РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда – Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 09.09.2019 № а-6/223 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау сол мәселеге жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Қ.Сүйіндіков |
Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы " 1 " шілдедегі № а-7/168 қаулысына қосымша |
Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі
1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.
3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.
4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, бюджеттік субвенциялар, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.
5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.
6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.
7. Ағымдағы нысаналы трансферттер және дамытуға насаналы трансферттер, республикалық бюджеттен бөлінетін бюджеттік кредиттер.