердің келіп түсуіне қарай

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын дайындау қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиялардың тізбесі

өтінімдердің келіп түсуіне қарай

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы берілген сертификаттар тізбесі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Өлшем құралдарының типін бекіту туралы берілген сертифтикаттар тізбесі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай тізіліміне енген сынақ зертханаларының тізбесі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Еуразиялық экономикалық одағының Бірыңғай тізіліміне енгізілген сәйкестiктi растау жөніндегі органдардың тізбесі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Техникалық регламенттерді әзірлеу жөніндегі жоспар

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Техникалық-экономикалық ақпараттың жiктеуіштерінің депозитарийі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Сәйкестік сертификаттарының тізілімі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің тізілімі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Аккредиттелген сынақ зертханаларының тізімі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Аккредиттелген калибрлеу зертханалары мен метрологиялық қызметтер тізімі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Сәйкестiктi растау жөніндегі аккредиттелген органдардың тізімі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Персоналдың сәйкестігін растау жөніндегі аккредиттелген органдардың тізімі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Менеджмент жүйесінің сәйкестiгін растау жөніндегі аккредиттелген органдардың тізімі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Аккредиттелген тексеру зертханаларының тізімі

тоқсан
сайын

тоқсан
сайын

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Техникалық реттеу және метрология комитеті


Көлiктiк бақылау бекеттерінде анықталған бұзушылықтар туралы ақпарат

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


ЕЭО сыртқы шекараларынан келіп түскен хабарламалар туралы ақпарат

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Су кемелерінің саны

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Теміржол көлік саласындағы жүк тасымалдауға берілген лицензиялар тізбесі

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Каспий теңізінің қазақстандық секторында жұмыс істейтін шетел кемелерінің саны туралы ақпарат

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Электрондық (цифрлық) тахографтарға электрондық карточкаларды дайындау және беру жөніндегі қызметтің жүзеге асырыла бастағаны туралы хабарлама берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімі

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Тахографтарды орнату және оларға қызмет көрсету бойынша қызметтерді жүзеге асыратын сервистік орталықтар тізбесі

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Әлеуметтік маңызды теміржол бағыттарының кестесі және тізбесі

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Тұрақты облысаралық, қалааралық автобус қатынастарының бағыттары және кестесі

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Облыстар мен қалалар бойынша техникалық байқау орталықтарының тізілімі

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Теміржол, су және автомобиль көлігі саласындағы бақылау-қадағалау қызметінің статистикалық деректері

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Көлік түрлері (автомобиль, су, теміржол) бойынша статистикалық деректер - жолаушылар саны, тасымалданған жүктің көлемі

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Рұқсат беру құжаттары жөніндегі статистикалық деректер (халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын шет елдік рұқсат беру бланкілері)

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Көліктік бақылаудың стационарлық жылжымалы бекеттерінің және мамандандырылған автоматтандырылған өлшем құралдарының орналасуы

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Тұрақты халықаралық автобус қатынастарының кестесі мен бағыттары

тоқсан
сайын

есептік тоқсаннан кейінгі айдың 15 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Көлік комитеті


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады