Степногорск қаласы және елді мекендер бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2016 жылғы 19 мамырдағы № 6С-5/3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 маусымда № 5425 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2021 жылғы 12 тамыздағы № 7С-6/3 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 12.08.2021 № 7С-6/3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Степногорск қаласы және елді мекендер бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
А.Қаршегенов
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Степногорск қаласының
әкімі
Ә.Күмпекеев

  Степногорск қалалық
мәслихатының
2016 жылғы 19 мамырдағы
№ 6С-5/3 шешіміне
қосымша

Степногорск қаласы және елді мекендер бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері

Атауы

1 м3 үшін тариф (теңге)

Бір айда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату үшін қызмет құны (теңге)

Заңды тұлғалар

Жинау және әкету үшін

1 089


Көму және кәдеге жарату үшін

313


Жеке тұлғалар

Жинау және әкету үшін

1 089


Көму және кәдеге жарату үшін

313


Жайлы тұрғын үй (1 тұрғынға)


202,12

Жайлы емес тұрғын үй
(1 тұрғынға)


260,53

      Ескерту: м3 – текше метр.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады