Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңның 35 бабының 2 тармағына, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңның 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Ақмола облыстық ономастика комиссиясы отырысының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы қорытындысы негізінде Олжабай батыр атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Олжабай батыр атындағы ауылының Сергей Киров көшесі Өміржан Кенбаев көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округінің әкімі | Х. Хавджалел |