"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 13 сәуірдегі № 148 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 мамырда № 4915 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2020 жылғы 3 наурыздағы № 81 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 03.03.2020 № 81 қаулысымен (алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13337) бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 маусымдағы № 199 "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4421 тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған қаулымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 13 сәуірдегі
№ 148 қаулысына қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы "08" маусымдағы
№ 199 қаулысымен бекітілген

"Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсiру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі -мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтінімдерді қабылдау және көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, аудандардың және Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімдері (бұдан әрі - Бөлім);
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызмет алушылардың банктік есепшотына аудару үшін "Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - аумақтық қазынашылық бөлімшесі) төлем шоттарының тізілімін ұсыну мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 15 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтары өзгерістер енгізу туралы" бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын субсидиялау") (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13337 тіркелген) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 3 -қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оларды орындаудың ұзақтығы:
      1) Бөлім:
      көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді құжаттардың топтамасын бірге қабылдайды және құжаттар топтамасының қабылданған күнін және уақытын, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қояды (30 (отыз) минуттан артық емес);
      өтiнiм мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      Нәтижесі - ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі - ВАК) қарауына енгiзедi;
      2) ВАК:
      Бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      өскіндердің болуын шолып тексереді (2 (екі) апта ішінде);
      тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      қабылдау актiсiн үш данада жасайды (3 (үш) жұмыс күні ішінде);
      актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың Бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды (5 (бес) жұмыс күнi iшiнде);
      Нәтижесі -оны аудан (Ақтөбе қаласы) әкіміне бекітуге жолдайды;
      3) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
      4) Бөлім:
      көрсетілетін қызметті алушыны ВАК тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi (2 (екi) жұмыс күнi iшiнде);
      көрсетілетін қызметті берушіге аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдерімен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушіге бекітілген құжаттарды жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті беруші:
      тізімдеме қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады (5 (бес) жұмыс күні ішінде).
      Нәтижесі - төлем құжаттарын аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсыну.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:
      1) Бөлім;
      2) Көрсетілетін қызметті беруші;
      3) ВАК;
      4) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
      1) Бөлім:
      көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттардың топтамасын өтінімімен бірге қабылдайды) және құжаттар топтамасының қабылданған күнін және уақытын, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда) көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгі қояды (30 (отыз) минуттан артық емес;
      өтiнiм мен құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      2) ВАК:
      Бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      өскіндердің болуын шолып тексереді (2 (екі) апта ішінде);
      тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      қабылдау актiсiн үш данада жасайды (3 (үш) жұмыс күні ішінде);
      актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың Бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды (5 (бес) жұмыс күнi iшiнде);
      аудан (Ақтөбе қаласы) әкіміне тізімді бекіту үшін жолдайды;
      3) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
      4) Бөлім:
      көрсетілетін қызметті алушыны ВАК тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi (2 (екi) жұмыс күнi iшiнде);
      көрсетілетін қызметті берушіге аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдерімен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      5) көрсетілетін қызметті беруші:
      тізімдеме қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады (5 (бес) жұмыс күні ішінде).

4. Мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Мемлекеттік корпорация арқылы әр рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтылығын көрсете отырып жолығу тәртібін сипаттау:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандартқа сәйкес қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол электрондық кезек ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;
      2) Мемлекеттік корпорация инспекторы түскен құжаттарды тіркейді және қызметті алушыға сәйкесінше мына:
      сұрау салудың нөмірін және қабылданған күнін;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
      құжаттарды беру күнін (уақытын) және орнын;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын;
      қызметті алушының тегін, атын, әкесінің атын, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегін, атын, әкесінің атын және олардың байланыс телефондарын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
      3) Мемлекеттік корпорацияның инспекторы қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде жинақтау секторына береді.
      4) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы құжаттарды жинайды, тізілім жасайды және Мемлекеттік корпорация курьері арқылы құжаттарды Бөлімге жібереді.
      5) Бөлім:
      түскен өтінімді құжаттар жиынтығын қабылдайды және тіркейді;
      өтiнiмді және құжаттарды алғаннан кейiн ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      6) ВАК:
      Бөлiм ұсынған құжаттарды қарап, субсидиялар алуға үмiткер көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      өскіндердің болуын шолып тексереді (2 (екі) апта ішінде);
      тексеру қорытындылары бойынша акт жасайды (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      қабылдау актiсiн үш данада жасайды (3 (үш) жұмыс күні ішінде);
      актiнiң және көрсетілетін қызметті алушылардың Бөлiмге ұсынған құжаттардың негiзiнде субсидиялар алуға көрсетілетін қызметті алушылардың түпкiлiктi тiзiмiн жасайды (5 (бес) жұмыс күнi iшiнде);
      7) аудан (Ақтөбе қаласы) әкімі көрсетілетін қызметті алушылардың тiзiмiн бекітеді (2 (екі) жұмыс күні ішінде);
      8) Бөлім:
      көрсетілетін қызметті алушыны ВАК тiзiмге енгiзуден бас тартқан жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға бас тарту себептерiн көрсете отырып тиiстi анықтама бередi (2 (екi) жұмыс күнi iшiнде);
      көрсетілетін қызметті берушіге аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдерімен бекітілген тізімді және басқа да қажетті құжаттарды ұсынады (3 (үш) жұмыс күнi iшiнде);
      9) көрсетілетін қызметті беруші:
      тізімдеме қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсынады, сонымен қатар Бөлімге хабарлама жолдайды (5 (бес) жұмыс күні ішінде);
      10) Бөлім мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркеп Мемлекеттік корпорацияның курьеріне ұсынады.
      11) Мемлекеттік корпорацияның курьері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жинақтау секторына тапсырады.
      12) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның инспекторына береді (30 (отыз) минут ішінде).
      13) Мемлекеттік корпорацияның инспекторы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн және мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Ауыл шаруашылығы
дақылдарын қорғалған
топырақта өңдеп өсіру
шығындарының құнын
субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады