Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 22 маусымдағы № а-6/162 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 5485 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 "Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасын бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жақсы ауданы әкiмiнiң орынбасары Л.Ш. Сейдахметоваға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттік тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Қ.Сүйіндіков

  Жақсы ауданы әкімдігінің
2016 жылғы "22" маусым
№ а-6/162
қаулысына қосымша

Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер

№ р/т

Өлшемдердің атауы

Иеліктен айыру түрі

1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса
Тендер түріндегі жекешелендіру

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады