Елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасын бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 485 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда № 5167 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі "Автомобиль жолдары туралы" Заңының 13 - бабы 1-1 - тармағының 6-8) тармақшасына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған елді мекендердің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыстар түрлерінің сыныптамасы бекітілсін.
      2. "Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық – құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Ж.М.Бексарыға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 485 қаулысымен бекітілген

Елді мекендердің көшелерін күтiп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделi жөндеу кезiнде орындалатын жұмыстар түрлерiнің сыныптамасы

1. Жалпы ережелер

      1. Осы елді мекендердің көшелерін күтiп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделi жөндеу кезiнде орындалатын жұмыстар түрлерiнің сыныптамасы (бұдан әрi – сыныптама) Ақтөбе облысы елді мекендерінің көшелерін күтіп-ұстау, ағымдағы, орташа және күрделi жөндеу кезiнде орындалатын жұмыстар түрлерiн белгiлейдi. 
      2. Сыныптама жол-жөндеу жұмыстарының көлемдерiн негiздеу және оларды орындау үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн қаржы қаражаттарын есептеу үшiн қолданылады.
      3. Осы сыныптамада мынадай анықтамалар қолданылады:
      1) көше (көшенiң көлiк жүретiн бөлiгi) – елдi мекендер шекарасының шегiндегi автомобиль жолы;
      2) елді мекендердің көшелеріне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегіндегі автомобиль жолдары жатады.
      3) елді мекендердің көшелерін ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсілімен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегі іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргізілетін, автомобиль жолдарында авариялық жағдайлар, ақаулар туындауының алдын алу, сондай-ақ автомобиль жолын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртібімен орындалатын жұмыстар кешені;
      4) елді мекендердің көшелерін орташа жөндеу – көшелер мен жол құрылыстарының бастапқы пайдалану сапаларын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені;
      5) елді мекендердің көшелерін күрделі жөндеу – қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, көшенің көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
      6) елді мекендердің көшелерін күтіп ұстау – елді мекендер шекаралары шегінде автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені;
      7) елді мекендердің көшелерін пайдалануды басқару - бұл жол-жөндеу жұмыстарының экономикалық негiзделген стратегиясын әзiрлей отырыполарға диагностикалау мен мониторинг жүргiзудiң негiзiнде көшелердің қажеттi техникалық деңгейiн және көлiктiк-пайдалану жай-күйiн қамтамасыз ету бойынша ұйымдық және регламенттейтiн жұмыстар кешенi;
      8) елді мекендер көшелерінің жай-күйiне мониторинг жүргiзу – бұл пайдалану және қоршаған ортаның ықпал етуi нәтижесiнде мүмкiн болатын антропогендiк өзгерiстердiң жай-күйiн қадағалау мен бақылау, бағалау мен болжамдау жүйесi;
      9) елді мекендердің көшелерін маршруттық жөндеу тәсiлi - бұл көлiк қозғалысы үшiн қауiптi ақаулықтарды жою және жергiлiктi учаскелердегi жол жабынының тегiстiгiн қалпына келтiру жұмыстарын қоса алғанда, маршрут бойынша орындалатын жөндеу жұмыстарының кешені;
      10) жол жамылғысы - бұл автокөлiк құралдарынан түсетiн салмақты қабылдайтын және оны топыраққа беретiн автомобиль жолдарының бөлiнген белдеулерiнiң шегiндегi көп қабатты құрылғы;
      11) себу бермасы – үйінді құламасы немесе жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын жайғастыруға арналған ойықша үстінде орналастырылатын алаңқай; 
      12) жол қызметінің объектілері – жол-пайдалану кешендері, пайдалану қызметінің жұмыскерлеріне арналған тұрғын үйлер, автобус аялдамалары, павильондар, демалыс алаңдары, автомобильдердің аз уақытқа аялдауына арналған алаңдар, автомобильдерді техникалық қарауға арналған құрылғылар, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған құрылыстар мен құрылғылар, орман белдеулері, көпірлерге қызмет көрсету және оларды күзету пункттері, технологиялық және авариялық-шақыру байланысының құрылғылары, жүріп өту үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешені.
      4. Елді мекендердің көшелерін пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге нақты бөлiнген ақшалай ресурстар елді мекендер көшелерінің көлiктiк-пайдалану жай-күйiн тексеру және диагностикалау материалдары негiзiнде белгiленген жүргізілетін жөндеу жұмыстарының түрлерiне және жол-жөндеу жұмыстарының әзiрленген стратегиясына қарай бөлiнедi.
      5. Елді мекендердің көшелерін күтiп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделi жөндеулер кезiнде орындалатын жұмыстардың сыныпталатын түрлерi жол саласында қолданылатын нормативтiк-техникалық құжаттарының талаптарына сәйкес орындалады.
      6. Елді мекендердің көшелерін пайдалануды басқаруға мынадай жұмыстар жатады:
      1) жол-жөндеу жұмыстарының стратегиясын негiздеу және қажеттi қаржы ресурстарын жоспарлау;
      2) елді мекендердің көшелерін сақтауды қамтамасыз ету және оларды алдын ала тозудан сақтау;
      3) технологияны жетiлдiру және елді мекендердің көшелерін жөндеу мен күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
      4) елді мекендердің көшелерін пайдалануды басқару жөніндегі жұмыстарды орындауды ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу және бақылау;
      5) елді мекендердің көшелерін ағымдағы, орташа және күрделi жөндеу бойынша жұмыстардың шегiнде көшелер учаскелерін техникалық сүйемелдеу және мониторингілеу.
      7. Елді мекендердің көшелерін диагностикалау мен мониторинг жүргiзу iс-шараларының құрамына мына жұмыс түрлерi кiредi:
      1) елді мекендердің көшелерін оларды күтiп ұстау сапасын бағалай отырып жүйелi түрде (көктемгi, күзгi және айлық) тексеру;
      2) елді мекендер көшелерінің көлiктiк-пайдалану жай-күйiн бағалау арқылы көзбен шолу және аспаптық тексеру;
      3) елді мекендердің көшелеріндегі көлiк қозғалысының қарқындылығы мен құрамын есепке алу;
      4) объектiлердi техникалық сараптау, оның iшiнде жедел шешiмдер қабылдауды талап ететiн төтенше жағдайларда және өзге жағдайларда материалдар мен жұмыстардың сапасын бағалау.

2. Елді мекендердің көшелерін күтiп ұстау

      8. Елді мекендердің көшелерін күтiп ұстау жұмыстары жыл бойы үздiксiз жүзеге асырылады.
      Елді мекендердің көшелерін күтiп ұстау жұмыстарын уақтылы жүргiзу мақсатында оларды көзбен көрiп тексеру патрульдеу арқылы жүзеге асырылады. 
      9. Елді мекендердің көшелерін күтiп ұстау жұмыстарын жүргiзу нәтижесiнде жыл бойы көлiк құралдарының үздiксiз, қауiпсiз және жайлы қозғалысы қамтамасыз етiлуi қажет.
      10. Күтiп ұстау жұмыстары жобалық құжаттамасыз жүзеге асырылады. Оларды қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген нормативтiк қаржыландыруға сәйкес, күтiп ұстауға бөлiнген қаражат шегiнде ақаулықтар тiзбесi бойынша көшелерді тексеру нәтижесiнiң негiзiнде жоспарлайды.
      11. Елді мекендердің көшелерін күтiп ұстау жұмыстары көктемгi, жазғы және күзгi кезеңде күтiп ұстау, қысқы күтiп ұстау, жолдарды көгалдандыру және өзге жұмыстарға бөлiнедi.
      12. Елді мекендердің көшелерін күтiп ұстау жұмыстарының құрамына операторлардың ұсынуымен ақпаратты жинау, өңдеу және жыл бойына күн сайын ұсыну кiредi, соның iшiнде: 
      1) бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараттық қамтамасыз етудi қоса алғанда елді мекендер көшелердің өтпелілігі туралы;
      2) болған жол-көліктік оқиғалар (бұдан әрі - ЖКО) туралы; 
      3) еріген және тасқын суларды жiберу кезiндегi жұмыстар туралы;
      4) қысқы уақытта қар тазалайтын машиналар мен механизмдердiң жұмысы туралы;
      5) ақпараттарды жинау және өңдеу, елді мекендер көшелерінің көлiк-пайдалану жай-күйi туралы деректердiң бiрыңғай ақпараттық банкiне әкімдік ету және басқару.
      13. Елді мекендердің көшелерін күтiп ұстау кезінде жыл бойы мынадай жұмыстарды орындайды:
      1) елді мекендердің көшелері жай-күйiне патрульдiк қадағалау;
      2) жер жамылғысы мен су өткiзу жүйесi бойынша:
      қоқыстарды кәдеге жаратуға тией, шығара және бере отырып су өткiзгiш жыраларды көктемде қардан, ал жазда жиналған қоқыс пен балшықтан тазалау;
      жиектердегi, иiрiмдi учаскелердегi кептiргiш науаларды қазу және себу;
      жиектердi жоспарлау, шөптермен себу;
      шабу және шабылған шөптердi жинау;
      шабылған материалдарды кәдеге жаратуға тией, шығара және бере отырып жер жамылғысының жиектерi мен шеттерiндегi бұталарды қазып алу, ағаштарды, жабайы өсетiн бұталарды тамырымен жұлу;
      материалдар қоспастан жиектер мен себу бермдерiн жоспарлау;
      жеке учаскелердегi көлiк құралдарының қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ететiн себу арқылы жиектердi және бермдердi себу, кесу және жоспарлау;
      иiрiм учаскелердi жою;
      жиектердi себу және бекiту;
      жеке элементтерiн ауыстырумен және жаңа материалдарды пайдалану арқылы жер төсемi, су қайтарғыш, резервтер, бермдер, қорғаныс, бекiту және реттегiш құрылыстарының жеке бұзылуларын түзету;
      көлiк құралдарының қауiпсiз қозғалысын қамтамасыз ететiн материалдарды қосу немесе қоспау арқылы жиектердi және бермдердi кесу және жоспарлау;
      3) бөлiнген белдеулер бойынша:
      су ағынын қамтамасыз ету үшiн бөлу жолағын жоспарлау;
      бөлу жолағындағы қоқысты жинау, шығару және кәдеге жаратуға беру;
      шабылған материалдарды тией, шығара және кәдеге жаратуға бере отырып жол қозғалысының қауiпсiздiгiне ықпал ететiн ағаштарды, бұталарды, жабайы өсетiн бұталарды шабу және тамырымен жұлу;
      бөлiнген белдеулердi шабу және шабылған шөптердi, қамыстарды және қурайларды жинау, тиеу, шығару және кәдеге жаратуға беру;
      4) күрделi жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша:
      жүру бөлiгiн тазалау және жуу;
      ылғалдың, ауаның, күн радиациясының кiруiнен асфальтты-бетонды жабынды тиiмдi оқшаулау үшiн жаңартатын сұйықтықты пайдалану, атмосфералық ықпалдың әсерiнен бұзылған битумды қалпына келтiру, жамылғының суға төзiмдiлiгiн сақтау және қалпына келтiру;
      жарықшақтарды бітеу;
      шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлердi бiтеу, жиектердi тегiстеу;
      жергiлiктi учаскелердiң төсемдерiндегi иiрiмдердi жою;
      төсемдегi шорлар мен қауiптi тегiссiздiктi кесу, тозу қабатын кейiннен кедiр-бұдыр негiздi өндеу арқылы ойыстарды бiтеу;
      жүру бөлiгiн белгiлеу;
      цемент–бетон жамылғыларында жарықшақтарды жөндеу және толтыру;
      апатты-қауiптi учаскелердi маршруттық тәсiлмен жөндеу (иiрiмдердi жою, негiз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бiтеу, тегiстейтiн қабаттарды қондыру, жол жиектерiн бекiту, жабындарды үстiртiн өңдеу);
      елді мекендердің көшелеріне маршруттық тәсiлмен жөндеу жүргiзу кезiнде жолдарды күтiп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшiн қауiптi ақаулықтарды жою жұмыстары, жергiлiктi учаскелерде жол төсемiнiң тегiстiлiгiн қалпына келтiрудi қамтитын жөндеу жұмыстары кешенi, оның iшiнде ресайклинг әдiсiмен жүргiзiледi. Жөндеудiң маршруттық тәсiлi кезiнде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергiлiктi учаскелердегi жол төсемiнiң маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
      Жұмыстар әрi ақаулықтар тiзбесi негiзiнде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресiмделген тиiстi ақаулықтары мен атқару сметаларын жою үшiн қабылданған жұмыстар технологиясы бойынша елді мекендердің көшелерін күтiп ұстауды жүргiзетiн жол ұйымдастыру күштерiмен орындалады;
      5) жетiлдiрiлген жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша:
      тұтқыр материалдары көп учаскелердi күтiп ұстау;
      жарықшақтарды құю;
      шұңқырларды жою, шарықшақтарды, шұңқырларды, отырыңқы жерлердi бiтеу, көше учаскесiнiң жиектерiн тегiстеу;
      жүру бөлiгiн белгiлеу;
      апатты-қауiптi учаскелердi маршруттық тәсiлмен жөндеу (иiрiмдердi жою, негiз және жабындарды жөндеу, шұңқырды жөндеу, жарықтарды бiтеу, тегiстейтiн қабаттарды қондыру, жол жиектерiн бекiту, жабындарды үстiртiн өңдеу);
      елді мекендердің көшелеріне маршруттық тәсiлмен жөндеу жүргiзу кезiнде жолдарды күтiп ұстау, сондай-ақ бағдар бойынша анықталған қозғалыс үшiн қауiптi ақаулықтарды жою жұмыстары, жергiлiктi учаскелерде жол төсемiнiң тегiстiлiгiн қалпына келтiрудi қамтитын жөндеу жұмыстары кешенi, оның iшiнде ресайклинг әдiсiмен жүргiзiледi. Жөндеудiң маршруттық тәсiлi кезiнде жөндеу жұмыстары аралас бағдардың барлық ұзындығында, жергiлiктi учаскелердегi жол төсемiнiң маңызды ақаулықтары мен бұзылулары шоғырланған жерлерде орындалады.
      Жұмыстар жұмыстар технологиясы бойынша ақаулықтарды жою үшiн қабылданған және ақаулықтар тiзбесi негiзiнде қолданыстағы ережелерге сәйкес ресiмделген атқару сметалары бойынша елді мекендердің көшелерін күтiп ұстауды жүргiзетiн жол ұйымдастыру күштерiмен орындалады;
      6) өтпелi жамылғысы бар жүру бөлiгi бойынша: 
      төсемдi балшықтан тазалау;
      төсемдi сумен шаңсыздандыру;
      материалдар қосу арқылы төсемдi кескiндеу және нығыздау;
      төсемдерге тас үгiндiлерi мен илендiлердi үю, катундарды жинау;
      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердiң қапталдарын қалпына келтiру;
      7) топырақты және топырақты жақсартылған төсемi бар жүру бөлiгi бойынша:
      материалдарды қосу арқылы пайда болған шұңқырлар, сораптар, басқа тегiссiздiктердi жою үшiн төсемдi кескiндеу;
      елді мекендердің көшелерін хлорлы кальциймен, битуммен шаңсыздандыру;
      елді мекендер көшелерінің іскен учаскелерiн күтiп ұстау, уақытша қоршау, ауа науаларын орналастыру және себу, жол төсемi мен жол жамылғысының үстiнен су өтуiн қамтамасыз ету;
      8) жолдардың жағдайы және жайластыру, қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектiлерi бойынша:
      шу жолақтары, шудан қорғау экрандарын салу және жөндеу;
      жетiспейтiн белгiлердi, қоршауларды орнату, бұзылуларды қалпына түзету, жол белгiлерi мен қоршаулардың қалқандарын толық ауыстыру, панноларды, жол жиектерiнiң тастарын орнату және жөндеу, жолды жайғастыру элементтерiн қалпына келтiру;
      сәулеттік безендiрулер мен абаттандыру элементтерiнiң жекелеген бұзылуларын және ақаулықтарын жөндеу;
      күркелер, жол белгiлерi, қоршаулар және автомобиль жолдарының басқа жайғастыру элементтерiн сырлау және ақтау, тiк және көлденең белгiлердi түсiру;
      күркелер, орындықтарды орнату және жөндеу;
      қоршауларды, сигнал беру бағандарын, белгiлердi, қалқандарды үнемi тексеру, бекiткiштерiн тарту, қалқандарды түзету, шаң мен балшықтан тазалау, жуу;
      автобус аялдамаларын, дәретханаларды, күркелердi, кезеңдi тексеру, шаңнан, балшықтан және қоқыстан тазалау, жуу;
      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру құралдарын күтiп ұстау, күту және жарамдылығын қадағалау;
      жүру бөлiгiн және жиектердi бөтен, жол қозғалысының қуiпсiздiгiне қауiп төндiретiн заттардан тазалау;
      жолдарды, көпiрлердi, жол өткiзгiштердi, үңгi жолдарды, көлiк айрықтарын, паромдық өткелдердi және басқа жол құрылыстарын электрмен жабдықтау желiлерiн тазалықта және ретке келтiрiп ұстау, iстен шыққан шамдарды, шамшырақтарды, сымдарды, кабельдердi, трансформаторларды, жарық тiреулерiн және басқа электрмен жабдықтау элементтерiн ауыстыру және жаңаларын монтаждау, радио байланысын, ақы алу жүйесiн, зияткерлiк көлiк жүйесiн (бұдан әрі - ЗКЖ), басқа технологиялық және сигнал беру байланысының басқа құралдарын, кабель желiлерiн, сондай-ақ, бағдаршам объектiлерiн, қозғалысты ұйымдастыру құралдарын, олардың қызмет етуi үшiн байланыс каналдарын жалға алуды қоса алғанда, қозғалысты диспетчерлiк және автоматтандырып басқару құралдарын тазалықта және ретке келтiрiп ұстау;
      қозғалысты ұйымдастыру, байланыс және жарықтандыру объектiлерiнiң құралдарын жеке бұзылулардан және ақаулықтардан жөндеу, паспорттағы деректердiң талаптарына сәйкес ақы алу және ЗКЖ, соның iшiнде жол бойындағы құрал-жабдықтар, дербес жұмыс станциялары, Орталық басқару пунктiнiң (бұдан әрі - ОБП) ұйымдастыру техникасы, байланыс құралдары, ОБП серверлiк, жүйелiк және бейне құрал-жабдықтарының тораптары мен бөлшектерiн жоспарлы жөндеу және ауыстыру;
      жол желiлiк телеграфтық немесе радио байланыс және басқа технологиялық және сигнал-шақыру байланысын қалпына келтiру;
      өлшеу құралдарын, жабдықтарды қондыру, жөндеу және күтiп ұстау, автокөлiк құралдарының қозғалысын бақылау және мониторинг үшiн бағдарламалық қамтамасыз ету;
      жалпы пайдаланымдағы көшелерді күтiп ұстау және жөндеудi жүзеге асыратын көлiк құралдарының қозғалысын бақылауға арналған навигациялық жүйелердi күтiп ұстау, қондыру және пайдалану;
      жүргiншiлер бөлiгiне "мысық көз" жол маркерiн қондыру (қажет болған жағдайда);
      тиiстi сертификаттарды, таразы бақылау аркаларының өлшеу құралдарын алумен жыл сайынғы тексерудi жүргiзу;
      бақылау посттарын, аркалар мен басқа металл құрылымдары немесе/және темiр-бетон бұйымдарын, ақпараттық жол белгiлерiн қондыру және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бiрге жұмыс көлемдерi сметалық құжаттамамен белгiленедi;
      қолданыстағы елді мекендер көшелерінің қоршауларын, аялдама павильондарын, сервис павильондарын, кiшi архитектуралық пiшiндер, тiкұшақтарға арналған ұшу-қону алаңдары, демалыс алаңдарын және жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарын ескере отырып, жүргiзушiлер мен жолаушылардың пайдалануы үшiн жайлылықты қамтамасыз ету мақсатында ауыспалы-жылдамдық жолақтарын салу және қажет болған жағдайда оларды жарықтандыру және электрмен жабдықтау, сонымен бiрге жұмыс көлемдерi техникалық құжаттамамен белгiленедi;
      9) жасанды құрылыстар бойынша:
      жүру бөлiгiнiң жиектас қоршауларына белгi қою;
      тапсырыс берушiнiң нұсқамасы бойынша жол қауiпсiздiгiн негiзге ала отырып, сүйеулер мен тосқауыл қоршауларының бұзылуларын түзету және қондыру;
      көпiрлердiң металлды элементтерiнiң сүйеу қоршауларының бояу қабатын (бояма) жергiлiктi қалпына келтiру;
      жүру бөлiгiнiң жиектас қоршауларына белгi қою;
      автожолдардың үстiндегi жол өткiзгiштерiнiң маңдай алды арқалықтарының астына тiк белгiлер қою;
      автожолдардың үстiндегi жол өткiзгiштерiнiң тiректерiне тiк белгiлер қою;
      жинау техникасы өткеннен кейiн жаяу жүргiншiлер жолдарының бойындағы жүру бөлiгiн балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазалау;
      қар тазалайтын техника өткеннен кейiн жаяу жүргiншiлер жолдарының бойындағы жүру бөлiгiн қар мен мұздан тазалау;
      су қайтаратын түтiктердi балшықтан, тастардан және қардан тазалау;
      сорғылардан болған деформациялық жiктерiнiң су қайтаратын науаларын тазалау;
      қабаттарды ашық типтi деформациялық жiктерге алмастыруға арналған ойықтарды балшықтан тазалау;
      ашық типтi деформациялық жiктердiң күрделi құрылыстарының механизмдерiн тазалау және майлау;
      суды жiберуге арналған жаяу жүргiншiлер жолдары шығырларындағы терезелердi тазарту;
      көпiрдiң жаяу жүргiншiлер жолы мен жүру бөлiгiнiң арасындағы тосқауыл қоршауларының қисық сызықты бiлеуiнiң астындағы кеңiстiктi балшықтан, қардан және мұздан тазалау;
      сүйенiш, тосқауыл қоршауларын, жол белгiлерiн кiр мен қардан тазалау;
      арқалықтардың үстiн кiрден, жағылған топырақтан, өсiмдiктерден тазалау;
      арқалықтардың тiрек тораптарын жуу;
      тiрек бөлiктерiн қардан, кiрден тазалау;
      тiрек бөлiктерiнiң жұмыс iстейтiн үстiне графиттi құрылыстарды жағу;
      темiр тiрек бөлiктерi бекiткiштерiнiң бұрандамаларын тарту;
      тiректердiң бастарын және фермалық алаңдарды қоқыс пен кiрден, қар мен мұздан тазалау;
      конустар мен еңiс бекiнiстерiн кiрден, шөптен және талдардан тазалау;
      тiректердегi мұзды уату және мұзды кесу;
      сең жүру және тасқын суларды өткiзудi ұйымдастыру;
      байқау құралдарын (баспалдақтар, арбашалар) тазалау;
      көпiр құрылыстарын ағымдағы және кезеңдi тексеру;
      қоқыстарды және кесiлген ағаштарды тией, шығара және кәдеге жаратуға бере отырып көпiр аймақтарынан арақашықтығы 15-25 метрдегi, ағыны бойынша жоғары және төмен бұталы өсiмдiктердi жою және ағаштарды шабу, көпiр астындағы аймақтарды санитарлық тазалау;
      темiр-бетон құбырларының аралықтарын лай мен балшықтан тазалау;
      шағын көпiрлер мен құбырлардың аралықтарын күзде жабу және көктемде ашу;
      сел жүрудi, тасқын суларды жiберу, жолдар мен құрылыстарды тасқыннан, мұз басудан, орман және дала өрттерiнен қорғау бойынша сақтандыру жұмыстары;
      құрылыстардың жеке элементтерiн (тiрек бөлiктерi, сүйенiштер, тосқауыл қоршаулары, төсенiштер, дiңгектер, тiреуiштер, дуал қабырғалары, құрғату құрылғылары) қондыру, ауыстыру және жөндеу;
      көпiрлердiң темiр элементтерiн жергiлiктi сырлау;
      көпiрлердiң, жол өткiзгiштердiң жүру бөлiгiндегi төсемдi шұңқырлы жөндеу, төсемдегi жарықшақтарды бiтеу;
      деформациялық жiктердi ұсақ жөндеу;
      деформациялық жiктердi ескi шайырдан алдын ала тазалау арқылы шайыр құю;
      деформациялық жiктердiң аймағындағы немесе жiктердiң алдындағы төсемдi алмастыру;
      аяқ жолдардың асфальт-бетон төсемдерiндегi жарықшақтар мен еңiстердi бiтеу;
      аяқ жолдардың цемент-бетон төсемдерiндегi жарықшақтар мен еңiстердi бiтеу;
      үйiндiлердiң шайылған жергiлiктi жерлерiн және реттеу құрылыстарын жою;
      үйiндiсi бар көпiрлердiң жанасқан жерлерiндегi шайылуларды себу, осы жерлердегi суды бiр уақытта жою;
      тiректердегi шайылу шұңқырларын бiтеу;
      10) қосымша қысқы күтiп ұстау жұмыстарына жататындары:
      көк тайғаққа қарсы материалдарды әзiрлеу, дайындау;
      қардан қорғану құралдарын (қалқандар, кiшкене қоршаулар, шарбақтар) әзiрлеу; 
      қардан қорғану шарбақтарын, қалқандарды, панельдерiн және басқа да қардан қорғану құрылғыларын орнату, бөлшектеу және жөндеу;
      елді мекендердің көшелерін патрулдiк қардан тазалау, елді мекендердің көшелерінің қарлы борасындардан аршу, жолдардың жүру бөлiгiн қарлы жамылғыдан тазалау, жиектерден, еңiстерден және резервтерден қарлы дуалдардан жою;
      жол белгiлерi мен тосқауыл қоршауларын қарлы борасындардан тазалау;
      жүру бөлiгiн фрикциялық, химиялық және басқа да көк тайғаққа қарсы материалдармен өндеу және оларды кейiннен тазалау;
      автобус аялдамаларын, павильондарды, демалыс алаңдарын және жол қызметi объектiлерiн қар мен мұздан жүйелi түрде тазалау;
      қар тоқтату үшiн автомобиль жолдарының бойынан қар борасындары мен орларын құру;
      тайғақ жамылғысы бар учаскелерде қысқа уақыт әрекет ететiн жол белгiлерiн орнату;
      ауыр ауа-райы жағдайларында жол-жөндеу қызметi жұмысшыларының қатарынан және жол техникасын тәулiк бойы күзетудi ұйымдастыру;

3. Елді мекендердің көшелерін ағымдағы жөндеу

      14. Елді мекендердің көшелерін ағымдағы жөндеу - маршруттық тәсiлмен орындалатын, бұзылған учаскелерді жөндеу жөніндегi іс-шараларды қоса алғанда, бүкіл жыл бойы жүргiзiлетiн елді мекендердің көшелерінде авариялық жағдайлардың, ақаулардың туындауының алдын алу, сондай-ақ елді мекендер жолдарын шұғыл қалпына келтіру және жөндеу тәртiбiмен орындалатын жұмыстар кешенiн қарастырады.
      Маршруттық тәсiл қаржыландыру нормативтерiне сәйкес елді мекендердің көшелерін ағымдағы жөндеуге бөлiнген қаржы шегiнде ақаулықтар тiзбесi бойынша жолдарды тексеру нәтижелерi негiзiнде жоспарланады. Жұмыстарды маршруттық тәсiлмен орындау кезiнде жұмыстарды сметалық есептер негiзiнде орындауға жол берiледi. Олардың өсуіне және аса маңызды бұзылуларға айналуының алдын алу мақсатында ағымдағы жөндеу шеңберiнде ақаулықтар мен бұзылуларды жою жұмыстарын толығымен орындамауға жол берiлмейдi.
      15. Елді мекендердің көшелерін ағымдағы жөндеу кезiнде мынадай жұмыстар орындалады:
      1) жер төсемi және субұрма бойынша:
      дымқыл және қар борайтын жерлердiң жер төсемiнiң ұзақтығы бойынша учаскелерiн көтеру және кеңейту, кiшкене иiрiм учаскелердi жою;
      қолданыстағы субұрма жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйiндiлер мен қуыстар жиектерiнiң бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекiту құрылғыларын, субұрма құрылғыларды және көпiрлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;
      тұрақты шымды жабынды құру бойынша қажеттi агротехникалық iс-шараларды жүргiзу арқылы жер төсемi мен резервтердiң жиектерiн шөппен себу, опырылған, мүжiлген жерлердi, сең шығарындыларын тазалау;
      жиектердi себу, шабу, жоспарлау және бекiту;
      2) жол жамылғылары бойынша, соның iшiнде монолиттi цемент-бетон төсемдерi бойынша:
      сегменттердiң тозған бетiн қалпына келтiру, цемент-бетон төсемдерi тақталарының сынықтары мен омыруларын жөндеу, қалпына келтiруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, цемент-бетон төсемдерiн беттiк бұзылулардан қорғау;
      соның iшiнде жиналмалы темiр-бетон төсемдерi бойынша:
      темiр-бетон төсемдерiндегi жiктердi жөндеу және толтыру;
      жеке тақталарды көтеру және тегiстеу, тақталардың сынықтарын жөндеу, қалпына келтiруге жатпайтын бұзылған тақталарды алмастыру, төсемдердi беттiк бұзылулардан қорғау;
      3) жасанды құрылыстар бойынша:
      аяқ жолдардың ақаулық жiктердi алмастыру;
      үйiндiлерi бар жанасқан шеткi аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;
      болаттан жасалған элементтерi бар ақаулық жiктердiң бөлшектерiн жекелеп алмастыру;
      ақаулық жiктердiң астындағы субұрма науаларды қалпына келтiру;
      субұрма түтiктердi жөндеу (түтiктердi өсiру немесе қосымша түтiктердi салу);
      жаяу жүргiншiлер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлерiндегi төсемнiң жiктерiн салу және оларды шайырмен құю;
      субұрма түтiктердегi оқшаулануды жөндеу;
      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерiн жою;
      оқшау жерлердi салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;
      жаңа анкерлерi бар сүйенiштердiң тiректерiндегi бекiткiштердiң тораптарын алмастыру;
      көпiрлерде жеңiл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерiн, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерiн ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету және т.б.);
      көпiрдiң жүру бөлiгiндегi төсемдi қалпына келтiру немесе алмастыру;
      гидрооқшаулауды жөндеу;
      жаяу жүргiншiлер жолдарын, сүйенiштердi, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
      жарықшақтарды беттiк герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бiтеу, көпiрдiң темiр-бетон элементтерiнiң қорғау қабатын қалпына келтiру;
      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;
      аса төзiмдi бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;
      қаптау жiктерiн сөгу, жарықшақтарға ерiтiндiлердi егу;
      құрылғылардағы жарықшақтарды бiтеу, қалаңдыларды, сылақтарды жөндеу, тойтармаларды жекелеп алмастыру;
      өтпелi тақталардың жанасу тораптарын герметизациялау;
      деформациялық жiктердiң ағуын бұрандамаларды тарту арқылы жою;
      сырғанау тақталарының деформациялық жiктерiн дәнекерлеу (олар жұлынып қалған жағдайда), жетiспейтiн серiппелердi орнату;
      деформациялық жiктердiң механизмдерi мен құрылғыларын ұсақ жөндеу;
      құбырлардың гидро оқшаулануын жөндеу және олардың буындары мен бөлiктерi арасындағы жiктердi бiтеу;
      жеке тойтармаларды алмастыру, темiр аралық құрылыстар элементтерiнiң ұсақ ақаулықтарын түзету;
      4) қозғалыс, байланыс, жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерiне елді мекендердің көшелерін салу және жайластыру бойынша:
      елді мекендердің көшелерін учаскелерiндегi қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргiншiлер жолдарын, сондай-ақ жол үстiндегi жол өтпелерiн жөндеу және жаңаларын салу;
      шығу және кiру жолдарын;
      сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгiлерi, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектiлерiн жөндеу.
      16. Қауiптi ақаулықтарды және елеулi өзгерiстердi және жергiлiктi учаскелердегi жол төсемiнiң бұзылуларын жою кезiнде негiздiң қабаты үшiн алынған материалды кейiннен пайдалану және төсемнiң жаңа қабатын салу арқылы қауiптi ақаулықтар мен бұзылуларды жою мақсатында төсемнiң енi бойынша жергiлiктi жерлердi қайлау.

4. Елді мекендердің көшелерін орташа жөндеу

      17. Елді мекендердің көшелерін орташа жөндеу алғашқы пайдалану сапасын қалпына келтiрумен байланысты жұмыстарды кезеңдi орындауды көздейдi.
      18. Орташа жөндеу кезiнде жол жамылғысының тозған қабатын және тегiстiлiгiн кезеңдi қалпына келтiру, сондай-ақ жер төсемiнiң, су бұрғыштардың, жасанды, қорғау, бекiту, реттеу және басқа жол құрылыстарының бұзылуларын түзету жүргiзiледi.
      Орташа жөндеу бойынша жұмыстар көлемдерiн ведомстволық сараптаманы өту арқылы ақаулықтар тiзбесiнiң негiзiнде жасалған сметалық есептер анықтайды.
      19. Елді мекендердің көшелерін орташа жөндеу кезiнде мына жұмыстар орындалады:
      1) жер төсемi және субұрма бойынша:
      дымқыл және қар борайтын жерлердiң жер төсемiнiң ұзақтығы бойынша учаскелерiн көтеру және кеңейту, кiшкене иiрiм учаскелердi жою;
      қолданыстағы субұрма жыраларды тазалау, қоқыс тастайтын жерге қоқыстарды тиеу және шығару, жаңа жыраларды қазу, үйiндiлер мен қуыстар жиектерiнiң бұзылуларын түзету және құламаларын азайту, құрғату, қорғау және бекiту құрылғыларын, субұрма құрылғыларды және көпiрлер мен құбырлардың бұру арналарын түзету;
      жиектердi себу, шабу, жоспарлау және бекiту;
      2) жол жамылғылары бойынша:
      жетiлдiрiлген қоспаларды қолданумен үстiңгi қабатты өндеу;
      жетiлдiрiлген төсемнiң тозған жоғарғы қабатын қалпына келтiру және қолданыстағы жол жамылғысын бөлшектеу және қажеттi жағдайда қабатты тегiстейтiн және үстiңгi қабатқа немесе жөнделетiн учаскенiң барлық ұзындығына тозу қабатына өндеу жүргiзу арқылы жеке және иiрiмдi учаскелерде жол жамылғысын салу;
      асфальт-бетон қоспасының қажеттi мөлшерiн қосу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерiстерi мен ақаулары бар жетiлдiрiлген төсемдi қалпына келтiру;
      жаңа материалдардың қажеттi мөлшерiн қосу арқылы және жол жабындарының негiзiн салу үшiн алынған материалдарды, оның үстiне асфальтты-бетон қабатын немесе тозу қабатын төсеу арқылы шорлары, сораптары, жоталары және басқа да өзгерiстерi мен ақаулары бар жетiлдiрiлген төсемдi қайлау және қалпына келтiру;
      жаңа материалдарды және жұмыс өндiрiсiнiң технологияларын қолдану арқылы сыналған учаскелердi салу және оларға мониторинг жүргiзу;
      монолиттi цемент-бетонды төсем бойынша:
      цемент-бетон төсемдерiн қалпына келтiруге жатпайтын тозған тақталарын алмастыру, цемент-бетон төсемдерiндегi бойлық және көлденең жыртылған жерлердi ою;
      жиналмалы темiр-бетон төсемдерi бойынша:
      тозған тақталарды алмастыру, темiр-бетон төсемдерiнiң жеке тақталарын көтеру немесе тегiстеу;
      қорғау қабатын салу, үлкен ұзақтықтағы темiр-бетон тақталарының және цемент-бетон төсемдерiнiң жапсарларын жөндеу, жеке учаскелерде асфальт-бетон қабатын салу;
      топырақты төсемдерi бойынша:
      шағылтасты және қиыршықтасты төсемдердiң қапталдарын, сондай-ақ материалдар қолдану арқылы топырақты жолдарды қалпына келтiру;
      қиыршықтасты және топырақты жолдардың жүру бөлiгiн тұтқыр және шаңсыздандыратын материалдар мен жақсарту;
      жөнделетiн учаскелердiң жүру бөлiгiн белгiлеу;
      3) жасанды құрылыстар бойынша:
      ақаулық жiктердiң астындағы субұрма науаларды қалпына келтiру;
      субұрма түтiктердi жөндеу (түтiктердi өсiру немесе қосымша түтiктердi салу);
      жаяу жүргiншiлер жолына гидрооқшаулаудың жанасқан жерлерiндегi төсемнiң жiктерiн салу және оларды шайырмен құю;
      субұрма түтiктердегi оқшаулануды жөндеу;
      10 сантиметрден асатын отыру кезiнде үйiндiлерi бар көпiрмен жанасқан тораптарды жөндеу (шағылтасты себу арқылы қосымша төсемнiң есебiнен тегiстеу);
      үйiндiлерi бар жанасқан шеткi аяқ жолдардың тақталарын алмастыру;
      жол жамылғысын қалпына келтiру арқылы ауыспалы тақталардың жеке ығысуын жою;
      тақталарды ашу арқылы оларды жуу кезiнде ауыспалы тақталардың астына топырақ себу;
      болаттан жасалған элементтерi бар ақаулық жiктердiң бөлшектерiн жекелеп алмастыру;
      жұмыстар жол жамылғысы деңгейiнде орындалған кезде шайырлы және резеңке толтыратындары бар жабық типтi ақаулық жiктердi алмастыру;
      аяқ жолдардың ақаулық жiктердi алмастыру;
      аяқ жолдардың төсемдерiн тегiстеу, жаңа төсемдi салу;
      аяқ жолдардың блоктарындағы жалпақ саңылаулардың шұңқырларын бiтеу, аяқ жолдардың алдын қорғау төсемiмен өндеу;
      аяқ жолдардың блоктарындағы жеке сынықтар мен жарықшақтарды жою;
      аяқ жолдардың блоктарындағы жапсарларды басу және оқшаулау;
      аяқ жолдарды қалпына келтiру, жеке бұзылған блоктарды күшейту немесе алмастыру;
      аяқ жолдардың тақталарының сынған жерлерiн жою;
      оқшау жерлердi салу немесе аяқ жолдарға асфальт-бетон төсеу;
      жеке секцияларды жөндеу, сүйенiштердiң жеке тiректерiнiң анкерлерiн күшейту;
      барлық ұзындығында немесе көпiр құрылысы ұзындығының бөлiгiнде сүйенiштердi алмастыру;
      барлық ұзындығында сүйенiштердi сырлау;
      жаңа анкерлерi бар сүйенiштердiң тiректерiндегi бекiткiштердiң тораптарын алмастыру;
      бетон құрылымының барлық үстiңгi бетiн (тақталар, қабырғалар, аралықтар және басқа элементтер) гидрофобизациялау немесе сырлау;
      диафрагманың жапсарларын жөндеу;
      көпiрлер мен жол өткiзгiштердi жартылай қайта жасау немесе жөндеу, сондай-ақ техникалық құжаттамамен бекiтiлген жөнделетiн жол үшiн белгiленген техникалық санатқа сәйкес келетiн нормаларға габариттерi мен есептiк салмақтарын жеткiзу арқылы су өткiзгiш құбырларды толық немесе жартылай қайта құру;
      көпiрлерде жеңiл жөндеу жұмыстарын орындау (төсемелерiн, арқалық торларын, жеке тораптарын және элементтерiн ауыстыру, жер жамылғысымен жанасқан қалауын түзету);
      алдын ала-кернеулi темiр-бетон және темiр аралық құрылыстардың құрылыс көтермесiн бақылау;
      көпiрдiң жүру бөлiгiндегi төсемдi қалпына келтiру немесе алмастыру;
      жаяу жүргiншiлер жолдарының блоктарындағы жiктердi басу, жаяу жүргiншiлер жолдарында төсемдер салу;
      қоршауларды жөндеу немесе қайта жаңарту;
      материалдар мен құрылымдарды алмастыру арқылы ақаулық жiктердi жөндеу;
      гидрооқшаулауды жөндеу;
      жаяу жүргiншiлер жолдарын, сүйенiштердi, жиектастарды жөндеу және алмастыру;
      көпiрдiң жүру бөлiгiндегi судың бұрылуын жақсарту, субұрма түтiктер мен терезелердi алмастыру;
      темiр-бетон құрылымдарының алдыңғы бетiн гидрооқшаулауды, басты арқалықтардың бетiн сырлау;
      жарықшақтарды беттiк герметизациялау, қуыстарды, сынықтарды бiтеу, көпiрдiң темiр-бетон элементтерiнiң қорғау қабатын қалпына келтiру;
      темiр аралық құрылыстарды тегiс сырлау;
      арқалықтардың бiр-бiрiмен байланысуын қалпына келтiру;
      құрғатқыш пен су бұрғышты, өтпелi тақталарды алмастыру арқылы көпiрдiң үйiндiмен жанасқан жерiн жөндеу;
      жер төсемi және реттеу құрылыстары жиектерiнiң бекiткiштерiн жөндеу;
      жиектер мен реттеу құрылыстарының шұңқырларын жою;
      темiр аралық құрылыстардың жеке элементтерiн күшейту, алмаспайтын фермалары бар көпiрлерде торлардың элементтерiн түзету;
      аса төзiмдi бұрандамалардағы тойтармаларды алмастыру;
      тiрек бөлiктерiнiң жобалық қалпын жөндеу және қалпына келтiру;
      тiреу алаңдарындағы ағындыларды жөндеу және қалпына келтiру;
      қаптау жiктерiн сөгу, жарықшақтарға ерiтiндiлердi егу;
      аралық құрылыстар мен тiректердiң көру құрылғыларын жөндеу және қалпына келтiру;
      темiр-бетон аралық құрылыстардың шығып тұрған жерлерiндегi тiрек бөлiктерiн күшейту;
      құбырлардың жеке буындары мен бастарын алмастыру немесе жөндеу, оқшаулануы мен жапсарларын түзету;
      сүйеу қабырғаларын, бекiту және реттеу құрылыстарын жөндеу, галереялар мен бастырмаларды, сондай-ақ, олардың жеке элементтерiн алмастыру;
      4) қозғалысты ұйымдастыру, байланыс, жарықтандыру объектiлерiне елді мекендердің көшелерін салу мен жайластыру бойынша:
      елдi мекендер арқылы өтетiн жол учаскелерiндегi қолданыстағы тротуарлар мен жаяу жүргiншiлер жолдарын жөндеу және жаңасын салу;
      жаңа жеке қоршауларды салу, жөнделетiн учаскелерде жаңа жол белгiлерiн және сiлтеме құрылыстарын орнату және ауыстыру (қалпына келтiру), жеке айрықтарды, демалыс алаңдарын, автокөлiк тұрақтарын, көрнектi орындарды сәулеттiк безендiру және абаттандыруды қоса алғанда, қоршауларды жөндеу;
      шығу және кiру жолдарын, жазғы және трактор жолдарын жөндеу;
      сигнализацияны, жол қозғалысын ұйымдастыру (бағдаршамдар, электронды және жол белгiлерi, ақпараттық таблолар), байланыс және жарықтандыру объектiлерiн жөндеу және салу;
      жол ақпараттық жүйелерiн және кешендерiн, жеке жобалау белгiлерi мен таблоларын, жол қозғалысын диспетчерлiк және автоматтық басқару элементтерi мен жүйелерiн; ауыспалы ақпараты бар автономды және дистанциялық басқару белгiлерi мен таблоларын, бағдаршам объектiлерiн қалпына келтiру; 
      5) жолдың пайдалану жай-күйiн және көлiк құралдары қозғалысының қауiпсiздiгiн қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн жұмыстардың басқа түрлерi.

5. Елді мекендердің көшелерін күрделi жөндеу

      20. Елді мекендердің көшелерін күрделi жөндеу жолдың және жол және ондағы құрылыстардың көлiктiк-пайдалану жай-күйiн арттыруға байланысты, атап айтқанда, қолданыстағы жолдың техникалық санатын өзгертусiз жол жамылғысы мен жол құрылыстарының мықтылығының ұлғаюымен кезеңдiк жұмыстардың орындауын көздейдi.
      21. Күрделi жөндеуге жататын елді мекендер көшелерінің учаскелерi қызметтiң жөндеу аралық мерзiмiнiң негiзiнде және көшелер диагностикасының нәтижесiнде белгiленедi.
      22. Елді мекендердің көшелерін күрделi жөндеу заңнамамен көзделген тәртіпте мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына сәйкес күрделі жөндеуге жолданылатын автомобиль жолдары құрамына жататын барлық объектілер кешенінде орындалады.
      23. Күрделi жөндеу кезiнде жекелеген жолдарды қалай жоспарда болса, солай қапталды бойында жөнделiп жатқан Елді мекендер көшелерінің учаскесi жалпы ұзындығының ұзақтығы жиырма бес пайызға дейiн жалпы жолдарды түзетуге рұқсат берiледi.
      24. Жол-пайдалану қызметiнiң көпiрлерi мен жол өтпелерiн, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстар кешенiн қызметтiң жөндеу аралық мерзiмiнiң және олардың диагностикалау нәтижелерi негiзiнде күрделi жөндеуге бағытталуына болады.
      Күрделi жөндеу кезiнде мынадай жұмыстар орындалады:
      жер төсемi және субұрма бойынша;
      жер төсемiн жөнделетiн жол (кеңейту, көтеру, топырақты ауыстыру, көрiнудi қамтамасыз ету, дөңгелету радиусын ұлғайту, бойлық еңiстерiн жұмсарту, тiк иiндерiн және жалтарыстарын құру) үшiн белгiленген техникалық санатқа сәйкес нормаларға дейiнгi оның геометриялық параметрлерiне жеткiзумен түзету, жекелеген елді мекендер көшелерінің учаскелерiн жiктеу; 
      жер төсемiнiң нығаюын қамтамасыз ететiн шоқталған, шөккiнделген және опырылған учаскелердi жою, кәрiздердi, оңашаланған қабатшаларын жабдықтау; 
      қолданыстағыны қалпына келтiру және қайта құру, сондай-ақ субұрма жабдықтарға қажеттi жаңа құрылыстар, жаңалық қорғау және эрозияға қарсы құрылыстар;
      су тасқыны, сел, нөсерлiк және басқа табиғат апаттарын жою;
      жасыл екпелерді қалпына келтіру;
      2) жол жамылғысы бойынша:
      жол жамылғысын бiр жолақты қозғалыстан арттырмай нығайту (қалыңдату), кеңейту және регенирациялық және қолданыстағы жол жамылғыларын негiзi ретiнде қолдану арқылы ең жетiлдiрiлген жол жамылғысы түрлерiн жабдықтау, сондай-ақ қайта құрылып жатқан (жiктелетiн) елді мекендер көшелерінің учаскелерiнде және тұрғылықты пункттерiн айналма және оларға кiреберiсте жаңадан жол жамылғысын құру, көлiктiк айырығы, инженерлiк құрылғыда, тротуарда, өту және велосипед жолында, автобус аялдамасында және аялдау қалташаларында, демалу алаңында және автокөлiк тұрағында, сондай-ақ олардың өту-жылдамдық жолағында жол жамылғысын жабдықтау;
      3) цемент-бетон жамылғысы бойынша:
      ескi цемент-бетон жамылғысының үстiне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;
      ескi цемент-бетон жамылғысын алдын-ала ұсақтаумен және осындай түрде алынған негiз болатын материалды ұқыптылықпен тығыздаумен ескi цемент-бетон жамылғысының үстiне, оның тұтастығын бұзбастан асфальт-бетон қоспасын нығайту қабатын құру;
      нығайту қоспасын цемент-бетоннан, армобетоннан, фибробетоннан, түрлендiрiлген цемент-бетоннан жабдықтау;
      шағылтас пен қиыршық тас жамылғысын, сондай-ақ топырақ жолды жаңа материалдарды қосу арқылы түзету, байланыстыратын материалдармен өту бөлiгiн жақсарту;
      жасанды және табиғи материалдардан жасалған тозған бордюрлердi, жетiлдiрiлген жамылғысымен жиектерге бекiтiлетiн жолақтар, соның iшiнде негiзгi жол жамылғысының түрi бойынша ауыстыру және жаңасын жабдықтау;
      жол жамылғыларының, жаңа материалдар мен жұмыс өндiрiсi технологияларының жаңа құрылымын қолдану арқылы сыналған учаскелердi салу және оларға мониторинг жүргiзу;
      4) жасанды құрылыс бойынша:
      көпiрлердi кеңейту мен нығайту арқылы толығымен немесе жартылай, соның iшiнде олардың габариттерiн реттеумен және есептiк жүктеменiң қабiлеттiгiне салмақ түсетiн жаяу жүретiн, су өтетiн, салу, қайта салу (жаңа аралықты қоспастан габариттерiн кеңейту арқылы көпiрдi жөндеу; габаритiн кеңейтумен және ригелдi ұлғайту мен нығайтумен, жаңа аралықты қосумен бiр жағынан немесе екi жағынан тiреуiштi кеңейту);
      металл көпiрiнiң басты аралығы мен фермi элементтерiн дұрыстау және нығайту;
      металл аралық құрылымын ауыстыру;
      көпiрдiң өтетiн бөлiгiн ауыстыру;
      су өткiзу құбырын салу және қайта салу;
      құбырлардың буыны мен ауызғы бетiн ауыстыру және нығайту;
      зақымдалған құбырлар сақинасын ауыстыру;
      жаңа сақина мен ауызғы бетi есебiнен құбырдың ұзындығын өсiру;
      тiреуiш қабырғаларды, қорғаушы нығайтылатын және реттелетiн құрылысты құру және қалпына келтiру;
      қайта салынған және жаңадан салынған көпiрлердi салу;
      5) пайдалану қызметiнiң ғимараттары, қосалқы құрылыстары мен өндiрiстiк базалары бойынша:
      қолданыстағы ғимаратқа қосалқы-көмектесетiн және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды қоса салу, сыртқы қабырғалардың шегiнде ғимаратты iшкi жаңадан жоспарлау;
      ғимараттың ақаулықтары мен зақымдалуын қырық пайызға дейiнгi қабырға мен жамылғы материалдарын ауыстырумен түзету, ағаш фундаменттердi тұрақтыға ауыстыру;
      орталық жылуды, сумен жабдықтауды, газдарды, канализацияны электрмен жарықтандыруды жабдықтау және қолданып жүрген желiге газ құбыры мен байланыс желiсiн қосу;
      есiк алдындағы құрылыстарды (үш машинаға дейiнгi гараждарды, құдық қоймаларын, қазылған ұра), аулалық дуал мен үй жанындағы абаттандыруды ғимараттың құнынан жиырма бес пайыздан аспайтын бағасымен жабдықтау;
      жол-пайдалану қызметiнiң желiдегi жұмыскерлерiн орналастыру үшiн одан әрi осындай үйлердi пайдалану мақсатында жолды күрделi жөндеу жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыратын орындарда уақытшаның орнына тұрақты түрдегi тұрғын үйлердi, уақытша ғимараттар мен құрылыстарды көзделген сметалық соманың шегiнде елді мекендердің көшелерін жөндеу бойынша жұмыстар үшiн қажеттi уақытша ғимараттар мен қосалқы құрылыстар (битумды, тас үгiтушi, асфальт-бетонды, цемент-бетонды базалар) салу. Пайдалану қызметiнiң ғимараттар, қосалқы құрылыстар және өндiрiс базалары бойынша осы мақсаттарға арналған жыл сайынғы шығындар ағымдағы жылғы елді мекендердің көшелерді күрделi жөндеуге бөлiнген жалпы қаражаттың он пайызынан аспауы керек.
      жөндеу жұмыстарын жүргiзу үшiн топырақ қорын, жергiлiктi тас материалдарының кен орындарын және өндiрiстiк кәсiпорындарының шығарындыларын (әкетiлетiн күл, бокситтiк шламдар) игеру, оларға кiру жолдарын, энергиямен қамтамасыз етудi, материалдарды қоймалау үшiн алаңдарды жабдықтау;
      6) жолдың қозғалысын, байланысын және жарықтандыруды ұйымдастыру объектiлерi бойынша жолды жайластыру мен орналастыру;
      елді мекендердің көшелерін немесе олардың жекелеген учаскелерiн архитектуралық ресiмдеу және орналастыру;
      аялдамалық, түсу алаңын жабдықтау;
      демалу алаңын (күркемен, су көздерiн, қарау шұңқырларын немесе жолдағы және басқаша орналастырылған автомобильдi профилактикалық байқау үшiн эстакадамен), аялдама немесе автомобиль тұрағына арналған алаңды, аялдау қапталдарын оларға өту-жылдамдық жолағын жабдықтаумен (соның iшiнде әр түрлi деңгейлерде), сондай-ақ тұрғылықты пункттер шегiнде өтетiн қауiпсiздiк аралында, тротуарда, жол учаскелерiндегi өту жолдарында жабдықтау;
      күрделi жөндеу өтiп жатқан учаскелерде тосқауыл шарбағын, бағыттайтын құрылғы мен жол белгiлерiн жаңадан жабдықтау немесе ауыстыру;
      елді мекендердің көшелерін бiр және әр түрлi деңгейдегi қолданып жүрген қиылыстар мен жанаспаларды, сондай-ақ барлық жолдағы немесе оның учаскелерiндегi жекелеген өтпеліктерді, шығулар мен вираждарды, линиялық жол қызметi ғимараттарына және жолдың қызмет көрсету кешенiне кiреберiсті жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау;
      қолданып жүрген жазғы трактор жолын, жөндеу кезеңiндегi уақытша айналма жол құрылысын жаңадан жабдықтау және қайта жабдықтау немесе табиғат апатынан қираған елді мекендер көшелерінің учаскелерiн қалпына келтiру;
      желiлiк (телетайптық) жол құрылысының жекелеген елді мекендердің көшелер учаскелерiнде, көпiрлерiнде және өткiзу паромдарында электрмен жарықтандыру немесе радиобайланыс пен технологиялық байланыстың басқа құралдарын жабдықтау;
      жолдар жұмыстарын оның жекелеген элементтерiн, құрылыстарын және оның үстiнен өтетiн көлiк ағынын зерттеу үшiн қажеттi қар өлшейтiн және су өлшейтiн посттарының және басқа құрылымының қозғалысын есептеу жөнiндегi пункттердi құру және жабдықтау;
      өткiзу қабiлетiн ұлғайту мақсатында жалпы пайдаланымдағы елді мекендердің көшелерінде жолақтарды кеңейтудi қоса өткiзу пунктiн жабдықтау және орналастыру;
      қоршаған ортаны қорғау (қазандықта тозаң түту құрылғысын орнату, су көздерiн ластанудан қорғау) бойынша шараларды жүргiзу;
      қажеттi коммуникациялық жүйелерге қосылу арқылы көлiк құралдарының қозғалысын бақылау және мониторингiлеу үшiн өлшеу құралдарын, жабдықтарды қондыру;
      күзетудi қажет ететiн стратегиялық маңызды объектiлердi күзет жүйесiмен және видео бақылаумен жабдықтау.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады