"Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін құру және ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 37 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 14 наурызда № 4777 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 158 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 29.08.2016 № 158 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылсын.
      2. Қоса беріліп отырған "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ж. Ерғалиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі
      Аудан әкімі М. Аққағазов

  Аудан әкімдігінің 17 ақпан 2016 жылғы № 37 қаулысымен бекітілген

"Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі ветеринария саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствасында шаруашылық жүргізу құқығындағы "Байғанин аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бар.
      3. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Ақтөбе облысы бойынша қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
      5. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 030300, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді ауылы, Қонаев көшесі, 36 үй.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      11. Құрылтайшы және мемлекеттік басқарушы орган болып "Байғанин ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі болып табылады.
      12. Осы Ереже "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      13. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      14. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      15. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: ветеринария, адам мен жануарларға ортақ аурулардан халықтың денсаулығын қорғау және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
      16. Міндеттері:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілерді және техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабылдау және жұмыстан шығару;
      2) ұйымдастыру-бақылау және құқықтық қамтамасыз ету;
      3) біліктілікті арттыру жұмысын ұйымдастыру;
      4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын насихаттау және түсіндіру, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру;
      5) іс жүргізу және құжаттамалықты қамтамасыз ету;
      6) Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын қамтамасыз ету;
      7) хаттарды, шағымдарды, арыздарды қарау және азаматтардан келіп түскен арыз-шағымдардың себептерін анықтау.
      17. Функциялары:
      1) бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалану және оны игеруді қамтамасыз ету;
      2) бөлімдегі материалдық құндылықтарды есепке алу және есептен шығару жөніндегі шараларды жүргізу;
      3) статистикалық есептерді құрастыру;
      4) бөлім үшін тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді мемлекеттік сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоспарлау, жүргізу, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру;
      5) сатып алатын тауарлардың және қызмет көрсету жұмыстарының құжаттарын әзірлеу;
      6) жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      7) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      8) жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      9) жануарларды бірдейлендіру бойынша базаны жүргізумен ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүзеге асыруды ұйымдастыру;
      10) адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғауды денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп ұйымдастыру;
      11) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
      12) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
      13) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      14) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
      15) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
      16) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
      17) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоюсыз залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
      18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      19) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      20) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      21) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) бағыттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру.
      22) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      23) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық–санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      24) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
      25) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті      атқарушы органына ұсыну;
      26) ауданының жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
      27) ауданының жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
      28) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
      29) ауданның жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
      30) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;
      31) аудан аумағында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу қызметіне қатысу;
      32) аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларға мониторинг жүргізу;
      33) мал шаруашылығы объектілерін және жануарларды өндіру, дайындау жануарлардан алынатын өнімдер мен шикі затты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;
      34) ветеринария саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілеген тәртіпте және үлгілерде ветеринариялық есеп және есептілік жүргізеді, оларды облыстық ветеринария басқармасына тапсыру;
      35) алып қойылатын, жойылатын ауру жануарлардың және олардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітілген тізіміне сәйкес иелеріне өтеуге құжаттарын дайындау;
      36) жануарлардың және адамның денсаулығы үшін қауіп төндіретін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алу және жою туралы шешім қабылдау;
      37) қажет кезде ветеринариялық залалсыздандыру жұмыстарды жүргізуін ұйымдастыру;
      38) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      39) жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп және жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлерді беру;
      40) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актілерін жасау.
      18. Құқықтары:
      1) оперативті басқару мақсатында өзіндегі мүліктерді қажетіне пайдалануға;
      2) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;
      3) өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге;
      4) осы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастыралған өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      19. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      20. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын заңнамада белгіленген тәртіппен Байғанин ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      21. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
      1) бөлімнің жұмысын ұйымдастырады, әрі оған басшылық ету және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы мен функцияларын жүзеге асыру үшін жеке жауап беру;
      2) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, алдын алу бағытында заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес шара алу;
      3) бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;
      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) бөлімнің мамандарын іріктеу, орналастыру және тағайындауды, олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;
      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда алдындағы қарым-қатынаста бөлімнің атынан әрекет етеді;
      7) бұйрықтар шығарады;
      8) бөлім басшысының бұйрығымен тікелей лауазымдық жауапкершілік жүктелген қызметшілер атқарған қызметтердің нақтылығына және онда жіберілген кемшіліктерге тікелей жауапты;
      9) белгіленген еңбек ақы қорының және қызметкерлер санының шегінде шығыстар сметасын, штаттық кестесін бекітеді;
      10) заңдарда белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсетеді;
      11) тәртіптік жазалар қолдану мәселелерін шешеді;
      12) өз құзыретіне жатқызылатын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      22. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік Байғанин ауданының коммуналдық меншігіне жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне белгіленген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Байғанин ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады