"Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 277 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысының әкімдігінің 2016 жылғы 5 желтоқсандағы № 503 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 28 желтоқсанда № 5180 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № 97 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы әкімдігінің 11.03.2019 № 97 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11374 тіркелген бұйрығына сәйкес, Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 277 "Азаматтық хал актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4494 болып тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде 2015 жылғы 10 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      3) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      4) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      5) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      6) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      7) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      8) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      9) жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 9-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. "Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А.Т. Шерияздановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 503 қаулысына 1-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" шілдеде
№ 277 қаулысымен бекітілген

"Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдіктерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, аудан әкімдерінің аппараттары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі - бөлімдер);
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса туу туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағымен көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" қызметті көрсетушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлы қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі берілетін күнінің белгіленгені туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағымен қарастырылған жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болады:
      тууды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде № 11374 тіркелген) бекітілген "Бала тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
      туу туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі;
      Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылған кезден бастап, көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөрін басу үшін жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөр басады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерiнiң) тiзбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсiмдердің (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "АХАЖ" АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін баланың тууы туралы өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі;
      Стандарттың 9-тармағымен белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажеттілігі туындаған кезде бұл қызметтерді көрсету мерзімі қызметті алушыға оны қарау мерзімі узартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіліп, 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Әрбір үдерістің ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы жүгiну тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) Мемлекеттік корпорация инспекторы келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиіс құжаттардың қабылданғаны туралы:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат береді. Нәтижесі – құжаттар қабылдау;
      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартың 3-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді;
      3) Мемлекеттік корпорация инспекторы қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде жинақтау секторына береді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      4) жинақтау секторы құжаттарды жинайды, тізілім жасайды және Мемлекеттік корпорация курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде басшына береді. Нәтижесі – тіркеу;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдау;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп, талдау жасағаннан кейін "АХАЖ" АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      бала тууды бала туылған күнінен бастап үш жұмыс күні өткеннен кейін тіркеген жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетіледі;
      Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылған кезден бастап, көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөрін басу үшін жолдайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөр басады;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тізілімге сәйкес Мемлекеттік корпорация курьеріне береді. Нәтижесі – тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді;
      10) Мемлекеттік корпорация курьері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторына 1 (бір) жұмыс күн ішінде тапсырады. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тапсырады;
      11) Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға сол күн ішінде береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну және функционалдық өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН және паролін порталға енгізу (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартың 9-тармағында көрсетілгендей сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттар көшірмелерін қоса беруі, нақтылау үшін (қол қою үшін) ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды тұтынушымен таңдау;
      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін) тексеру;
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты куәландыру және электронды құжатты (сұранысты) өңдеуі үшін портал арқылы "АХАЖ" АЖ жолдау;
      9) 3-шарт - қызмет көрсетуге негіз болатын Стандарттың 9-тармағында көрсетілгендей көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының қосымша жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      10) 6-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтар болуына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған көрсетілетін қызмет (хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы регламенттің 1-қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Бала тууды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы


  "Бала тууды тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілерінің
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 503 қаулысына 2-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" шілдеде
№ 277 қаулысымен бекітілген

"Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдіктерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      2) "электрондық үкіметтің" www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) Мемлекеттік корпорацияда – азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәлікті немесе анықтаманы не осы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты жеке басын куәландыратын құжатын көрсеткен кезде, мемлекеттік қызмет Стандартының 10-тармағында көзделген жағдайда және де қағаз жеткізгіште беру;
      2) порталда: қайталама куәлік алған кезде – электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағыда көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанындағы дәлелді жауап;
      электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ куәландырылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болады:
      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде № 11374 тіркелген) бекітілген "Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес өтініш;
      порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің тiзбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) Мемлекеттік корпорация инспекторы;
      5) Мемлекеттік корпорацияның жинақтаушы секторы;
      6) Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторы.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      6. Әрбір үдерістің ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы жүгiну тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) Мемлекеттік корпорация инспекторы келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат береді. Нәтижесі – құжаттар қабылдау;
      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
      3) Мемлекеттік корпорация инспекторы қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына береді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      4) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы құжаттарды жинайды, тізілім жасайды және Мемлекеттік корпорация курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Нәтижесі – тіркеу;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдау;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және 1 (бір) жұмыс күн ішінде тиісті куәлікті (анықтаманы) басып шығарады;
      "АХАЖ" АЖ акт жазбаларының электронды нұсқасы болған кезде және тіркеу органның мұрағатында азаматтық хал актісі болған кезде көрсетілетін қызмет алушымен Стандарттың 9-тармағымен бекітілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап 5 (бес) (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметі көрсету мерзіміне кірмейді) жұмыс күні ішінде көрсетіледі, құжаттар 5 (бесінші) жұмыс күні беріледі, егер басқа мемлекеттік органға сұрау жолдау қажет болса, қарау мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күнге дейін ұзартылады, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі;
      азаматтық хал актісін басқа тіркеуші органда тіркеген кезде 30 (отыз) күнтізбелік күн (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді);
      тиісті куәлікті (анықтаманы) қалыптастырғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды, кейін куәлікке (анықтамаға) көрсетілетін қызметті берушінің елтаңбалы мөрі басылады.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою және елтаңбалы мөр басу үшін жолдайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке (анықтамаға) елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке (анықтамаға) қол қояды және елтаңбалы мөр басады;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тізілімге сәйкес Мемлекеттік корпорация курьері арқылы Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторына 1 (бір) жұмыс күн ішінде жолдайды. Нәтижесі – тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды;
      10) Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күн ішінде береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      7. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну және функционалдық өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН және паролін порталға енгізу (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттар көшірмелерін қоса беруі, сондай-ақ, Стандартың 9-тармағында көрсетілгендей нақтылау үшін (қол қою үшін) тұтынушымен ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдау;
      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін) тексеру;
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты куәландыру және электронды құжатты (сұранысты) өңдеуі үшін портал арқылы "АХАЖ" АЖ жолдау;
      9) 3-шарт - азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді "АХАЖ" АЖ тексеру;
      10) 6-үдеріс – "АХАЖ" АЖ акт жазбаларының болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық үкіметтің төлемдік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеу;
      12) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      13) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      14) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған көрсетілетін қызмет (хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы регламентің 1-қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілген.
      8. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Азаматтық хал актілерін тіркеу
туралы қайталама куәліктер
немесе анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы


  "Азаматтық хал актілерін тіркеу
туралы қайталама куәліктер
немесе анықтамалар беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 503 қаулысына 3-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" шілдеде
№ 277 қаулысымен бекітілген

"Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдіктерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, аудан әкімдерінің аппараттары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі - бөлімдер);
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбасын өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістермен, толықтырулармен және түзетулермен атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қызмет берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғаны және атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу күнінің тағайындалғаны туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанындағы дәлелді жауап жолданады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болады:
      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде № 11374 тіркелген) бекітілген "Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
      көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қарау мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі;
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөр басу үшін жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөр басады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсiмдердің (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "АХАЖ" АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қарау мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, мерзімі ұзартылған кейін көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Әрбір үдерістің ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы жүгiну тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) Мемлекеттік корпорация инспекторы келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат береді. Нәтижесі – құжаттар қабылдау;
      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартың 3-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді;
      3) Мемлекеттік корпорация инспекторы қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде жинақтау секторына береді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      4) жинақтау бөлімі құжаттарды жинайды, тізілім жасайды және Мемлекеттік корпорация курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Нәтижесі – тіркеу;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдау;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "АХАЖ" АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қарау мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі;
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөр басу үшін жолдайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөр басады;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын куәлікті тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тізілімге сәйкес Мемлекеттік корпорация курьеріне береді. Нәтижесі – тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді;
      10) Мемлекеттік корпорация курьері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторына 1 (бір) жұмыс күн ішінде тапсырады. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тапсырады;
      11) Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға сол күн ішінде береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну және функционалдық өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН және паролін порталға енгізу (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), Стандартың 9-тармағында көрсетілгендей сұрау салу нысанына қажетті электрондық түрдегі құжаттар көшірмелерін қоса беруі, нақтылау үшін (қол қою үшін) ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұрауды тұтынушымен таңдауы;
      6) 2-шарт – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ (сұрау салуда көрсетілген ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында) сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру;
      7) 4-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 5-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты куәландыру және электронды құжатты (сұранысты) өңдеуі үшін портал арқылы "АХАЖ" АЖ жолдау;
      9) 3-шарт - азаматтық хал актілерін тіркеу туралы мәліметтерді "АХАЖ" АЖ тексеру;
      10) 6-үдеріс – "АХАЖ" АЖ акт жазбаларының болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      11) 7-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық үкіметтің төлемдік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеу;
      12) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болатын көрсетілетін қызметті алушының жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      13) 8-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      14) 9-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы регламенттің 1-қосымшасындағы диаграммасына сәйкес көрсетілген.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің) өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Атын, әкесінің атын, тегін
ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы


  "Атын, әкесінің атын, тегін
ауыстыруды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 503 қаулысына 4-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" шілдеде
№ 277 қаулысымен бекітілген

"Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдіктерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, аудан әкімдерінің аппараттары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі - бөлімдер);
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде азаматтық хал актісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша және жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде № 11374 тіркелген) бекітілген "Азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш беру мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде қарау мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы хабардар етіледі.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөрін басу үшін жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке қол қойып, елтаңбалы мөр басады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипатта

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсiмдердің (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісімен өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "АХАЖ" АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде қарау мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы хабардар етіледі;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлік береді.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Әрбір үдерістің ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы жүгiну тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) Мемлекеттік корпорация инспекторы келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат береді. Нәтижесі – құжаттар қабылдау;
      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартың 3-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
      3) Мемлекеттік корпорация инспекторы құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде жинақтау секторына береді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      4) жинақтау секторы құжаттарды жинайды, тізілім жасайды және Мемлекеттік корпорация курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде басшысына береді. Нәтижесі – тіркеу;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдау;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "АХАЖ" АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу және қосымша зерделеу немесе тексеру қажет болған кезде қарау мерзімі 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылған кезден бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушы хабардар етіледі.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөрін басу үшін жолдайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке қол қойып, елтаңбалы мөр басады;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және тізілімге сәйкес Мемлекеттік корпорация курьеріне береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және береді;
      10) Мемлекеттік корпорация курьері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторына 1 (бір) жұмыс күн ішінде береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді;
      11) беру секторы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға сол күн ішінде береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Азаматтық хал актілерінің
жазбаларын қалпына келтіру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 503 қаулысына 5-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" шілдеде
№ 277 қаулысымен бекітілген

"Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдіктерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, аудан әкімдерінің аппараттары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі - бөлімдер);
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация).
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі қайтыс болу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса қайтыс болу туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағымен көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде № 11374 тіркелген) бекітілген "Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш мемлекеттiк қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (iс-әрекетті) бастау үшін негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті (анықтаманы) басып шығарады, тиісті куәлікті (анықтаманы) басып шығарғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, ұзартылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөр басу үшін жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке (анықтамаға) елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке (анықтамаға) қол қояды және елтаңбалы мөр басады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті (анықтаманы) тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті (анықтаманы) береді.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсiмдердің (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті (анықтаманы) басып шығарады, тиісті куәлікті (анықтаманы) басып шығарғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, мерзімі ұзартылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке (анықтамаға) елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті (анықтаманы) тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Әрбір үдерістің ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы жүгiну тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) Мемлекеттік корпорация инспекторы келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат береді. Нәтижесі – құжаттар қабылдау;
      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартың 3-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжат қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
      3) Мемлекеттік корпорация инспекторы қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде жинақтау секторына береді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      4) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы құжаттарды жинайды, тізілім жасайды және Мемлекеттік корпорация курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Нәтижесі – тіркеу;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті (анықтаманы) басып шығарады, тиісті куәлікті (анықтаманы) басып шығарғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, мерзімі ұзартылғаннан кейін көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар етіледі;
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөр басу үшін жолдайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке (анықтамаға) қол қояды және елтаңбалы мөр басады;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тізілімге сәйкес Мемлекеттік корпорация курьері арқылы Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторына 1 (бір) жұмыс күн ішінде жолдайды. Нәтижесі – тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін жолдайды;
      10) Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күн ішінде береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Қайтыс болуды тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 503 қаулысына 6-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" шілдеде
№ 277 қаулысымен бекітілген

"Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдіктерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, аудан әкімдерінің аппараттары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі - бөлімдер);
      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) "электрондық үкіметтің" www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсету кезінде қағаз жеткізгіштегі некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағында көзделген жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтініштің қабылданғанын растау және некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу күнінің белгіленуі туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағында көзделген негіздер мен жағдайлар бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электронды құжат нысанында дәлелді жауап жолданады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болады:
      көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде № 11374 тіркелген) бекітілген "Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      порталға жүгінген кезде – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, тіркеу жүргізеді, 15 (он бес) минут ішінде Стандарттың 4-тармағында көрсетілген мерзімге сәйкес бақылауға қояды. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасалғаннан кейін "Азаматтық хал актілерін жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) акт жазбасын қалыптастырады, тіркейді және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      басқа аумақтық бірлікте шығару орны бо      йынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, неке бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде 30 (отыз) күнтізбелік күн;
      хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкінің қорғаншысына хабарлай отырып, 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
      Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөр қоюға жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды. Нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және елтаңбалы мөр басады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсiмдердiң (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексеріп, құжаттарды келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, өтініштерді тіркеу журналында және "АХАЖ" АЖ 20 (жиырма) минут ішінде тіркеу жүргізеді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "АХАЖ" АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      басқа аумақтық бірлікте шығару орны бо      йынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, неке бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде 30 (отыз) күнтізбелік күн;
      хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкінің қорғаншысына хабарлай отырып, 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
      Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Әрбір үдерістің ұзақтығын көрсете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы жүгiну тәртiбiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
      2) Мемлекеттік корпорация инспекторы келіп түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары көрсетілген қолхат береді;
      көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады, бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартың 3-қосымшасына сәйкес нысаны бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тартқаны туралы қолхат береді.
      3) Мемлекеттік корпорация инспекторы қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторына береді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      4) Мемлекеттік корпорацияның жинақтау секторы құжаттарды жинайды, тізілім жасайды және Мемлекеттік корпорация курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 1 (бір) жұмыс күн ішінде жібереді. Нәтижесі - құжаттарды беру;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді. Нәтижесі – тіркеу;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдау;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды тексеріп және талдау жасағаннан кейін "АХАЖ" АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және тиісті куәлікті басып шығарады, тиісті куәлікті басып шығарғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды;
      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күн ішінде ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігіне тексереді, ұсынылған құжаттарды тексергеннен кейін "АХАЖ" АЖ актілік жазуды қалыптасытырады, тіркейді және сәйкес куәлігін басып шығарып, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді;
      басқа аумақтық бірлікте шығару орны бо      йынша заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде, неке бұзуды тіркеу туралы өтінішті жолдау қажет болған кезде 30 (отыз) күнтізбелік күн;
      хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, әрекетке қабілетсіз немесе қылмыс жасағаны үшін кемінде үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған адаммен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу, тіркеуші орган өтініш түскен күннен бастап 1 (бір) апта мерзімде ол туралы қамауда жатқан жұбайға не әрекетке қабілетсіз жұбайдың қорғаншысына немесе хабар-ошарсыз кеткен деп танылған жұбайдың мүлкінің қорғаншысына хабарлай отырып, 45 (қырық бес) күнтізбелік күн ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
      кәмелетке толмаған балалары жоқ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу өтініш берілген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) көрсетіледі;
      Стандарттың 9-тармағында белгіленген құжаттарды қосымша тексеру қажет болған кезде, қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.
      Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға және елтаңбалы мөр басуға жолдайды;
      8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, куәлікке елтаңбалы мөр басады және 15 (он бес) минут ішінде қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды. Нәтижесі – куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөр басады;
      9) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дайын куәлікті тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тізілімге сәйкес Мемлекеттік корпорация курьеріне береді. Нәтижесі – тіркейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді;
      10) Мемлекеттік корпорация курьері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторына 1 (бір) жұмыс күн ішінде береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді;
      11) Мемлекеттік корпорацияның құжаттарды беру секторы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға сол күн ішінде береді. Нәтижесі – мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну және функционалдық өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау:
      1) бірінші көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – бірінші көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН және паролін порталға енгізу (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – бірінші көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-үдеріс – бірінші көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – бірінші көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, бірінші көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына Стандартың 9 тармағында көрсетілгендей қажетті электрондық түрдегі құжаттар көшірмелерін қоса беру;
      6) 4-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық үкіметтің төлемдік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеу;
      7) 5-үдеріс – бірінші көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұранысты куәландыру (қол қою) үшін тандау;
      8) 2-шарт – бірінші көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін) тексеру;
      9) 6-үдеріс – бірінші көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      10) 7-үдеріс – бірінші көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты куәландыру және екінші көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы электронды құжатты (сұранысты) толтыруға және қол қоюға жолдау;
      екінші көрсетілетін қызметті алушы электронды құжатты (сұранысты) толтырмаған жағдайда 48 (қырық сегіз) сағат өткеннен кейін электронды құжат (сұраныс) жойылады;
      11) 8-үдеріс – екінші көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      12) 9-үдеріс – екінші көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН және паролін порталға енгізу (авторизациялау үдерісі);
      13) 3-шарт – екінші көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру
      14) 10-үдеріс – екінші көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
      15) 11 үдеріс – екінші көрсетілетін қызметті алушының электронды құжатты (сұранысты) толтыру үшін "жеке кабинетіне" кіру;
      16) 12-үдеріс – екінші көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты куәләндыру және электронды құжатты (сұранысты) көрсетілетін қызмет берушімен өңдеу үшін портал арқылы "АХАЖ" АЖ жолдау;
      17) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушімен Стандарттың 9-тармағында көрсетілген және мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болатын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушының жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      18) 13-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      19) 14-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушылардың порталда қалыптастырылған көрсетілетін қызмет нәтижесін алу.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттері осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммасында көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Некені (ерлі-зайыптылықты)
бұзуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көсретілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы


  "Некені (ерлі-зайыптылықты)
бұзуды тіркеу, оның ішінде
азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көсретілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 503 қаулысына 7-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" шілдеде
№ 277 қаулысымен бекітілген

"Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдіктерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, аудан әкімдерінің аппараттары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі - бөлімдер);
      2) "электрондық үкіметтің" www.еgov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен қоса қайталама неке қию (ерлі-зайыптылық) туралы куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Порталда көрсетілетін қызметті алушының "Жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында электрондық өтінішті қабылдау және неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу күнін белгілеу туралы хабарлама не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында дәлелді жауап жолданады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болады:
      неке қиюды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде № 11374) бекітілген "Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      порталға жүгінген кезде –некеге тұрушы екі тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтініш;
      заңмен белгіленген неке (ерлі-зайыпты болу) жасынтөмендету қажет болған кезде Стандарттың 2-қосымшысына сәйкес белгіленген нысандағы неке (ерлі-зайыпты болу) жасын төмендету туралы өтініш;
      неке (ерлі-зайыптылық) туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшін Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, өтініштерді тіркеу журналында және "Азаматтық хал актілерін жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – "АХАЖ" АЖ) 20 (жиырма) минут ішінде тіркеу жүргізеді. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш түскеннен бастап бір ай өткеннен кейін (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркейді немесе дәлелді бас тарту жауабын береді;
      одан кейін актілік жазуды қалыптастырады, "АХАЖ" АЖ тіркейді және сәйкес куәлігін басып шығарады;
      неке қию (ерлі-зайыптылықты) тіркеуін салтанатты және салтанатты емес жағдайда жүргізеді.
      Қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға сұрау салады.
      Нәтижесі – қалыптасқан куәліктікөрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөр басады. Нәтижесі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің тiзбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсiмдердің (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттардың Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, ұсынылған құжаттарды келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, өтініштерді тіркеу журналында және "АХАЖ" АЖ 20 (жиырма) минут ішінде тіркеу жүргізеді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтініш түскеннен бастап бір ай өткеннен кейін (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді) неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркейді немесе дәлелді бас тарту жауабын береді;
      одан кейін актілік жазуды қалыптастырады, "АХАЖ" АЖ тіркейді және сәйкес куәлігін басып шығарады;
      неке қию (ерлі-зайыптылықты) тіркеуді салтанатты және салтанатты емес жағдайда жүргізеді;
      қажет болған жағдайда басқа мемлекеттік органдарға сұрау салады;
      қалыптасқан куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы куәлікте қол қояды және елтаңбалы мөр басады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі жүгіну және функционалдық өзара іс-әрекет тәртібін сипаттау:
      1) бірінші көрсетілетін қызметті алушы порталда жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) және пароль көмегімен тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1-үдеріс – бірінші көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН және паролін порталға енгізу (авторизациялау үдерісі);
      3) 1-шарт – бірінші көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      4) 2-үдеріс – бірінші көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
      5) 3-үдеріс – бірінші көрсетілетін қызметті алушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына Стандартың 9-тармағында көрсетілгендей қажетті электрондық түрдегі құжаттар көшірмелерін қоса беруі;
      6) 4-үдеріс – мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық үкіметтің төлемдік шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы төлеу;
      7) 5-үдеріс –бірінші көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін сұранысты куәландыру (қол қою) үшін тандау;
      8) 2-шарт – бірінші көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген (ЖСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін) тексеру;
      9) 6-үдеріс – бірінші көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      10) 7-үдеріс –мемлекеттік қызмет көрсету үшін бірінші көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы сұранысты куәләндыру және электронды құжатты (сұранысты) екінші көрсетілетін қызметті алушыға портал арқылы толтыру және қол қою үшінжолдау;
      екінші көрсетілетін қызметті алушы электронды құжатты (сұранысты) толтырмаған жағдайда 48 (қырық сегіз) сағат өткеннен кейін электронды құжат (сұраныс) жойылады;
      11) екінші көрсетілетін қызметті алушы ЖСН және пароль көмегімен порталда тіркеуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);
      12) 8-үдеріс – екінші көрсетілетін қызметті алушымен қызмет алу үшін ЖСН және паролін порталға енгізу (авторизациялау үдерісі);
      13) 3-шарт – екінші көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалығын ЖСН мен пароль арқылы порталда тексеру;
      14) 9-үдеріс – екінші көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны порталмен қалыптастыру;
      15) 10 үдеріс –екінші көрсетілетін қызметті алушыныңэлектронды құжатты (сұранысты) толтыру үшін "жеке кабинетіне" кіру;
      16) 11-үдеріс – екінші көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранысты куәләндыру және электронды құжатты (сұранысты) көрсетілетін қызмет берушімен өңдеу үшін портал арқылы "АХАЖ" АЖ жолдау;
      17) 4-шарт – мемлекеттік қызметті көрсетуге негіз болатын Стандарттың 9 тармағында көрсетілгендей көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының қосымша жалғаған құжаттарының сәйкестігін тексеру (өңдеу);
      18) 12-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бар бұзушылықтарға байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      19) 13-үдеріс – көрсетілетін қызметті алушылардың порталда қалыптастырылған көрсетілетін қызмет нәтижесін алу.
      Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттеріосы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес диаграммасында көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реті, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекеттерінің, соңымен қатар өзге көрсетілетін қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-әрекет тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Неке қиюды (ерлі-
зайыптылықты) тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуде қолданылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы


  "Неке қиюды (ерлі-
зайыптылықты) тіркеу, оның
ішінде азаматтық хал актілері
жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 503 қаулысына 8-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" шілдеде
№ 277 қаулысымен бекітілген

"Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдіктерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, аудан әкімдерінің аппараттары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі - бөлімдер).
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі әке болуды анықтау туралы куәлік, туу туралы куәлік (туу туралы акт жазбаға өзгерістер енгізілген жағдайда), енгізілген өзгерістерімен, толықтырулармен және түзетулермен қоса әке болуды анықтау туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болады:
      әкелікті анықтауды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде № 11374 тіркелген) бекітілген "Әкелікті анықтауды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, қабылдайды, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, 20 (жиырма) минут ішінде өтініштерді тіркеу журналында және "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "АХАЖ" АЖ) тіркеу жүргізеді. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      5) егер туу туралы акт жазбасы өтініш берген жерде болса, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 1 (бір) жұмыс күні;
      егер туу туралы акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында басқа тіркеуші органда болса, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күн;
      азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде қаралады (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      Нәтижесі – куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке қол қойып, елтаңбалы мөр басады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсiмдердің (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай–ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, қабылдайды, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, 20 (жиырма) минут ішінде өтініштерді тіркеу журналында және "АХАЖ" АЖ тіркеу жүргізеді;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттармен танысады және 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды;
      5) егер туу туралы акт жазбасы өтініш берген жерде болса, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 1 (бір) жұмыс күні;
      егер туу туралы акт жазбасы Қазақстан Республикасының аумағында басқа тіркеуші органда болса, көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап - 30 (отыз) күнтізбелік күн;
      азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қаралады (қабылданған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабардар ете отырып, күнтiзбелiк 30 (отыз) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қояды және куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қолын қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы және портал арқылы көрсетілмейді.
      9. Мемлекеттік қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламентің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Әкелікті анықтауды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2016 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 503 қаулысына 9-қосымша
  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2015 жылғы "27" шілдеде
№ 277 қаулысымен бекітілген

"Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдіктерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру баламалы негізде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, аудан әкімдерінің аппараттары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері, аудандық мәдениет, тілдер дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдері (бұдан әрі - бөлімдер).
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі: жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қағаз жеткізгіштегі ұл (қыз) асырап алу туралы және баланың туу туралы куәлік, енгізілген өзгерістерімен, толықтыруларымен және түзетулерімен ұл (қыз) асырап алу туралы қайталама куәлік не осы мемлекеттік қызмет көрсету Стандартының 9-1-тармағында көзделген негіздер мен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіз болады:
      бала асырап алуды тіркеу үшін көрсетілетін қызметті берушіге немесе Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 219 "Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрілігінде № 11374) бекітілген "Бала асырап алуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша өтініш.
      5. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет көрсету үдерісінiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны және оның нәтижесі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, қабылдайды, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, 20 (жиырма) минут ішінде өтініштерді тіркеу журналында және "Азаматтық хал актілерінің жазбасы" ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "АХАЖ" АЖ) тіркеу жүргізеді. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды. Нәтижесі – орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы "АХАЖ" АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және 1 (бір) жұмыс күн ішінде тиісті куәлікті басып шығарады;
      азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған жағдайда қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) күнтізбелік күні ішінде хабардар етіледі;
      Нәтижесі – қалыптастырылған куәлікті көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды. Нәтижесі – куәлікке қол қояды және елтаңбалы мөр басады;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қол қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) тiзбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері.
      7. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлiмшелерінің (қызметкерлерінің) арасындағы рәсiмдердің (iс-әрекеттердің) реттiлiгiн сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут ішінде ұсынады;
      2) көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қабылдайды, 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді және журналға тіркейді;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің нормаларына сәйкестігін тексереді, қабылдайды, мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар мен өтініш келіп түскеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетілген тіркеу туралы белгісі бар өтініш көшірмесін береді, 20 (жиырма) минут ішінде өтініштерді тіркеу журналында және "АХАЖ" АЖ тіркеу жүргізеді. Нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы келіп түскен құжаттарды қарайды және 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына орындауға жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы "АХАЖ" АЖ акт жазбасын қалыптастырады, тіркеуді жүзеге асырады және 1 (бір) жұмыс күн ішінде тиісті куәлікті басып шығарады;
      азаматтық хал акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы өтініш 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) қаралады, басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған жағдайда қызмет көрсету мерзімі 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспайтын уақытқа ұзартылады, көрсетілетін қызметті алушы 3 (үш) күнтізбелік күні ішінде хабардар етіледі;
      6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, куәлікке елтаңбалы мөр басады және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 15 (он бес) минут ішінде жолдайды;
      7) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері куәлікті тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға қол қойғызып береді. Нәтижесі – куәлікті береді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-әрекеттерінің тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетілетін қызмет үдерісiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы және портал арқылы көрсетілмейді.
      9. Мемлекеттік қызмет үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Бала асырап алуды тіркеу,
оның ішінде азаматтық хал
актілері жазбаларына өзгерістер,
толықтырулар мен түзетулер
енгізу" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады