"Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 265 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 104 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 13 сәуірде № 4847 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 06.03.2020 № 95 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27 - бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы" Заңының 16 - бабының 3 - тармағына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11327 тіркелген) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 265 "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4465 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген "Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);";
      2 тараудың 4-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға – Стандарттың 1-қосымшасындағы нысан бойынша өтініш;";
      4-тарауының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау";
      8-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу үдерісін сипаттау:";
      8-тармақтың 1), 2), 3), 7) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік корпорация операторына қажетті құжаттар мен өтініш береді, ол электрондық кезек жолымен "кедергісіз қызмет көрсету" арқылы операциялық залда 2 (екі) минут ішінде жүзеге асырылады;";
      "2) 1 - үдеріс - қызмет көрсету үшін Мемлекеттік корпорация операторы Мемлекеттік корпорация Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді 1 (бір) минут ішінде енгізуі (авторизациялау үдерісі);";
      "3) 2 - үдеріс – Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін қызметті таңдауы, экранға қызмет көрсетуге арналған сұраныс нысанын шығару және Мемлекеттік корпорация операторының көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының мәліметтерін, сондай-ақ көрсетілетін мемлекеттік қызметі бойынша мәліметтерін, 2 (екі) минут ішінде шығаруы (нотариалдық куәландырылған сенімхат болғанда немесе сенімхатты өзге де куәландыру кезінде – сенімхаттың мәліметтері толтырылмайды);";
      "7) 5 - үдеріс – МК ЫАЖ арқылы Мемлекеттік корпорация операторының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының сұранысын) "Е – лицензиялау" мемлекеттік деректер қорының автоматтандырылған жұмыс орны ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ЕЛ МДҚ АЖО АЖ) 2 (екі) минут ішінде жіберу;";
      "11) 8 - үдеріс – көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушының Мемлекеттік корпорация арқылы ЕЛ МДҚ АЖО АЖ қалыптастырған қызмет нәтижесін алуы 5 (бес) жұмыс күні ішінде (паспорт, немесе бас тарту туралы дәлелді жауап алуы).".
      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М.Бексарыға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң бірақ, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 35 "Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" бұйрығы қолданысқа енгізілгеннен бұрын емес.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады