"Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" аудан әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Байғанин аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 19 қыркүйектегі № 162 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 19 қазанда № 5106 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы № 95 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы әкімдігінің 10.03.2021 № 95 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97 бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы", нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Байғанин аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Байғанин аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 10 "Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін үйлерінде жалдау ақысының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4192 тіркелген, 2015 жылғы 19 ақпанда аудандық "Жем-Сағыз" газетінде жарияланған) қаулысына келесідей толықтыру енгізілсін:
      осы қаулының қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Ерғалиевке жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Аққағазов

  Аудан әкімдігінің
2016 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 162 қаулысына қосымша
  Аудан әкімдігінің
2016 жылғы 16 қаңтардағы
№ 10 қаулысына 3 қосымша

Байғанин ауданының мемлекеттік тұрғын-үй қорынан жалға берілген үйлердегі үй-жайды пайдаланғаны үшін белгіленген ай сайынғы жалдау ақы мөлшері Екі пәтерлі тұрғын үйлер
(орналасқан мекен-жайы: Қарауылкелді ауылы, Ержанов көшесі, № 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27 үйлер)

      2015 жылы салынған тұрғын үйдің бір пәтерінің сметалық құны– 7 798 895 теңге;
      Ц – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің 1 (бір) шаршы метрінің құны– 104 824 теңге;
      Е – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің жалпы аумағы –74,4 шаршы метр;
      Т – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің есептік пайдалану мерзімі – 100 жыл;
      Г – 2015 жылы салынған тұрғын үйдің бір жылға 1 (бір) шаршы метрін пайдаланудың, күрделі және ағымдағы жөндеудің шығын сомасы – 0 теңге;
      Р – тұрғын үйді күтіп-ұстауға қажетті төлемдер сомасы (бір айға 1 (бір) шаршы метр үшін теңге);
      А – үй-жайды пайдаланғаны үшін жалдау ақы мөлшері (бір айға 1 (бір) шаршы метр үшін теңге);
      Есептеу формуласы:
      2015 жылы салынған жалға берілетін үйлер үшін:
      Р = Г : 12 : Е;
      Р = 0 : 12 : 74,4 = 0 теңге;
      А = Ц : Т : 12 + Р;
      А = 104 824 : 100 : 12 + 0 = 87,35 теңге.
      Бір айға 1 (бір) шаршы метрінің жалдау ақысының мөлшері – 87,35 теңге.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады