Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 11.02.2020 № 6С-52/1 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихаттың "Бұланды ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 21 тамыздағы № 5С-40/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4978 тіркелген, 2015 жылғы 2 қазанында "Бұланды таңы" газетінде және 2015 жылғы 2 қазанында "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 1 бөлімнің 2 тармағының 8 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"8) уәкілетті ұйым - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақмола облысы бойынша филиалы "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" департаментінің Бұланды аудандық бөлімшесі;";
2) 3 бөлімнің 18 тармағының 5 тармақшасы жаңа редакцияда баяндалсын:
"5) Ақмола облысының төтенше жағдайлар Департаменті Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімінен анықтама, өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын акті және/немесе құжатты ұсынады.";
3) 3 бөлімнің 28 тармағы алынып тасталсын.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс 5 - сессияның төрағасы |
Б.Қажақанов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданының әкімі | Қ.Испергенов |
11 тамыз 2016 жыл