Шортанды ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 тамыздағы № С-7/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 қыркүйекте № 5525 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 2020 жылғы 29 маусымдағы № С-60/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Шортанды аудандық мәслихатының 29.06.2020 № С-60/3 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына, "Қазақстан Републикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 15) тармақшасына сәйкес, Шортанды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Шортанды ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес қосымша реттелсін.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы
А.Қожамсейітов
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Д.Отаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Шортанды ауданының әкімі Г.Сәдуақасова

      "17" 08 2016 ж.

  Шортанды аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 17 тамыздағы
№ С-7/4 шешіміне қосымша

Шортанды ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

      1. Шортанды ауданының аумағында митингілер мен жиналыстар өткізу орындары анықталсын:
      1) Шортанды кенті, Шауали Рахымжанов атындағы саябақтың алдындағы алаң;
      2) Шортанды кенті, аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаң, Александр Пушкин көшесі, 20.
      2. Шортанды ауданының аумағында шерулер мен демонстрациялар өткізу үшін келесі бағыттар анықталсын:
      1) Шортанды кенті, аудандық Мәдениет үйінен Шауали Рахымжанов атындағы саябаққа дейін, Александр Пушкин, Абылай хан, 30 лет Победы көшелері бойынан;
      2) Шортанды кенті, 30 лет Победы және Феликс Дзержинский көшелерінің қиылысынан аудандық Мәдениет үйіне дейін, 30 лет Победы, Абылай хан, Александр Пушкин көшелері бойынан.
      3. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу орындарында:
      1) алкоголь ішімдіктерін ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, оларға ұқсас өнімдерді, прекурсорларды қолдануға;
      2) транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көрнекі, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ жұрт алдындағы қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға, біреудің атына тіл тигізуге шақырып көпшілік алдында сөйлеуге жол берілмейді.
      4. Қоғамдық тәртіп пен пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бір күнде және бір уақытта, бір объектіде үштен аспайтын жекелеген пикеттерді өткізуге жол беріледі. Әр түрлі жекелеген пикеттерге қатысушылар бір-бірінен кем дегенде 50 метр қашықтықта орналасулары немесе тура көрініп тұрулары қажет.
      5. Пикет өткізу кезінде:
      1) пикет объектінің маңында тұруға, отыруға;
      2) көрнекі үгіт құралдарын пайдалануға;
      3) пикеттің тақырыбы бойынша қысқа ұрандар, слогандар айғалап айтуға рұқсат етіледі.
      6. Жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткізуге рұқсат беруден Шортанды ауданының әкімдігі бас тартқан жағдайда немесе оны тыйым салу туралы шешім шығарылса, уәкілдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және бұл туралы ықтимал қатысушыларды тиісті хабардар ету бойынша тез арада шаралар қолданады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады