Бурабай ауданы әкімдігінің және Бурабай аудандық мәслихаттың кейбір бірлескен қаулылары мен шешімдеріне өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № а-12/518 қаулысы және Ақмола облысы Бурабай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 6С-9/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 9 қаңтарда № 5673 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес, Бурабай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бурабай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Щучинск қаласының "Промзона" шағын ауданындағы көшеге атау беру туралы" Щучье ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 29 шілдедегі № а-7/360 қаулысы мен Щучье аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 29 шілдедегі № С-17/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-19-164 болып тіркелген, 2009 жылдың 3 қыркүйегінде аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған бірлескен қаулы мен шешімнің кіріспесіндегі "5-1 тармағына" сөздері "5-1) тармақшасына" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. "Бурабай ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы Бурабай ауданы әкімдігінің және Бурабай аудандық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Бурабай ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № а-4/230 қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 5С-42/3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4827 болып тіркелген, 2015 жылдың 25 маусымында аудандық "Бурабай" және "Луч" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:
      аталған бірлескен қаулы мен шешімнің кіріспесі "Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 17 ақпандағы № А-2/65 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 17 ақпандағы № 5С-34-6" сөздерінен кейін "(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4673 болып тіркелген)" сөздерімен толықтырылсын.
      3. Осы Бурабай ауданы әкімдігінің қаулысы мен Бурабай аудандық мәслихаттың шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Бурабай ауданының әкімі Т.Ташмағамбетов
      Аудандық мәслихаттың
ІХ (кезектен тыс) сессиясының
төрайымы
Қ.Өміртаева
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Ө.Бейсенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады