"Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 23 ақпандағы № 5С-47-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 25 наурызда № 5282 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6С-4-3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 20.07.2016 № 6С-4-3 (қабылданған күнінен бастап күшіне енеді) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 49-бабы 1-тармағына сәйкес және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 11-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары туралы Үлгілік ереженің негізінде Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса берілген "Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. "Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіп пен мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді камтамасыз етсін.
      3. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы, Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Д.Нұрмолдин

  Ақмола облыстық
мәслихатының 2016 жылғы
23 ақпандағы № 5С-47-6
шешімімен бекітілген

"Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мәртебесін, өкілеттіктерін және жұмысының ұйымдастырылуын айқындайды.

1. Жалпы ережелер

      1. Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы (бұдан әрі − Тексеру комиссиясы) жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
      2. Тексеру комиссиясы өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, Тексеру комиссиясының Регламентіне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес, Ақмола облысы шегінде жүзеге асырады.
      3. Тексеру комиссиясы мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөртаңбалары, логотипі, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. Тексеру комиссиясы азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Тексеру комиссиясының егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. Тексеру комиссиясы өз құзыретінің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тексеру комиссиясы Төрағасының бұйрықтарымен және Тексеру комиссиясының қаулыларымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. Тексеру комиссиясының құрылымын Тексеру комиссиясының Төрағасы, төрт мүшесі және аппараты құрайды. Тексеру комиссиясының штат саны лимитін Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      8. Тексеру комиссиясының заңды мекенжайы: 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1, "б" корпусы.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Тексеру комиссиясы туралы ережені Ақмола облыстық мәслихаты бекітеді.
      11. Осы Ереже Тексеру комиссиясының құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Тексеру комиссиясының қызметін қаржыландыру Ақмола облысы бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      13. Тексеру комиссиясына кәсіпкерлік субъектілерімен Тексеру комиссиясының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау мәніне шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен Тексеру комиссиясына кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Тексеру комиссиясының миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Тексеру комиссиясының миссиясы Ақмола облысының аумағында қаржы тәртібін нығайту және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті бюджет қаражатын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерін басқарудың және пайдаланудың тиімділігін арттыру болып табылады.
      15. Тексеру комиссиясының негізгі міндеттері:
      1) жергілікті бюджеттердің атқарылуына, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына жергілікті деңгейде сырткы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыру;
      2) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бюджет қаражатының, мемлекет және квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуы саласындағы Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын бақылау;
      3) жергілікті бюджеттердің атқарылуын, аумақтарды дамыту бағдарламаларының және бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын талдау және бағалау.
      16. Тексеру комиссиясы Ақмола облысының шегінде мына функцияларды:
      1) мыналардың:
      өзінің мазмұны бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті есебіне қорытынды болып табылатын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есеп дайындай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес жергілікті бюджетті жоспарлаудың және аткарудың;
      байланысты гранттарды, бюджеттік инвестицияларды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды және мемлекет активтерін пайдаланудың;
      жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің экономиканың немесе экономиканың жеке алғандағы саласының, әлеуметтік және басқа да мемлекеттік басқару салаларының дамуына әсерінің;
      тиісті бюджетті атқару және мемлекет активтерін пайдалану бөлігінде, ал Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмалары бойынша өзге де бағыттар бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекетгік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуының;
      жергілікті атқарушы орган мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жоспарлау негізділігінің, олардың іске асырылуының және жүзеге асырылу тиімділігінің;
      тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алуға бөлінген (жұмсалған) жергілікті қаржы ресурстарының мөлшері мен сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарықтық құны арасындағы айырманы бағалауды қоса алганда, баға белгілеудің;
      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқарудың;
      салықтық әкімшілендірудің;
      шарттардың;
      қоршаған ортаны қорғау саласындағы;
      ақпараттық технологиялар саласындағы;
      мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділік аудитін жүзеге асырады;
      2) мыналарға:
      мемлекеттік аудит объектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау анықтығына және дұрыстығына;
      жергілікті атқарушы органның және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шарт талаптарын орындауына;
      жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің, бюджетке түсетін түсімдерді алудың толықтығы мен уақтылылығына, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қате (артық) төленген соманы қайтаруға, есепке жазудың дұрыстығына;
      жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттер және кредиттер түрінде бөлінген қаражатты, байланысты гранттарды, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, сондай-ақ мемлекеттік кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды пайдалануға;
      квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-экономикалық негіздемеге сәйкес, өздеріне бөлінген жергілікті бюджет қаражатын пайдалануына сәйкестік аудитін жүзеге асырады.
      17. Тексеру комиссиясының құқықтары:
      1) облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органынан, мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, ведомстволық ақпараттық жүйелер деректерінің құрамы мен форматтары туралы мәліметтерді, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін қалыптастыру және мемлекеттік аудитті жүзеге асыру, бюджеттің атқарылуы туралы есептерді дайындау үшін қажетті құжаттаманы (ақпаратты) сұратады және алады;
      2) барлық мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және лауазымды адамдардың орындауы үшін міндетті, анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама шығарады;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және өзге де ақпараттық жүйелерге мемлекеттік аудит жүргізу үшін қажетті қолжетімділікті алады;
      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қаулыда немесе нұсқамада белгіленген мерзімдерде ұсынымдар мен нұсқамалардың орындалуы туралы растайтын құжаттары қоса берілген ақпаратын алады;
      5) сыртқы мемлекеттік аудит жүргізумен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды;
      6) мемлекеттік аудит қорытындылары бойынша лауазымды адамдарды тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы оларды тағайындаған адамдарға ұсыныстар енгізеді;
      7) лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін сақтамауының анықталған фактілері бойынша, сондай-ақ тиімділік аудитінің нәтижелері бойынша Ақмола облысының, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына (бұдан әрі − мәслихат) ұсыныстар енгізеді;
      8) аумағында өздері жұмыс істейтін облыстық бюджетке, сондай-ақ Ақмола облысы аудандарының (облыстық маңызы бар қалаларының) бюджеттеріне қатысты сараптамалық-талдау қызметін жүзеге асырады;
      9) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген құзырет шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғайды;
      10) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетімен (бұдан әрі − Есеп комитеті) және басқа мемлекеттік органдармен келісу бойынша бірлескен немесе қатар тексерулерді жүргізуге қатысады;
      11) мемлекеттік аудитті жүргізу үшін мемлекеттік органдардың тиісті мамандарын (олардың келісімі бойынша), сондай-ақ қажет болған кезде аудиторлық ұйымдарды, сарапшыларды олар көрсететін қызметтеріне тиісті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ақы төлей отырып тартады;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      18. Тексеру комиссиясының міндеттері:
      1) аудиторлық есептердің және (немесе) қаржылық есептілік жөніндегі аудиторлық есептердің негізінде аудиторлық қорытындыны бекітеді;
      2) Тексеру комиссиясының қаулыларын қабылдайды;
      3) аудиторлық іс-шара және сараптамалық-талдау іс-шаралары барысында анықталған (анықталатын) бұзушылықтар мен кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды;
      4) мемлекеттік аудит объектісі лауазымды адамдарының әрекеттерінде қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларда, материалдарды тиісті аудиторлық дәлелдемелерімен бірге құқық қорғау органдарына немесе әкімшілік құқык, бұзушылық туралы істерді қозғауға және (немесе) қарауға уәкілетті органдарға береді;
      5) бюджетке өтеуді қамтамасыз ету, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарлар беру және (немесе) анықталған бұзушылықтар сомасын есепке алу бойынша көрсету жолымен қалпына келтіру және Тексеру комиссиясының нұсқамаларын орындау мақсатында сотқа талап қоюды береді;
      6) ішкі аудит қызметтерінің құжаттарын қоспағанда, басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит нәтижелерін, егер оларды Қазақстан Республикасының азаматтық-процестік заңнамасына сәйкес сот заңсыз деп танымаса, оларды таниды;
      7) мемлекеттік аудит нәтижелері танылған жағдайларда басқа мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары жүргізген мемлекеттік аудит материалдарын негізге ала отырып, мемлекеттік аудит көлемін қысқартады;
      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органда аудиторлық іс-шаралар мен тексерулерді тіркеуді жүзеге асырады;
      9) мемлекеттік аудитті және сараптамалық-талдау іс-шараларын жүргізуді тиімді жоспарлау мақсатында, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау материалдарын, есептілікті Тексеру комиссиясының ведомстволық ақпараттық жүйелері мен Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөніндегі бірыңғай дерекқорға орналастырады, сондай-ақ мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелері бекітілгенге дейін олар туралы ақпарат алмасуды келісілген мерзімдерде жүзеге асырады;
      10) тексерулердің қайталануын болғызбау мақсатында мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбелерін және оларға өзгерістерді келіседі;
      11) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшыларына оларда белгіленген мерзімдерде немесе, егер мерзімі көрсетілмеген болса, оларды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарау және орындау үшін қаулылар мен нұсқамалар жібереді.
      12) өздері аудиторлық қорытындыда берген ұсынымдардың және міндетті түрде орындалуға бағытталған нұсқамалардың мониторингін жүйелі негізде жүзеге асырады;
      13) жүргізілетін аудиторлық іс-шаралардың қорытындыларын жүйелі түрде талдайды, бюджеттің атқарылуы, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін пайдалану процесінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің себептері мен салдарларын жинақтап қорытады және зерделейді, сондай-ақ бюджет заңнамасын жетілдіру және Қазақстан Республикасының қаржы жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар әзірлейді және оларды тиісті уәкілетті органдардың қарауына ұсынады;
      14) Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары үйлестіру кеңесінің шешімдерін орындауды және Есеп комитетіне тиісті ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді;
      15) Есеп комитетінің сұрау салулары бойынша жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат ұсынады;
      16) құпиялылық режимінің, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында өз қызметі туралы ақпаратты орналастырады;
      17) өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлықка қарсы іс-қимылдар бойынша шаралар қолдануды қамтамасыз етеді.

3. Тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастыру және оның лауазымды адамдарының өкілеттіктері

      19. Тексеру комиссиясы басшылығының құрамы бес жыл мерзімге тағайындалатын Төрағадан және төрт мүшеден тұрады.
      20. Мәслихат Есеп комитетінің ұсынысы және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімеи келісу бойынша Тексеру комиссиясының Төрағасын қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      21. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мәслихат Тексеру комиссиясының мүшелерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
      22. Тексеру комиссиясы Төрағасының өкілеттіктері:
      1) жалпы басшылыкты жүзеге асырады және Тексеру комиссиясына жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады;
      2) Тексеру комиссиясының регламентін бекітеді;
      3) Тексеру комиссиясы мүшелері мен Тексеру комиссиясы аппаратының жұмысын ұйымдастырады;
      4) Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарында, ұйымдарында және одан тыс жерлерде Тексеру комиссиясының атынан өкілдік етеді;
      5) бекітілген штат саны және облыстық бюджетте көзделген қаражат шегінде Тексеру комиссиясы аппаратының құрылымы мен штат кестесін бекітеді;
      6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Тексеру комиссиясы аппаратының басшысын және қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
      7) мемлекеттік қызмет туралы заңнамада белгіленген тәртіппен Тексеру комиссиясының қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза қолданады;
      8) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, олардың орындалуын тексереді, Тексеру комиссиясының отырыстарында қабылданған қаулыларға және нұсқамаларға қол қояды;
      9) мемлекеттік аудитті тәуекелдерді басқару жүйесінің негізінде ұйымдастыруды көздейтін, мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесін бекітеді;
      10) Тексеру комиссиясының мүшелеріне мемлекеттік аудитті және (немесе) үстеме, бірлескен және қатар тексерулерді жүргізуге тапсырмалар береді;
      11) Тексеру комиссиясының құзыреті шегінде аудиторлық іс-шараларды жүргізуге катысатын Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторларының құрамын айқындайды;
      12) Тексеру комиссиясының аудиторлық, сараптамалық-талдау қызметіне мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандартының сақталуы мәніне, соның ішінде мемлекеттік аудит объектісінде бола отырып сапаны бақылау жүргізудің қажеттілігін айқындайды;
      13) жергілікті бюджеттің атқарылуына және мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудит мәселелеріне қатысты құжаттамамен құпиялылық режимінің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, кедергісіз танысады;
      14) мемлекеттік аудит объектілерінен аудиторлық іс-шараларды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді талап етеді және өзі белгілеген мерзімде алады;
      15) Тексеру комиссиясының мүшелерін қызметке тағайындаған, сондай-ақ оларды қызметінен босатқан кезде олардың кандидатуралары бойынша ұсынысты облыс мәслихатының қарауына енгізеді;
      16) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мәслихатына аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті ұсыну жөніндегі міндетті облыстың Тексеру комиссиясы мүшелерінің біріне жүктейді;
      17) Ақмола облысы, ауданы (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің отырыстарына қатысуға кұқылы;
      18) Тексеру комиссиясы Төрағасының жанынан консультативтік-кеңесші және консультативтік-сараптамалық органдар кұрады;
      19) өзі болмаған жағдайда, Тексеру комиссиясы Төрағасының міндетін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Тексеру комиссиясы мүшелерінің біріне жүктейді;
      20) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      23. Тексеру комиссиясы мүшелерінің өкілеттіктері:
      1) Тексеру комиссиясының аудиторлық, сараптамалық-талдау, ақпараттық және өзге де қызметін ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      2) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады, тексерілетін мемлекеттік аудит объектілерінің жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді және олардың ағымдағы шаруашылық қызметіне араласпайды;
      3) жергілікті бюджеттердің атқарылуына, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілері активтерінің пайдаланылуына мемлекеттік аудитті жоспарлау және жүргізу мәселелеріне қатысты құжаттамаға құпиялылық режимінің, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияның сақталуын ескере отырып, кедергісіз кол жеткізе алады;
      4) мемлекеттік аудитті жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша қажетті анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді мемлекеттік аудит объектілерінен талап етеді және өздері белгілеген мерзімдерде алады;
      5) өздері басқаратын (жетекшілік ететін) қызмет бағыттарының мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде дербес шешім қабылдайды;
      6) өз құзыреті шегінде мемлекеттік аудитті тиімді ұйымдастыру үшін қажетті ресурстардың көлемін айқындай отырып, мемлекеттік аудиттің бағдарламаларын бекітеді, аудиторлық қызметті ұйымдастыру бойынша міндеттердің бөлінуіне сәйкес, нұсқамаларға қол қояды;
      7) мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған бекітілген тізбесіне сәйкес Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлеріне мемлекеттік аудит жүргізуге тапсырмалар береді;
      8) Ақмола облысы және ауданы (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің отырыстарына катысуға кұкылы;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      24. Тексеру комиссиясының Төрағасына және мүшелеріне облыс мәслихатының хатшысы кол қоятын куәліктер беріледі.
      25. Тексеру комиссиясы облыстың мәслихатына Тексеру комиссиясы Төрағасының және мүшелерінің өкілеттік мерзімінің алдағы аяқталатын мерзімі туралы күнтізбелік отыз күн бұрын хабарлайды.
      26. Тексеру комиссиясыньң Төрағасы және мүшелері:
      1) мәслихаттың қызметтен босату туралышешім қабылдауы;
      2) оларға қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енуі;
      3) белгіленген тәртіппен әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп танылуы;
      4) анттарын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және осы Ережені бұзуы, өздерінің мәртебесімен сыйыспайтын теріс қылық жасауы, лауазымдық міндеттерін сақтамауы;
      5) қайтыс болуы себепті, сондай-ақ хабарсыз кеткен деп танылған не қайтыс болды деп жариялан жағдайда;
      6) Қазақстан Республикасы азаматтығының тоқтатылуы;
      7) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуі;
      8) басқа лауазымға тағайындалуы себепті қызметінен мерзімінен бұрын босатылады.
      27. Тексеру комиссиясы Төрағасы мен мүшесінің өкілеттіктері қызметінен босату туралы өтініш беру түрінде мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, Тексеру комиссиясының Торағасы мен мүшесі қызметінен босату туралы тиісті өтініш берілгенге дейін кемінде бір ай бұрын мәслихатты жазбаша хабардар етеді.
      28. Тексеру комиссиясыньң аудиторлық іс-шараны жүргізу, сондай-ақ ақпараттық-талдамалық, кұқықтық, консультативтік, ұйымдастырушылық және өзге де қызметін Тексеру комиссиясының аппараты қамтамасыз етеді. Тексеру комиссиясының аппараты мемлекеттік әкімшілік қызметшілер болып табылатын лауазымды адамдардан тұрады, оны Тексеру комиссиясының Торағасы тағайындайтын аппарат басшысы басқарады.
      29. Аппарат қызметкерлерінің құқықтары, міндеттері мен жауаптылығы, сондай-ақ олардың мемлекеттік қызметті өткеру жағдайлары мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен, еңбек заңнамасымен, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңнамамен және осы Ережемен айқындалады.
      30. Тексеру комиссиясы аппаратының қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңының 39-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      31. Тексеру комиссиясының қызметі Тексеру комиссиясының Төрағасы бекітетін мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын, Қазакстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің тапсырмаларына негізделген Есеп комитетінің сұрау салуларын, облыстық мәслихатының шешімдерін және Тексеру комиссиясы Төрағасының бастамасын қоспағанда, Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесіне өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
      32. Тексеру комиссиясы өзінің қызметін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік аудит объектісінен тәуелсіз болады. Тексеру комиссиясының тәуелсіздігі:
      1) Тексеру комиссиясының қызметіне мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың заңсыз араласуына;
      2) мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша мемлекеттік аудит объектілерінің тиісті жылға арналған тізбесінде көзделмеген тексерулерді жүргізуге Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторлары мен өзге де лауазымды адамдарын тартуға жол бермеу жолымен қамтамасыз етіледі.
      33. Тексеру комиссиясының жергілікті бюджет қаражатын пайдалануын мемлекеттік бақылау және қадағалау облыстық мәслихаттың келісімі немесе тапсырмасы бойынша жүргізіледі.
      34. Тексеру комиссиясының шешімдер қабылдауы отырыста алқалы түрде жүзеге асырылады.
      35. Тексеру комиссиясының отырысында мемлекеттік аудиттің қорытындылары, жоспарлау, әдіснама мәселелері, алқалы шешімді талап ететін өзге де мәселелер қаралады.
      36. Тексеру комиссиясының отырыстары ашық немесе жабық түрде өтеді. Тексеру комиссиясының шешімдері Тексеру комиссиясының отырыс қақатысушы құрамының жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағалық етуші дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
      37. Тексеру комиссиясының отырыстарын жүргізудің тәртібі, жұмысты ұйымдастыру мәселелері және басқа да мәселелер Тексеру комиссиясының регламентімен айқындалады.
      38. Есеп комитеті бекітетін Тексеру комиссиясының мәслихаттарға жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалған нысан мен құрылымға сәйкес, Тексеру комиссиясы жыл сайын есепті қаржы жылы үшін жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасайды және мәслихаттардың қарауына ұсынады.
      39. Есеп комитеті бекітетін Тексеру комиссиясының Есеп комитетіне ақпарат ұсынуы бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандартында айқындалатын нысан мен құрылымға сәйкес, Тексеру комиссиясы тоқсан сайын есепті кезең үшін Есеп комитетіне өз жұмысы туралы ақпарат ұсынып отырады.

4. Тексеру комиссиясының мүлкі

      40. Тексеру комиссиясының Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      41. Тексеру комиссиясының мүлкі оған меншік иесі берген мүліктің, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен қалыптасады.
      42. Тексер укомиссиясына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      43. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Тексеру комиссиясы өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иелігінен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқылы емес.
      44. Тексеру комиссиясының Төрағасын, мүшелерін және аппарат қызметкерлерін материалдық-техникалық және медициналық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға көліктік қызмет көрсету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

5. Тексеру комиссиясын қайта ұйымдастыру және тарату

      45. Тексеру комиссиясын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады