Астрахан аудандық мәслихатының 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 "Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Астрахан аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6С-12-3 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 17 қаңтарда № 5718 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Астрахан аудандық мәслихатының "Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқытуға тәртібін және мөлшерін белгілеу туралы" 2014 жылғы 16 қыркүйектегі № 5С-35-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4392 тіркелген, 2014 жылғы 24 қазанда аудандық "Маяк" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
      "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы";
      2 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
      "2. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жүмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшері ай сайын әр балаға үш айлық есептік көрсеткіш болып айқындалсын.".
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Астрахан аудандық мәслихатының
сессия төрайымы
Г.Мұқанова
      Астрахан аудандық
мәслихатының хатшысы
М.Қожахмет

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Астрахан ауданының әкімі Т.Ерсейітов

      9.12.2016 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады