"Астана қаласының аумағында жануарларды ұстау қағидалары туралы" Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 449/62-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2016 жылғы 24 маусымдағы № 38/7-VI шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2016 жылы 7 шілдеде № 1038 болып тіркелді

      «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      1. «Астана қаласының аумағында жануарларды ұстау қағидалары туралы» Астана қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 449/62-V шешіміне (бұдан әрі – Шешім) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде 2016 жылғы 28 қаңтарда № 998 тіркелді, 2016 жылғы 9 ақпанда «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      орыс тілдегі Шешімнің кіріспесі мына редакцияда жазылсын:
      «В соответствии с законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», от 10 июля 2002 года «О ветеринарии», маслихат города Астаны РЕШИЛ:»;
      мемлекеттік тілдегі Шешімнің кіріспесі өзгермейді.
      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы                       М. Шекенов

      Астана қаласы
      мәслихатының хатшысы                       Ж. Нұрпейісов

      КЕЛІСІЛДІ:

      «Астана қаласының Ауыл
      шаруашылығы басқармасы»
      мемлекеттік мекемесі
      басшысының м.а. (АШБ)                      Г. Ермолдина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады