Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 10.03.2021 № 95 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 "Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4192 тіркелген, 2015 жылғы 19 ақпанда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей толықтыру енгізілсін:
осы қаулының қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ерғалиевке жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М. Аққағазов |
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 162 қаулысына қосымша |
|
Аудан әкімдігінің 2016 жылғы 16 қаңтардағы № 10 қаулысына 3 қосымша |
Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын-үй қорынан жалға берілген үйлердегі үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай сайынғы жалдау ақы мөлшері Екі пәтерлі тұрғын үйлер
(орналасқан мекен-жайы: Қарауылкелді ауылы, Ержанов көшесі, № 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 үйлер)
2015 жылы салынған тұрғын үйдің бір пәтерінің сметалық құны– 7 798 895 теңге;
Ц – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің 1 (бір) шаршы метрінің құны– 104 824 теңге;
Е – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің жалпы аумағы –74,4 шаршы метр;
Т – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің есептік пайдалану мерзімі – 100 жыл;
Г – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға 1 (бір) шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және ағымдағы жөндеудің шығын сомасы – 0 теңге;
Р – тұрғын үйді күтіп-ұстауға қажетті төлемдер сомасы (бір айға 1 (бір) шаршы метр үшін теңге);
А – үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері (бір айға 1 (бір) шаршы метр үшін теңге);
Есептеу формуласы:
2015 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
Р = Г : 12 : Е;
Р = 0 : 12 : 74,4 = 0 теңге;
А = Ц : Т : 12 + Р;
А = 104 824 : 100 : 12 + 0 = 87,35 теңге.
Бір айға 1 (бір) шаршы метрінің жалдау ақысының мөлшері – 87,35 теңге.