Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 188 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Азаматтық қызметші болып табылатын және Қарғалы ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру және мәдениет саласындағы мамандарға, сондай-ақ жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгіленсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық мәслихатының 26.06.2024 № 188 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2..Осы шешімге қосымшаға сәйкес Қарғалы аудандық мәслихаттың шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3..Осы шешім оның алғышқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың сессия төрағасы |
Аудандық мәслихаттың хатшысы |
Р.Сақтағанов | Н.Заглядова |
Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 87 шешіміне қосымша |
1. "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-6-73 тіркелген, 2008 жылы 18 қарашада "Қарғалы" газетінде жарияланған);
2. "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 29 наурыздағы № 99 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3565 тіркелген, 2013 жылы 7 мамырда "Қарғалы" газетінде жарияланған);
3. "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 30 шілдедегі № 136 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3641 тіркелген, 2013 жылы 5 қыркүйекте "Қарғалы" газетінде жарияланған);
4. "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 212 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3882 тіркелген, 2014 жылы 15 мамырда "Қарғалы" газетінде жарияланған);
5. "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін мамандар лауазымдарының жиырма бес пайызға жоғары жалақыларымен және тарифтік ставкілерін белгілеу туралы" аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 22 қазандағы № 90 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 21 қазандағы № 243 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4077 тіркелген, 2014 жылы 27 қарашада "Қарғалы" газетінде жарияланған).