Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген 2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары Г.Е.Әбілқайыроваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
Аудан әкімі | Т.Едігенов |
Ақкөл ауданы әкімдігінің 2016 жылғы "26" қаңтардағы № А-1/16 қаулысымен бекітілген |
2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақмола облысы Ақкөл аудандық әкімдігінің 22.09.2016 № А-9/265 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.№ | Мектепке дейінгі білім беру ұйымының түрі | Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілердің саны | Мектепке дейінгі ұйымдардағы жан басына шаққандағы бір айға қаржыландыру мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік | ||
1 | Балабақша | 730 | 20 | 23869,7 | 23869,7 |
2 | Мектеп жанындағы толық күн болатын шағын орталық | 101 | 0 | 16921,6 | 0 |
3 | Мектеп жанындағы жарты күн болатын шағын орталық | 83 | 0 | 6805 | 0 |
Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге) | Мектепке дейінгі ұйымдардағы бір айға ата-ананың төлем мөлшері (теңге) | ||
мемлекеттік | жеке меншік | мемлекеттік | жеке меншік |
23869,7 | 23869,7 | 8820 | 15000 |
16921,6 | 0 | 6000 | 0 |
6805 | 0 | 0 | 0 |