Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидаларды бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 346 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 2 ақпанда № 14758 болып тіркелді.

      " Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидалар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электронды және қағаз түріндегі көшірмелерін ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу үшін жолдауды;

      3) ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Білім және ғылым министрінің

      Міндетін атқарушы

      _____________ Б.Асылова

      2016 жылғы 30 желтоқсан

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің 2016 жылғы 28
желтоқсандағы № 346
бұйрығымен бекітілген

Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидалар

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 10.02.2022 № 30 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Спорт саласындағы білім беру ұйымдарының қызметі туралы қағидалар (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы", "Ғылым туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына және "Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17657 болып тіркелген) Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес спорт саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдары қызметiнiң тәртібін айқындайды.

      2. Спорт саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ).

      3. Спорт саласындағы ЖЖОКБҰ өз қызметін "Білім беру қызметімен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 тамыздағы № 351 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21102 болып тіркелген), "Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 391 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11716 болып тіркелген) сәйкес берілген лицензияның негізінде жүзеге асырылады.

2-тарау. ЖЖОКБҰ қызметінің тәртібі

      4. ЖЖОКБҰ-ны басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағидаларға және ЖЖОКБҰ жарғысына сәйкес дара басшылық және алқалық қағидаттарында жүзеге асырылады.

      5. Спорт саласындағы ЖЖОКБҰ-ны басқаруды, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары талаптарына (бұдан әрі - лауазымдардың біліктілік сипаттамалары) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес қызметке тағайындалатын (сайланатын) және қызметтен босатылатын басшы тікелей жүзеге асырады.

      6. Факультет бір немесе бірнеше мәндес мамандықтар бойынша оқытуды, ғылыми қызметті жүзеге асыратын, сонымен қатар, факультет мамандықтарына жататын кафедралар мен зертханалардың жұмысына басшылық ететін спорт саласындағы ЖЖОКБҰ-ның негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      7. Кафедра спорт саласындағы оқу, әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмыстарын (бұдан әрі - ҒЗЖ) жүзеге асыратын ЖЖОКБҰ-ның (факультеттің) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

      8. Кафедра штаты профессорлық-оқытушылық құрамның жұмыс көлемінен және орташа жылдық педагогикалық жүктемеден шыға отырып айқындалады.

      9. Кафедра штатына кафедраның меңгерушісі, профессорлар, доценттер, аға оқытушылар, оқытушылар, оқу-көмекші персонал, сондай-ақ кафедра жанынан құрылған ғылыми және басқа да құрылымдық бөлімшелер кіреді.

      10. Кафедраны меңгеруші басқарады, оның кандидатурасы лауазымдардың біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуі тиіс. Кафедра меңгерушісінің лауазымдық міндеттері лауазымдардың біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалады.

      11. Кафедра біліктілік талаптарға сәйкес кафедра бейіні бойынша кемінде 10 штаттық оқытушы болғанда, оның ішінде ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы бар оқытушылар, сондай-ақ спорттық атақтар (Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері), Қазақстан Республикасының ведомстволық және мемлекеттік наградалар берілген оқытушылар штаттық оқытушылар санынан 50%-ды құрауы тиіс.

      12. Қажет болған жағдайда "Запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 24 шілдедегі № 375 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15589 болып тіркелген) сәйкес ЖЖОКБҰ-да басқа мүдделі тараптардың арнайы (әскери) кафедралары ұйымдастырылады.

      13. Кафедра жұмысы спорт саласындағы мамандарды теориялық және практикалық дайындауға бағытталады.

      14. Факультет және кафедра өз қызметін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

3-тарау. ЖЖОКБҰ-ның оқу және тәрбие жұмысы

      15. ЖЖОКБҰ-ға білім алушыларды қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Оқу қызметін ұйымдастыру академиялық күнтізбе, оқу сабақтарының кестесі негізінде жүзеге асырылады.

      Оқу қызметінің құрылымы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) үлгілік оқу жоспарларының оқу жүктемесі көлемінің, академиялық кезеңдер ұзақтылығының, академиялық сабақтар түрлерінің, оқу материалы көлемінің негізінде қалыптасады.

      17. Академиялық күнтізбе, мамандықтардың жұмыс оқу жоспарлары мен профессорлық-оқытушылық құрамның орташа жылдық педагогикалық жүктемесі ЖЖОКБҰ кеңесінің шешімімен бекітіледі.

      18. ЖЖОКБҰ-да оқу жұмысының мынадай негізгі түрлері белгіленеді: дәрістер, практикалық (семинарлар), зертханалық, студенттің өзіндік жұмысы, курстық, кәсіптік практикалардың барлық түрлері, қорытынды аттестаттауға дайындық және одан өту.

      Бұл ретте дәрістер мен семинарлар, практикалық және зертханалық сабақтар арасындағы кредит көлемінің арақатынасы ЖЖОКБҰ үлгілік оқу жоспарына сәйкес айқындалады.

      19. Дәріс сабақтарын өткізуге, оқу бітірушінің біліктілік жұмысына жетекшілік етуге, студенттің ҒЗЖ жүргізуге профессор, доцент, аға оқытушы лауазымдарын атқаратын оқытушылар жіберіледі.

      20. Дәрістер оқуға және/немесе басқа оқу сабақтарының түрлерін өткізуге Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушыларын, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шеберлерін немесе бейіні бойынша кемінде 3 жыл практикалық жұмыс тәжірибесі бар тәжірибелі мамандарды тартуға болады.

      21. ЖЖОКБҰ білім алушылардың жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін барынша қолайлы жағдайлар жасай отырып, оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын дербес айқындайды. Бұл ретте оқу сабақтары инновациялық оқыту технологияларын есепке ала отырып, ғылым, техника, технологиялар, ақпараттық жүйелердің ең озық жетістіктерін пайдалана отырып және интерактивті нысанда өткізіледі.

      22. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары пәндердің үш циклын қамтиды: жалпы білім беретін пәндер циклы, базалық пәндер циклы және бейіндеуші пәндер циклы, сондай-ақ оқытудың қосымша түрлері (мамандық бойынша кәсіптік практика) және қорытынды аттестаттау.

      23. Пәндердің әр циклі тізбесі мен мазмұны үлгілік оқу жоспарларында және типтік оқу бағдарламаларында айқындалатын міндетті компонент пәндерінен, сондай-ақ тізбесі мен мазмұны анықталатын элективтік пәндер каталогтарында, жұмыс оқу жоспарларында, жұмыс оқу бағдарламаларында және силлабустарда айқындалатын таңдау бойынша компоненті пәндерінен тұрады.

      Әрбір пән бір академиялық кезең ішінде оқытылады.

      24. Оқыту барлық оқу нысандарына бірдей оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады.

      25. ЖЖОКБҰ-да оқу процесі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар тұлғалар үшін жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған оқу бағдарламалары бойынша ұйымдастырылуы мүмкін.

      Бұл жағдайда көлемдері жеткілікті және білім беру бағдарламасының сабақтастығы болған жағдайда кредиттерді қайта есептеу және бұрын игерген пәндерді есепке алу жүзеге асырылады. Оқу ауқымы мен мерзімі транскрипт (дипломға қосымшалар) негізінде айқындалатын білім алушылардың пререквизиттері есепке ала отырып, айқындалады.

      Техникалық және кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар тұлғалар үшін қысқартылған бағдарламалары бойынша күндізгі нысан бойынша оқу мерзімі кемінде 3 жылды, жоғары білімі бар тұлғалар үшін кемінде 2 жылды құрайды.

      26. Білім алушылардың кәсіптік практикасы, оқу және ғылыми тағылымдамасы, ҒЗЖ және экперименталдық-зерттеу жұмысы академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.

      Кәсіптік практика оқыту процесінде алынған теориялық білімдерді бекітуге, практикалық дағдылар мен құзыреттерді меңгеруге бағытталған.

      27. ЖЖОКБҰ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 93 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13227 болып тіркелген) Білім беру қызметтерін көрсетудің үлгілік шартының және кәсіптік практикадан өткізуге арналған үлгілік шарт нысандары негізінде бойынша практика базалары болып табылатын ұйымдармен оқу жылы басталғанға дейін 1 ай бұрын кәсіптік практиканы өткізуге шарттар жасасады.

      28. Кәсіптік практиканың барлық түрлеріне жолдама мерзімі, базасы мен басшысын көрсете отырып, ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен ресімделеді. Диплом алды практикаға ғылыми жетекшілікті бітірушінің біліктілік жұмысының ғылыми жетекшісі жүзеге асырады.

      29. Сырттай оқу нысаны бойынша білім алушылар мамандығы бойынша жұмыс істеген жағдайда кәсіптік практикадан босатылады. Бұл жағдайда олар ЖЖОКБҰ-на кәсіби қызметті көрсететін жұмыс орнынан анықтама, мінездеме ұсынады.

      30. ЖЖОКБҰ білім алушылардың ағымдағы және межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тәртібі мен мерзімділігін дербес таңдайды.

      31. Білім алушыларды тіркеу, игерілген кредиттерді есепке алу, аралық аттестаттауды өткізу үшін ЖЖОКБҰ-да офис тіркеуші құрылады.

      32. Оқу процесі мен ҒЗЖ қамтамасыз ету мақсатында ЖЖОКБҰ-да оқу және мамандандырылған зертханалар көзделген.

      Зертхана жабдығы заманауи және бакалаврларды, магистрлерді және PhD докторларын даярлау бағдарламаларына сәйкес болуы тиіс.

      33. ЖЖОКБҰ-ның тәрбие қызметі оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және тұлғаның кәсіби, әлеуметтік, зияткерлік, адамгершілік, шығармашылық қасиеттері мен салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

      34. ЖЖОКБҰ-ның тәрбие жұмысы тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспар негізінде жүзеге асырылады және оның тәрбие жұмысына:

      1) білім алушылардың бойында өз бетінше және білікті түрде шешімдер қабылдау мен іске асыру икемділіктерін қалыптастыру;

      2) білім алушылардың бойында патриотизм, азаматтылық, интернационализм, жоғары мораль мен адамгершілікті қалыптастыру;

      3) білім алушыларды салауатты өмір салтына, қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысуға ынталандыру;

      4) кафедра бейіні бойынша білім алушылардың ой-өрісін кеңейтуге, таңдаған мамандығына құндылық қатынасты қалыптастыруға ықпал ететін тақырыптық іс-шаралар өткізу;

      5) жалпы білім беретін орта мектептерде, спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алушылардың арасында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу кіреді.

      35. Оқу жетістіктері мен кәсіби дайындығы деңгейін бағалау үшін ЖЖОКБҰ-да білім алушылардың білімін бақылау мен бағалау жүйесі ұйымдастыру-құқықтық нысандарға, оқыту және ведомстволық бағыныстылық нысандарына қарамастан жұмыс істейді.

      36. ЖЖОКБҰ-да білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау жүйесі түрлі нысандарды қамтиды: үлгерімді ағымдағы бақылау, білім алушыларды аралық аттестаттау және қорытынды аттестаттау.

      37. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақтарда оқытушы жүргізетін білім алушылардың оқу жетістіктерін жүйелі тексеруді қамтамасыз етеді.

      38. Пәннің оқу бағдарламасымен білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудың әр түрлері айқындалады: ауызша сұрау, жазбаша бақылау, аралас бақылау, үй тапсырмаларын таныстыру, пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, кейс-стадилер, тестілер.

      39. Егер оқу жоспарына сәйкес пән бойынша бақылау нысаны курстық жұмыс (жоба) болып қана айқындалса, онда осы жұмысты қорғау бағасы жалпы пән бойынша қорытынды бағасы болып табылады.

      40. Білім алушылардың әр пәннен оқу жетістіктерінің деңгейі емтиханға жіберу рейтингісінің бағасынан, емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен айқындалады, олардың сомасы қорытынды бақылау бағасын қалыптастырады. Емтиханға жіберілу рейтингісінің бағасы үлгерімге ағымдық бақылау бағасы мен межелік бақылау бағасынан құралады. Емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы пән бойынша білімнің қорытынды бағасының 60%-ын құрайды.

      41. Үлгерімге ағымдық бақылау нәтижелерін есепке алуды оқытушы студенттердің жеке сабақ түрлерін орындау мен тапсыру шамасына қарай силлабусқа сәйкес жүргізеді. Тапсырмаларды орындау студенттердің сабаққа қатысу және үлгерім журналында, сондай-ақ ақпараттық жүйедегі білім алушылардың білімін ағымдағы бақылаудың электрондық ақпарат тізімінде тіркеледі.

      42. Сырттай оқыту нысандарының білім алушылары емтиханға жіберу рейтингісін барлық тиісті тапсырмаларды орындаған жағдайда белгіленген кесте бойынша емтихан сессиясы басталғанға дейін жинауды жүзеге асырады.

      43. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылауды бағалау пән бойынша қорытынды білімнің бағасының 40%-ын құрайды.

      Қорытынды бағалау білім алушы жіберілу рейтингісі бойынша, сондай-ақ қорытынды бақылау бойынша оң баға алған жағдайда ғана есептеледі.

      44. Білім алушылар кажет болған жағдайда жіберу рейтингісінің қорытынды бағаларына және/немесе қорытынды бақылауға апелляцияға береді. Осы мақсатта ЖЖОКБҰ басшысының бұйрығымен біліктілігі апелляцияланатын пән бейініне сәйкес келетін оқытушылар құрамынан апелляциялық комиссия құрылады.

      45. Кәсіптік практика қорытындылары бойынша білім алушылар тиісті кафедраға есеп тапсырады, оны жетекші мен кеңесші тексереді және кафедра меңгерушісі өкімімен құрылған комиссия алдында қорғайды. Есепті қорғау нәтижелері бағалаудың белгіленген балдық-рейтингілік әріптік жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады.

      Практика бойынша бір жетекшіні тағайындау кезінде баға көрсетілген білімге және есепті ресімдеуге сәйкес ұсынылған есепті қорғау қорытындылары бойынша қойылады.

      Практика бойынша екі жетекшіні тағайындау кезінде практика базасынан жетекшісінің үлес салмағы қорытынды бағалаудан 40%-ды құрайтын бағасы мен жетекшінің ұсынған есебін қорғау бойынша бағалау қорытынды бағалаудан 60%-ын құрайтын бағасын есепке ала отырып, қорытынды баға қойылады.

      46. Практикадан өтпеген, практика бағдарламаларын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір алған немесе есепті қорғау кезінде қанағаттанарлықсыз деген баға алған студенттер теориялық оқытумен қатар келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестр кезеңінде практикаға қайта жіберіледі.

      47. Білім алушылардың бір жылғы академиялық үлгерім деңгейі кредиттер мен пән бойынша қорытынды баға туындылары сомасының оқытудың ағымдағы кезеңі ішіндегі кредиттер сомасына қатынасы ретінде есептелетін орташа балл (GPA) түрінде айқындалады.

      48. Жазғы емтихан сессиясын өткізгеннен кейін деканаттар кейіннен мәліметтерді офис тіркеушіге жібере отырып, топтар, сондай-ақ мамандықтар мен оқыту курстары бойынша орташа академиялық рейтинг (немесе GPA деңгейі) бойынша білім алушылар мен оқу топтарына саралау жүргізеді.

4–тарау. ЖЖОКБҰ-ның ғылыми-зерттеу және халықаралық қызметі

      49. Ғылыми-зерттеу және халықаралық қызмет білім мен ғылымның ықпалдасуын қамтамасыз етуге, осы негізде ғылыми-білім беру процесін, бәсекеге қабілетті ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұлттық инновациялық жүйенің нәтижелілігі мен тиімділігінің маңызды элементі ретінде дамытуға бағытталған.

      Іргелі, ізденгіштік, қолданбалы ҒЗЖ және инновациялық қызметтерді ұйымдастыру және өткізу ЖЖОКБҰ-ның құрылымдық бөлімшелерінде жүзеге асырылады.

      50. Ғылыми қызметті үйлестіруді ғылыми жұмыс жөніндегі проректор жүзеге асырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады